Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Б.МАЙЛИН «ТҮЙЕБАЙ» ӘҢГІМЕСІ

   

 

Қайдаулова  Айжамал  Рүстембекқызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

 


Сабақтың  мақсаты: 

білімділік:  « Түйебай» әңгімесі  арқылы  сол кездегі  молдадағы оқу  және  оның  шынайы  көрінісімен  танысу, мәтіннің  мазмұнын меңгерту.

дамытушылық :  жазушы  тілін  зерттеу, тіл көркемдігін таныту, оқушыларды  өз бетінше  іздену  жұмысын жасауға  жетелеу.

тәрбиелік :білімге, мейірімділікке, еңбекке, намысқойлыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  зерттеу  сабағы

Сабақтың  әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, проблемалық әдіс

Пәнаралық  байланыс: қазақ тілі, өзін-өзі тану

                  Сабақтың  барысы

І.Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ. Қызығушылықты  ояту.

Оқушылардың  Б.Майлин шығармаларымен  қаншалықты  таныстығын  анықтау.

1.Б.Майлин кім  ? ( Б.Майлин – көркем прозаның  зергері, сыршыл да сыншыл  лирик, әрі  суреткер, ақын, драматург, публицист)

2.Ол туралы  біздер  не білеміз?  Бұрынғы  сыныптарда өткен шығармаларын  еске  түсіру.

ІІІ. Жаңа  сабақ:Б. Майлин « Түйебай» әңгімес

Бейімбет – қазақ әдебиетіндегі  әңгіме  жанрының  шебері. «Жырлағаным-кедейдің  жыры» деп  өзі  айтқандай, Б.Майлин  шығармашылығы - өзі  өмір  сүрген  уақытпен, сол уақыттағы  қалың  көпшілікпен біртұтас.Сонау  30 жылдары жазылған әңгімелері  күні  бүгінге дейін  кез-келген қазақтың  аузынан түспейтін көркем  шығармасына айналды.

Сөз зергері қай шығармаларын  болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл  ажарын  дәл  бейнелеп отырған.

                            Жоспар:

1.Қоржынтомар жайлауының  табиғаты

2.Қара қоға  көлі

3.Молда  оқуы

4.Түйебай  молда оқуында

5.Түйебайдың  таяқ жеуі

6.Көш

7.Жалшы  Түйебай

8. Кездесу

ІҮ. Мәтіннің  мазмұны  бойынша  сауалнама  сұрақтары

1.Б.Майлин  әңгімесі неге  «Түйебай» деп  аталған ?

2.Жазушының  айтайын деген  негізгі  ойы не ?

3.Әңгіменің  бас  кейіпкері кім ? Түйебай бейнесін  құрастырыңдар

4.Шығарма  мазмұны  қалай, кімнің  атынан  әңгімеленеді?

5.Түйебайдың  ата-анасының  тұрмысы  қандай ?  (Жоқшылық, жетіспеушілік,малайлықта)

6. Түйебайдың молда  оқуындағы  Түйебайға сипаттама беріңдер.

7. « Шоқынып кетсем де, енді  молданың  алдын  көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?

8. Аштан  өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп , сол сағатында  Түйебай неге айта  алмады ?

9. « Сен бақыттысың ғой» деген сөзді  аузымен  айтпаса да , көзқарасын еріксіз білдірерлік еді  дегенге  қандай  пікір  айтасың ?

Ү. Зерттеу  жұмыстарын ортаға  салу.

І топ. « Түйебай» әңгімесін  құрылысына  қарай  талдау.

1. Әңгіменің  басталуы: Қоржынтомар  жайлауы

2.Әңгіменің  байланысы : Молдадағы оқу

3. Әңгіменің  шиеленісуі:  Түйебайдың  жиі  жазалануы

4.Әңгіменің  шарықтау  шегі  : Түйебайдың  таяқ жеуі

5. Әңгіменің  шешімі: Түйебайдың оқуды  тастауы

ІІ топ.  Мәтіннен көркемдегіш  құралдарды  табу. ( портрет, пейзаж, мысал келтіру)

ҮІ. Сабақты бекіту.

Молдадағы  оқу  мен  қазіргі  оқуды  салыстыру. ( оқушылар  пікірін  тыңдау)

ҮІІ. Сабақты  қорытындылау.

Оқушылардың зерттеу  жұмыстарына  талдау  жасай  отырып, оқушы  білімдерін  бағалау.

ҮІІІ. Бағалау кезеңі. Оқушылардың еңбектерін бағалау, келесі сабаққа тапсырма беру.

ІХ. Үйге тапсырма.Б.Майлин «Түйебай» әңгімесін оқу.Әңгімеден күрделі  сөздер мен тұрақты тіркестерді теріп жазып келу.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз