Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Кәсіби білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқытудың маңызы

Ерниязова Жанар Камалқызы

Қызылорда индустриалды-техникалық

колледжінің өндірістік оқыту шебері

 

Жоспары:

  • Кіріспе бөлімі
  • II. Негізгі бөлім
  • III. Қорытынды бөлім
  • IV. Қосымша мәліметтер
  • V. Пайдаланылған әдебиеттер

   XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар, заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұстанымы маңызды. Оқыту нәтижесі студенттерінің сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеруі тиіс...        

Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдылықтары белгіленген.

Білім беру  жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс-әрекеттерді дамыту әдістерін іздестіруде. И.П. Павлов  "... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді" - деген болатын. Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің рөлін бағалай отырып қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл-ойының " терең қайнарына бойлай алатын " әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті- білім берудің ұлттық модуліне  көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.

Инновациялық дегеніміз- бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру,ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген.

Инновация сөзі латын тілінен аударғанда " жаңалықты еңдіру" деген  мағынаны білдіреді.

Технология деген сөз грек тілінен аударғанда "техне"- өнер, кәсіп, ғылым.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірінші өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңартуға жетелейді. Қазақстанда ең алғаш "Инновация" ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол"Инновациялық үрдіс деп отырғанымыз-білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені  жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылқпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

XXI  ғасырда  болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері- кезек күттірмейтің өзекті қоғам талабы.

Білім жалпы, кәсіби, техникалық арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.             Ал кәсіп- мамандық таңдау, мамандықты игеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іс-әрекет әрекеттен операция,қимыл-қозғалыстан  тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші  пайда болады.

Әрбір педагогтың инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге еңдіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану .

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белен алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі, білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы, құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы, білім алушылардың өздегінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін еңгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек  етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізгі-жаңалықтарды  қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне  жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп,сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады.

- білім алушылардың білім,білік сапасын арттырудың жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтижеге оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын  енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техикалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеушілігі кадрлық  әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты-оқу орындарындағы білім беру процесін жаңа  инновоциялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық процестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап,өңдеп,нәтижелі пайдалана білу- әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық  педагогикалық технологияның негізгі басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдебиеттер:

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік-Қазақстан мектебі №4, 2006ж.

2. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі- сапалы білім-Қазақстан мектебі №4, 

2008ж

3. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы -А.Өркен.

2007ж

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз