Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ

 

 

Өмірбекова Ұлболсын

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

№219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Пәннің аты

Қазақ тілі

Күні: 23. 11.2016

Сыныбы:

2»Г»

Мұғалім

Өмірбекова Ұ

Сабақтың атауы

Сұраулы сөйлем175 – 179 жаттығу.

Мақсаты

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру;

Білімділік:Сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық:  Сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу,есте сақта қабілетін дамыту.

Тәрбиеліқ: Білімділікке,сауатты жазуға ,оқуға , адамгершілікке, бірлікке  тәрбиелеу.

Сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтырады.

Сөздік қорлары шығармашылық қабілеттері дамиды.

Адамгершілікке; ынтымаққа,сауаттылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Әдіс-тәсілі  сұрақ-жауап;түсіндіру,талдау,жинақтау,топтау,ой қозғау,рефлекция

Көркекілік кете,жұлдызша,кете, тірек-сызбалар,ойындар.

Сабақтың пәнаралық байланысы:Әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық ахуал

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, – деп баршаңды!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру

Хабарлы сөйлемге байланысты үйге берілген жаттығудың орындалу барысы тексеріледі.

Өткен сабақты бекіту.

І – топ: « Орныңды тап» 

Мейіржан жылы Маржан оқиды Алақай жатыр киінді нешінші сыныпта келе апам 

Сөйлемдер: Меіржан жылы киінді.Маржан нешінші сыныпта оқиды?Алақай апам келе жатыр!

ІІ – топ: «Адасқан сөйлемдер» ойыны

Ойынның шарты: Берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйлеріне орналастыру керек

               .               ?                  !

Өсімдік көктейдіТүйе боталайды Балам, оркенің өссін Дала қандай керемет Қамшы деген не  Кірпі қалай дыбыстайды

ІІІ – топ: «Мен кіммін» ойыны

Мен сөз таптарымын.Сөз таптарының ішінде хабарлы  сөйлеммін.Бір нәрсені хабарлау мақсатында айтыламын.Маған Кім? Кімдер? Не? Нелер ?  деген сұрақтар қойылады.Сөйлем соңында  маған нүкте қойылады.

 Сұрақтар арқылы сабақ бекітіледі.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

ІҮ Жаңа сабақ 

Сұраулы сөйлем 175 -179 жаттығу

Сұраулы сөйлемді саналы меңгерту үшін, әртүрлі сөйлемдер жазылған кестеден сұраулы сөйлемдерді тапқызып, олардың мағынасы мен тұлғасына назарларын аудару керек. Кестедегі сөйлемдерді талдай келіп, сұраулы сөйлем туралы дерек бергеннен кейін, оның мынадай өзіндік белгілері барын айту керек:

1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.

2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен айтылады.

3. Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің негізгі белгісін арқау етіп, оған мынадай анықтама беріледі:

Біреу я бірдеме жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлем жауап алу мақсатында айтылады.

Оқулықта берілген жаттығулар орындалады.

175-жаттығу

Өлең шумақтарын мәнерлеп оқу және салыстыру

Көлге келіп қонады,        -Сені өсірген баптап кім ?

Көлдің көркі болады.         Аққу неткен аппақсың ?

Аңшы бірақ атпайды,         Таза ауада жүремін,

Аққудың бар обалы.           Тұнық суда жүземін

( А. Ершуов)                             ( Қ. Толыбаев)

Салыстырылады:

І топ:1.Қай ақын сраулы сөйлемді пайдаланған ?

ІІ топ: 2.Сұраулы сөйлем қандай мақсатта пайдаланған ?

ІІІ топ: 3.Сұраулы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылған ?

Ережені тұжырымдау

Сұраулық мағынаны білдіреді.Сұраулық мағынаны  білдіретін сөздер көтеріңкі дауыспен оқылады. Сұраулы сөйлемнен соң сұрақ белгісі қойылады.

І топ: Аққу туралы не білеміз?

ІІ топ: Аққу туралы мақал-мәтел құрастыр

ІІІ топ: Аққу туралы жұмбақтар құрастыру

176 – жаттығу(тақтамен жұмыс)

Мәтінді түсініп оқып,сұраулы сөйлемді көшіріп жазу.

Көке,мынау не төбешік?   Илеу деген не ?   Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұрады ма? Олар тату тұра ма ?

Құмырсқа туралы не білеміз?

177 – жаттығу Мына жайыттарды білу үшін сөйлемдер құрау.

Топтарға тапсырма

 І топ: Сабақтың нешеде басталатынын білу үшін

ІІ топ: Кезекшінің есімін білу үшін
ІІІ топ: Асқардың сабаққа  не үшін кешіккенін білу үшін

-Сабақ нешеде басталады?

-Бүгін сыныпта кім кезекші ?

-Асқар сабақтан не үшін кешікті ?

-Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар ?

-Бұлар қандай сөйлемдер ?

Сұраулы сөйлем бойынша алған білімдерін бекіту үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:

178 – жаттығу

Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыру.

«Кім көп біледі?» ойыны

Сергіту сәті

Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ-бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Оңға-солға шайқалып,
Бақылдайды ән салып.
Судан шіркей табады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма

І топ: Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айт.

Көже пісті ,

Көжені неше кісі ішті ?

Неше кесе ішті ?

Қандай сөйлемдер  екенін табу.

ІІ топ: Берілген сөздерді қатыстырып сұраулы сөйлем құрастыру.

Кімнің,неге,кіммен,қалай,қайда

ІІІ топ: Сұрақтар арқылы түлкі туралы шағын әңгіме құра.

1.Түлкі қандай аң ?

2.Оның түсі мен құйрығы қандай?

3.Ол қандай жерлерде мекендейді ?

4.Түлкі немен қоректенеді ?

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс179-жаттығу

Рефлекция

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«5» болсын балалар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп бақыт,

Өсе берсін санамыз.

Топтар бір-бірін бағалайды

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз