Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Туған елім - мақтанышым

Кенжебаева Жаңыл

Қызылорда қаласы, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының тәрбиешісі

 

Мақсаты:Туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Білімділік:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін,туған ел туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Менің сүйікті отаным» жылулық шеңбері

Балалар шеңбер бойына жиналады.Жұмсақ матадан тігілген жүректі әр бала өз кеудесіне төсей отырып,Отанға,туған жеріне,отбасына деген сүйіспеншілігін білдіреді.

-Мен тобымды,достарымды жақсы көремін! Мен туған жерімді сүйемін! Мен елімді сүйемін!Менің елім бақытты!

Ұсыныс

Педагог балаларға берілген апта тақырыбын жан-жақты толық ашу үшін фотосуреттер,бейнефильмдер,суреттер немесе картиналарды пайдалануына болады.Сонда тақырып балаларға түсінікті болып,ойларында тез сақталады.

Әңгімелесу

-Балалар,әр түрлі байқауға қатысып,спорттық жарыстарда бірінші орын алған жеңімпаздарды қалай құрметтеуші еді?Еске салып көрейікші!

«Қане ,бәріміз,әлемдік жарыста жеңген жеңімпаздар ретінде сезініп көрейік!Ұлдар-футболдан,қыздар-гимнастикадан.Біздің құрметімізге мемлекетіміздің Туы жоғары көтеріліп,мемлекеттік Әнұран ойналмақ».

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын тыңдау және айту.

-Спорт жеңімпаздарының құрметіне арналған Әнұранды тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңдар?

* Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын,Елтаңбасын қарап шығып,балалар білгендерін айтады.Педагог балалардың жауаптарын толықтырып өтеді.

* «Біздің Отанымыз-Қазақстан» М.Әлімбай.Оқу.Таңдау

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Неліктен біз өз Отанымызды мақтан етеміз?

*Глобус және картамен жұмыс 

Педагог глобустан Қазақстан мемлекетін көрсетіп,оның территориясына көңіл аудартады,басқа көрші мемлекет пен республика территорияларымен салыстырады.

Педагог балалармен Қазақстан Республикасының картасынан Елорда қайда орналасқанын,ол қалай аталатынын және өздерінің тұрған жерін,таныс өзен,көл,тау,шөл далаларды,автомобиль,темір жолдары және т.б.тауып бірге көреді.

«Біздің еліміздің табиғаты әсем,жері кең,көркейтетін және сақтайтын адам.Біздің ел көп ұлтты ел.Олардың түрі мен тілі,діні бөлек болса да тілегі,құқығы мен парызы бірдей.

Біз жақсы білім алсақ елімізді қорғайтын ер,дамытатын ғалым боламыз.Тәуелсіз еліміздің туын жоғары ұстайық!»

*Бейнелеу өнері. «Менің елім-мақтанышым»тақырыбына сурет салу.

Үнтаспадан «Өз елім» атты ән ойнайды.Балалар түрлі-түсті қарындашпен ақ қағаз бетіне туған жердің табиғатын (тау,өзен,көл,гүл,шөптің суретін) салып бояйды.Аяқталған жұмысты топ ішіне іліп қояды.

*Сергіту сәті

Көтеріліп шаңырақ,керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,бәріміз жүрсек айналып,киіз үй боп көрініп.

*Әңгімелесу. Ө.Қастеев «Киіз үйдің ішкі көрінісі»

Балалар киіз үйдің құрылысын естеріне түсіріп қайталайды:шаңырақ,уық...

*Әліппе дәптермен жұмыс.

* «Үйде,ата-аналарды және жақындарымен бірге..»

Үйде улкендерден туыстарының қай облыста,қалада тұрып,оқып жатқандары туралы сұрау.

Балалардың үйден іс-тәжірибеге керекті заттарды:көмірдің бөлігін,мақта,мата,күріш,ұн,қант,көкөністер,жемістер,күнбағыс,күнбағыс майын алып келу.

Өз ата-аналар мен туыстарының,таныстарының арасында қайсысы құрмет грамотасымен ,медаль,орден,құрмет бегісімен марапатталғаның сұрау.

*Біз не білдік?

Біз Қазақстанда тұрамыз.Қазақстан –көпұлтты мемлекет.

*Жылулық шеңбері

Неткен сұлу туған өлкем,жаралғансың нұрдан өлкем.

Даңқың биік асқақтасын,тағайын гүл жырдан өлкем!

  • 397