Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ақ құсқа айналған пәктік немесе Бегім Ана жайлы тоғаныс

Амангелді Нұрсұлу Амангелдіқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті

Ж.Жабаев атындағы  №234 мектептің тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

  Аңыз бен ақиқиат егіз.Әу бастағы шындық ондағы жылдар мен ғасырлар өте аңызға айналған.Ол да сақтаушысы,іздеушісі келіспесе дақпырт болып қала бермек.Осындай жағдайда біздің ата-бабаларымыздың әлімсақтан келе жатқан ғұмырнамасында өлген мұрасы тіріліп,кейде ұмытылып отырған.

       Аңыз қай халықтың болса да ғасырлар қойнауынан келе жатқан асыл қазынасы.Ол талай ұрпақты елтіп,тәрбиелеп келеді.Жұртшылық оған құлай сенеді.Ал аңыздың шындығы мен әсерлігі қайсысы деген сұраққа келгенде тарих ғылымы ерекшеленіп,археология ғылымы нақты дерекке теңестіреді.

        Сыр елі-қазақ елі шежіресінде орта ғасырларда өзіндік із қалдырған аңыздағы өлке.Мұнда Қазақстан Республикасы мәдениетінің алтын қорына жататын 500-ден астам тарих,археологиялық және мәдени мұралар бар.

        КСРО атты алып қызыл империяның кезінде (атеистік көзқарас кезінде) атағы баршаға мәлім болған абыз-әулие,имам-молдалардың есімдерін халық санасынан өшіріп тастауға ұмтылды.Ізбасарлары мен ұрпақтарын қырғынға ұшыратты.

        Еліміздің егемендік алып,тәуелсіздікке қол жеткізуі,құрсауда жатқан тарихи шындығымыздың қалпына келе бастауына,халқымызбен қайта қауышуына әкелді.Сондай бір құпиясы көп аңыздардың бірі Бегім ана жайында сыр шертеді.Бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз құдірет иесі болған Бегім ананың кереметтерін деректер арқылы дәлелдеу еді.

       Аңызды айтпастан бұрын біздер ертедегі Жанкент қаласына тоқталайық.Қазақстан тарихы мен мідениетінде ІХ-ХІІІ ғасырлар өзіндік із қалдырған бай оқиғаларға толы.

Бегім Ана - Қарабура әулиенің қызы, Салжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі.

11-ғасырдың тұсында Мәлік шахтың патшалық құрған тұсінда Салжұқтар елі әбден кемеліне келген екен. Мәлік шах өлгеннен соң таққа оның баласы Санжар отырады. Санжар астанасын Хорасаннан көшіріп, Сыр бойындағы Жанкентке орнластырады да, бұл шаһарды мықты бекініске айналдырады. Ол аң аулап, сейіл құрғанды ұнатады екен. Сөйтіп жүріп Созақ маңайында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегімге үйленеді.

Бегім жаратылысынан көркіне ақылы сай, парасаты мол қыз болыпты. Санжарды да табындырған осындай сан қырлы қасиеттері болса керек.

Санжар аңға шығып бара жатып құлын үйінде қалған қанжарды әкелуге жұмсайды. Қанжарды ұсынғанда Бегім сұлудың аппақ қолын көріп құл есінен айырылып құлап қалады. Кешігу себебін түсіндірген құл "Ханым білегімнен ұстап жібермей қалды" депті. Санжар ақ-қарасын тексермей Бегім сұлудың оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіледі де, зынданға тастайды. Келесі күні Қарабура әулие қиналып жатқан қызының түсіне кіріп: "Балам, бұлтартпай шыныңды айт. Ақпысың, әлде қарамысың? Ақ болсаң аллам жәрдем беріп жараңды жазар, қара болсаң қарғар, тек турасын айт!" депті. Сонда Бегім жылап тұрып: "Атажан, құдай атымен сіздің алдыңызда ант етемін! Егер, Санжарға қиянат жасам, тәңірі атсын, өмірімді қысқартсын. Ақпын, ата!" - деп зар еңірейді.

Осыдан соң Қарабура Санжардың да түсіне кіріп: "Сен де бір балам едің. Егер менің қызым арам болып, саған қиянат істесе, келесі күні сол қолы, сол бұрымы кесіліп, сол танауы тілінген күйде мүгедек болып қалсын! Егер, керісінше болса, қызымның ақ пен қарасын тексермей жаза қолданғанда бір ауыз әділ сөзін айтпаған сенің шаһарыңды тірі адам қалдырмай жылан жұтсын!" деп қарғап батасын береді. Келесі күні таң ата хан зынданға адам жібереді. Жіберген адамы барса, Бегім баяғы сау қалпында отыр екен дейді. Содан бастап ханды үрей билейді. Кеш болады. Хан кеңесшілерімен отырғанда іңір уақытысында аспаннан бір мес шаһардың ортасына түсіп жарылады. Местің іші толы жылан екен. Жылан тысқа тірі жанды шығармай, шағып өлтіреді. Сонымен жайнап тұрған Жанкент шаһары Санжар сияқты қатыгез ханның кесірінен қас пен көздің арасында опат болады.

Ал, Бегім сұлу болса өз әкесі Қарабура әулиенің көмегімен Бегім Ана белгісін салдырып: "Мұнан былай еркекті көрмеймін" деп, қалған жұмбақ ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізген. Ата-бабасының қасиеті дарып, уейін Бегім Ана әулие атанады.

13-ғасырда салынған Бегім Ана кесенесі қазір Қазалы ауданының жерінде тұр.[1]

Жоғарыда айтылған мәдени мұралардың қай-қайсысының да іргетастары қаланғанына бір емес, бірнеше ғасыр өткен. Өкініштісі сол, сәулет ескерткіштеріне күр­делі жөндеу жұмыстары жүргі­зіл­мек түгілі, жай жөндеуді де көрмей келеді. Ашығын айтсақ, осынау тарихи ескерткіштердің бірсыпырасы жыл өткен сайын жермен жексен болып келе жатса, қалғандары қалт-құлт етіп құлау алдында тұр. Басқасын былай қойғанда, аудандағы республика­лық дәрежедегі жалғыз ескерткіш “Бегім-Ана” мұнарасын 1989 жылы “Қазпроектреставрация” мекемесі күрделі жөндеуден өткізген еді, содан бері қол тимеген қалпында тұр.

Сайып келгенде, “Бегім-Ана” мұнарасына ең болмағанда жеңіл жөндеу жүргізу керек-ақ. Себебі, жыл өткен сайын мұнара шөгіп барады. Сонымен бірге мұнара басындағы құдық азып-тозып, әулие басына келіп зиярат етушілер ауыз су азабын тартумен келеді. Демек, “Бегім-Ана” мұнарасы ба­сына 8-10 текше метр су сыятын құдық салу аса қажет-ақ. Тағы бір айта кететін жағдай, Қазалыдан “Бегім-Анаға” зиярат етіп ке­лу­шілер үшін көлік мәселесі шешіл­ген, ал Аралдан баратын авто­кө­лік жолдарына жөндеу жүргізіліп, жол бойына мұнара белгілерін ор­натып қойсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Мәдени мұраларымызды, та­рихи ескерткіштерімізді қалпына келтіру, қорғау мақсатында Ел­басының бастамасымен “Мәдени мұра” республикалық бағдарламасы қабылданғаны баршамызға мәлім. Осыған орай, Үкімет шешім қа­былдап, облыстардан ескерт­кіш­терді қорғау жөнінде мемлекеттік кәсіпорындар құрды десек, аудан­дарға да тікелей осы жұмыстармен айналысатын бір штаттық кесте қарастырылуы керек-ақ. Жоғарыда айтқан облыстық ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын жылына ең болмағанда бір тарихи ескерткішті қалпына келтіру, реставрациялық жұмыста­рын жүргізуді межелеп, жергілікті бюджеттен қаражат көздерін қарастыруды сұрап-ақ келеді.

“Мәдени мұра” бағдарламасына орай 2003-2006 жылдар аралығында аудандағы “ Бәсібек” сағана тамы, “Беке­тай кесенесі”, “Тілеулес ишан” мешітін жәй және күрделі жөн­деуден өткізу жоспарланған болатын. Алайда жоғарыдағы та­ри­хи, архитектуралық ескерткіштерді ең болмағанда жеңіл жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен көк тиын бөлінбей отыр. Тарихи-мәде­ни мұраны қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңының 18-бабында жергілікті өкілет органдарының құзыреті ай­қындалған. Заң бойынша жергілікті өкілет органдары тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, сондай-ақ оларды өз бюджеттерінің есебінен қаржыландырып отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, жоғарыдағы заң талабы қағажу қалумен келеді.

Ашығын айтсақ, Арал өңірі тарихи, архитектуралық ескерткіш­тер­ге бай өлке. Осы арада Арал-2001 археологиялық экспедиция­сы­ның ғылыми ізденістерінің нәти­жесінде Қаратерең елді мекенінің оңтүстік батыс жағынан “Кер­дері мавзолейі” табылғанын айта кеткен жөн. Ол оңтүстігінде 30 ша­қырым жердегі “Барсакелмес” ара­лымен, батысында Ізенді мүйісі, Құ­ланды бұғазы арқылы теңіз суымен шектесіп жатыр. Ғалым­дардың пайымдауынша, мавзолейдің көлемі 50 шаршы метр жерді алып жатыр. Мавзолейдің қабырғалары дүниенің төрт бұрышына қараған, ұзындық­тары 23 метр де, ені 8 метр көрі­неді. Екі бөлмелі , 4x4 шаршы метр­лі бір бөлмесінде сәулет өнері­мен қаланған адамның сағанасы бар. Ал екінші бөлмесі зияратхана болып табылса, батыс жағында мавзолеймен іргелес намаз оқы­латын “михрабы” бар сыңайлы. Іргетас сұлбасының батысында адамдар жерленген .

Тіл ұшына орала кететін «Сыр – Алаштың анасы» деген сөз тіркесі тектен-текке айтылған жоқ. Түбі бір түркі жұртының тамыр жайған, түп қазығы атанған өлкеде оған дәлел боларлық талай қазына жатыр. Сырдарияның Арал теңізіне құятын сағасына жақын қоныс тепкен Жанкент шаһары жайында осылайша жылы лебіз білдіре аламыз. Жанкент дегенде ойымызға талай тарихи оқиғалар оралады. Бұл қалада исі түркі баласының абызы атанған Қорқыт атаның кіндігі кесілген. Қазақ өнерінде орны бөлек музыкалық аспап – қобыз да ең алғаш осы қалада жасалған деген дерек айтылады. Себебі қобыздың тұңғыш иесі Қорқыт ата емес пе еді? Сондай-ақ Жанкент дегенде атақты Бегім ана оқиғасы да елдің есіне түседі. Қысқасы, көне шаһар өткен кезеңнің бір үзігі секілді. Үңіле берсең, қаншама қазынаға кезігесің. Сол қазынаға құмартқан адам оған бойлай түскісі келеді. Жанкент жайлы білеміз, дегенмен әлі де ізденетін дүниелер жеткілікті.

Бүгінгі таңда бұл шаһар республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш санатына енгізілген. Сыр өңірінің Қазалы ауданына қарасты Өркендеу елді мекеніне іргелес жатыр. Қазіргі көрінісі – биік төбе сияқты топырақ басқан қорған. Деректерге сүйенсек, аталмыш ескі қала VІІ – ХІV ғасырларда Жанкент, Янги­кент атауымен өмір сүрген. Оғыздар елінің астанасы бол­ған. Жүздеген жылдар бойы осылайша оғыздардың бас ордасына айналған. Түрікмен тарихшысы Әбілғазы Баһадүр Жанкент аумағын оғыздардың ертеден ме­кендеп, ел билеген патшасы сол қалада өмір сүргенін жа­зады.

Ғылыми тұрғыдағы зерттеулер беріде жүргізілді. Орыс археологі Петр Иванович Лерх 1867 жылы Сыр жағасына келіп, Жанкенттің өткен кезеңін таразыға тартып, көптеген деректер тапты. Оны жазба жүзінде бүгінгі ұрпаққа мол мұра етіп тастап кетті. Орыс зерттеушісі Сергей Павлович Толстов та Жанкент тақырыбына біршама уақыт зер салғаны белгілі. Бұл қала маңайында Ресей астанасы – Мәскеу.қаласындағы И.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының мамандары да зерделі зерттеулер жасады. Қазақстандық Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары да бұл жерге ат басын тіреді. Жергілікті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де оғыздар астанасы жайында мол мағлұматтар жинауға атсалысып келеді.

Көне дәуірдің шежіресін тарқатқан ғалымдар Жанкенттің Ұлы Жібек жолы бойындағы іргелі сауда-саттық орнының бірі болғанын айтады. Ауызба-ауыз тараған әңгімелерге сүйенсек, бұл қалада аларман таң­дай қағатын әдемі кілемдер тоқылған деседі. Сондай-ақ тұскиіздер де жасалған. Жергілікті алтын қол­ды шеберлер ат-сайманын жасап, садақ-жебені де әзір­леп, көзе-сауытты да шығара білген. Жалпы ал­ғанда, Жанкент Мәуреннахр жерін Еуропа, Үндістан және Иран жерімен байланыстыратын ұлы керуеннің бойында бойлай орналасқан. Қала орынын орыс ғалымы Петр Ивано­вич Лерх алғаш қазып зерттеген. Ол кезде қала орны бүгінгідей жоғала қоймаған. Жанкенттің ескі қабырғалары сақталыпты. Кейбір архитектуралық дүниелері де жарым-жартылай сақталған. Тіпті бірқатар көшелерінің ізі де бар екен. Сырттай қара­ған адамға Жанкент үлкен төбе сияқты үйін­ді болып көрінген. Қамал қабырғасының қалыңдығы 6 метрге жуық. Қаз-қатар тізбектеліп, бірнеше биік мұнаралар мен оқ ататын тесік көздер орнатылған оңтүстік қабырғасы сол кезде жақсы сақталған. Ал ең биік мұнара оңтүстік-батыс беткейінде орын тепсе, қаланың қақ ортасында жан-жағын қоршаған ескі сарай болған көрінеді.

Қаланың жойылуы жөнінде де біршама деректер кездеседі. Оның алғашқысы – Бегім ана оқиғасына байланысты. Бегім ана Жанкентті билеген Санжар ханның жұбайы болған. Оның пәктігіне күмән келтіріп, әйе­лі­нің екі қолын шауып, зынданға тастайды. Бегім ананың әкесі – Қарабура әулие оқиға барысына қатысты Жанкент қаласына келеді. Ол қызының ақ екеніне көз жеткізіп, Санжар ханға наразы екенін білдіреді. Кү­йеу баласы хандық құрған Жанкент қаласы содан кейін жыландар шабуылынан жер­мен-жексен қирапты деген деректер айты­лып жүр.

Тағы бір жорамал бар. Жанкент Азия мен Еуропаны жалғаған қала болды емес пе? Ұлы Жібек жолының кейіннен құрлық арқылы өтетін дүниежүзілік керуен жолдары қысқара бастайды. Осылайша, өркендеген Жанкенттің де ғұмыры аяқталады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жергілікті жұрт басқа аймақтарға қоныс аударады. Жанкенттің ХV ғасырдан кейінгі тағдыры белгісіз. Ол жайында жазба деректерде ешқандай мәліметтер кездеспейді.

 Қазіргі ауданда «Бегім ана» қоғамдық қоры бар.Олардың құрылтайшылары 8 адамнан құралған.

  Қордың негізгі мақсаты мен міндетері Бегім ананың пәктігі мен адалдығын халық арасында кеңінен насизаттап,жастар бойына биік адамгершілік пен имандылық қасиеттер қалыптастыру.

  Осы қордың жарғысында көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында зерттеу,ағарту,тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз