Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Отбасы

 

Едилбаева Ардақ

 Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

Психологиялық-педагогиикалық 

түзету кабинеті, логопед маманы

Түзетулік мақсаты: оқу процесі негізінде айналамен таныстыру арқылы баланың енжар және белсенді сөздік қорын дамыту. Отбасы мүшелерінің атын атауға үйрету. Артикуляциялық сөйлеу аппаратының қимыл-қозғалысын дамыту.Ойлау, есте сақтау, елестету, зейін қою қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Айналамен таныстыру арқылы сөйлеу тілін дамыту

Әдісі: түсіндіру, көрсету.
Көрнекі құралдар: суреттер, компьютер, айна, логопедиялық зонд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Баланың сабаұұа психологиялық-педагогикалық дайындау.
Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру (актуализациялау)
Психологиялық жаттығу
-Біздің көзіміз жұмулы.
-Біздің қолдарымыз де алады.
-Біздің аяқтарымыз дем алады.
-Дем алады, ұйықтайды.
-Бүкіл дене босаңсиды.
-З-з-з-з-з-з- деп, бізді ара оятып жіберді.
2. Артикуляциялық массаж.
-Енді, біз ұйқыдан тұрған соң не істейміз?
-Дұрыс. Жуынамыз. Қане, барлығымыз, айнаға қарап бетімізді жуамыз, маңдайымызды, көзімізді, қасымызды, мұртымызды құлақтарымызды жуамыз. (5-6 рет)
3. Саусақ ойындары: «Менің заттарым»
Қолшатырым мінекей,
Жаңбыр жауса ұстаймын.
Жаңбыр қатты жауса да,
Үстімізді су қылмаймын.
Мынау-менің кітабым,
Оны оқи аламын.
Әдемі суреттерді,
Мен көрсете аламын.
Мынау-менің добым,
Көңілді де, күлкілі.
Басымнан да жоғары,
Мен лақтыра аламын.
Мынау- менің мысығым,
Оны жақсы көремін.
Мен оны сыйпаймын,
Мен үшін ол мияулайды.
4. Артикуляциялық жаттығулар:
-Балалар, «Көңілді бауырсақ» (логопедиялық тренажер) бізге бір ертегі айтып беруге келіпті. Олай болса, біз ертегіні мұқият тыңдайық.
-Ертегі «Көңілді тіл» деп аталады. Баяғыда бір тіл өмір сүріпті.
Тіл өзінің үйінде тұрып жатты. Үйдің кішкене дөңгелек терезесі бар екен. Ол қандай терезе екен?
-Дұрыс («Түтікше» ерінді дөңгелетіп алға шығарады).
-Далада күн жарқылап шыққан кезде, түн ұйқысынан оянып, далаға шығып аспанға қарады (тілді жоғары ерінге көтеру керек: «Әткеншек»)
- Сосын тіл шайып шай ішті ( «Кесе»)
-Тіл шайды тәтті тосаппен ішті («Тәтті тосап»)
5. Тыныс алу жаттығулары:
- Тілді шайды іше отырып, «торт» жегісі келеді. Ал, «торттың» үстінде балауыз шамдар жанып тұр екен. Тортты жеу үшін алдымен шамдарды өшіруіміз керек. ( жаттығу: «балауыз шамдары», логопедиялық тренаражер).
6. Дауысқа арналған жаттығулар:
-Балалар, «көңілді бауырсақпен» (логопедиялық тренажер) бірге өлең айтайық.
Мақсаты: кіші, ұзақтығы, ұзындығы бойынша әр түрлі дыбыстарды айту біліктерін дамыту.
Жаттығулар:
Жай дауыспен А-а-а-а О-о-о-о-о У-у-у И-и-и
Қатты дауыспен А-а-а-а О-о-о-о-о-о-о-о У-у-у-у-у-у И-и-и-и-и-и-и
7. Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс
-Балалар, мына суреттен не көріп тұрмыз?
-Бұл үйде кім тұрады
-Менің отбасым тұрады.
Ата, әже, әке,ана, мен.
8. Сергіту сәті:
Мынау саусақ-атам,
Мынау саусақ-әжем,
Мынау саусақ-анам,
Мынау саусақ-мен,
Барлығы менің отбасым.
9. Бекіту. Ойын : « Қателеспей, қайтала»
Шарты: логопедпен бірге отбасы мүшелерінің аттарын қайталау айту керек.
Мысалы: ата, әже, әке, ана, мен.
10. Бағалау. Балаларға мадақтау.
11. Қорытынды .
Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау

  • 178