Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

КОЛЛЕДЖДЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ОҚУ МАТЕРИАЛЫН МЕҢГЕРУГЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

 

 

Тулебаева Маржан Артурқызы 

 

Астана қаласы, Астана қаласы әкімдігінің

"Көпбейінді колледжі" МКҚК

 

 

 

 

 


Мақсатым – қоғамдағы бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға бағытталған оқушыларға арнайы пәндерді оқыту барысында     белсенді оқыту әдістерінің теориялық тұрғыда негіздеп, практика жүзінде   олардың оқу материалын меңгеруге әсерін зерттеп, тәжірибе жүзінде пайдалануды көздеу.

Егер арнайы  пән ұстаздары оқу  үдерісінде  белесенді оқыту әдістерін пайдаланса, бұл   оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарың қамтамасыз етер еді, өйткені  белсенді оқыту әдістері  оқушылардың  танымдық белсенділігін  арттыратың құралы  болып табылады. 

Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті.

Оқыту әдістері — тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді.

Педагогтардың  оқыту әдісі туралы түсініктері әр түрлі: 


 

Оқыту әдістері туралы  түсінік

Лихачев Б.Т.

танымды басқаға беру әдісі

Пидкасистый П.И

мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі

С.А.Ананьев

білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы

Американдық педагог К.Керр

төрт төңкерісті:

 Біріншісі — үлгі болып табылады мұғалім — ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді

екіншісі — ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды

үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді

төртіншісі — осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады

Ж.Б.Қоянбаевтің

білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы

Оқыту әдістерінің  жіктелуі  және оларды пайдалану жолдарын көптеген ғалымдар зерттеді. Оларға тоқталып өтетін болсақ:

Оқыту әдістері  жіктелуі  және оларды пайдалану жолдары 

Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант

сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады.

Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский

түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967)

дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар :білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс – әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды текеру.

И.Я.Лернер[15], М.Н.Скаткин [16]

оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған

Ю.К. Бабанский

оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады.

М.И.Махмутов

оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін і іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс [18].

Міржақып Дулатов

Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді.

А. Байтұрсынов

Әңгіме – оқу материалын ауызша баяндау. Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне үқсас дейді.

Әл-Фараби

Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.

Оқыту әдістерінің сипаттамасы:

 

Әдістер атауы

Әдістер түрлері

Көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру

Әңгіме, дәріс, түсіндіру, нұсқа беру, көрсету

Репродуктивтік

Жаттығу, тапсырма беру, дәріс, демонстрациялау, бағыт беру

Проблемалық

Әңгімелесу, проблемалық дағдай, ойын, көз жеткізу, жалпыламау

Өз бетінше ізденіс әдісі

Пікір-талас, зертханалық жұмыс жарысу, өзіндік жұмыс

Іздену

Ізденуді модельдеу, жобалау, ақауларды іздеу, жаңа фактілерді жинау.

 


Ауқымды заңдар, оларға жиі өзгертулер енгізілуі,  болашақ мамандардан теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануды талап етеді.

Оқытудың белсенді әдістер - оқу процессін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттердің, әдістердің, білім алушының оқу материалын тану, өзіндік, творчествалық жұмыс жасауының іс-шаралар тобы.

Педагогикалық әдебиетте танымдық белсенділіктің маңызын анықтауды кездестіруге болады .(Б.П.Есіпов, Г.М.Лебедев)

Оқытудың белсенді әдістерінің дамуына өз үлестерін қосқан теоретик және тәжірибелі оқытушылар: Н.А. Кошкарбеков, А.М. Матюшкин, Т.В. Кудрявцев, М.М. Леви және т.б.

Оқу үдерісі кезінде оқушылардың қызметін белсендіру оқу материалына сәйкес әдістемелермен, дидактикалық құралдармен, оның ұйымдық түрлерімен қамтамасыз етіледі. Сондықтан оларды әрі қарай қазіргі заманға сай жетілдіру танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарт болып табылады.

Кейбір психологиялық-педагогикалық зерттеулерде белсенділіктің келесі үш деңгейі бар:

репродуктивтік-еліктеушілік,

ізденіс – орындаушылық

шығармашылық.

 Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты.

Педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістері:

«Жұптасқан дәріс» әдісі

Пікірталас әдісі 

«Дөңгелек үстел»-әдісі.

«Шағын топтар» әдісі

Миға шабуыл

Іскерлік ойындар әдісі

Проблемалық оқыту әдісі. 

Осы аталған әдістердің ішінен ең тиімдісі деп біз проблемалық оқыту әдісін жеке бөліп алдық.

Проблемалық оқыту – оқушылардың таңымдық белсенділігін арттыру  әдісі ретінде жеке зерттедік.

Пробдемалық жағдай туғызып оқыту туралы өз еңбектерінде Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский атап кеткен.

Проблемалық оқыту мәселесін зерттеген ғалымдар: И.Я.Лернер, М.И.Махмутов.

Проблемалы міндет дегеніміз – осындай жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін мәселе.

Проблемалы оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушылардың білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады. және проблеманы міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, оқушының зденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.

Проблемалық жағдай – бұл танымдық немесе практикалық есептің шешуін бірден табуға бөгет болатын анық немесе анық емес интеллектуалды қиындықты түсінген субъектінің психологиялық жағдайы.

 Проблемалық оқыту элементтерін оқыту процесіне енгізу арқылы оқушылардың алғырлыққа және тапқырлыққа ынтасын арттырады, оқу материалын, терең шығармашылықты меңгеруге дағдыландырады. Оқушы жаңа материалды белсенді қабылдайды, есте сақтайды, ойлау әрекетінің күрделі жүйесін орындайды, танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды


Кесте 1 - Проблемалық оқытуда    танымдық қабілеттерінің дамуы

 

Проблемалық материал

Ойлау операциялары  және тәсілдерін меңгеру әдістері

Меңгерілген білімді жаңа материалға тасымалдау

Жүйелілік талдау. Синетика. Логикалық жаттығулар жүйесі.

Байланыстарды анықтау

Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау. Логикалық жаттығулар жүйесі. Генетикалық талдау.

Жасырылған тәуелділіктер мен байланыстарды анықтау

Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау. Логикалық жаттығулар жүйесі. Генетикалық талдау

Ақпартты интеграциялау және синтездеу біліктілігі (қорытынды жасай білу)

Жүйелілік талдау. Морфологиялық талдау.

Ақпартты ұйымдастыру

Жүйелілік талдау. Логикалық жаттығулар жүйесі.

Жағдайларды талдау

Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі.  Логикалық жаттығулар жүйесі.

Процесті және нәтижені бағалай білу біліктілігі

Идеалды соңғы нәтиже түсінігі негізінде эталондар дайындау.

Нәтижені болжай білу біліктілігі

Жүйелілік талдау. Генетикалық талдау

Түсіндіре білу және дәлелдей білу біліктілігі

Проблемалық жағдайларды шешу алгоритмі.  Логикалық жаттығулар жүйесі.

Кесте 2 - Проблемалық оқытуда   шығармашылық  қабілеттерінің дамуы

 

Проблемалық материал

Ойлау операциялары  және тәсілдерін меңгеру әдістері

 

Қарама-қайшылықтарға сезімталдығы, проблемаларды қою және шешу.

Проблемалық жағдайды шешу алгоритмі.

Ақпаратты іздеудің басқа да альтернативті жолдарын қолдау.

Проблемалық жағдайды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау.

Идеяларды және байланыстарды қайта топтауға қабілеттілік.

Проблемалық жағдайды шешу алгоритмі. Жүйелілік талдау.

Дивергенттік ойлау. (құнды елес)

Ми шабуылы. Есептер шешу. Морфологиялық талдау.

Процестің және нәтиженің әсемдігін сезіне білу.

ИСН (идеалды соңғы нәтиже) түсінігі негізінде эталондар жасау.

                   


Соңымен, оқушыларды белсенді әдістерін қолдану арқылы оқыту, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды.

                 Астана қаласы әкімдігінің"Көпбейінді колледжі" МКҚК колледжіне белсенді оқыту әдістерінің экономика пәні бойынша оқу материалын меңгеруге әсерін зерттеу үшін эксперименттік жұмысын жүргіздік. Эксперимент экономикалық мамандық бойынша оқитын оқушылар топтарында жүргізілді. Белсенді оқыту әдісі ретінде проблемалық оқыту әдісі алынды.

Тәжірибе  барысында зерттеудің мынандай әдістері қолданылды: тәрбиелік іш-шараларда мұғалімдердің және оқушылардың іс-әрекетін бақылау; тәрбиелік іс-шараларды талдау; экономикалық тәрбие жұмыстврың арнайы бақылау, мұғалімдермен және оқушылармен өткізілген әңгімелесу және сауалнама материалдарының негізінде бақылау және эксперименттік топоқушыларының білімі және іскерлігінің өзгеруін талдау.

Айқындау экспериментіне колледж  оқушыларының бастапқы экономикалық білім деңгейі анықтау үшін тест сұрақтары құрастырылып,   таратылады. Ұсынылатын тест сұрақтары оқушыларға күнделікті өмірде жиі кездесетін, күрделілігі орташа экономикалық түсініктер мен терминдерден құрастырылып жасалды.

  Сауалнама нәтижелері колледж оқушыларының экономикалық білімділігінің  дәрежесін анықталды.Оқушылардың жауаптары 5 балдық жүйесімен бағаланды, яғни 20 сұрақтың:

18-20 сұрағына дұрыс жауап берсе – «5» - Жоғары

15-17 сұрағына дұрыс жауап берсе – «4» - Орташа

10-14 сұрағына дұрыс жауап берсе – «3» - Төмен

1-9 сұрағына дұрыс жауап берсе – «2» - Нашар деген бағаны алады.


Колледж оқушыларының бастапқы экономикалық білім деңгейінің көрсеткіші

 

Білімді бағалау   деңгейілері

Эксперименттік I - бақылау жұмысы

оқушы саны

%

«5» Жоғары

4

 17%

«4» Орташа

11

 24%

«3» Төмен

17

 46%

«2» Нашар

5

 13%

Барлығы

37

100

Оқушылардың экономикалық білім деңгейінің төмен болғаны колледждегі экономикалық оқыту жүргізудің кемшіліктеріне байланысты деп түсінуге болады.

Айқындау экспериментіне жасалған талдау мынаны көрсетті: білім алушылардың экономика білім алуда белсенділігі төмен; ынтасы төмен; өз бетімен білім игеруге дайын емес; ізденісті қажет ететін шығармашылық тапсырмаларды орындау білігі қалыптаспаған; педагогикалық мүмкіндіктерін мақсатты қолдана білмейді, уақыт талабына сай жұмыс істей алмайды 

Колледж білім алушылардың «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша  білім деңгейлері (%)  (айқындаушы эксперимент нәтижелері)

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

адам

%

адам

%

Жоғары

4

23

5

23

Орташа

5

27

6

32

Төменгі

9

50

8

45

Барлығы

18

100

19

100

Белгіленген бақылау және эксперементтік топ оқушыларының «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша  білімдері шамалы  бір  деңгейде.

Эксперимент барысында белсенді оқыту әдісі ретінде проблемалық оқыту әдісі алынды.

Экономикалық білім беру мақсатына сәйкес «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша  «Сұраныс» таырыбына проблемалық оқыту әдістемесі жасалды.

Дайындалған проблемалық оқыту - белсенді әдіс  ретінде  «Экономикалық теория негізі» пәнің   оқу процесінде эксперименттік тексеруден өтті.  Колледжде өткен тәжірибелік сабақтар мен пән мұғалімдеріне жүргізілген сауалнама оқу материалдарының жүзеге асқанын дәлелдеді және оны әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді. Эксперимент және бақылау топтарының іріктелу дәрежесін анықтау үшін тексеру жұмысы жүргізілді.

Эксперимент басындағы және соңындағы нәтижелерді салыстыру жүргізілген жұмыстың тиімділігін көрсетті. Яғни біз ұсынған  әдістеме бойынша жұмыс жасау колледж білім алушыларының  экономикалық білім беру мүмкіндік береді. Бұған зерттеу нәтижелерін салыстыру арқылы көз жеткіземіз.

Эксперимент соңындағы нәтижелер

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

адам

%

адам

%

Жоғары

4

33

10

52

Орташа

9

38

5

26

Төменгі

5

29

4

22

Барлығы

18

100

19

100

Эксперимент соңында оқушылардың білім, білік, дағдылары, білім сапасы және  үлгірімдері де айтарлықтай өзгеріске түскенін байқадық.  

Салыстырма  кестесінде мәліметтер келтірілген

Бастапқы кезеңінде мен эксперимент соңындағы көрсеткіштер

Деңгейлер

Бастапқы кезеңі

Эксперимент соңында

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

Эксперименттік топ


адам

%

адам

%

адам

%

адам

%

Жоғары

4

23

5

23

4

23

10

52

Орташа

5

27

6

32

9

48

5

26

Төменгі

9

50

8

45

5

29

4

22

Білім сапасы

0,74


0,78


0,78


0,86


Орташа баға

3,7


3,8


3,94


4,3


Барлығы

18

100

19

100

18

100

19

100

Бастапқы кезеңінде және эксперимент соңындағы көрсеткіштер берілген

   Эксперименттін бастапқы кезеңіндегі көрсеткіштер

   Эксперименттін қорытынды  кезеңіндегі көрсеткіштер

Яғни, эксперимент тобындағы оқушылардың білім деңгейлері бақылау тобына қарағанда едәуір жоғарылағаны байқалды.

Колледждің   екі топ оқушыларына жүргізілген зерттеулер нәтижесінде оқушылар көрсеткішінің мәні белсенді әдістерді пайдалану негізінде сабақ өткізілген топта білім сапасы  86 %, бұл бастпқы кезеңнен  8% артқаның көруге болады, ал  дәстүрлі әдіспен сабақ өткізілген топта  бұл көрсеткіш  78 % -ке тең  болып өзгерілмеді.

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде қайта жүргізілген  эксперимент нәтижесінде  арнайы пәндерді оқытуда белсенді әдістерді  қолдану арқылы білім, білік, дағдылар деңгейі анықталды.

Колледжде  «Экономикалық теория негіздері» пәнін оқыту барысында  белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушыда  білім сапаларының  қалыптасуына ықпал еткеніне көз жеткіздік.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз