Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ЖАЛАҢ ЖӘНЕ ЖАЙЫЛМА СӨЙЛЕМ

 

 

                                           

 

Пармышева Малика

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

№219 Ы. Алтынсарин атындағы  мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

                                                    

Күні:

 Қазақ тілі 3 «В» сынып


Сабақ тақырыбы:

Жалаң және жайылма сөйлем  97-101 жаттығулар

Жалпы мақсаттары:

Жалаң және жайылма сөйлем  туралы түсінік беру.

 Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата білуге үйрету.


Оқу нәтижесі

Жалаң және жайылма сөйлем жайлы біледі. (барлығы)

 Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін түсінеді. ( көпшілігі)

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата алады. (кейбіреуі)


Негізгі идеялар

Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады.


Тапсырма көздері

Қосымша дерек бойынша зерттеу жұмыстары (жай сөйлем түрлері)

Жаттығулармен жұмыс

Ашық сұрақтар беру


Ресурстар 

Бағдаршам,теңгелер, кесте ,дидактикалық материал,үлестірме қағаздар, смайликтер,  стикер


Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиеттік оқу


Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту


Оқыту әдісі:

Бағдаршам,  кім көп біледі?, кездейсоқтық сұрақтар, «ойлан, топтас, бөліс», «тиісті пойызға орналастыр»,жеке, ұжымдық, топтық жұмыс,

«Ойлан, жұптас, бөліс»,басбармақ


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 1 мин

Сәлемдесу

Оқушыларды  3 топқа бөлу

І топ Жай сөйлем

ІІ топ Жалаң сөйлем

ІІІ топ  Жайылма сөйлем

Псохологиялық дайындық

Мақсатымыз - білім алу

Міндетіміз – еңбектену

Еңбек етіп жұмыла

«5»- ке қолды жеткізу.


 

  5 мин

   4 мин

 

«Бағдаршам» әдісі 

96 – жаттығуды тексеру, оқыту, қосымша сұрақ қою.

Бағалау

«Кім көп біледі?»  ойыны

Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді? 

Бастауыш деген не?

 Баяндауыш дегеніміз не?

Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

Бағалау   Теңге беріп отыру  (200, 500, 1000)


 Сабақтың ортасы

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 2  мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 4 мин

 «Кездейсоқтық сұрақтар»  әдісі

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінің айларын ата.

- Желтоқсан айында қандай мейрамдар бар?

- Бірінші желтоқсанда не үшңн демалдық?

- 16 желтоқсан қандай мейрам?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болады?

- Елімізді басқарып отырған кім?

Міне, біздің президентіміз мына отырған сендерге еркін сөйлеп, өз ойларын еркін ашық айта алатын азамат болуға жағдай жасауда. Сол үшін сендер бүгінгі сабағымызды жақсылап ат салысып, өз ойларынды еркін жеткізе білуге ат салысу.

Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау

Жалаң және жайылма сөйлем  97-101 жаттығулар

Тірек сызба 

 

                                              Жай сөйлем 

                

              Жалаң сөйлем                            Жайылма сөйлем

                

 

Бастауыш пен баяндауыштан                 Тұрлаулы мүшелерден басқа

құралған  сөйлем                                          тұрлаусыз мүшелері бар

Мысалы: Жазира биледі.                                сөйлемді айтамыз.

                                                                    Мысалы: Жазира әдемі биледі.                                                  

 

   Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп аталады. Мысалы, Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті сөйлемдері – жай сөйлемдер.                           

97- жаттығу   «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі 

І топ Сөздерден сөйлем кұрау

ІІ топ Сөйлем мүшелеріне талдау

    Күн  бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді.   

    Динара қуанды. Түн ұзарды.

ІІІ топ «Тиісті пойызға орналастыр» ойыны

Жалаң , жайылма  сөйлемдерді тиісті пойыз вагондарына орналастыр.

Бағалау  2 жұлдыз, 1 тілек

Оқулықпен жұмыс.

98 - жаттығу. 

І топ   

Өнерлі өрге жүзеді. Боран соқты. Жаңбыр сіркіреді. Екі дос мектептен

қайтты. Жарыс залда өтті.

ІІ топ:  «Өз себетіне орналастыр»  ойыны

Қима қағаздағы сөйлемдерді балаларға таратып, тақтадағы екі себетке , яғни жалаң және жайылма белгісіне байланысты  сөйлемдерді себетке салады  не ажыратып тұсына іледі.

ІІІ топ   

Сөйлем мүшелеріне талдап, тиісті сызықпен сызады.

Өнерлі өрге жүзеді. Боран соқты. Жаңбыр сіркіреді. Екі дос мектептен

қайтты. Жарыс залда өтті.

       Сергіту сәті

   Оң қолымда бес саусақ,

   Сол қолымда бес саусақ.

   Қосып едім екеуін,

   Болып шықты он саусақ.                                                      

99 – жаттығу.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.

Оқушылар кездесті.(Оқушылар  ардагерлермен кездесті.) Жолаушылар жақындады.(Жолаушылар  автобусқа жақындады.)Ұстаз түсіндірді. (Ұстаз сабақ түсіндірді)Айдын қатысты.(Айдын жарысқа қатысты.)

Оқушылар өз бетінше  жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.

Бағалау 

Шығармашылық тапсырма

Сурет бойынша екі жалаң, үш жайылма сөйлемді ауызша құрастыру:


Сабақтың соңы

3 мин

 

 

 

 

 

 

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі 

Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендіреді.                                   

                                        Ұщақ биікке көтерілді.

Жалаң сөйлем                Айман мені кітапханада күтеді.

                                         Күн жылынады.

                                        

                                           Кере – жарақтың бәрі бар.

Жайылма сөйлем             Әжем шұлық тоқыды.

                                           Бау байланды.

Бағалау Жұптар бір- бірін бағалау

Ой қозғау

-  Неге.жай сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем деп 3 топқа бөлдім.


Бағалау

 

2 мин

«Басбармақ» әдісі

Топты смайликпен бағалау, жеке оқушыны бағалау.

Рефлексия 

                                                

     Ұнады         Қиын болды            ?

Стикерлер арқылы өз ойларын жинақтап қорытындылайды.


Үйге тапсырма

1 мин

101 – жаттығудағы. Ребусты шешу.Сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем түріне ажыратады.

Шығармашылық тапсырма «Қыс»тақырыбына  қысқа әңгіме жазу.


Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз