Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

КӨҢІЛДІ САЯХАТ


 

Турманова Лайла Шаукеновна

Қызылорда облысы, Шиелі кенті

«№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» КММ-сінің музыка пәнінің мұғалімі

5 - бөлім Саяхат. 

Сабақтың тақырыбы: Көңілді саяхат.

Күні: 16.01.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Турманова Лайла

Сынып:  1А 

Қатысқан оқушылар саны: 22

Қатыспаған оқушылар саны:  0

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары: 

Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.

Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.

Сабақтың мақсаттары: 

Барлық оқушылар:

Өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады.

Саяхат туралы танымын ашады.

Оқушылардың көпшілігі:

Саяхаттың алуан түріне бақылау жүргізеді, суреттеп, сипаттай алады.

Көріністер мен қимыл қозғалыстарды байланыстырады.

Кейбір оқушылар:

Дыбыстар мен символдарды байланыстырады.

Топпен қосылып ән айтуға талпынады.

Тілдік мақсаттар: 

Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру.

Оқушылар:

Өз жұмыстарына түсініктеме бере алады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

Мұны оңай жолмен жақсартуға болады.

Мен кқріністі саяхат жолымен жақсартар едім.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл дыбыстар қалай  жасалған? 

Қандай бөліктері жақсы шықты?

Бұл бөліктерді қалай жақсартуға болады?

Алдыңғы сабақтарда алған білім. 

Алдыңғы бөлімдерде дыбыс шығаруды, картинаны суреттеуді, қысқаша ертегі құрастыруды үйренді. Динамикалық белгілер символдарын анықтап үйренді.

 

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері: 

 

Сабақта жоспарланған іс-әрекет.

Ресурстар.

Сабақтың басталуы:      

0-5 мин.

Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме, балалар! – Здраствуейте, дети! – Hello, children!

«Жұлдыздарға жол» (К.Қуатбаев) әнін үйретуді жалғастырамыз. 

«Жұлдыздарға жол» (К.Қуатбаев)

Музыкалық аспап.

Сабақтың ортасы:

7-11 мин.

15-20

21-35

Сабақтың соңы:

35-45

Жұмбақтар шешу арқылы топқа бөлу.

Көлік туралы жұмбақ жасырып, балалардың ойлау қабілетін ашу. Мысалы:

І-топ: Құстан аумайды, көкте зулайды.  (ұшақ)

ІІ – топ. Ұйқасын тауып, әуен ойластыру.

  • Кәне, қанат ................... , (жазайық)

            Ұшақ болып ..................   (ұшайық),

            Ұшып-ұшып ..................,  (алайық),

             Орнымызға .................... (қонайық).

Үйрек емес, қаз емес,

Балық емес судағы.

Өзі жүзе біледі,

Жемі көмір және май

Шешуін кім біледі?    (Кеме)

Бар екен бір нақты зат түсі қара,

Сүйрейді неше мың пұт іліп ала. (Паровоз)

Суреттермен жұмыс.

Сергіту сәті: Оқушылар көлік түрлеріне сәйкес қозғалып жүреді, дыбысын, қимылын көрсетеді.

Үштілділік:

Қазақшасы - музыкалық саяхат

Орысшасы – музыкальное путеществие

Ағылшынша – musical journey . Үш тілде айтқызып үйрету.

Музыка тыңдау. «Көңілді саяхатшылар».

  • Музыка қалай орындалды?

Балалар жауабын тыңдап, бағалау.

Суретпен жұмыс:

Балалар, сендер саяхатқа шыққанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?    (сұрап, бағалау)

Балалар, қандай көлікпен саяхатқа шыққыларың келеді? (Боямен бояу)

«Көңілді саяхатшылар» әнін ойнап, орындатып белсенділіктерін арттыру, мадақтау.

Жұмбақтар жинағы.

Түрлі-түсті бояулар.

Музыкалық аспап.

«Көңілді саяхатшылар» әні. 

 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз