Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Теріні қорғау құралдары

Құндақбаев Ғани

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы

«№ 186 орта  мектебі» КММ Бастапқы әскери дайындық

пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы

және денешынықтыру пәнінің мұғалімі

 

       Мақсаты : 1.Оқушыларды әскери қорғаныс киімдерін киюге үйрету .

                   2.Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту .

                    3.Оқушыларды қорғаныс киімді жылдамжыққа кигізу.

Уақыты : 45 минут

Өткізетін орны : 11 сынып БӘД бөлмесі.

Көрнекілігі :  плакаттар ,  оқулық.

Сабақтың барысы :

А) Ұйымдастыру кезеңі 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызып , оқытушыға рапорт береді .  Амандасу , түгелдеу , оқушылардың сырт киімдерін тексеру , сабақ барысын түсіндіру .

Ә) Өтілген сабақты сұрау кезеңі – 8 минут

Б) негізгі бөлімі – 22 минут.

Теріні қорғау құралдары  ретінде резеңке материалдардан жасалған оқшаулаушы жамылғылар мен костюмдер , арнаулы химиялық ерітінділер сіңген кәдімгі  материалдан жасалған костюм немесе сүзгілік құралдар болып табылатын кобинезон пайданылады .

   Теріні қорғайтын сүгілік  және оқшаулаушы үлгідегі қорғаныс құралдары 10 – суретте көрсетілген.Теріні қорғайтын оқшаулаушы үлгідегі құралдарға жалпы  әскери қорғаныс  жинақталымы мен  Л-1 жеңіл қорғаныс костюмі жатады.  

Ал теріні   қорғайтын сүзгілік  үлгідегі құралдарға жалпы әскери кешенді  қорғаныс костюмі және қорғаныстық  сүзгілік киім жатады.

    ЖҚЖ ОП – 1М  қорғаныс жамылғысынан , қорғаныс шұлығынан , қорғаныстық қолғаптардан , қорғаныс жамылғысына арналған тыстан , қорғаныстық шұлықтар  мен қолғаптарға  арналған тыстан  құралады. Жинақталым жеңге кигізілетін жамылғы түрінде немесе комбинезон түрінде  қолданылуы мүмкін .

     Қорғаныс жамылғыларын таңдау бой бойынша жүргізіледі :  бірінші бой – 166 см –ге дейінгі  , екінші  - 166 – дан 172 см-ге дейін  , үшінші – 172 – ден 178 см- ге  дейін ; төртінші – 178 –ден 184 см-ге  және  одан жоғары бой.

    Қорғаныс шұлықтарын таңдау аяқкиім өлшемі бойынша жүргізіледі : бірінші – 40 – өлшемге дейінгі аяқкиім үшін ; екінші – 40 -42 – өлшем мен одан жоғарылар үшін .

    Л -1 жеңіл қорғаныс костюмі резеңкеленген матадан жасалады  және күлпарасы бар көйлектен , шұлығы бар шалбардан , екі саусақты  қолғаптар мен маскаастылық астарлан тұрады , сондай –ақ  костюмді  тасмалдауға арналған сөмке де болады . Костюмдер үш өлшемде дайындалады : бірінші – 165 см –ге  дейінгі , екінші  - 165 –тен 172 см –ге дейінгі , үшінші – 172 см –ден жоғары бой.

    ҚСК  ерекше пішінделген  мақта маталық комбинезоннан , ішкі киім мен екі жұп мақта маталы шұлғаудан тұрады. Комбинезон үш өлшеммен тігіледі : бірінші – 160-см-ге  дейінгі , екінші 160-тан 170-см-ге дейінгі ,  үшіншісі 170 см-ден жоғары  жоғары бой .

 

               Оқушылардың теріні қорғау киімдерімен жұмыс жасау сәті.

Қорытынды бөлімі -12 минут .

Сұрақтар мен тапсырмалар.

Теріні қорғаудың қандай құралдарын білесіңдер ? Бұл құралдардың құрамына қандай заттар қіреді ?

ЖҚЖ кию нормативін орындар көріндер.

Қорғаныс киімдерінің өлшемдерін айтыңдар .

Л – 1 жеңіл қорғаныс костюмінің өлшемін айтыңдар.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз