Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Еңбегі - ел есінде (Бисенов Алдаберген атамыздың 90 жылдығына арнау)

Абдихайымова Гүлжазира Төребекқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті,

«Кәсіптік оқыту» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

 

Айтулы еңбек қылған Сыр Алашқа,

Алдаберген атамыз толды тоқсан жасқа.

Естелік боп тарихта  қалған күндерінен,

Мақтаныш пен жазайыншы ақ параққа.

Елден шыққан  Социалистік Еңбек Ері,

Жұртым деп төгілгенде маңдай тері.

«КСРО жетістіктері көрмесінің»,

Алтын, күміс төс белгісі иегері.

Қиын күнді жеңе білген қызметімен,

Ауылдардың көтеріп деңгейлерін.

Қазақстанның «Құрмет Алтын Кітабына»,

Еленіп еңбегімен есімі енген.

Жүрген жерде жасаған тек оң қадам,

Жоқтан барды құрастырған қамқор адам.

Ұлы Отан соғысының майдангері,

Ордендері кеудесінде жарқыраған.

Үш күн бойы нұр жауды даламызға,

Көшелердің беріліп  аты атамызға.

Ашылды мүсінінің ақ пердесі,

Жол көрсетіп тұрғандай барша жасқа.

Күрескен болашақтың бақыты үшін,

Аянбай еңбек қылды салып күшін.

Сол баянды нұрлы таңға біздер жеттік,

Күнімізді қадірлейік жастар түсін.

Жайсаңдардың жұлдыздары жоғарыласын,

Әр кешін ұлы іспен батырғасын.

Өсірген қыздары мен ұлдары бар,

Орындай алар әкенің тапсырмасын.

Осындай ерлер мен ел мақтанады,

Шын күлетін жанашыры шаттанады.

Үлгі алып үлкендерден өсейік біз,

Бар ісіміз өнегеден басталады.

Еңбектерін құрметтеп бағалайық,

Жатқа еріп теріске қарамайық.

Үлгі алар әкең менен атаң барда,

Көш түзейтін жақсылардан біз қалмайық.

Бес саусақтай бірігіп жұмылайық,

Болмасын ешкім кедей, ауру, кәріп.

Әкенің мәрт істері жалғасуда,

Тәбәрік қылып шашуына таласайық,

Қабыл болсын берген ас, Құран шәріп!

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз