Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазақстандағы 1930 – 1932 жылдардағы ашаршылық

 

Кенжеғұл Гүлшат

Түркістан қаласы, №9 Некрасов гимназияның

тарих пәні мұғалімі

Сабақтың  мақсаты: Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің күшеюін және Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан»  идеясының зардабы мен салдарын түсіндіру. Халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келіп, сол жылдардағы халықтың тұрмыс – тіршілігіне, қасірет-қайғысына баса назар аудару.

Дамытушылық: Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және топпен жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, өз ойларын ашық айтуға тәрбиелеу.  Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау, көру, өз бетінше талдау, есте сақтау және көрген – білгендеріне баға бере білу қабілеттерін дамыту.

Ресурстар: Э/о – 1-8.3-20;9-сынып. Қазақстан тарихы. Карта-«1929-1940 ж.ж.ұжымдастыру»-1-2.1-19; Сызбалар топтамасы-1-11-15;

Сабақ бөлімі

Табыс критерилері

Мұғалімнің іс әрекеттері

Оқушының іс - әрекеттері

І.Қызығушылықты ояту кезеңі.

  • Білу

(1 ұпай)

8 мин.

Топқа бөлу

Білетінін көрсету

Амандасу. Көңіл – күйлерің қалай? Сабақ бастамас бұрын бұрын сергіту сәтін жасаймыз.(1-2 минуттық «сергіту эпизодтары».)

-Деректі фильмнен үзінді «Ашаршылық» Еркін Рақышев Алматы 2013

Кеңестік Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларынан естеріңде қалған ең айтулы оқиғаларға сипаттама жасаңдар.

Еркін отырады. Әр топ жетекшісі алдарына қойған міндеттерді айтып өтеді.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

  • Түсіну

(2 ұпай)

6 мин.

Диалог құру. Сыни тұрғыдан талдау.

Сұраққа жауап іздеңдер.

І-топ.

«Ф.Голощекин деген кім?» деген сұраққа жауап іздеу. Тану. Оның атымен байланысты  Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясының мағынасын тану.

ІІ- топ. Қазақстан ОАК мен ХКК-нің 1928 жылғы тамыз айында шығарған «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декретінің мағынасын тану, мәнін ашу.

ІІІ-топ. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру үрдісінің жүргізілу шаралары мен оның зардаптары. Қазақстанның дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі, қазақтардың жер аударылуы. Қазақ зиялыларының Сталинге жазған хатының шындығы.

Электрондық оқулықпен жұмыс: көреді, естиді, естеріне сақтауға тырысады.Теориялық сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді. Берілген оқиғалар мен құбылыстарға сыни тұрғыдан талдау жасайды.

Интерактивті тақтадан Ф.И.Голощекиннің бейнесі көрсетіледі. Қазақ халқының байларының жер, мал-мүліктерін тәркілеу, кедей қазақтардың жер үлестерін алуы туралы фрагменттер көрсетіледі.

  • Қолдану.

(3 ұпай)

7-8 мин.

Шығармашылық ізденіс. Өздері ізденіп, оқулықтарымен жұмыс жасайды.

Оқушы өзінің тапсырмасындағы адам немесе ұйымның (Голощекин, ОАК, ХКК) іс-әрекетінің көздеген мақсат, міндеттерін дұрыс түсініп, содан шығатын қорытындыға дұрыс баға бере алуы керек. Тарихи жағдайды (саяси, әлеуметтік, экономикалық) түрлерге жіктеп, әрқайсысының қоғамдағы орнына  жақсы жақтарына немесе зардабын көріп, салдарларына дұрыс талдау жасауға үйренеді.   

Қозыбаев М.,т.б. Қазақстан тарихы:§17-18 Аяған Б., т.б. Қазақстан тарихы:  §18.

9-сынып. Хрестоматия. Қазақстан тарихы. 53-55 беттер.

Голощекин: «Кіші Қазан» идеясы

«Ауылды кеңестендіру» ұраны 1930-1932 жылдардағы ашаршылық

Нәтижелерін көру, түсіну, баға беру

Т.Рысқұлов

С.Сәдуақасов және республика қайраткерлері, т.б. «ұлтшыл-дар»

Сталинге жазған хаты.

«Бесеудің хаты» Айыпталып, қуғынға ұшырауы.


ОАК мен ХКК – нің 1928 жылғы «тәркілеу» туралы декреті

Қазақ ауылдарын кеңестендіру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру



Менің пікірім

Топ пікірі

  

Мәтіндер мен құжаттарды оқып танысады. Топ ішінде өзара кеңес құрып, пікірлесіп, нәтижесін қағазға жобалайды. Сөзжұмбақ немесе тест сұрақтарын дайындайды. Әр топ өздерінің қол жеткізген табыстарын ортаға салып, басқа топтармен байланысқа түседі.

  • Талдау.

(4 ұпай)

8-10 мин.

Топтар арасында

Жұмыс, пікір алмасу, АКТ пайдалану

Әр топ өздерінің қол жеткізген табыстарын ортаға салып, басқа топтармен бөліске салады. Бірін – бірі оқытады, үйретеді. Тақырыпта қаралған өзекті мәселелердің негізгі мәнін ашып, түсіндіреді. Ортақ ой-тұжырым шығарады. Жаңа сөздер мен терминдерге талдау жүргізеді: «тәркілеу» (конфискация),

Барлық оқушыларізденіс жұмыстарын жүргізеді.

 

 

«тоталитаризм», «коперативтендіру», «экспропрациялау», «геноцид» деген не? Және т.б.


  • Жинақтау.

 (5 ұпай)

7 мин.

Жобалар жарысы: салыстыра отырып негізін бөлу, топтастыра отырып, болжау, талдау арқылы ара-жігін айқындауға қол жеткізеді

  • Ф.И.Голощекиннің – «шолақ ойшыл мен салауатсыз догматик екенін дәлелдеу. Оның Қазақстанда жүргізген «жаңа революция» саясатының бұрын-соңды болып көрмеген трагедияға – қазақ қоғамы өзіне тән әмбебаптығынан, бүкіладамзаттық өркениетке қосылу мүмкіндігінен айырылды.
  • Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптары мен салдарларының қорытындысы: дәстүрлі мал шаруашылығын ауқымды апатқа ұшыратып, елдің ішінде лаңкестікке негізделген тоталитарлық жүйе орнады: (мәселен, 400 киіз үй  «қала үлгісіндегі поселке» т.б.)

Ұжымдастыру 1928 жылы

1930 жылы, сәуірде

1930 жылы, қазанда

2%

50%

65%

  • Республика қайраткерлерінің іс-әрекеттерінің қорытынды нәтижелері және олардың жеке бастарының қайғы-қасіреттерге ұшырауы туралы

Жеке оқушылар, жұптар өздерінің жеке табыстарын, шығармашылық ептіліктерін көрсете алады. Жеткен жақсы нәтижелерімен бөліседі. Демография ахуал. Схема көрсету. Барлық халық саны 6,2 млн.

Аштықтан қырылғандар 2,1

Республикадан тыс жерлерге көшкендер 1 млн-нан астам.

Қайтып оралғандар 414 мың.

Оралмағандар 616 мың.

Басқа ұлттар шығыны

0,4 млн.

  • Бағалау.

(6 ұпай)

3 мин.

Пікірлесу

Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? География, биология, өлшем логикасы, математикалық нақтылық сияқты тұжырымдарға сүйеніп, ауыл шаруашылығының құлдырауы мен мал шаруашылығының күйреуін, демографиялық апаттардың себептеріне тоқталады.

Ғылыми негізде өз ойларын айтады. (Нақты дәйекпен)

ІІІ.Қорытындылау

Өздерін-өздері бағалау, топтық бағалауы, ынталандыру т.б.

Білемін

Үйрендім

Білгім келеді




Кестені толтырады

ІV. Рефлексия


Бүгінгі сабақ ұнады, себебі .....


V.Үйге тапсырма


Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы туралы деректер жазу


                                                                                                                                                      


  

  • 1 399