Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтуға табиғаттың үні жоқ Су тіршілік көзі......

Төлеуова Әдемі Өмірбекқызы

Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің география пәні мұғалімі

 

І –  тур. Таныстыру 

ІІ – тур. Капитандар сайысы 

ІІІ –тур. Дода

ІV –тур. Мақал-мәлелдер сайысы

V – тур. “Ең ерекше”   сайысы 

Ойынның  өтілу тәртібі:

1.Ойынға үші топ қатысады, әр топ жетекшісі сайланады.

2. Топ атауы, ұраны  болады.

3. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі. 

4. Соңғы сайыс топ басшыларына арналады. 

І – тур «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырады. 

ІІ тур  Капитандар сайысы

Әр капитанға 7 сұрақтан беріледі.

Жауап: “иә” немесе “жоқ” Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі

топқа 7 сұрақ                           

1.Мариан шұңғымасы Тынық мұхитында орналасқан.    ( Иә)

2. Мадагаскар аралы Африка жағалауында?   ( Иә)

3.Дүние жүзінде 6 материк, 6 мұхит бар?   (Жоқ)

4. Үнді мұхитының орташа температурасы 17,3° С  (Иә)

5. Цунамидің биіктігі 1,5 метрге жетеді. (Жоқ)

6. Дүние жүзіндегі ең ұзын ағыс Батыс желдер ағысы. Ұзындығы 30 мың км. (Иә)

 7. Атлант мұхиты Солтүстік мұзды мұхитынан кіші. (Жоқ)

ІІ-топқа  

1.Өзендер мұхиттардан бастау алады . (Жоқ)

2. Суэц каналы Жерорта мен Қызыл теңізді жалғастырады.( Иә)

3. Тынық мұхитының ауданы, 180 млн км. кв (Иә)

4. Гидросфераның 97%-ы мұхиттар мен теңіздердің үлесінде. (Иә)

5. Үнді мұхитындағы ең терең шұңғыма Мариан шұңғымасы .( Жоқ )

6. Ауданы жағынан ең кішісі Солтүстік Мұзды мұхиты.( Иә )

7. Солтүстік мұзды мұхиты тропиктік белдеудің бойында. (Жоқ )

ІІІ-топқа 7 сұрақ

1. Үнді мұхитының ең терең жері Зонд шұңғымысы. (7729 м) (Иә )

2. Өзен басталар жері бастау дейміз (Иә )

3. Картада жылы ағыстар қызыл сызықпен белгіленеді. (Иә )

4. Гренландия Үнді мұхитында орналасқан.( Жоқ)

5.Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді.( Иә)

6. Мұхиттағы тұздылық киллограммен өлшенеді ( Жоқ)

7. Ең суық мұхит Үнді мұхиты (Жоқ)

ІII – тур  «Дода»

Мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігін не деп атаймыз?   ( Шығанақ)

Жерорта, Азов, қызыл теңіздер қандай теңіз түріне жатады?( Ішкі теңіздер)

Материк ішіндегі тұйық сулы өлкені не деп атаймыз?        ( Көл )

Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты не деп атаймыз? (Өзен алабы)

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? Ұзындығы... (Ніл өзені. )(6671)

1 тонна бидай өсіру үшін қанша тонна су қажет?                (1500 тонна)

Ішкі теңізге қарағанда мұхитпен емін – еркін байланысқан теңіздер (Сыртқы теңіздер)

Қазақстандағы ең ірі өзен? (Ертіс)

Атлант мұхитының ең терең жері?( Пуэрто-Рико (8742 м))

Мұхиттардағы ең ірі  сүтқоректі?( Кит (33 метр))

“Гидросфера” – сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағана береді? (“гидро”- су, “сфера”- шар)

1 литр теңіз суының құрамында қанша грамм су болады? (35 грамм)

ІV - тур “ Мақал-мәтелдер” сайысы    Әр дұрыс  жауап 50 ұпай

Cөз атасы — құлақ,
Су атасы — ………. бұлақ.

Адамзатты сөз бұзар,

Тау мен тасты су бұзар

Судыңда –... сұрауы бар

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас

Бір тамшы су-- жерге пайда

Қар мол болса, дән көп

Су көп болса, ну көп

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы

Бұлақ көрсең –- көзін аш

V - тур«Ең, ерекше ...»  сайысы 

(Әр сұрақ 10 ұпаймен есептелінеді)

Қорытынды: Сайыс сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !

 

  • 554