Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

«Допты бұрыштан және қапталдан ойынға қосқан соң, шабуыл мен қорғанысқа іске асырылатын тактикалық әрекеттер».Ө.Қ.Н.

Тыханов Сабыржан

Қызылорда қаласы №257 орта мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 

  

Сабақтың мақсаты : А) Бұрыштан және қапталдан қосу, шабуыл мен  қорғаныс тағытактикалық әрекеттерді үйрету, көрсету:

Б)Күштілік, ептілік, иілгіштік қасиеттерін, қимыл қозғалысының  жалпы үйлесімділігін дамыту;

В) Оқушыларды ұжымдық , достық, бір-біріне көме көрсетуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Футбол добы,ысқырық

                                                Барысы    

1.Дайындық бөлімі            15 мин

Сапқа тұрғызу.Рапорт тапсыру.Сәлемдесу.Сабақтың мақсатын,қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Оң-ға,ай-нал

Алаңға айнала жүгіру.Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен жүгіру.

Қол белде,өкшемен жүгіру.Қол белде,аяқтың сыртқы қырымен жүгіру.

Баяу жүгіру.тіркеме адыммен оң бүйірмен ,сол бүйірмен жүгіру.

Тізені көтеріп жүгіру. Аяқты артқа сермеп жүгіру.

Тыныс алу жаттығулары.

Қол мықында жартылай отырып,толық отырып жүру.

Алаң ортасында 2 қатар болып тұру.

1.Б.Қ. Қол мықында ,аяқ иық деңгейінде 1-4 басты оңға айналдыру,5-8 солға айналдыру

2.Б.Қ. Қол иықта,аяқ иық деңгейінде 1-4 иықты алға айналдыру,5-8 иықты артқа айналдыру

3.Б.Қ.Оң қол жоғарыда , сол қол төменде 1-2 қолды созамыз

3-4 қолдың қалпын өзгертеміз

Спроттық киімге көңіл бөлу.Аяқтың ұшын түзету.Бұйрықты дұрыс орындау.Жүрісті сол аяқпен бастау,денені тік ұстау.Арақашықтықты сақтау,жаттығудысаптан шықпай жасау.Демді ішке алып,шығару.

ІІ Негізгі бөлім  25 мин  

  • Футбол ойынында допты бұрыштан беру әрекеттері аяқпен тебу арқылы допты ойынға қосады.Егер қорғаныстағы топтың ойыншысы арқылы доп сырт алаңға шыққан жағдайда ғана бұрыштама добын соғуға рұқсат беріледі.
  • Үлкен футбол ойынында қапталдан допты ойынға қолмен лақтыру арқылы жүзеге асырылады.Допты лақтырғанда аяқ алаң бетінен көтерілмеуі тиіс.Допты екі қолмен ұстап,бастан жоғары лақтыру керек.
  • Кіші футболда допты қапталдан аяқпен тебу арқылы ойынға қосады.
  • Футбол ойынында шабуыл кезінде шабуылшы топтың ойыншылары әрдайым ашық жүруге,топтасы берген допты әрі қарай қарсыласына допты беріп қоймай қарсылас топтың қақпасына соғу.
  • Бұл кезде қорғанушы топ ойыншылары шабуылшы топтың ойыншыларына кедергілер жасау арқылы өз қақпаларына допты соқтырмау.Допты қарсыластан алып қойып кері шабуыл тактикалары іске асырылады.
  • Ереже бойынша екі жақты ойын.                           

ІІІ Қорытынды бөлім 5 мин

Сапқа тұрғызу.

Орындалған жаттығуларға көңіл бөлу.

Үйге тапсырма.

Қоштасу.

  • 1 018