Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қағаз кесінділерінен құрамақтар құрастыру

Машақбаева  Индира 

Қармақшы  ауданы, Қуаңдария  ауылы

№186 орта  мектебінің технология  пәнінің  мұғалімі

                                                                           

  

Сабақтың  мақсаты:  а) Білімділік: Оқушыларға  қолөнер  түрлерін      меңгерте отырып  қолөнердің  бір түрі құрамақ  құрастыру  жолдарын  үйрету.

 ә) Дамытушылық : Оқушылардың  икемділігін,  шеберлігін, есте  сақтау  зейін  қойып  тыңдау  қабілетін  дамыту ,қызығушылығын  арттыру.

  б) Тәрбиелік: Оқушыларды  әсемдікке, сәндікке,  шыдамдылыққа,  тазалыққа   тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: Жаңа  сабақты  игерту

Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі:  Сұрақ – жауап, түсіндіру, сарамандық  жұмыс.

    

                               Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Сыныпты топқа бөлу, сабаққа  дайындығын  байқап, оқушылардың  назарын  сабаққа  аудару.Оқушыларды  ІІ топқа  бөлу

ІІ Үй  тапсырмасын  тексеру.

а) Сайқымазақ  қандай  қызмет  атқарады?

ә)  Қай  бөлікті  дайындау  үшін  циркульді  пайдаландың? ( Телпек  пен          

      қалпақты)

б) Циркуль дегеніміз не?  Латын  сөзінен алынған «дөңгелек» дегенді       

    білдіреді.

 в) Қалып үлгіні  қандай  материалдан жасайды? ( қағаздан,     пластмассадан, ағаштан)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қағаз – жазуға, сызуға, сурет салуға арналған  материал.

Қағаз  жасайтын  шикі затты дайындау  үшін  ағаштарды  кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан  тазартады. Сонан соң  ұсақталғанша  үгітеді  де ол ұнтағы  шыққанша майдалана  береді.Бұдан шыққан ұлпа  әр түрлі  өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ  машинадан өтіп, тығыз  және  теп-тегіс  апппақ қағазға айналады.

Қатырма қағазымыз- қағазға  қарағанда мықты  және тығыз  материял  яғни   әртүрлі  бұйымдар  жасауға ыңғайлы. Қағаз  кесінділерінен үшкір, сопақша, шеңбер тәрізді пішіндер  құрастыруға болады. Осы  пішіндерді  бір- біріне  жалғасақ  сәнді композиция  шығады.

Композиция  дегеніміз- бейненің құрамды  бөліктерін ортақ негізге орналастыру. 

Күн – көзімізге  сары түсті болып көрінеді, шындығында  күннің көзі ақ түс. Күнді  біз бір  орнында  қозғалмай  тұрады деп  ойлаймыз,бірақ  күн айналып тұрады. Толық айналым уақыты 220-250 миллион жыл. Күн бізге   жылулықты береді. 

Сарамандық жұмыс

4 суретке қарай отырып түрлі- түсті  қағаздар арқылы  күн бейнесін құрастырамыз.

Қауіпсіздік  ережені еске түсіреміз. 

Қағазды  қиғанда  қайшыны  емес, қағаз  парағын жылжыт.

Қайшының  ұшын  жоғары  қаратып  ұстама.

Қайшыны  біреуге  бергенде,  жабық  күйінде  бер.

Қайшының  сап  жағын  беретін  адамға  қаратып  ұста.

Желімді  ауызға  салма

Желіммен  жұмыс  жасап  болған  соң  қолыңды  жуып,  арнайы  сүлгіге  сүртеміз.

Жұмыс  аяқталған  соң  құралдарыңды  арнаулы  қорапшаға  жинақтап  сал.

              Жұмыстың  орындалу  реті

 

1.Алдымен  қатырма, түрлі- түсті қағазды

   дайындаймыз

2. 2 бөлек шеңбер қиып  аламыз

3. Әр түрлі түстен  тілшелер қиып дайындаймыз

4. Тілшелерді иіп шеңберге орналастыру   

     арқылы желімдейміз     

5. Көзін, аузын шеңбер ішіне  

     орналастырамыз

Сергіту  сәті. 

ІІ топқа  3 жұмбақтан  беріледі.

І- топқа

1.Бір үйде  қос сұлу  қыз ағайынды

Екеуі қызықтырған  талайыңды

Жүдемес  төрт  маусымда  мұңаймаса

Тұрады  нұрға  малып  маңдайыңды (   Ай , күн   )

2. Етегім  толған  сөк

   Ерте  тұрсам  жоқ             (    жұлдыз  )

3..Екі  тері

   Екеуі де  кең тері (    Аспан, жер    )

ІІ-топқа 

1.Біз біз едік

Отыз  арба  қыз едік

  Бір тақтайға  жиналдық

 Таң атқанша жоқ болдық  ( жұлдыз      )

 

2.Төңірегі тең көрініп

Теген жатыр төңкеріліп,

 Жаста сиған, кәрі сиған

 Астына оның бәрі сиған. ( Аспан)

3.Өлшеусіз  піштім,

   Жіпсіз тіктім               (   жер   )

ІҮ. Жаңа  сабақты  бекіту. 

1. Композиция  дегеніміз не?

2. Күннің  қандай  пайдасы бар?

3. Күннен  басқа  қандай  құрамақтар  құрастыруға болады?

4.Құрамақтарды  қайда  пайдалануға   болады?

Ү. Қорытынды.

Түрлі-түсті  қағаздармен  жұмыс  жасау  арқылы  күн құрамағын  құрастыруды  үйрендік.

 ҮІ. Бағалау.

Оқушылар  алған  білімдерін  бағалайды

ҮІІ. Үйге  тапсырма.

Өз  ойыңша  қағаз кесінділерден  түрлі  құрамақтар құрастыру.

                                                                             

 

 

 

  • 324