Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

150 гр кіші допты қашықтыққа лақтыру

 

Қарамырзаев Айдар 

Қызылорда қаласы  №257 орта мектебінің 

 Дене шынықтыру пәні мұғалімі

 

  

 Сабақтың мақсаты:

-Дененің қозғалыс желісін қалыптастыру жаттығулар арқылы дамыту

-Кіші допты лақтыру әдісін кешенді түрде оқушыларға сіңіру

-Жылдамдық сапасын жаттығуларды үйрету барысында тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Тәжірибелік

Сабақтың типі: Арнаулы

Сабақтың жүргізілу тәсілі: Тереңдетіп түсіндіру арқылы

Пайдаланатын құралдар: Кіші доп,жалауша,ысқырық


Сабақтың мазмұны

Уақыты

Жаттығу реті

Әдістемелік нұсқаулық

Кіріспе дайындық бөлімі 15 мин

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу,рапорт қабылдау,сәлемдесу,журнал бойынша түгелдеу,сабақ барысын түсіндіру.

2.Жалпы дамыту жаттығулары

Жүру жаттығулары

-Жай жүріс

-Қол жоғары,аяқтың ұшымен жүру

-Қол алдыда,жартылай отырып жүру

3.Жүгіру жаттығулары

-Бір қалыпты саппен жүгіріс

-Қолды шынтақтан бүгілуін тізені көтеріп жүгіру

-Қолды жанына төмен созып,қолына аяғын тигізе жүгіру

-Қолды артқа ұстапөкшесін тигізе жүгіру

3 мин

5 мин

7 мин

10м

10м

10м

20м

10м

10м

10м

10м

Оқушылардың спорт киімін тексеру,сапқа тұруын қадағалау

Қолын сермеп ,жай жүріс

Алақанды бір-біріне қарай жүгіру

Қолды алдына тік созып жүру

Арақашықтықты сақтап сап тәртібімен жүгіруді қадағалау

Тізені көтеріп жүгіруін қалыптастыру

Дұрыс жүгіруіне назар аудару

Аяқ сермеуін қадағалау

Негізгі бөлім 27 мин

5.Лақтыру техникасы

-Допты бастан асыра лақтырудың әдіс-тәсілі

-Допты жанымен лақтыру әдістері

-Кіші допты жүгіріп келіп лақтыру

8 мин

9 мин

10 мин

3-4 рет

4-5 рет

Бастапқы қалып:сол аяқ артта,оң аяқтың ұшынадененің салмағы түсуі керек.Лақтырушының ыңғайына қарай оң және сол қолы алдында, допты лақтыратын қолы артта болуы қажет

Лақтыру әдісін орындау кезінде 1,2,3,4,5 есебі бойынша допты лақтырып, екпінімен құламау үшін өзіне ыңғайлы аяғын жерге тіреуі керек.

Оң және сол аяқты ойқастырып жүру жүйесі бойынша дене салмағын иықпен жамбасқа түсіру

Қорытынды бөлім 3 мин

6.Оқушыларды қатарға тұрғызу

-Өтілген сабақты пысықтау

-Өтілген сабақты қорытындылау,бағалау

2 мин


Бір қатарға сызықтың бойымен тұрғызуды қадағалау.Оқушылардың қателігін түсіндіру,айту,көрсету.

Сабақты  қорытындылау.

Үйге тапсырма беру.

  • 526