Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ас атасы-нан

Әтеева Гүлсім

Қызылорда қаласы, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының тәрбиешісі

 

  

Мақсаты:нан өнімдерімен таныстыру.

Білімділік:дәнді дақылдар туралы білімдерін кеңейту.4 саны және цифрымен таныстыру:4-ке дейін тура және кері санауға  үйрету.

Дамытушылық:желілі-рөлді ойынға және кейіптендіруге  арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін қалыптастыру;шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:нанға ,нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

  • Кері байланыс.Жылулық шеңбері.

Педагог алдын ала дайындаған дақылдарды көрсетіп әңгімелеседі.Балалар біліп келген мәліметтермен бөліседі,педагог жауаптарын қорытындылайды. «Қарақұмық,сұлы ,тары адам ағзасына өте пайдалы,сондықтан олардан дайындалған ботқаларды,тағамдардың түрлерін үйде,балабақшадағы ас мәзірінде міндетті түрінде болу керек.

Тары-дәнді дақылдардың бір түрі.Ежелден қазақ халқы тарыны түйіп жент,талқан,көже жасап дастарханға қойған.Тіпті,тарының сабанын да бағалы мал азығы ретінде қолданады.Қазіргі  заманда тарыдан дайындалатын талқанның емдік қасиеттерін ғалымдар зерттеп,емдәмдік мәзірге диеталық тағам түрінде ұсынады.»

*Ө.Трманжановтың «Қайдан келдің ,бауырсақ» өлеңі.Оқу.Жаттау.

-Өлеңде не туралы айтылады?

-Қуыршақтың «Қайдан келдің» деген сұрағына бауырсақ қалай жауап берді?

-Бауырсақ наубайханаға қайдан келді?Диірменге ше?

-Диқандар бидайды қалай өсірді?

*Жандандыру. «Бауырсақ» ертегісі

4 саны және цифрымен таныстыру.Әліппе-дәптермен жұмыс 

«4 саны айналдырып қойған орындыққа ұқсайды»

Педагог сөрелерге тізілген нан түрлері салынған суретке балалардың зейінін аударады.Балалар сөренің жоғарғы және төменгі бөлігінде қанша нан тізілгенін санайды.Содан кейін біреуін қосып немесе алып санайды,салыстырады.

3+1=4

4-1=3

3-тен 4 үлкен

4-тен 3 кіші

Есеп құрастыру:

0+4=4

1+3=4

2+2=4

Педагог балалардың назарын геометриялық пішіндерге:дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрышқа аударады.Олардың атауларын еске түсіріп,балалар бұрыштарын,қабырғаларын санайды.

Практикалық тапсырма:таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер мен 4 санын құрастыру.

*  «Не жасырылғанын тап ?» доп ойыны

Тақтаға ұннан жасалған тағамдар:торт,бөлке,батон,печенье,баурсақ.тоқаш суреттер қойылады.

Педагогтың белгісінен кейін балалар көздерін жұмады.Педагог бір суретті алып тастайды,балалар қандай суреттің алынғанын күрделендіру:бір сурет алынады,қалғандарының орындарын ауыстыру.

Бейнелеу өнері. «Нан түрлері» мүсіндеу

Педагог адамдар нан өнімдерін қайдан сатып алатыны жөнінде әңгіме тізіп, «Дүкен» ойынын ойлау үшін ұнмен араласқан ағаш үгінділерінен түрлерін мүсіндеуді ұсынады.Педагог жұмыстың ретін түсіндіреді.Балалар бөлініп бауырсақ,тоқаш,торт мүсіндейді.

Сергіту сәті

Қалады ақ бидай,

Нан иіп аққудай

Тормен комбайн,

Тізуге мен дайын.

Мүсіндеу жұмыстарын жалғастыру

Кептірілген тавғам түрлерін балалар субояқпен бояп,лак жағады.

Біз не білдік?

4 саны төрт заттың санын білдіреді.

Ұннан әр түрлі тағам түрлері әзірленеді.

Қарақұмық,сұлы,тары-адам ағзасына пайдалы дәнді дақылдар.

Жылулық шеңбері.Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің,бауырсақ» өлеңін қайталау.

  • 494