Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі

Қоспанова Жәмиля

Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің биология пәні мұғалімі

  

Бүгінгі таңда білім ошақтарының алдындағы маңызды міндеттердің бірі-оқушының бойындағы айрықша қасиетті дамыту, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелей отырып, ғылыми жұмысқа жетелеу, жақсы нәтижелерге қол жеткізу.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» - деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі дарынды айқындау түйінін шешу, дарындылық деген ұғымды анықтау сияқты ғылымға негізделген және аса дәлдікті талап етеді. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын  жарық жұлдыз – оқу.  Сондықтан ең алдымен дарынды балаларды айқындау, дамыту мен оқытуға, зерттеуге байланысты іс-қимылды тиімділік пен жүзеге асыруға болатындығын талдап, түсініп алу қажет сияқты. Қазіргі жағдайда қабілетті, талантты, дарынды деген терминдер көп қолданылады. Яғни бұл терминдерді терең түсіндіре отырып, оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу керек.Сонда ғана өз нәтижесіне жету жолдары ашылады. Билогия сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте биологияны оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өмірне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналды» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүргенен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының,  дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз.

  Әрбір сабақ – мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн.Жаңа технолгия әдіс-тәсілдерін меңгеру мақсатында №261орта мектебінде химия,биология,география бірлестігінің «Табиғат адамзаттың  өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» атты апталығы болып өтті. Апталық барысында пән бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар ,сыныптан тыс жумыстар көрсетіп ,окушылардың шығармашылыққабілетін дамытудакөп үлестерін қосты.Апта соңында апталыққа қатысқан оқушылар марапатталды.

Сабақтың аты

§ 25 Палезой заманында тіршіліктің дамуы.

 

Сілтеме 

Оқулық Биология. Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев. Алматы «Мектеп» 2007 А.Ф.Ковшарь,А.Р.Соловьева,Қ.ҚайымАлматы»Атамұра»

Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы. 2014

Жалпы мақсаты

Палезой заманындағы тіршілік туралы туралы мағлұмат білу;

  Суреттерді пайдаланып  ––  палезой заманындағы   жалпы мағлұмат білу;себептерін түсіну, алған білімдерін күнделікті өмірде  қолдана білуді үйрену.топта бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже

 Палезой  заманындағыөсімдіктер мен жануарлар жөнінде жалпы мағлұмат біледі.

тірі организмдер құрылсының  маңызы  жөнінде жалпы мағлұмат  біліп , себептерін түсінеді.

 алған білімдерін күнделікті өмірде  қолдануды үйренеді.

топта бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар 

Берілетін түсініктер:Палезой, Кембрий,Ордовик, Силлур ,Девон, таскөмір,Пермь,Псилофиттер.

Тапсырмалар 

Топтық  жұмыс «Джигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс 

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «Тест»   

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары

     І.Сәлемдесу 3мин

1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

2.Түгелдеу

3.Топқа бөлу  (Архей, протерезой, полезой) сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді.Топтың көшбасшы,  баяндамашы,хатшы, уақытсақшы ,бақылаушы сайлап аламыз.

      ІI. Үй тапсырмасын сұрау   (Оймаржан)(5  минут)

1.Эвалюциялық процесті басынан аяғына деін зертейтін  ертедегі тіршішік туралы ғылым?(Палентология)                                                             

2..Ең ежелгі заман?(Архей)

3.Ертедегі қалыптасқан шөгінді жыныстар? (Стромотолиттер)

4.Ең узақ созылған заман?(Протерозой)

5.Коп жасушалы балдырлар қай кезеңде болды?(Протерезой)

6.Жер бетінде тіршілік эвалюциясында неніңболуын ең басты кезең болып табылады?(Фотосинтез)     

7.Ең алғаш ауаға оттегі қайдан болінеді?(мұхиттағы балдырлардан)

8.Коллониялы балдырлардың тасқа айналған қалдықтары қай материктен табылды?

(Австралия мен Африка)

9.Буылтық құрттар мен былқылдақ  денелер қай заманда өмір сүрді?(Протерезой)

10.Жер тарихының тас шежересі қалай аталады?(геологиялық қабат)

11.Қанша заман бар?(5)

12.Ертедегі тіршлік  атауымен аталатын заман?(Палезой)

     III.Жаңа сабақ:  Палезой заманындағы тіршілік(видео  корсету)3мин

    YІ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)   

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:   

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.    I  топ оқушысы              II топқа барып түсіндіреді Өкіл әдісі бойынша.Түсіндіріп болғаннан кейін                                                                                                                               

    1топ-Ассоцация  

    2 топ-Тұжырымдамалық карта

    3 топ-Фишбон әдісі бойынша әр топ  постер қорғайды ,сендердің мақсаттарың бүгінгі тақырыпты салып түсіндіріп беру.

