Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ағаш жону білдегі

Сағындықов Жаснұр 

Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің технология пәні мұғалімі 

  

а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасын тексеру

с) Өткенді қайталау

д) Жаңа сабақ

е) Қауіпсіздік ережесі және тазалық сақтау.

Сабақтың түрі:(Теориялық) Ағаш жону білдегінің құрылысымен таныстыру.

Ежелгі заманда қазақтардың шеберлік танытқан салаларын атаңдар?

Бұйымдарды қалай әшекелейді? Т.б сұрақтар қойып, оқушыларды бағалау.

Жаңа сабақ:  Ағаш жону білдегі.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіп, журналға қол қойғызып алу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды СТД-120 білдегімен жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік мәні: а) Шеберлікке икемділікке үйрету.

б) Оқушыларды қолөнерге үйрету.

Әдісі:Нақтылы бұйымның үлгісін қолдану.

Көрнекілік құралдар:Проектордан ағаш жону білдегінің бөлшектерін және слайдтар көрсету.

Сабақтың барысы: Цилиндр, конус, шар тәрізді бүйымдарды жону үшін оларды СТД-120 білдегіне салып жонып, өңдейді. Біздің Отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз жону білдегін шығарады. Орталықты жону білдіктерде салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі. СТД-120 қарама-қарсы тік білдектердің көлемі едәуір үлкен, жайпақ бөлшектер өңделеді. Олар алдыңғы қыспақ тығырына бекітіледі. Мұнда білдекте артқы қыспақ тетігі болмайды. Орталықсыз (дөңгелек тақшалы) білдектер цилиндр және конус тәрізді, үлгідегі бөлшектерді жасап шығаруға қолданылады. Білдектің кескіш пышақтарының өткір жүздері ішке қарай бағытталған іші қуыс пышақ бастары болып табылады.

             Өңдеуге арналған ағаш материалы өз осінен айналатын пышақ басына сәйкес беріледі.

Ағаш өңдейтін СТД-120 м білдегі негізгі бөлігі (ағаш жону білдегінің суреті)

Бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойынның құйылған тіректі негізі (6) болып табылады.

Ол өзінің екі тіректі табаны (5) станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін)   құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен (12) жабылып тұрады. Білдек орнатылатын тіректі негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы білдектің тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктері, ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің жұмыс механизмдері кесу аймағы жұмыс кеңістігін құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғанышпен (12) жабылып тұрады. Білдек орнатылатын тірек негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға (1) мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігіне білдектің электро механикалық жетегі орналатын. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілетін қос сатылы тегергіштің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілетін екінші қос сатылы тегершіктен тұрады. Шпинделдің айналу шапшаңдығын өзгерту жетек белдікті бір тегергіштің тұтқасын екінші тегергіштің тұтқасын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білдектің жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады, ал ол (3) бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі. Білдек жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы (8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке (7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсірген шам (9) бекітілген.

Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпиндельдін саптама тетіктері қолданылады. Оған орталық шанышқысы ( үш тісті айыр) карпус, патрон өңделетін ағаш материалдарды ішкі ойықтарды ойып – жону кезінде патронға бекітілетін болса, ағаш мериалдарды диаметрі неғұрлым үлкендері орналастырылады.

Жетектің сақатандырғыш қоршауының қақпағын электр қозғалтқышпен ашқан кезде оған электр қуаты берілмей, тоқтап қалатындай етіп сақтықпен жалғастырылған. Ағашты кесіп өңдеу аймағы алдын ала қорғағышпен жабдықталған. Атап айтқанда, қабылдаушы тетік жұмыс істеп тұрғанда адамды түсіп жататын жаңқалардан қорғайды және ағашты аралау кезінде зиянды шаң тозаңның күшейіп, шоғырлана түсуін бәсеңдетеді, үгінді қалдықтардың үйіліп қалуын азайтады.

Қорытынды: Ағаш жонуды неше топқа бөледі?

Өңдеуді сапасына қарай нешеге бөлінеді?

Ағаш жонатын қандай бөліктерді білесіңдер?

Ағаш жону білдігі қалай құрастырылған?

 Оқушыларды жону білдігімен жұмыс жасауын қадағалап кемшіліктерін ескертіп, бағалау.

Үйге тапсырма: Оқтаудың технологиялық картасын сызып жасалу жолын сызып келу
  • 741