Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Табиғатты танып, біліп алайық!

Исмамбетова Ұлмекен Нагметовна                      

Қызылорда облысы,  Байқоңыр қаласы №273 орта мектеп 

бастауыш сынып мұғалімі  

 

 

Мақсаты: 1.  Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін ортаға салуларына жағдай туғызу.Табиғатты сүюге,қорғауға, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен,мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету

2.  Оқушыларға экологиялық факторлар туралы білім беру, қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру, табиғат-тіршілік көзі екенін, оны қорғау туралы мағлұмат беру, экологиялық, эстетикалық тәрбие қалыптастыру;

Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, нақыл сөздер, тапсырмалар жазылған батман қағаздар, ағаш, жапырақшалар т/б.

Сабақтың түрі:  сайыс  сабақ.

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, ой шақыру, топтық тапсырмаларды қорғау, Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары т/б.

                              Сабақтың  барысы;

I. Ұйымдастыру кезеңі:  Ұлықпан Жолдасовтың «Табиғатым» әні тыңдалады.

 Мұғалім;  Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді бүгін «Табиғатты танып, біліп алайық !» атты тәрбие сағатында бір- біріміздің білмегенімізді үйретейік, тыңдайық, рухани азықтанайық, және де табиғатты қорғай  жүрейік  дегім  келеді.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан  ортасы, алтын бесігі. 

Табиғат-сұлулықтың  таусылмас көзі. Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
                             Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
                             Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
                             Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
                             Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Хор:  «Табиғат»  әні

Қызығушылығын  ояту

Табиғаттың  экологиялық  жағдайы  (видионы  көріп  тамашалау)
Сахна ортасында ақ қайың бейнесіне енген қыз, қолына жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка ойналады.
Ақ қайың сөзі:

 Орман едік бір кезде біз жайқалған .
Аң мен құстың әсем әні сайраған
Әні кеткен бұл өлкенің, сәні кеткен.
Аң мен құсың бас сауғалап ,бәрі кеткен
Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп.

Анам, әкем, бауырларым қайдасың?
Кей адамдар ,жауыздықпен, асырып жүр айласын,
Жалғыздықтың мұңы көп…
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ
(қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді)
Әкесі: ағаш та қалмапты ғой!
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой
Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, осыны алайық
Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші! Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой!
Әкесі: немене, табиғатқа жаның аши қалыпты?заманның бізге жаны ашмағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
(ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)
Құс: тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы
Әкесі: мына құс қайтаді өзі шиқылдап, балам, таспен атып ұршы.
Баласы: Әке ол өз ұясын қоғап жүр ғой, осы ағашты кеспей ақ қояйықшы!
Әкесі: көп сөйлеме, ұста араны. Әй, сен, нәзік жүрек. Мә саған!
(Әкесі құсты таспен атып түсіреді. Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп алып кетеді. Мұңлы музыка ойнатылады)
Құс ақырын басын көтеріп:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не қалады, не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып, қара жерден  сұрағанын.
Сарғайып, жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Табиғат: Ей, адамзат, сендер өздеріңді күшті сезінесіңдер. «Мені бағындырамын» деп ойлайсыңдар. Мен сандерге бағынбаймын. Менің өз заңдылығым бар. Естеріңе алыңдаршы, сендерді адам еткен мен едім ғой! Енді өз табиғат анаңды өздерің тұншықтырып жатсыңдар. Көліктің улы түтінімен былғадың, жануарларды қырдыңдар, өздеріңнен қалған қоқысты жинамадыңдар, жөн-жоқсыз табиғаттың байлығын шаштыңдар. Өз бастарыңа өздерің неше түрлі ауру таптыңдар.

 Мен кешірімдімін. Ертеңгі ұрпағыңның қамын ойла, жасыл орманда, тұнық суымды, таза ауаны ластамай, менімен тепе-теңдікте өмір сүріңдер!

I. Топтық  шығармашылық  жұмыс :  ой қозғау ( әр топ көрініс пен видио бойынша сөйлейді, қай кейіпкер саған  ұнады, несі ұнады,  табиғатқа сенің  көмегің қандай?  соны  алдарыңдағы  қағазға өз ойыңды суретпен жеткізесің,  не жазып  жеткізесің)

II. Әр топтың  үйден дайындаған жұмыстары.

Гүлдер  тобы;

Бағлан

Гүлдер,  гүлдер,  көп  гүлдер,

Қызыл  гүлдер,  көк  гүлдер.

Зарина

«Жайнар кезім келді», -деп,

Қанаттарың  желбіреп,

Таңмен  бірге  оянып,

Күн нұрына  боянып,

Көрік  бердің  далаға.,

Ұқсап  сәби  балаға.

Мұғалім;   - ал  сендер  табиғаттың  бір бөлігі  өсімдіктер әлемін  құрайсыңдар.  Олай болса  адамзат баласына  қандай  пайдаларың  бар?  Сол  туралы  айтсаңдар ...

Арман

Гүл сыйлау- әлем халықтарының көбінде ежелден келе жатқан дәстүр. Оның да өзінің тәртібі, мәдениеті болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі Сары түс. Зат алмасу қызметін жақсартады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, иммунитет күшін көтереді.

Назерке

Қызыл түс. Мидың психикалық белсенділігін арттырады. Қандағы адреналинді көтеріп, адамға күш-қуат береді. Қызыл түсті гүлдер шаршауды басады. Егер климаттық өзгерістерге ағзаңыз төзе алмаса бөлмеге қызыл түсті гүлдер қойыңыз, атмосфералық өзгерістерді жеңуге көмегі зор..

Күн  тобы;

Алина

От  жалының  алаулап,

Жерге  сәуле  құясың.

Көк  жүзінде  манаурап,

Күлімсіреп  тұрасың.

Тіршілікке  нұр  сыйлап

Жылытасың  ғаламды.

Өлі  тірі  табиғат

Сенен  қуат  алады.\

Күн  туралы  білейік...

Меделхан

 Көзімізге күн сары секілді болып көрінгенімен, шындығында олай емес. Күннің түсі - ақ. Атмосфераның әсерінен ғана бізде күннің түсі сары болып көрінеді.

Айгерім

 Күн - галактикамыздағы ең жарық жұлдыз ба? Жоқ, олай емес. Галактикамыздағы 15% жұлдыз күннен де жарық. 

Динислам Күннен шығатын ультрафиолет сәулелері антисептик болып табылады. Яғни, бұл сәуле түрлі инфекция тудыратын микроорганизмдерді өлтіреді.

Алина Ғалымдардың айтуынша, күн 4-5 миллиард жылдан кейін, жоқ болады. Күн алдымен ұлғайып, қасындағы планеталардағы барлық тіршілікті жойылады. Содан соң, бірте-бірте сөне бастайды-мыс.

Құстар  тобы;    

 Айқын  Қарлығаш адамға саулық, жасылық тілеп жүретін және
қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
Қарлығашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй – ішін

Асылжан   Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.
Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын

Ариана

Мен  тоты  құспын  әдемі,

Адам  сөзін  қайталайтын кәдімгі.

Тіршілік  жерім бар  тропиктік  орманда,

Сұлумын  мен  көп  құстардың  арасында.

Қуаныш

Құс  сұлуы  аққумын

Табиғат  көркін  сыйлаған

Мылтығын  кезеп  еш мерген,

Атуға  көзін  қимаған.

Арай

Көгершін-достық символы.

 Әділеттің, бейбітшілік құсы.

Бақыт  құсы, әлемді  шарлап  хат  тасушы  құс.

Бірлікті,  татулықты білдіретін  құс.

Ағаштар  тобы;

Жасұлан

 Бақшамызда көп ағаш
Өскен жақсы  балалар,
Ең әдемі меніңше
Құс ұясы бар ағаш.

Мұғалім;  - Енді  бір сәт ән тыңдайық,  «Қандай  сұлусың  табиғатым»  әні  орындайтын

                  ***** Зарина,  Ариана,  Алина,  Назерке  *****

Қорытындылау;  Табиғатсыз  адамдардың  күні  жоқ,

                       Табиғаттың  мұны  айтарға  тілі  жоқ.

Ексең  ағаш  аялап,

Болады  саған  сая бақ.

Қамқоршы  болып орманға,

Орманды  бәрің  қорғаңдар!

 Балалар табиғатқа өз  ризашылығын  білдіреді.

                  «Тілек  шоғын»  құрастырады.

-  Күн,  сәуле  шашқаны  үшін  рахмет!

-  Ағаш,  көлеңке  болғаның  үшін  рахмет!

-  Жер,  саған  жомарттығың  үшін  рахмет!

-  Бұлт,  жаңбыр  сепкенің  үшін  рахмет!

-  Табиғат,  сұлулығың  үшін  рахмет!   т/б.

  • 455