Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Кремний және оның қосылыстары

Алиаскарова Гульнур Бакбергеновна

Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің химия пәні мұғалімі

  

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Кремний  және оның қосылыстары, табиғатта таралуы туралы білу

Кремнийдің ерекше қасиеттерін, қолданылуын түсіну

Кремний  жәй және күрделі заттармен әрекеттесіп реакция теңдеулерін жазуды үйрену

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:   

Кремний және оның қосылыстары, табиғатта таралуы туралы біледі

Оқушылардың көпшілігі істей алады: 

 Кремнийдің ерекше қасиеттерін, қолданылуын  түсінеді

Кейбір оқушылар істей алады:  

Кремний  жәй және күрделі заттармен әрекеттесіп реакция теңдеулерін жазуды үйренеді

 

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: 

 Кремний тетрахлориді, кремний карбиді, магний силициді, силикаттар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

Кремний атомының құрылысын периодтық жүйедегі орны қандай?

Оның қандай қосылыстарын білеміз?

Күнделікті қолданамыз ба?

Жетістік критерийлері:

Кремний және оның қосылыстарын оқи алады.

Кремнийдің физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата алады.

Реакция теңдеулерін жаза алады

Алдыңғы оқу

Көміртек және оның қосылыстары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

                        Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Басы

 

3 минут

10 минут

 

І. Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті )

    Реттік санмен  көміртектің, көміртек (ІІ) және (ІV) оксидтерінің химиялық қасиеттерінің  жартылай теңдеулері берілген. Әріппен реакция  нәтижесінде түзілетін заттарды жұптап, сәйкестендіріңіздер

1.С+О2 → ….. +402 кДж                                 а)СН4

2. 2С+ О2 → .......                                              ә) СО2

3.C+Cu O →  ……                                            б) СаС2

4. С+2 Н2→                                                       в) 2СО

5. 2С+Са →                                                       г) Al4C3

6. 3С+4Аl                                                          ғ) СО+Сu

7.2CО + О2 →……+577 кДж                         д) Сu+ CO2     

8. СО+Cu O  →……+                                      ж) H2CO3

9. CО2 + Н2 CO →…..+…….                          з) 2СО2

10. СО2     +2Na OH   →……+……               и) Na2CO3 +H2 

11. CO+Ca O →……                                       к) CaCO3+H2

12.  CO2+Ca(OH)2 →…….                             л) СaCO3

Жауабы:1-ә; 2-в;3-ғ;4-а;5-б;6-г;7-з;8-д;9-ж;10-и;11-л;12-к.

Оқушылар дұрыс жауаппен өзін-өзі бағалау

Ортасы

15минут

 «Ой қозғау»

Кремниймін  құмның негізі бөлігімін,

Серігімін оттек атты элементтің

Ежелден әйгілімін  қатты затпын

Оттекке қарағанда құрамым аз ,

Жүйеде 4-ші мен тұрамын,

Сыңарыммен бірге әркез тұрамын

Латынша «Силициум» деп ат берген.

Гесстің көмегімен ашылдым.

 Жер қыртысында  жиырма бес пайызбын.

 Құрамында, құм мен саздың

 шыны, қыш, құмыраның 

ІІІ. Топтық жұмыс

 Топқа бөлу

  Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп топтастыру

Қималар (C,P,Si,K).         

  1-топ:  “ Көміртек 

  2- топ:  “ Кремний ”     

3-топ:  “ Фосфор”       

4- топ:  “Калий ”

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

Кремний атомының құрылысын периодтық жүйедегі орны қандай?

Оның қандай қосылыстарын білеміз?

Күнделікті қолданамыз ба?

 Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

  • 1-топ:  Консептуалды кесте
  • 2- топ:  Тұжырымдамалық карта
  • 3-топ:  Венн диограммасы    

4- топ:  Ассосация

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау

Топтар бірін-бірі екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау

Соңы

 7 минут

5минут

5минут

  •  ІҮ. Жеке  жұмыс

1. Жұмбақ есеп. Өз білімдерін ортаға салу.

Реакция теңдеулерін жазу .

Мен  № 4 үйдің  14-ші пәтерінде тұрамын.  Көбінесе  8-ші пәтермен араласып тұрамын. Кәдімгі жағдайда №9 пәтермен араласамын. №17, №35 №16 пәтерлермен  араласып тұрамын. Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз.

Жауабы: Si , O  ,F , Cl  ,Br , S.

2.Айналымдарды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар

SiO2→Si→SiH4→SiO2→Na2SiO3

  • 3.  «Деңгейлік тапсырма»

Көміртек жəне кремний  І нұсқа

 

І деңгей

1.Көміртектің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы

2. Маңызды карбонаттардың формулаларын жазыңдар:

а) жуғыш (кальцийленген) сода –

ə) ас содасы –

б) сахар –

в) бор, мəрмəр, əктас -

ІІ деңгей

3.Берілген заттардың : Н2О, Ва(ОН)2, НСІ, CuСІ2, СаО,СО қайсысымен

көміртек (ІV) оксиді əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар.

4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар:

СО2 →СаСО3 →Са(НСО3)2 →СаСО3 →СаСІ2

ІІІ деңгей

5.Адам тыныс алғанда тəулігіне шамамен 662 л көміртек диоксиді

шығарғанда екен. Адам бір тəулікте шыңаратын көміртек диоксидінің

массасын есептеңдер.

6. Массасы 35 г əктасты қыздырғанда 16 г кальций оксиді түзілді.

Əктастың құрамындағы кальций карбонатыгның массалық үлесін

есептеңдер

Көміртек жəне кремний     II нұсқа

І деңгей

1.Кремнийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы

2. Маңызды силикаттардың формулаларын жазыңдар:

а) жуғыш (кальцийленген) сода –

ə) кремнезем –

б) каолинит –

ІІ деңгей

3.Берілген заттардың : Н2О, NаОН, НСІ, Nа2СО3, СаО,СО қайсысымен

кремний (ІV) оксиді əрекеттеседі? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар.

4. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар:

Si→ SiO2→ Nа2SiО3 →H2SiО3 →SiO2

ІІІ деңгей

5.Құрамында 5% қоспа бар құмды 64,2 кг содамен балқытқанда қанша

грамм натрий силикаты алынады?

6. 10 кг терезе шынысын алу үшін шикізаттың əрқайсысынан қанша

килограмм қажет болатынын есептеңдер. 

Критерий арқылы  бағалау

Ү. Кері байланыс 

«Рефлексия»

 Кейінгі оқу: Кремний және оның қосылыстары

 

  • 947