Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Дара және күрделі етістіктер 380-384 жаттығу

Көшербаева Айнаш Оңдасынқызы

 Қызылорда қаласы, №257 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың дара және күрделі етістік туралы түсініктерін  кеңейту,сөйлем ішінен таба білуге,дара,күрделі етістіктерді бір-бірінен  ажыратуға дағдыландыру.

2.Сөздік қорларын молайту,сауатты жазуға қалыптастыру.

3.Әрбір істі сапалы,ұқыпты орындауға,сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Білім,білік дағдыны жетілдіру сабағы

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын

Сабақтың көрнекілігі:Демонстрациялық материалдар, суреттер,слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Оқушылармен сәлемдесу ә)дайындығын қадағалау  б)психологиялық дайындық.

-Балалар,бүгін бізде ерекше сабақ болмақ.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Біз бүгін өз білімімізді көрсете білуіміз керек.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

379-жаттығу,ереже жаттау.

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Лезде жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтау.

1.Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)

2.Көкшетау,Қызылорда,Арман,Құтжол-қандай зат еімдер? (Жалқы)

3.Жылы-жылы сөйлесең,не інінен шығады? (Жылан)

4.Жүрді,ойнады,тұрды,барады-қандай сөз табы? (Етістік)

5.-лар,лер,дар,дер,тар,тер қандай жалғаулар? (Көптік жалғау)

6.Сөз таптарын ата.

7.Сынып бөлмесінде кездесетін жалпы есімдерді ата.(сағат,парта,орындық,кітап т.б.)

Ендеше бүгінгі сабағымыз дара және күрделі етістікке жаттығу жұмысын жүргізу.

ІҮ.Дәптермен жұмыс.

Жатқа жазу. 380-жаттығу Жұмбақтың шешуін табу.

Қыл кеңірдек батыр,

Тау көтеріп жатыр. (Кран)

381-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.Етістіктің дара,күрделі екенін ажырат. (Ауызша орындалады)

«Кім жылдам» ойыны.

 

382-жаттығу

 

Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы.Сол сөзді қатыстырып сөйлем құра.

 

Ү.Сергіту сәті.

 

Жел улейді у-у,

 

Құйын келіп билейді зу-зу

 

Қатты-қатты жел соқты гу-гу

 

Жапырақтар қол соқты ду-ду

 

383-жаттығу

 

Дара және күрделі етістіктерді салыстыр.

 

Кестені толтырады.

 

ҮІ.Сабақты қорыту. 

 

(Сұрақ-жауап арқылы)

 

«Артық сөзді тап» ойыны.

 

Шарты:Тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді тауып дәлелдеу.

 

Аспан,шағала,аналар,отырды,орындық.

 

Себебі,отырды деген сөз етістік,қалғандары зат есімдер.

 

ҮІІ.Оқушыларды бағалау.

 

Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

 

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру:

 

384-жаттығу,ереже

 
  • 1 111