Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазақ хандығының қалыптасуы

Бахытжан Гүлжанат

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария  ауылы

№186 орта мектептің тарих пәні мұғалімі      

  

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, Жәнібек пен Керей    хандардың халқына, жеріне, еліне сіңірген қызметімен таныстыру.

Дамытушылық.: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға,     

 ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін   

қалыптастыру..

   Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

   Сабақтың әдісі: Шағын лекция, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

   Сабақтың  құрал-жабдықтары: Слайдтар,Қазақстан картасы

               Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. 

І. «Сені көргеніме қуаныштымын…» жаттығуы . 

 Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы :
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі …». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

                                        Барысы.

(Сыныпты түрлі-түсті парақша арқылы топқа бөлу, топ басшысын тағайындап,бағалау парақшасын үлестіру. «Археологтар»,«Этногрофтар»«Антропологтар» оқушыларды сабаққа дайындау.) 

 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 ІІ. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»

Топ басшылар ортаға шығады;

Барлығы 10 сұрақ беріледі;

Жылдам жауап беріледі;

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1.Ұлы Жібек жолы дегеніміз не?

2.Ұлы Жібек жолы қай жылдар аралығында өмір сүрді?

3.Ұлы Жібек жолын картадан көрсету.

4.Орта ғасырлық қалалар неше бөліктен тұрады?

5.Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?

6.Шығыстың ғұламаларын ата?

7.Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген және картадан көрсету

8.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада орналасқан?

9.Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары?

10.Әл-Фарабидің білім мен ғылым жолындағы еңбегін әңгімеле

11.Моңғол мемлекеті қашан ,қалай құрылды?

12.«отырар апаты деген не?

13.Отырар қаласы қанша дуалмен қоршалған?

14.Отырар билеушісі кім?

15.Қайырханның өмір сүрген жылдары?

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Тарихи тұлғаны тану . “Нартәуекел”.

Әр топқа тапсырмалар кеспе қағазға жазып беріледі.Кеспе қағаздарға тарихи тұлғалар есімдері жазылған.Әр топтан сайыскерлер ретімен келіп кеспе қағаздағы есімі жазылған тарихи тұлғаны қарсылас топқа жұмбақтап сұрайды.Мысалы:

870-950 жылдары өмір сүрген ортағасырлық ғұлама ғалым кім?

ХІ ғасырда жазылған түрік тілдес халықтардың қоғамдық санасында орын алған терең мазмұнды Құтадғу білік еңбегінің авторы кім?

Моңғол мемлекетінің шаңырағын алғаш көтерген кім?

Қазақ хандарының арғы атасы саналатын Ақ орданың соңғы ханы кім?

Орта ғасырларда өмір сүрген Моғолстан Қазақ хандығы  туралы жан-жақты мәлімет жазылған «Тарих-и-Рашиди»еңбегінің авторы саналатын тарихи тұлға кім?

ІІІ- жаңа сабақ .

 

1) Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
    1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. 1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.

 Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.
2) Қазақ хандығының саясаты:  Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалаларын қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

3) Картамен жұмыс
1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.
2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды?.

Миға шабуыл. 

1. Қазақ хандығының құрылуына түрткі болған себебтері?

2. Өзбек ұлысының ханын атаңыз?

3. Ақ Орданың соңғы ханын ата?

4. М.Х. Дулатидың тарихи шығармасын ата?

5. Қазақ хандығы қай жылдары, қай жерде құрылды?

5.Сабақты  қорытындылау:


 Мен не үйрендім? (сызбаны толтыру).
Білемін V
Мен үшін түсініксіз +
Мен үшін жаңа ақпарат?

Білемін 

Мен үшін жаңа ақпарат   

                          Толық түсінбедім




6. Үйге  тапсырма: «Егер мен хан болсам.....» деген тақырыпта ой толғау жазу.

 7.  Білімгерлерді  бағалау.

  • 326