Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТІЛІН ДАМЫТУ

Жұбанова Набат Тілекқызы

Қызылорда облысы, №216 Қ.Сәтбаев атындағы 

қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

Оқушының жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың  шығармашылық қабілетін дамыту,интелектуалдық деңгейін котеру. «Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін  ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп,оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін котереді.Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана,оның ойлау қабілетінің  дамуына  мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс,бұған  оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын  мүмкіндіктерді  мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қортындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қортындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі,себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірде көрсетіледі.Психолог – ғалымдар: Н.Н.Поспелов, А.Н.Леонтьев «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой – пікірлерді,тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В. Запорожец,Л.Н.Венгер, И.С. Якимсакая еңбектері жарық көрді. Жоғарыдағы авторлардың пікілерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз: ойлау, операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі,ал мұны- логикалық сөйлеудіңнегізі,ал мұны- логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті  К.Д. Ушанский.Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық  ойлау кейінірек  бейнелік  ойлаудың   негізінде  қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге  ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.Балалардың ойлауын дамыту  туралы М.Жумабаевтың сөзімен алсақ:     «Ойлау жанның өте бір қиын, терең іс .Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтанбасқыштап іс істеу керек.»Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта- ықыласы, құштарлығы болуы керек.Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін, мұғалімге оның ториясын терең білу міндеті жүктеледі.Логикалык ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.

Транцформация әрекетін жетілдіру:

Заттарды бөліктер арқылы құрастыру:

Обьектілер арасындағы қатынастарды анықтай білу.

Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру

Салыстыру;

Талдау;

Жинақтау;

Қорытындылау;

Жүйелеу;

Ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту:

Әр түрлі болжам, пікір айта  білу;

Мәселені шешудің бірнеше тәсілін ұсынады.

Тіл дамыту жұмыстары

Ойындық әрекеттер:

Ролге бөліп талдау;

Көріністер;

Сөзжұмбақтар, ребустар

Оқушыны қандай да бір әрекеттің авторы ретінде өзіне-өзін таныту;

Конференция, олимпиада;

Газет-журналдарына басылым.

Ауыз әдебиеті үлгі-лерімен, ұлы ойшылдар шығармаларымен таныстыру:

Ертегі, аңыз әңгіме, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар;

Нақыл сөздер;

Өмірбаяны, шығармашылығы.

Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру , сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.

Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылады.

Берілген тасырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының о.й өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының озіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бастауыш  сыныптарда тіл өнерін меңгертудің алғашқы баспалдағы ретінде оқушының сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу машықтары мен дамыту бағытындағы жұмыстарға негізделеді

Мысалы сауат ашу кезінде әріп үйретумен қатар әр әріпке байланысты ертегілер оқып, түрлі тақпақтар жаттатып сол әріптен басталатын көтеген заттардың суреттерін көрсету арқылы сөйлемдер құратуға болады.

Осылайша әр әріппен танысқан кезде балалар әр түрлі ертегілер тыңдап, олардың мазмұнына тоқталып, әр түрлі тақпақтар жаттап, көптеген заттардың атауын  біліп оларға сөз тіркестерін, сөйлем құрау арқылы балалардың сөздік қорын көбейтіп, тілін дамытуға болады.

Кез келген мұғалім тарапынан жұмсалған уақыт пен жасалған еңбек зая кетпеитініне сенімдімін.

Оқу процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.

Оқушылардың тілін дамыту үшін:

• Балалардың ой-өрісін дамытуға, тілін жаттықтыруға, тіл байлығын арттыруға арналған ойын-өлеңдер, мазақтамалар, буын ұйқастарды жаттату,

• Балалардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып, ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдерді сабақта көптеп пайдалану;

• Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;

• Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;

• Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

1. “Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл. Б.Сайлаубаева. Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал.

2. «Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым». М. Шәбжантайқызы. Көкшетау. 2002 жыл.

3. «Айгөлек» журналы №3. 2009 жыл

4. «Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл

5. Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007 жыл

6. Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар» Алматы. «Өлке» 2001 жыл.

7. «Бастауыш сыныпта оқыту» Республикалық ғылыми әдістемелік журнал..2008 жыл

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз