Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Сапарғали Бегалин «Қырдың жас түлегі»

Айтбаева  Бану

Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданы

Ақай ауылы  №99  орта  мектептің

бастауыш  сынып  мұғалімі

 

Мақсаты: Оқушыларды Шоқан бейнесімен  таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.  Балаларды  отансүйгіштікке,  адамгершілікке,  өз  жерін  құрметтеуге  тәрбиелеу

Түрі: дәстүрлі сабақ.

Типі:  жаңа  білім беру

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,  суретпен  жұмыс,  сызбамен  жұмыс,  бейнеролик,  картамен  жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік,  оқу  құралдарын  дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Үй тапсырмасын  қорыту:

Шоқан кім?

Абылай ханның шын аты кім?

Халық неден қатты қиналады?

1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?

Әңгімеден тағы не түсіндің?

Абылай  хан  туралы  қандай  деректер  дайындап  келдіңдер?

Абылайдың денесі қай жерде жерленген?

Абылай қандай өсиет айтты?

ІҮ. Жаңа сабақ:

1.Сабақтың тақырыбын хабарлау  «Қырдың  жас  түлегі»

2.Жаңа сабаққа даярлық. Өткен сабақтан Шоқан жайлы тағы не білдік? «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін. Одан кейін Сібірді, одан кейін Россияны, одан кейін бүкіл адамзатты жақсы көремін ...». Бұл сөздерді қашан айтты?

 Сапарғали Ысқақұлы Бегалин (1895-1983)24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 19291935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түріксіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 19351956 жылдары«Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.[2]

Шоқан  (шын аты Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның  шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болды. Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды.

Мұғалімнің  қосымша  деректері: 

Шоқан  шын аты Мұхаммед Ханафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді.  Омбының кадет копусын бітірген (1853 ж.), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-62 жж.). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. 

Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

Картамен  жұмыс:  Шоқан  Уәлихановтың  жүріп  өткен  жерлері,  туған  жері  туралы

Оқулықпен жұмыс.

Іштей оқу.   Тізбектей оқу.

Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді тауып оқы.

 Сөздік жұмыс.

Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны. Жатақ – жатақхана. 

Дәптермен жұмыс.

2 -3 кластарда оқыған әңгіме мен үлгілік сызбаға сүйеніп, Шоқан Уәлиханов туралы жаз. Сызбаны толтыру.


Ғалым туралы мен не білемін?

Қандай шығармалары бар?

Кім, қайда  туған?

Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы.

Шығармашылық  жұмыс:  Оқушылардың  Ш. Уәлиханов  туралы  зерттеп  келген  жұмыстары

Ш. Уәлиханов  туралы  вейнеролик  көрсету

Ү.  Бекіту:

3 – сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір. Ертіс бойында не болады?  Шоқанның тәтті сезімі қандай еді?  Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің? Анатолийдің қылығы дұрыс па?

ҮІ.  Қорыту. Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?

ҮІІ.  Үйге тапсырма: түсініп оқу,

ҮІІІ Бағалау.

  • 1 465