Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Н. Серәлиев «Аңсау» әңгімесін талдау

 

Сайдажиева Меруерт 

Түркістан қаласы №31  Абай атындадағы жалпы орта мектептің мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты: Әңгіменің негізгі идеясын ашу, оқушының сөйлеу тілін дамыту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, аңсау сезімдерін ояту,бүгінгі күнмен байланысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар әңгіменің мазмұнын толық меңгередікейіпкерлерге талдау жасайды, сын тұрғысынан ойлана отырып кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді, әңгімеге қорытынды пікір айтады.

Көрнекілігі: Акт , суреттер

 Уақыты

               Мұғалімнің іс-әрекеті

          Оқушының іс-әрекеті

1 мин

2 мин

6 мин

2 мин

15 мин

3 мин

5мин

3 мин

3 мин

3 мин

2 мин

 1. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын   тексеріп, оқушы зейінін сабаққа аудару.

 Жағымды ахуал орнату

 

2 .Үй тапсырмасын тексеру:

«Интервью» әдісі

Сыныптағы бір оқушы өзі алдын ала дайындаған сұрақтарын оқушыларға қояды.

1 « Аңсау » әңгімесі не туралы?

2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кім?

3. «Аңсау» дегеніміз қандай сезім?

4. Адам нені аңсайды, қай уақытта, кімді аңсайды?

5. Өзіңнің біреуді аңсаған сәтің болды ма?

6. Күнде көретін адамды аңсауға бола ма?

7. Н. Серәлиев туралы не білесің?

8. Ермектің анасы қандай жан?

9 .Ермек кімді аңсап жүр?

10.Сыйластық туралы қандай мақал-мәтел білесің?

 

3 Жаңа сабақ 

 Балалар, бүгін біз «Аңсау» әңгімесінен алған білімімізді әрі қарай жетілдірмекпіз.

Сыныпты топқа бөлу

 

 

 

 

 

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісін пайдалану

 

 

 

4. Әңгіменің композициялық құрылысы

 

5. Жағдаяттан шығу

 

(Ситуациялық сұрақтар)

 

 

 

6. Сөздікпен жұмыс

 

Кері байланыс:

 

 

 

 

 

Зымыран сұрақтармен сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

Оқушылар рет санымен 3 топқа бөлінеді

1-топ  Мейірім

2-топ  Шапағат

3-топ  Ілтипат

1-топ  Қалымбет қарттың қалаға келуі

2-топ  Ермектің қарияны үйіне алып келуі

3-топ  Қалымбет қарияның ауылына қайтуы.

Топ мүшелері топта әңгіменің композициялық құрылысына талдайды, бір-біріне көмектеседі.

1-топ  Сіздің ата-анаңыз қалаға кетейін деп жиналып жатыр, сіз не істейсіз?

2-топ  Ата-анаңыз ата-әжеңізбен кездесуге тыйым салса не істейсіз?

3-топ  Ата-әжеге құрмет көрсетпейтін жандарға не айтасыз?

Оқушылар түсініксіз сөздермен танысады

Стикерге жазып тілек ағашына жабыстырады.

1-топқа

1.Шығармадағы атаның есімі?

2.Оқиға қай айда болды?

3.Шығармадағы кішкене баланың аты кім?

4.Ермектің жасы нешеде?

5.Мында кел, мында тығыл деген кімнің сөзі?

 2-топқа

1.Қалымбет ата қай жерде тұрады?.

2.Бала қазақшаны қалай сөйлейді?

3.Баланың өз атасы қайда кеткен?

4.Шал қалаға не себепті келді?

5.Ата қай қонақ үйге келді?

3-топқа

1.Атаны қонақ үй неге қабылдамады?

2.Қалымбет қария кетіп бара жатып не үшін мекен жайын айтты?

3.Баланы жазушы қалай суреттеді?

4.Ермек түсінде не көрді?

5.Кемпірі талмарсың деп шалына не беріп еді?

Н.Серәлиев « Аңсау»  әңгімесін толық оқып келу.


  • 297