Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Республикалық «Менің жаңа сабағым» байқауына шақырамыз!

                                                                                          

              БЕКІТЕМІН   

«ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» РҒАТПЖ 

Директор-Бас редакторы

        ___________________ С.Ә.Жүзеев     

    25 наурыз 2017 ж.


Республикалық «Менің жаңа сабағым» байқауының 

ЕРЕЖЕСІ 

         «Менің жаңа сабағым» байқауының ұйымдастырушысы - «ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы. Байқау мұғалімдердің тың ізденістерін, жаңа технологиялар мен  практикалық дағдыларын күнделікті сабақта қолданысқа енгізу жолдарын бақылай отырып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

                                                     1. Байқауды өткізу  номинациялары:

1.1 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 

1.2. Бастауыш білім беру       

1.3. Негізгі және жалпы орта білім беру         

1.4. Арнаулы орта білім беру                          

1.5. Арнаулы орта кәсіптік білім беру         

1.6. Жоғары білім беру                

1.7. Балаларға қосымша білім беру

Байқау мақсаттары:

Жанашыл мұғалімдерді анықтау және олардың жұмысын насихаттау, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау және бөлісу;

Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.

Байқау міндеттері:

Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу;

Дарынды, шығармашылық ізденіс үстіндегі пән мұғалімдерін анықтау.

Қазіргі қоғамдағы оқытушының кәсіби мәртебесі жөнінде оң көзқарас қалыптастыру;

Білікті педагогтардың еңбектерін, тәжірибесін БАҚ та тарату және насихаттау


Байқауға қатысушылар:

Байқауға Қазақстан Республикасындағы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.


Байқау шарттары:

Байқауға қатысу үшін Байқау шарттарымен танысыңыз;

Жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізіп, сабақтың жоспарын,  сабақ жоспарының конспектісінің толық нұсқасын  электронды түрде жолдаңыз;

Әр қатысушыдан тек қана бір жұмыс қабылданады, екі немесе одан коп жұмыс жіберген жағдайда әрқайсысына бөлек төлем төленеді;

Байқау жұмыстарын және өзіңіз жайлы ақпаратты (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, пәні, ашық сабақ тақырыбы, жұмыс өтілі, телефоны, электрондық поштасы) martebe2000@mail.ru электронды поштаға жіберіңіз. Қосымша №1 кестедегі сауалнама-сұранысты толтырып қосып жіберуіңіз керек.

Қатысушы педагогтардың жіберген жұмыстары арнайы жинақ ретінде баспадан жарық көреді.


Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және жаңа материалды түсіндіру барысындағы жаңа технология мен түрлі әдіс-тәсілдер (сұрақтар, жаттығу түрлері, диаграммалармен жұмыс, сызбалар т.с.с.) қолданылған сабақ үлгісі болуы керек;

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласыңыз:  8 (778) 313 55 04 (WhatsApp), 8(777) 752 26 29


7. Байқауды өткізу мерзімі және жеңімпаздарды анықтау:

Байқауда 2017 жылдың 25 наурыз бен 22 сәуір аралығында жіберілген жұмыстар қарастырылады. (22 сәуір — байқау жұмыстарын қабылдаудың соңғы күні).

Байқау нәтижелері:

Байқау нәтижесін шығару жұмыстарын қазылар алқасы 2017 жылдың 22 сәуірінен бастап 25 сәуіріне дейін жүргізеді.


Марапаттау:

8.1. Байқаудың барлық қатысушыларына «ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналының дипломы және жинақ беріледі. Ережеге сәйкес арнайы орындар тағайындалады.

Байқау жеңімпаздары Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:

Байқау жұмыстарын рәсімдеуге қатысты талаптарға сәйкестігі;

Идея бірегейлігі;

Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысында ұсынылатын әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы, тиімділігі және әртүрлілігі;

Көркемдік және техникалық тұрғыдағы жұмыс сапасының жоғары болуы;

Оқыту барысында және оқушылар білімінің нәтижесіне әсер ету тұрғысынан жаңа технологияларды қолданудың негізділігі және әртүрлілігі.

Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат Республикалық «ІЗДЕНІС ЖОЛЫ» журналына жарияланады.  http://izdeniszholy.kz/ сайтында барлық жұмыстар енгізіледі және  ақпараттандырылады.

           Ұйымдастыру жарнасы   4000  (төрт мың) теңге. 


Байқауға қатысу үшін төлем жасауға арналған банк реквизиттері:

ИИН: 940107300423

4402 5735 6501 1212 (Народный Банк Казахстана)

Ескерту! Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін martebe2000@mail.ru почтасына жіберуі керек.

 

Қосымша №1

Сауалнама-сұраныс

1

Тегі, есімі, әкесінің есімі

Оразов Әділ темірбекұлы

2

Қызметі (пәні)

Физика пәні мұғалімі

3

Қызмет орнының толық атауы

Қызылорда қаласы, №55 мектеп

4

Мекен-жайы (индекспен)

120000. Қызылорда қаласы, Тәжібаев көшесі №12 б

5

Сабақ атауы (тақырыбы)

Тартылыс заңы

6

Байланыс телефондары, эл.почтасы

8777 555 55 55 , адил@mail.ru 

7

Байқау номинациясы

Негізгі және жалпы орта білім беру

8

Төлем түбіртегінің көшірмесі

Бар 



Скачать файл: erezhe-zhana_sabak.kaz.doc [1.78 Mb] (cкачиваний: 13)
Посмотреть онлайн файл: erezhe-zhana_sabak.kaz.doc
erezhe

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз