Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Құрақ құрау

Сметов Балатай Досалиевич

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназиясының технология   пәнінің мұғалімі

  

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: құрақтың шығу тарихымен, оның қажеттілігімен танысу, құрақ құраудың технологияларын   меңгеру.

Дамытушылығы: оқушылардың түрлі түстерді бір- бірімен үйлестіре білуін, геометриялық пішіндерді дұрыс қия білуін,жұмыс барысында ой- өрісін, ойлау қабілетін,  шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелік: үнемділікке, ұқыптылыққа, төзімділікке, көне заманнан келе жатқан  халқының өнерін  бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірі, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Көрнекіліктер: слайдтар, дайын құрақ бұйымдары.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу, геометрия

Құрал- жабдықтар: сызғыш, өшіргіш, қарындаш, түрлі- түсті қағаз, қайшы, мата қиындылары, ине және жіп,   интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Өткен сабақты қайталау

Оқушыларға ою-өрнектер суреттерін таратып беру .Оқушылар қолдарындағы ою-өрнек түрлеріне қарай  топқа бөліну.Оқушылар өздерінің қолдарындағы ою-өрнектер

ІІІ. Жаңа сабақ.

Құрақ түрлері.           Қолөнердің бір түрі-құрақ құрау

          Халық шеберлері матаның қасиетіне зер сала отырып,өз қажетіне қарай қолдана білген,ал қалған мата қиындыларынан құрақты сәндеп құрай білген. Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтық мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнердің түрі  өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі- құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.

Көлдің жағасында өсетін өсімдік

 Мата қиындысынан жасалатын бұйым.

    Құрақ-  мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын ерекше бұйым. Тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйым болғандықтан шеберлер бар өнерін салған. Құрақ құрауға әртүрлі мата қалдықтарын пайдалануға болатындықтан, асқан шеберлікті, түс үйлесімділігін, қайталанып келіп отыратын элементтерді дәлдікпен үйлестіруді, эстетикалық талғамды талап етеді. Тарихи мәліметтерге сүйенетін болсақ, құрақ құрау көптеген ұлттарға тән екендігін білеміз. Мысалы, Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үшмың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдары табылған. Сол сияқты Америка елінде де, көршілес орыс халқында да құрақ құрау өнері ертеден дамыған.



Құрақ


                                                

 










 

         

 

 

 

Құрақ техникасында нақыштар қайталанатын геометриялық элементтерден тұрады.Алдымен бұйымның нобайын жасайды,өлшемін анықтайды.Көптеген құрақ бұйымдары үшбұрыштардан құралған шаршы блоктардан тұрады..Олай болса,геометриялық фигураларды еске түсірейік

                                              Геометриялық фигуралар:

        -тең бүйірлі үшбұрыш                                                 -ромб 

        -үшбұрыш                                                                      -трапеция 

         -шаршы                                                                          -параллелограмм 

          -тікбұрышты ұшбұрыш 

Шеберлер геометрияны оқымаса да ,бір бөлігін 5-6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш,алтыбұрыш,ромб жасай отырып біріктірген.Осындай әдіспен  тігілген құрақтың 200-ден астам түрі бар.      

ІV. Сарамандық жұмыс               «Жұлдыз» құрағы

Оқушылар 12 см болатындай4 қызыл шаршы,4сары шаршыдан -8қызыл үшбұрыш,8сары үшбұрыш қиып алу.8жасыл шаршыдан-8жасыл үшбұрыш,4жасыл шаршы қиып аламыз.Түстеріне қарай біріктіреміз.Осылай «жұлдыз»құрағын құраймыз

Жұмысты бастамас бұрын инемен, қайшымен, тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіз ережелерін ескертеміз және қайталаймыз. Оқушыларға нұсқау картасы таратылады.

Әр топ құраған құрақтарына түсініктеме беру

Қарама-қарсы топ бір-бірін бағалау

       V Бағалау парағы:

Оқушыының аты-жөні

№ сұрағы (бағасы)

Қорытынды бағасы 

1

2

3

4

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

VІ. Сабақты пысықтау.

  1. Құрақ техникасы қандай элементтерден тұрады?

2.Қандай құрақ түрлерін білеміз?

     3.Құрақ құрау өнері басқа тілдерде қалай аталады.?

     4.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?

 

VІ Үйге тапсырма: 

 Құрақ эскиздерінен буклет дайындау, құрақ маталардан түрлі пішіндерге бөліп келу.

 

  • 410