Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазақстандық потриотизмді отбасы тәрбиесімен байланыстыру

 

Булекбаева Бибунур Бегиликовна 

Қызылорда құрылыс және бизнес 

колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің оқытушысы

 

 

Кең даламызды аралаған саяхатшылардың бірі Э.С.Вульсон қазақ баласы туралы: «Қазақ балалары кең байтақ дала төсінде емін-еркін өседі. Атқа мінуге жас күнінен үйренеді. Қазақтар балаларын үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар «Егер сен қарттарды сыйласаң, Құдай сені сыйлайды»-деп жазады. Қазақ халқының осындай баға жетпес дәстүрі уақыт өте келе ата-аналардың әр түрлі жағдайларды сылтау етіп алға тартқанына байланысты көмескіленіп келе жатқаны рас. Біздің жоба көшбасшыларының да алғашқы күнінен бастап отбасы тәрбиесіне назар аударуы да тегіннен-тегін емес. Біз өз әрекетіміз бен зерттеулерімізді ата-аналарға жәрдемдесу бағытында жүргізіп келеміз. Қандай да бір халық болмасын өз халқын, өз елін, өз жерін қастерлейді және тағдыры үшін алаңдайды. Соған орай қазақ жастары мен болашақ ұрпағына потриоттық тәрбие беру отбасы мен білім ордаларында да кеңінен таралған потриотизмнің темір қазығы іспеттес.          Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-саттықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- деп атап көрсеткен болатын.              Қазақстандық патриотизмнің негізі — ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.                                                                     Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсаты, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін.                                                                                                Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді жас ұрпақ бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.                        Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.                                                                                                     Таза біржақты ұлттық тәрбие — ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұлттық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.                                                                                                       Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс.                                               Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары —ол оқу үрдісі барысында жастарға,яғни, студенттер арасында  түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің  мазмұнының жоғары деңгейде еліне деген махаббатын ояту үшін мағыналы әсері.

«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, отбасы мен білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті болып табылады. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:

- Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу;

- Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;

- Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру.

- Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркендеуі үлес қосу;

- Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу.

Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеуге мақсат  қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер отбасындығы дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп – дінді алған да, оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген.

Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезеңде тұрады. Сондықтан да бұл әр адамның ойындағы қасиеті, дарыны ата-баба жерімен тығыз байланысты.

Міне, осылардың барлығы жалпыадамдық педагогиканың бір бөлігі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Республикадағы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алалмай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады.

Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.

Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін мына алғышарттар пісіп жетілуі тиіс.

1.Елбасы Қазақстанды мекендеген халықтардың тіліне, дініне, қанына, аз-көптігіне қарамастан, тең құқықтығын, іс-жүзіндегі теңдігін жария етіп, ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап көрсетеді.

Қазақстан халықтарының ұлтына, жынысына, тегіне, дініне қарамастан, заң алдындағы теңдігі, бірдей құқықтағы қоғамдағы саяси тұрақтылық ғана емес, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бір негізі. Бұл Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор, конституциялық негіз деп білеміз.Сондықтан да қай ұлт болмасын Қазақстанда тұрғандықтан сол елі,жері үшін потриот азамат ретінде танылуы керек.

2.Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың екінші арнасы – экономикалық негіз. Жұмыссыздық пен күйсіздік. Сондықтан да Елбасы ұзақ мерзімді мақсаттардың бірі ретінде – экономиканың өсіп-өркендеуіне басты назар аударып отыр.                                                                            Қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.                                                                                                                Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.Әрбір қазақ потриоты өз елінің, яғни, қазақ тілін меңгеріп өз тілінің потриоты болуы керек.                                                                                                    Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат — өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп — өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.

Білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:

- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;

- Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.

Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі осылар.

Осы мәселелер арнасында көптеген білім ордалары әртүрлі потриоттық сезімге баулыйтын іс-шаралар ұйымдастырып, жас жеткіншектерді елін, жерін, отанын құрметтеу, туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындату мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сондай білім ордалары қатарынан «Қызылорда Құрылыс және бизнес колледжі»  де қалыс қалып жатқан жоқ. Атап кететін болсақ колледжімізде әрбір потриоттық іс-шарада студенттердің өзінің елін, туған жерін, қасиетті топрағын сүйе білуге және сүйіспеншілігін арттыра отырып келешек Қазақстан елінің болашағына  өз үлесін қоса алатындай ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтады. Әрбір мерекелерді, яғни, тәуелсіздік алған күнімізді, тіл мерекесін, ұлттық рәміздерімізге байланысты т.б. ұлттық потриоттық мерекелерді еш елеусіз қалдырмай, іс шаралар өткізіп отырамыз. «Тәуелсіздік және тіл», «Мақтанышым менің - Қызылордам», «Тәрбие бастауы - тіл»  т.б.  іс-шаралар өткізіліп студенттердің тілге деген, туған еліне деген құрметін арттыру мақсатында әрдайым жоспарға енгізіліп отырады.

       Дүниеде қазақ деген ел барда - қазақ тілі мәңгі жасай береді!!! Тәуелсіздік арқылы мәдениетіміз құлашын кеңге жайып, қарқынды дамуға зор мүмкіндік алды. Бұл орайда, біздің басты байлығымыз – ел бірлігі екенін ешуақытта ұмытпауымыз керек! Еліміз қуатты болса, мемлекеттік тілдің болашағы да соншалықты шуақты болмақ. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері жұмақ, елі бақытты Отанымыз, Қазақстанымыз!

       Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор.                                                                    

      Адам махаббаты қандай мәңгі болса, оның патриотизмі де сондай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз, мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш нәтиже де, жеміс те бермейді Олай болса, қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, тәуелсіздік мемлекетіміздің ертеңі үшін және болашағы үшін керек.

      Осы Тәуелсіздігіміз ғасырлардан-ғасырларға жалғасып, дамуы үшін, тәңірден келген тәтті сый деп бағалап өту халқымыз өзінің  міндеті екенін біле жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.

        Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.Себебі Қазақстандық потриоты болу үшін ең алдымен сол елдің тілін, тарихын білуіміз керек. Егемен еліміздің болашағы жастардың қолында.  Сол себептен жастарымызға жақсы тәрбие беріп, мадениетті сөйлеуге, болашаққа жақсы көзқараспен талпынуға тәрбиелейік.Ол үшін отбасында баланың тәрбиесіне қарағанда, баланы кішкентайынан потриот деген ұғымның не мағына беретінін түсіндіріп отыруымыз керек.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз