Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қызықты математика

 

Жайна Қисықова 

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы,

№14 «Шолпан» балабақшасының тәрбиешісі

                        

Ұйымдастырылған        қарапайым математика ұғымдары арқылы, баланың ой-өрісін

Оқу іс-әрекетінің           кеңейту.Логикалық ойындар арқылы балалардың ойлау           

мақсаты :                        қабілетін дамыту.Тура және кері  санау.Геометриялық

                                         пішіндерді атау.

Көрнекіліктері:суреттер,кеспе сандар,геометриялық пішіндер, үлестірмелі                                  карточкалар.

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.

Іс-әрекет кезеңдері.

Балалардың іс-әрекеті. «Шаттық» шеңбері.

Балалар,бір-біріне алақан жылуын беріп,амандасады.

                          Арайлап, таң атты.

                          Алтын сәуле таратты.

                          Жарқырайды күніміз.

                          Күлімдейді жүзіміз.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Осы уақытқа дейін математикадан не үйренгенімізді қайталап отырып, «Қызықты математика»тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

Балалар,қазір қай мезгілі?

Балалар:- Қыс мезгілі.Қыстың қай айы?-ақпан айы.

Тәрбиеші:Бүгін нешінші күн?

Балалар:Бүгін4-ші күн,бейсенбі.

Бүгінгі,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз, 5 тапсырмадан тұрады.

                 1-тапсырма «Кім жылдам?» сұрақтармен жауаптар.

                 2-тапсырма Санамақтар.

  3 – тапсырма  логикалық есептер.

                       4 – тапсырма геометриялық  пішіндер . Үйшік  жасау.

                       5- тапсырма   Қызықты  математика.

  • Тапсырма. «Кім  жылдам?»  Балаларға  сұрақтар беріледі.Сұрақтардың  жауабын  жылдам  айту  керек.
  • Аспанда  неше  күн  бар?
  • Екі  қоянның  неше  құлағы бар?
  • Бағдаршамда  неше  көз бар?
  • Ешкіде  неше аяқ  бар?
  • Бір қолда  неше  саусақ бар?
  • Қыс мезгілінен кейін қай мезгілі басталады?

2-тапсырма.«Санамақтар»-деп аталады.Мұнда балалар сандарды ком пьютерден тыңдайды және сандарды санайды.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.    

Сандарды тура және кері санайды.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.

Ең кіші сан мен ең үлкен санды атайды.

     1,10.

Сергіту сәті:Бкалалар,бой сергітіп алады.

3-тапсырма.Логикалық есептер.

1.Санын білмей сәбіздің

   Қоян әбден тосылды,

   Көмектесіп жіберші

   Құтқарып сен досыңды,

   Оң қолыңда төрт сәбіз

   Сол қолыңда  үш сәбіз

   Қоянда болды қанша сәбіз.      (7сәбіз)

3. Бес алманың біреуін,

    Досың сұрап алады. 

    Айтшы сонда нешеуі,

    Өз қолыңда қалады.   (4 алма)

4-тапсырма «Геометриялық пішіндер»

Балалар, геометриялық пішіндерді катайды.Үшбұрыш, төртбұрыш,дөңгелек,шаршы.

Геометриялық пішіндерден үйді құрастырып,жапсырады.

 Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар.

                       Алдымнан жел еседі

                        Кіп-кішкентай ағаштар

                        Биік болып,өседі.

5-тапсыма. «Қызықты математика»

  • «Көршісін ата» ойыны.Мұнда балалар, сандардың көршілерін атап,және көршілерін тауып береді
  • Балаларға жеке тапсырма.

Суреттерге қарап,түсін ажыратып,санап және санды жазып көрсетеді.

Рефлексиялық қорытындылау.

Мадақтау. Жүректен-жүрекке.

                   Шуақ шашып  жүреміз.

                   Бізге келген қонаққа

                   Әдемі ән сыйлаймыз.

Міне балалар, өте тамаша іс-әрекет көрсеттіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойлылықтарыңды,тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер. Рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Балалардың білімін тиянақтау.

Түсінуі: Дамытушы ойындар арқылы ой-қабілеттерін дамыту.

Меңгеруі: Сан санау ұғымдарын.

  • 186