Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Бала тәрбиесіне байыптап қарайық

Құлманова  Ләйла  Асылбекқызы

Қармақшы  ауданы, Қуаңдария  ауылы

 № 186  орта  мектеп ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі

  

Мақсаты :  жанұядағы  ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынасты нығайту ,  отбасы  Отанның  бір  бөлшегі  екендігін  ұғындырып   және ата-ана  мен  бала  арасындағы   ынтымақ  пен  бірлікке,  татулыққа    тәрбиелеу.                                  

Көрнекілігі :  нақыл  сөздер ,  слайдтар.

Мұғалім:    Жақсыдан  жаман  туады

                     Бір  аяқ  асқа  алғысыз

                     Жаманнан  жақсы  туады

                     Адам  айтса  нанғысыз.

Баланың  басты  ұстазы–ата-ана. Ұлтымызда  «Ұяда  не  көрсең ,  ұшқанда  соны  ілерсің »    деген  дана  сөз  бар. «Балапан  қыран  болу  үшін  оны   самғатып  ұшыратын  ата  немесе  әке  қыран  болуы  керек»  деп  отбасылық  тәрбиеге  ерекше   тоқталған. Бала  әкеден  ақыл ,  анаджан  мейірім  алады.  Ата-анаға  баладан  артық   ешкім   жоқ.  «Бала – адамның  бауыр  еті»  деген  сөз  бар. Сондықтан  қай  ата-ана  болмасын  баласының  білімді ,  парасатты ,  мәдениетті ,  тәртіпті ,  әдепті  болуын  қалайды. «бала - өмірдің  жалғасы ,  көз  қуанышы ,  шаңырақ  иесі »  деп  ұрпақ  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлген. Жанған  отын  сөндірмей  түтінін  түтететін  артына  ұрпақ  қалдыруды  көздеген.

   Құрметті  ұстаздар ,  ата-аналар  және  қонақтар!

«Отан  отбасынан  басталады »   демекші  ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымы   үшін  жас   ұрпақ  тәрбиелеп ,  оны  қоғам  мүддесіне  жарату  -   кезек  күттірмейтьін  мәселе. Осы  мәселеге  ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымы  болып  бірге  атасалыссақ  алар  асуымыздың  биік  болары  сөзсіз. Қазіргі  қоғамда  ата-ана  баласынан  не  күтеді ? Баласын  қалай  тәрбиелейді ? Ата-ананың  бақыты  неде?

Баласы  ата-анасын  қалай  бақытты  етпек ?  деген  сұраулар  бәріміздің  жүрегіміздің  түкпірінде  сақталуда. Міне ,  осы  тұрғыда  сөз  қозғалатын  «Бала  тәрбиесіне  байыптап  қарайық »  атты   тренингке   қош  келдіңіздер!

Шаттық  шеңберінде  тұрып  бәріміз  бірге:

                Күлімдеп  күн  бүгін ( қолдарын  көтереді )

                Қарады  маған да ( қолдарын кеуделеріне  қояды )

                Күлімдеп  күн  бүгін

                Қарады  саған  да  ( қасындағы  адамдарға  қарайды )

Шаттық  шеңберінде  тұрып  танысамыз  . барлығымыз  өз  есіміміздің  бас  әрпінен  басталатын  жылы ,  жақсы  сөздерді  есімімізге  қоса  айтып ,  танысамыз. Мысалы :  Мен  лайықты  Ләйламын. «Күллі  ғажайыптардың  ішіндегі  ең  тамашасы – жақсы  тәрбиеленген  адам»  деген  болатын  грек  философы    Эпиктет.  Бала  әр  ата-ананың  болашағы. Ол – оның  өмірінің  жалғасы.  Бала  деген  кім ?  Осы  сауалға  жауап  іздейікші  ата-аналар.  Мыс:  бауыр  етіміз , болашағымыз ,  үмітіміз ,  сүйенішіміз ,  өміріміздің  жалғасы ,  ізбасарым , мұрагерім ,  көмекшім ,  ақылшым  т.б....

          Біз  өз  ұрпағымыздан  күтеріміз  көп. Олай  болса  біз  тәрбие  үрдісінде  баламыздың  жат  қывлықтардан  аулақ  болуын  қадағалауымыз  қажет. Қандай  жағымсыз  қылықтарды  балаңызға  тілемейміз..

Мыс :   еріншектік ,  жалқаулық ,  сараңдық ,  мақтаншықтық ,  күйгелектік ,  ұйқышылдық  т.б..............

       «Энерджайзер»  сәті.  «Менің  күнім»  бәріміз  параққа  күннің  суретін  салып ,  жан-жағына  шуақтарын  салыңыздар.  Ортасына  өздеріңнің  аттарыңды  ма  ,әлде  жақсы  көретін  адамдардың  есімін  жазып ,  сипаттап  береміз . Қорытындысында  әрқашан  балаңызға  болсын ,  достарыңызға  болсын  жылы  сөздеріңізді  үнемі  айтудан  жалықпаңыздар    демекпін.

       10-сыныптың  ата-аналары  шыныменде  ұйымшыл  ме  екен  соны  тексеру  барысында  ойын  ойналады. 10  адам  айнала  жүріп  барып  бетпе –бет ,  аяқ пен аяқ ,  қол мен қол , т.б. доспыз  дегенде  төс  түйістіру.

      Сұрақ – жауап  сәті .

-  Баланы     еркін  тәрбиелеген  дұрыс  па?

- Әлде  қатты  тәрбиелеген  дұрыс  па ?

Қайтсек  ұлымыз  ұлағатты ,  қызымыз  инабатты   болады ? ( пікірлерін  ортаға  салу )

      «Мейірімді  жүрекше». Бәріміз  жүрегіміз  тек  «бала »  деп  соғады .  Жүрекшені  жүрек  тұсына    қойып,  көз  алдарыңызға  балаларыңызды  елестетіп ,  балаңыздың  бойындағы  дара  қасиетін   анықтап  көрсететін бір  сөзбен ,  лебізбен  білдіреміз.

      Әрбір  бал – дара  тұлға. Бала  тәрбиесінде  ата-ана  балаға  қысым  көрсетуден ,  бала  көзінше  дөрекі  сөйлеуден ,  жат  қылықтар  көрсетуден  аулақ  болып ,  үлгі  болуы  керек. Сонда  ғана  жан-жақты  дамыған  ұрпақ  тәрбиелей аламыз. Сол  мақсатпен  бәріміздің  жанұямыз  бар.  Сол  жанұямыздың  жарасымдылығының  құпиясы  неде ?  Жанұямыздың  жарқын  күндері ,  жарасымдылығы   мол  болсын

деген  мақсатпен   жанұямыздың  моделін  құрайық .  Мыс :  менде  жанұялымын ,  екі  балам  бар. Жарасымды  жанұямның  моделі  қандай  болмақ? (пікіралмасу)

             Жағдаяттық  тапсырмалар.

1.Тоқсандық  қорытынды  бойынша  сіздің  балаңыз  бір  ғана сабақтан  үшке  кетті. Сіздің әрекетіңіз ?

2.Балаңыз мектептен  жылап  келді. «Мұғалім  маған  ұрысты »  деп. Сіз  не  істер  едіңіз?

3.бала  мен  бала  мектептен   шығып   келе жатқанда бір-бірімен  төбелесіп  қалды. Ол  бала  сіздің  балаңыздың  өте  жақын  досы,  жолдасы  еді. Сіздің  іс-әрекетіңіз?

4. Балаңыз  өте  жақсы  оқиды. Бір  күні  сабақтан  екі  алып ,  мұғалімнің  ескертпесі  күнделігінде  жазылып  келді.  Сіз  не  істер  едіңіз?

        «Бақытты  мекен »  (  күннің  суреті  салынған )  жан-жағына  сурет  қиындыларын  жабыстыру  және  қорғау.

           Ойын.  Бойымызды  сергітіп  алайық.

«Әке »  десем  қолды  алға  созамыз

«Ана »  жымиамыз

«Екеуіде »   десек   шапалақтаймыз.

                 Рефлекция. Ашық  айтсам .....................

  1. Бүгінгі  тәрбие  сағаттың  жүргізілген  күні .............................
  2. Сізге  бұл тренингтен   не  ұнады ?.................................
  3. Не  ұнаған  жоқ ?.................................................................................
  4.  Еркін    бола  алдыңыз  ба ?....................................................................
  5.  Қалай  болғанын  қалар  едіңіз?
  6. Мұғалімге  ескерпеңіз  бар  ма ?.............................
  7.      Бүгінгі  тренингтен   алған  әсерім....

Алған  әсеріңізді  жазып ,  «тілек  ағашына »  ілулеріңізді  сұраймын.

Жүректен-жүрекке. ( жүрекшені  бір-біріне  бере  отырып ,  тілек  айту )

                    Сандығым  менің  ашылар

                    Қуаныш  ішінен  шашылар

                    Тілегіміз  біздердің 

                    Бар  әлемге  таралар

(  шар  мен  гүлдерін  ортаға  лақтыру)  Құрметті  қонақтар ,  ата-аналар  және  ұстаздар  қауымы ? Бүгінгі  күнде    дені  сау ,  рухы  биік  таза  ұрпақ  өсіру  ең  маңызды  да  негізгі  мәселе  екені  анық. Қандай  жағдай  болса  да  ұрпағын  жауын  мен  жел  өтінен ,  жаман  әсерден  қорғап ,  өз  бойындағы  жақсмы  қасиеттерін  сіңіру ,  ана    сүтімен  бірге  ұлттық   дәстүр  қайнарынан  қандырып  өсіру  - әке  мен  ананың  борышы. «Мейірімділікті  анадан ,Әдептілікті  данадан  үйрен »   дейді  халқымыз. Бір-біріне  қамқор ,  қайырымды  ұрпақ  тәрбиелеу  және  адамгершілігі  мол  асыл  қасиеттерді  бойларынап  сіңдіру  біздің  міндетіміз  екенін  айта  келіп  тәрбие  сағатымызды  аяқтаймыз.  Күндеріңіз  сәтті  болсын!  Бала  тәрбиесінде  біз  деп ,  сіз  деп  ешқашан  шаршамай  ,  шалдықпай  жүре  берейік  демекпін . жанұяларыңызға бақыт  пен  береке ,  күндеріңіз  мерекелі ,  алтыннанда  қымбат  байлық –денсаулық  тілеймін.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз