Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар

Дәуренбекова Жазира Күзембайқызы 

Қызылорда облысы , Қармақшы ауданы, 

Қуаңдария ауылы №186 орта мектептің биология пәні мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты:

оқушыларды Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалармен
таныстыру;
Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың әсері бар екеніне мысалдар келтіріп, экологиялық мәліметтерге оқушылардың назарын аудару;
Оқушылардың экологиялық көзқарастарын, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру;
Ізденіс жұмыстарын дамыту, әртүрлі деректермен жұмыс істеуге өз ойын тұжырымдай білуге үйрету; экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Экологиялық проблемалардың пайда болуына антропогендік факторлардың әсерін, табиғатқа жанашырлық және жауапкершілік сезімдері қалыптасады .

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Әдістер

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы,Диалогтық оқыту,бағалау,топтық жұмыс ,жұптық жұмыс.АКТ элементтерін қолдану

Қолджанылатын стратегиялар

Блум таксономиясы,Рефлексиялық бағалау,Екі жұлдыз,бір ұсыныс

Көрнекіліктері

Интерактивті тақта,бағалау парағы,таратпа материалдар,түрлі-түсті қағаз, қарындаштар

Сабақтың барысы

Уақыты

мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жұмыс түрі

1.Ұйымдастыру

3 мин

А. Оқушылармен сәлемдеседі.көңіл-күйлерін сұрайды..Сыныпты түгелдейді

Ә. Психологиялық дайындық жүргізеді.

Оқушылар 4 бұрышты фигуралар арқылы топқа

Оқушылар топқа бөлінеді. Көңіл-күйлерін сабаққа аударады. Мақсатпен танысады.

Ұжымдық

ІІ Білу жүйелік деңгейі

Қызығушылығын ояту кезеңі

7 мин

Экология ғылымы туралы білгендерін еске түсіру,білгендерін жинақтау.Үй тапсырмасын тексеру

1Заттардың биологиялық айналымы дегеніміз не?

2Қазіргі табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың шиеленісе түсуінің жағымсыз факторына нені жатқызуға болады?

3Атмосфераның ғаламдық деңгейде ластануын болдыратын жағдайларды ата.

4Қазіргі кезде экологиялық апаттардың алдын алуда адамзатты толғандырып отырған қандай өзекті мәселелер бар?

5Табиғатта болатын апатты жағдайларды қанша топқа бөледі? Оларды ата.

6Табиғи апаттарға нелер жатады?

7Тікенлей адамның іс-әрекетінен туындайтын апаттар қалай аталады?

8Тұрақты даму тұжырымдамасының негізгі қағидаларын ата.

9Тіршілік ортасы дегеніміз не?

10 Экотоп дегеніміз не?

Берілген сұрақтар бойынша сұрақтарға жауап береді.Әр топтың жауаптарын тыңдап қолдау көрсетеді.

Топтық,жеке,ұжымдық.

ІІІ Жаңа сабақ

10 мин

Слайд бойынша хабарлама жасау



Түсіну 

мағынаны тану кезеңі


Екі топ  төмендегі тапсырмалар бойынша түсіндіру,постер қорғау;

1-топ . 

 Экология ғылымы

 нені зерттейді? 

Өндірістік қалдықтарды жоюдың қандай жолдары бар?  

Нағыз тұрмыстық қалдықтарға нелер жатады?

Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болуда

 Өлкеміздің экологиясын қалай жақсар  туға болады? 

Экологиялық апат аймағы болып саналатын Қызылорда облысының табиғатына зиян келтіретін негізгі нысандарды атап өту,  орналасуын көрсету және оларға сипаттама беру. Казіргі уақытта қалыптасқан күрделі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстар айту.

2-топ

 Экология ғылымының негізгі мақсаты неде? 

Қазақстандағы өзен-көлдердің экологиялық жағдайы қандай? 

 Қоршаған ортаға қауіпті заттарды ата.     

 Оқулықпен жұмыс жасайды.Мәтінмен іштей танысады.ойларын жинақтап ,талдайды..постер қорғайды

бағалайды.

Топтық жұмыс

3 Қолдану

5 мин

Алған түсініктерін қолдана білуге дағдыландыру мақсатында  сұрақтар беріледі.

«Алгоритм » ойыны . 

1 Тірі  организмдер  биологиясын,  оның  тіршілік  ортасындағы  өзгерістерін,  адамның  іс-әрекетімен  байланыстырып зерттейтін  экология  саласы- биоэкология

2 .  Жер  қабығының  даму  заңдылықтарын,  оның  барлық  тіршілік  ырғағын  біртұтас   организм  ретінде  әлемдік  деңгейде  қарастырады- Геоэкология

.3  Адамға  қатысты  биосфера  шегіндегі  барлық  мәселелерді  және  антропогендік экожүйелерді  зерттейді.   «Адам  -  қоғам  -  табиғат» арасындағы  жеке  адамның  қоғамдағы  орнын,  табиғаттағы  рһлін  қарастырады-  Адам  экологиясы

4Адам  қауымдастағы  мен  табиғат  арасындағы  байланыстарды  қарастыра  отырып,  адамның  тіршілік  ортасын  салауаттандыруды  зерттейді- Әлеуметтік  экология

5Барлық  табиғаттағы  өзгерістерді,    оның  даму  заңдылықтарын  биосфера  деңгейінде  ең  жоғары  жүйе  ретінде  қарастырады- Биосфера  



4 Талдау

Бекіту

7мин

 Ақпарат тақтасы (таза тақта ойынымен )

Қазақстанда пайдалы қазбалардың қандай түрлері кеңінен таралған?

    Ірі қалалар мен өндіріс орталықтарында ауаның ластануы қандай жағдайларға байланысты?

   Қоршаған ортаның ластануының қандай түрлері бар? .

Арал теңізінің тартылуына қандай жағдайлар әсер етті?

      Қоршаған ортаның ластануының тікелей адам денсаулығына әсерін сипаттаңдар.

Семей полигонының табиғатқа және адам денсаулығына қандай әсері болды?

  Атом электр станцияларының тиімді және қатерлі жақтары

    Каспий теңізінің ластануын, оның табиғатқа әсерін мысалмен түсіндір.

Биологиялық ластану нелер арқылы таралады?

Қоршаған ортаның жаппай ластануына жол бермеу үшін басты көңілді неге бөлу қажет?


Топтық жұмыс

5 Жинақтау

3мин

Әңгіме,сөйлем арқылы  сабақты тұжырымдайды.Жауаптарын қолдап отырады

.

Әр оқушы сабақтан не  ұққанын бірін-бірі қайталамай бір сөйлеммен айтады.

Жекелей

жұмыс

Рефлексиялық бағалау

5мин

Екі жұлдыз ,бір ұсыныс парағын өз пікірлерін жазуға береді.

Әр оқушы өтілген сабақ туралы алған әсерін ұсынысын жазып ,сұрағын қояды.

Жекелей жұмыс

Топтық жұмыс



Қызыл – маған сабақ ұнаған жоқ,уақытым босқа өтті

Жасыл- сабақ ұнады.әліде ізденуім керек

Сары-сабақ маған қатты ұнады,жақсы қатыстым деп ойлаймын;



ІҮ Бағалау

3мин

Балаларға бағалау парағы алдын-ала  таратылған.

Әр оқушы өзін бағалап отырады

Топта

Жекелей жұмыс

Ү Үйге тапсырма

2мин

Үйге тапсырма беріледі.

§23. Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар

Оқу

Іздену жұмысы: «Қызылорда облысының экологиялық проблемалары»

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Жекелей жұмыс

  • 1 000