Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Атмосфералық жауын-шашын

Мажиханова Гүлназ Шаметқызы 

Қызылорда қаласы №261 орта мектептің  география пәні мұғалімі

 

Сабақ негізделген оқу мақсаты: Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын екенін білу

Бұршақ қалай пайда болатынын ,жауын-шашынның көп түрлері бар екенін түсіну

Булану дегеніміз судың сұйық күйден газ тәріздес күйге айналуын,ауаның салмағын есептеп жазуды  үйрену.

Тілдік мақсатНегізгі сөздер мен тіркестер:

Биіктік белдеу,булану және буланушылық,Конденсация,шық,қырау,қылау.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Жауын-шашынның қандай түрлерін білесің?

2.Бұршақ қалай пайда болады?

3.Қылаудың қыраудан айырмасы неде?

4.Картадан Гавай аралы мен Гималай тауын табыңдар?

Алдыңғы оқу. Тұман және бұлт

Жоспар

Жоспарланған уақыт. Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу,назарын сабаққа аудару

І.Үй тапсырмасын сұрау

"Мен саған,сен маған"(тест)Жеке жұмыс.

ІІ.Суреттерде сөйлейді.(3-топқа тапсырма,сурет арқылы түсіндіру)Жеке жұмыс

ІІІ.Топтық жұмыс.Жұмбақтар шешу

Түбі тесік шелектен

          Суы тамшылап тұрғандай,

          Басталып еді ол еппен

          Ақтарылды түк қалмай  (Жаңбыр)

Құлағы мен көзі жоқ,

    Тіпті жоқ қол мен аяғы.

Бірақ, ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою салады (Қырау)

Олай болса, бүгінгі сабақ тақырыбы: «Атмосфералық жауын – шашын »

Слайд- шоу музыкамен көрсету. (2 мин) Топтарға тапсырма беру.

І-топ.Жауын-шашын түрлері.

ІІ-топ.Қырау, қылау, шық туралы.

ІІІ-топ.Жауын – шашын,булану,буланушылық.

 ( Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:)

1-топ:Тұжырымдамалық карта

2-топ:Венн диаграммасы

3-топ:Ассосация

Әр оқушы өзіне жүктелетін рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау

Топтар бірін-бірі екі жұлдыз,бір ұсыныс арқылы бағалау

ІҮ- тапсырма. Сәйкестендіру.Топтық жұмыс

1-топқа.

Термометр                                                  ауа ылғалдылығы

Анероид барометр                                          ауа қысымы

Озон газы                                                        тропосферада

Ауа райы түзіледі                                           стратосферада

2-топқа

Атмосфера                                                 озоносфера

Стратосферадағы маңызды қабат                    21 %

Бүкіл ауаның 80% қай қабаттта              78%

Оттегі                                                        тропосфера

Азот                                                           ауа қабаты

3-топқа

Көмірқышқыл газы                                          сызық

Тропосфераның шекарасы                     50-55 км

Стратосфераның шекарасы                   15-18км

Изотерма                                                  760 мм

Қалыпты атмосфералық  қысым            1%

Ү-тапсырма. Кестені толтыр.Жеке жұмыс

Сағ 0100

Сағ 700

Сағ 1300

Сағ 1900

ТОТ

-200С

-230С

-160С

-190С


І апта

ІІ апта

ІІІ апта

IVапта

АОТ

100С

80С

00С

-40С


Қыс

Көктем

Жаз

Күз

ЖОТ

-160С

50С

250С

80С


  Сергіту сәті.

ҮІ – тапсырма. Географиялық диктант.Топтық жұмыс

1-топқа

.Жер бетіне түскен жауын-шашын мөлшері...........

.Шелек қаданың басына ернеуі........биіктікте орнатылады.

.Қар жамылғысының қалыңдығы............анықталады.

.Жауын-шашын өлшеуіш...........ұқсайды.

2-топқа

.Алматы қаласының орташа жылдық жауын-шашынның мөлшері...............

.Экватор маңындағы жылдық жауын-шашын................

.Жауын көп жауатын жер.................

.Қазақстанның жауын-шашын мөлшері...............

3-топқа

.Бұлтты құрайтын су тамшылары........келеді.

.Жауын-шашынның түрлері....................бөлінеді.

.Бұлтты құрайтын су тамшыларының ........аспайды.

.Шаруашылыққа үлкен зиян келтіретін жауын-шашынның түрлері.............

ҮІІ– тапсырма. Сандардың мәнін ашу.Жеке жұмыс.

0,03% , 21%, 78%, 760 мм, 1мм, 0-10балл, 50-55шқ, 11шқ, 1 кг 33 гр, 2км, 6км, 800-1000м, 0,60С.

ҮІІІ.Кері байланыс «Рефлексия»

Қорытынды.

Үйге тапсырма: Атмосфералық жауын – шашын.(оқу)Өздерің тұрған жердің жылдық жауын – шашын мөлшерін біліп анықтау.

  • 771