Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қыс қызығы. Сурет бойынша әңгімелесу

  Ләйла  Ахметова  Баянбекқызы 

Қармақшы  ауданы  № 1 «Аққайың»   санаториялық   ясли  

                                                                бала бақшасының  тәрбиешісі                                                                                   

  

Мақсаты :  Балаларды  қыс  қызығын  тамашалауға,  табиғат  көрінісін  сипаттап, 

балаларды  көңілдіретін  қыстың  қызықтарын  айтып  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау  қабілеттерінің  ерекшелігін  ажырата  біліп,  көргендері  мен  аңғарғандарын  дұрыс  баяндауға,  берілген  сұраққа  нақты  жауап  беруге  үйрету.  Табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру.

Көренекілігі: қыстың  суреті,  қар  басқан  ағаштардың,  үйлердің  суреті,  слайд – шоу, 

қар,  аққаланың  бейнесі.

Әдіс – тәсілдер:  көрсету,  түсіндіру,  сұрақ – жауап,  әңгімелеу,  қорытындылау, 

 мадақтау,  бағалау.

Билингвизм : қыс – зима,  қар – снег,  аяз – мороз,  аққала – снеговик

Көркем  сөз:  жұмбақ,  сергіту,  тосын  сый.

Іс – әрекет  кезеңдері

Тәрбиешінің  іс - әрекеті

Балалардың  іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Ұйымдастырушы  ізденістер

Рефлексифті  коррекция

                   Шаттық  шеңбері:

Үлкенге  де  сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызға  құрметтеп,

Бас  иеміз  біз.

Қайырлы  күн  достар!

Қайырлы  күн  апайлар!

Балалар  қазір  жылдың  қай  мезгілі?

Қыста  неше  ай  бар?

Қыста  не  жауады?

Қыста  қандай  ойындар  ойнауға  болады?

Теледидардан  слайд  қыс  мезгілінің  табиғаттағы өзгерісін  көрсету.

Балалар  қыс  туралы  тақпақтар  білесіңдер  ме?

Қандай  суық  қыс  деген,

Қалтырайды  құс  деген.

Құлақшынды  кимесең,

Құлағыңды  тістеген.

Балалар  қыс  туралы  қандай  тақпақ  білесіңдер?  Кім  айтады?

Өткен  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  қандай тақырыппен  таныстық?

Жарайсыңдар  балалар.  Бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу іс – әрекетіміздің  тақырыбы :  «Қыс   қызығы»  деп  аталады.  Сурет  бойынша  әңгіме  құрастыру.  Балалар  орыс  тілінде  қыс – зима,  снег – қар,  аяз – мороз,  аққала – снеговик  деп  айтылады.  Ал  енді  балалар  сендерге  жұмбақ  жасырайын,  сендер  жұмбақтың  шешуін  табыңдар.

Қыста  ғана  болады,

Ұстасаң  қолың  тоңады. (қар)

Қолы  жоқ  сурет  салады,

Тісі  жоқ  тістеп  алады . (аяз)

Жақсы  балар  рахмет.  Енді  балалар  мына  суретке  назар  аударайық.  Мұнда  жылдың  қай  мезгілі  бейнеленген.

Ауа – райы  қандай  болып  тұр?

Далада  кімдер  ойнап  жүр?

Осы  қыс  мезгілінің  ашық  күндерінің  бірінде  балалар  далаға  ойнауға  шықты.  Олар  өздеріне  ұнайтын  ойындарын  ойнап  жүр.  Сонау  алыстан  қар  жамылған  таулар,  шыршалдар  көрініп  тұр.таудың  етегіндегі  үйлердің  шатырын  ағаштарды  қар  басқан.  Ал  балалар  болса  мәз  болып  ойнап  жүр.  Аққала  өте  тамаша,  балаларға  күліп қарап  тұрған  сияқты. Ал  балалар  болса  өздерінің  жұмыстарына  риза  болып  қуануда.  Балалар  жоғарыдан  төмен  қарай  шанамен  зулап  сырғанап  келеді.

Мұз  айдынында  да  аяқтарына  коньки  киген  балалар  мәз  болуда.  Сәбит  пен саятта  мұз  айдынында  бір  құлап,  бір  тұрып  мәз  болуда.  Балалардан  сурет  бойынша  әңгімелеу,  сұрақ – жауаптар  сұрау.  Балалар  аққала  туралы  кім  тақпақтар  біледі?

Ал  пішіні  неше  бөліктен  тұрады?

Тосын  сый:

Аққала  кіреді.

Қолында  балаларға  берілетін  жұмыстары.

Үстел үсті  жұмысы: балалар  аққала,  аяз  ат,  шыршаның  суреттерін  құрастырады.

Сергіту  сәті: Ішік,  пима,  қолғап бар,

                       Арада  жоқ тоңғақтар.

                        Баста  қалың  малақай,

                      Біз  тоңбаймыз  балақай.

Ойын: «Қимылмен  көрсету»

Қыстық  киімдерді  қалай  киінуді  қимылмен  көрсету.  Балалар  қыста  далада  шығар  алдында  бірінші  қыстық  шалбарымызды,  қыстық  тонымызды,  сосын басымызға  жылы қалпағымызды,  мойнымызщға шалмамызды  байлап,  қолғабымызды  киіп  шығады  екенбіз.

Қыстық киімдер:

Балалар  бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетіміз  сендерге  ұнады  ма? Қыс  несімен  қызық  екен?

Жақсы  балалар.  Бүгінгі  оқу  іс-әрекетімізге  өте  жақсы  қатыстыңдар.  Сұрақ – жауаптарға  ынталана  Гүлімхан,  Саят,  Інжу,  Әділжандар  жақсы  қатысып  бағаланды.  Балалар  сендерге  көп  рахмет.  Осымен  бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу  іс –әрекетімізді  аяқтаймыз.  Апайлармен  қоштасайық балалар.  Сау  болыңыздар.

Шеңбер  бойымен  тұру.

Басты  төмен  ию.

Қыс  мезгілі.

3ай желтоқсан, қаңтар,ақпан.

Қар.

Шанамен зырғанау, аққала

Жасау.

Аружан  қыс  туралы  тақпақ  айтады.

Шырша

Қыс  мезгілі

Ашық

Балалар

Үш  бөліктен

Балалар  қуана  қолдарын  шапалақтайды.

Ұнады.

Қарымен,  аяз –атасымен,  аққала  жасауымен,  сырғанап  ойнаумен.

                                                  Күтілетін  нәтиже:

Біледі:  сурет  бойынша  әңгіме  құрастыру.

Жаңғыртуы:  байланыстырып  сөйлеуді.

Түсінуі:       қыс  ерекшеліктерін,  қысқы  ойын  түрлерін.

                                                                                     

  • 1 088