Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ана - өмірдің гүлі

Дүйсенбаева Айгерім 

Қызылорда қаласы, №222 Т.Рысқұлов атындағы орта 

мектептің бастауыш сынып мұғалімі

  

Мақсаты:  8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Ана туралы нақыл сөздер мен өлеңдер жазылған плакаттар, аналардың суреттері, т.б

  Барысы:

Хор:Ақ мамам

Сахна сыртынан: Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған,жанын да аямаған ардақтысы. Мен «АНА» деген сөзді қанша айтсамда жалықпаймын.Өйткені ол дүниедегі  ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге әкеліп қана қоймайды,оны көзінің қарашығындай қорғап,аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.Өмір есігін жаңа ашқан баланың  бойына елінің рухын сіңіретін,жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын,бақытты, абыройлы  болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік , ағайын!

Жүргізушілер бірге, әндете:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман- сау жүр, Ақ мамам!-

1-жүргізуші:Гүлназ   Нұрлыбек , мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден- ақ , апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?

2- жүргізуші:Нұрлыбек    -Рас айтасың, Гүлназ.Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің бірі емес пе?»

1- жүргізуші:Гүлназ

 Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

2- жүргізуші:Нұрлыбек

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!

Сынып іші: Нұрсұлтан терең ойда, сынып ішінде ерсілі – қарсылы жүр. Сол кезде Азиз кіріп келіп:

Азиз: -Нұрсұлтан, неге көңілсіз жүрсің?

Нұрсұлтан:--Е.-Е  Азиз, мен келе  жатқан 8- наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.

Азиз,-Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз аналар мен қыздарды.! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ айт....

Нұрсұлтан:--Жоооок! Жарамайды . Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе?Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Азиз;- Сен  қызықсың, тақпақ айтпай болмайды.Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде.Балалар да дайындалып жүрген,енді достарымыздың  қандай тақпақтары бар екенін білейік.

Нұрсұлтан:- Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді .

Азиз:- Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір ,нақты «АНА» туралы ән айтайық.

«Анашым» әні орындалады.

Айсауле: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Нариман:Туғаннан құлыным деп аймалаған

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

Аружан: Бүгін- наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз – адамның

Анаға айтар лебізі.

Абылай: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Қарақат: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Нұрасыл: Нұр шашып жанарынан жалындаған

Не кеш бар өзіңе ғана бағынбаған

Жаныңнан нәзік сұлу жылуынан

Адам жоқ қуат алып жылынбаған

1-жүргізуші:Гүлназ  Қыздарымыздың қазақша биін тамашалаңыздар.

2- жүргізуші: Нұрлыбек

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

«Балдәурен» әнін  қабыл алыңыздар. Сейілханова Альбинаның орындауында.

Жүргізуші: Гүлназ.Білесің бе Нұрлыбек,біздің сыныптың оқушылары шетінен дарынды.Енді Ернар мен Дильназдың 8-наурызға арналған айтыс өнерін тамашалайық.

Ассалаумағалайкум   қазақ елім,

Абыройлы айбынды туған жерім.

Алдарыңа айтысқалы келіп қалдым,

Көкейімде толған соң маржан сөзім.

Көктем мен бірге жеткен бұл мереке,

Аналар мен қыздарға арналады.

Жүрген жері олардың той береке,

Әйелден бар тіршілік таралады.

Құтты болсын қарсылас мейрамыңыз,

Ерекше көңіл – күйді сыйладыңыз.

Бақыт пен байлық қонып басыңызға,

Әрқашан қыр гүліндей құлпырыңыз.

Гүл де саған арналады,

Сөзде саған арналады.

Бүгінгі айтыстың жүлдесі де,

Мейрамыңа сыйлық болып саналады

Сәлем бердім қазыналы халқыма,

Әрқашан бара білген асыл сөздің парқына.

Иіліп сәлем берем баршаңызға,

 Сай қылып қазағымның ата салтына.

Коктемім еліме құт боп келсін,

Бар ырысы мен ырзығын ала келсін.

Анамыз бен қыздарымыз әрдайым,

Ортамызда жадырап жүре берсін.

Тілегіңе рақмет сыныптасым,

Бос сөзді несіне зырғытасын.

Сөз орнына гүл сыйласаң егер де,

Риза болып қалар еді қарсыласың.

Жүргізуші: Нұрлыбек: Көктемде әрдайым күнің нұрынан нәр алып құлпырып жүре беріңіздер деген ниетпен біздің сыныптың қыздарының  «Күн шуақ» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Гүлназ:Мама- бұл сөз әр бір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейірімді ,жылы естіледі.Ана  дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол тіршілік, үлкен тағдыр.Ана сөзі біздің елең еткізбей ,  жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Жігіттеріміздің  қыздарға және аналарымызға арналған жылы лебіздерін тыңдайық. «Жүректен жүрекке»

Би: Қара жорға

Жүргізуші: Нұрлыбек:Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, кешімізді аяқтаймыз 

Таң шуақ тәуелсіздік елімізде, 

Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде

Аман-сау болайықшы көріскенше

 Көк байрақ, желбірей түс көгімізде! – дей отыра Серік Ринттың орындауында 

«Ақ тілек» әні.
  • 751