Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Жаңбыр

Заңғарбаева Күмісай

Қызылорда қаласы, №185 орта  мектеп    жанындағы  «Ақерке»   шағын орталығының  тәрбиешісі

  

Білім беру саласы: «Шығармашылық»                

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сурет салу»                                                                 

Мақсаты:    Қылқаламды тік бағытта ұстау тәсілі арқылы   жаңбырдың суретін салуға үйрету, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.,ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Билингвальды   компонент:  жаңбыр-дождь, табиғат-природа.

Сөздік жұмыс: жаңбыр, бұлт, қолшатыр, тамшы, көк түсті бояу.

Көрнекіліктері:Табиғат суреттері, жаңбыр жауып тұрған көрініс бейнеленген суреттер.

Керекті құралдар: түрлі-түсті қалам,қағаз.

Іс-әрекет кезеңдері

              Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

                  Жылулық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік  шоғын алайық,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Күн мен жаңбыр» ойыны.

Мақсаты: Балалардың көріп, естіп  қабылдауын жетілдіре отырып,жылдамдыққа,жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету.

Балалар «Күн  шықты!» -деген сөзге серуендеп, «жаңбыр  жауды !»  деген сөзге  қолшатыр астына жиналуы керек.

- Балалар   қазір жылдың  қай  мезгілі?

-көктем   мезгілінің  ерекшеліктері қандай?

-Күн----------

-жаңбыр---------

-құстар жылы жақтан ---------------------

-жерге жасыл-------------------------------

-көктемде қандай мерекені тойлаймыз?

Балалар, мен сендерге өлең оқып беремін, сендер тыңдаңдар.

-Тырс!  Тырс!

Жаңбыр  кеп жауады.

Тырс! Тырс!

Жылғалар    ағады,

Сылдырлап әуенге салады.

Балалар бұл тақпақта не туралы айтылған?

Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

Балалар ,бүгін жаңбыр суретін саламыз.

     Саусақ     қол    жаттығуы

«Жаңбыр  жауды»

Жаңбыр қалай  жауды,

Алдыиен жай жауды.

Саусақ үстімен үстел үстін соғып тырсылдатады.

Содан кейін қатты жаңбыр жауды.   Үстелді қаттырақ соғады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Жылынды

Жауады

Ұшып келеді

Шөптер шығады

Наурыз тойын

Балалар өлеңді тыңдайды.

Жаңбыр туралы.

Бұлтты

Балалар жаңбыр суретін салады.

Рефлексифтік-түзетушілік

 

Сұрақтар қойып оқу іс- әрекетін қорытамын.

-нені бейнеледік?

-салған   суреттерің    ұнады ма?

Жұмыстарын көрмеге қойып, мақтап, мадақтаймын.

Сұрақтарға жауап береді.

Көрмеге қойылған жұмыстарын тамашалайды.

Нені білуі керек: Жаңбырдың қай мезгілдерде көп жауатынын;

Нені игереді: қаламдарын дұрыс ұстап, нүктелердің көмегімен жаңбырды бейнелеуді;

Нені білді: бояу түрлерін;

  • 514