(Оқушылар тапсырманы орындағанан кейін тақтаға іліп Галереяға саяхат әдісі бойынша  әр топтан оқушы түсіндіреді.)

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау.

Бақылаушының  бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

1топ

2топ

3топ

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу




2

Міндетін атқару




3

Топтық жұмысқа атсалысуы




Cергіту сәті.(сіздер шаршаған боларсыңдар 2минут жұмыстан демалыңыздар)видио жаттығу көрсету.

V. Жұптық жұмыс  (5 минут) 

кезең

Арамофоз

(өзгеру мәні)

Ароморфоз нәтижелері

Өсімдіктерде

Жануарларда

Кембрий

 

 

 

 

Ордовик

 

 

 

 

Силлур

 

 

 

 

Девон

 

 

 

 

Карбон

 

 

 

 

Пермь

 

 

 

 

VI.Cәйкестендіру тесті                                                                 

1 .Басаяқтыбылқылдақ  денелер пайда болды.                              А.Кембрий

2.Омырыртқасыздардың даму кезеңі.                                            В. Ордовик

3.Қырықбуындарар, плауындар қырықжапырақтаршықты.       С.Силур.  

4.Ағаштектес плауындар орман түзді.                                           Д.Девон     

5.Псилофиттер шықты.                                                                    Е.Таскөмір

6.Бақа кесіртке дамыды.                                                                   Ж.Пермь

VІІ. Жеке жұмыс  (5 минут)

1.Палезой неше кезеңге бөлінеді? (6 кезең)

2.Қазастанда палезой дәуірінде қандай таулар қалыптасады? (Орал,Тянь-Шянь,Таңіртау)

3. Палезойда қандай арамарфоздар қалыптастады? (Өсімдіктердің құрлыққа шығуы)

4.Қандай алғашқы ауа мен тыныс алатын жануарлар пайда болды? (Құр шаян, өрмекшілер)

5.Ордавик кезеңінде қандай балдырлар дамыды? (Жасыл,қоңыр,қызыл балдырлар)

6.Қандай кезеңде құрлық көлемі артты? (Пермь)

VIIІ.Қорытынды тест.  5мин

Тест         I топ

1.Палеозой дәуірі хордалылар типі өкілдерінің пайда болуымен сипатталады: 

А) құстар, сүтқоректілер   

Б) жәндіктер, рептилиялар

с) балықтар, амфибиялар, рептилиялар                             Ж.С                                        

2.Жер бетіндегі алғашқы өсімдіктер — псилофиттер қашан пайда болды? 

А) Карбон    

Б) Силур       

С) Девон                                                                                Ж.Б

3.Палеозой дәуірінің кезеңдері: 

А) кембрийлік, триастық, бор 

 Б) кембрийлік, девон, карбон

С) кембрийлік, девон, бор                                                   Ж.Б                                                                 

4.Омыртқалы ағзалар қай кезеңде пайда болды? 

А)Силур     

Б)Девон     

С) Пермь                                                                              Ж.А

5.Қанатты жәндіктер мен бауыраяқтылар пайда болған кезең: 

А) карбон   

Б) силур     

С) девон                                                                            Ж.А

II топ

1)Триболиттер қай кезеңге тән? 

А) кембрий    б) Ордовик        с)Пермь                    Ж.А

2)Сауытты балықтар қай кезеңде пайда болды? 

А)Кембрий        б) Силур         с )Девон                  Ж:Б

3)Палеозой заманының екінші кезеңі? 

А) Кембрий              б) ордовик         с)Силур        Ж:Б

4)Ең алғашқы омыртқалылар пайда болған кезең?     

А) Силур          б) таскөмір      с) Девон                  Ж:С

5)Палеозойдың бесінші кезеңі? 

А)пермь        Б) таскөмір       с) девон                     Ж:Б

ІХ.  Кері байланыс

(Білемін, Білдім , Білгім келеді. ) (3 минут)

Білемін

Білдім

Білгім келеді




Х. Үйге тапсырма беру:  2мин

Кейінгі тапсырмалар  

Күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, ғаламтордан іздену.

Үйге тапсырма

  §28Палезойдағы тіршіліктің дамуы  тақырыбын  оқу,талдау.  

 

  • 2 373