Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Лепті сөйлем 185-189 жаттығу

Абдукаримова Айгүл 

Қызылорда облысы. Жаңақорған  ауданы

Екпінді ауылы. №166 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: 
Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем түрлерін ажырату. Хабарлы сөйлемді сұраулы,лепті сөйлемдерге айналдыра білу. Адамдар әр түрлі көңіл –күйін, қуанышын, өкінішін, ренішін, т.б. сезімдерін лепті сөйлемдер арқылы білдіретіндігін меңгерту. Лепті сөйлемді тиісті  дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру.

 2. Дамытушылық:

Көркем жазуға, сөздерді дұрыс байланыстыра сөйлеуге және тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. . Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:

Оқушы бойына жарасымды мінез – құлық  дағдыларын сіңіру.  Адалдыққа, ұйымшылдыққа,кез-келген уақытта бір-біріне көмекке келуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:  Сұрақ - жауап, топтастыру,ойқозғау, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар, семантикалық карта,таңбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысы. 

3.Жаңа сабақ

4.Жаңа сабақты игертуге арналған жаттығулар.

5.Сергіту сәті.

6.Жаңа сабақты бекіту.

7. Үй тапсырма.

8. Бағалау.

1. Ұйымдастыру кезеңі:   

Сыныпты стикердің түстері арқылы төрт топқа бөлу.

Психологиялық дайындық
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!
Елімізге: Ашық аспан, молшылық!
Дайынсың ба сабаққа?

Қарап алшы жан-жаққа,

Бәрі бар ма орнында?

Қалам,дәптер, кітап та  -- деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.                               

2.Үй жұмысы.

184-жаттығу Әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізіп жаз. Шыққан сөзді қатыстырып әңгіме құра. Әр топтан бір оқушы оқиды.

Карточкамен жұмыс.

Өткен сабақты еске түсіру әрі бекіту мақсатында топтарға тапсырма беремін.

Оқушыларға сөйлемдер жазылған карточкалар таратылады.Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазады.

1-топ:    Таң атты.

2-топ:    Қанат ерте тұрды. 

3-топ:    Сабақ басталды.

4-топ:    Қар жауды.

Слайдпен жұмыс.Сұрақ-жауап.

3.Жаңа сабақ.

 Кіріспе әңгіме.

Бастауыш сынып оқушылары үшін лепті сөйлемді меңгеру қиындық туғызуы мүмкін. Сондықтан лепті сөйлемді меңгертуге берілген сағаттарда көрнекі құралдарды пайдалану маңызды.

Сабақ үнтаспадан  төмендегідей сөйлемдерді тыңдатудан басталады.

Алақай,ертең, Астанаға баратын болдым!
Көйлегің қандай әдемі!
Балам,өркенің өссін,қатарыңның алды бол!
Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

Қап,дәптерімді үйде ұмытып кетіппін!
Оқушылар,залда тыныштық сақтаңыздар!
Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!


Сұрақ-жауап.

Слайд. Кестемен жұмыс
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.
Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.

 

4.Жаңа сабақты игертуге арналған жаттығулар (15-минут)

 

 

 

185-жаттығу.Өлеңді ролге бөліп оқып,көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап.Сөйлем соңындағы тыныс белгісіне назар аудар.

 

186-жаттығу.Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.

 

Сыныпта өнерлі оқушылар көп.

 

Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе?

 

Сыныпта өнерлі оқушылар көп екен!                 

  

Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.

 

Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?

 

Мектеп ауласына қандай әдемі гүлдер егілген!

 

 

 

5.Сергіту сәті. 

 

187-жаттығу.

 

1-топ:  Алақай сөзін қатыстырып сөйлем құрайды.

 

2-топ:  Алақай сөзін қатыстырып сөйлем  құрайды.

 

3-топ:   Ура сөзін қатыстырып сөйлем  құрайды.

 

4-топ:  Жасасын сөзін қатыстырып сөйлем құрайды.

 

  

 

188-жаттығу.Сөйлемдерді салыстырып,айырмашылығын дәлелде.

 

 

 

Әкем шаңғы әкелді.                       Алақай, әкем шаңғы әкелді!

 

Қар қалың жауды.                           Қардың  қалың жаууын-ай!

 

Ауа-райы жақсы екен                     Ауа-райы  қандай жақсы!

 

 6.Жаңа сабақты бекіту

 

«Тыныс белгісін тап» ойыны

 

Сөйлемдер оқылады.Оқушылар қолдарындағы тыныс белгілерінің  тиістісін көтереді.

 

 

 

 

 

Семантикалық  картамен жұмыс

 

Сөйлемдер

Лепті

Сұраулы

Хабарлы

Үйді қімдер салады?                         

Барыс-бағалы аң.

Мына кітап әдемі екен!

Аю-жыртқыш аң.

Алма тәттісін-ай!

Керіктің мойны қандай?                                                                                             

 

 

 

 

  

 

  Топтық тапсырма.  

 

 «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны.

 

 Ойынның  шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне    орналастыру керек. 

 

1.Өсімдік көктейді

 

                                  2.Балам, өркенің өссін

 

                                                                                    3.Қамшы деген не

 

4.Түйе боталайды

 

                                 5.Ауа-райы қандай тамаша

 

                                                                                    6.Қастеев атаңды білесің бе

 

7.Айжан қітапханаға барды

 

                                8.Мына таудың   биігін-ай

 

                                                                                    9.Жаңбыр жауды ма

 

 

 

7.Үйге тапсырма. 

 

189-жаттығу.

 

Сурет бойынша әңгіме құра.Әңгімеге ат қой.

 

 

 

8.Оқушылардың білімін бағалау. 

 

9.Сабақты қортындылау.

  
  • 484