Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылығын арттыру

Серкебаева  Мира

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №254 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

  

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Еліміздің болашағы – бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуы мұғалімдерге байланысты. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім деп Стронг,Уард, және Гранттар бекер айтпаған. Кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім ғана дарынды тұлғаға бағыт – бағдар бере алады. Әр ұстаздың өз қалауы бойынша өз әрекетін дамытатын жаңа әдіс – тәсілдерді тәжірибеге енгізу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін жоғарыда айтқандай сабақ беру үрдісіне оқытудың жаңа технологиясын батыл енгізу қажет.Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгеру біздің білім беру саласына елеулі өзгерістер әкелетіні сөзсіз.

Себебі бұл Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Шет тілін оқытудың жаңа білім технологияларын меңгеріп сабақты дұрыс жоспарлау мен өткізудің орны ерекше. Олай болса, шетел тілінің әрбір сабағының мақсаты шетел тілін оқытудың мақсатымен, яғни тілді терең меңгеру және оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана білумен тығыз байланыста болуы жан-жақты қарастырылады.
Шетел тілі сабағында тиянақты және сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиісті екені күнделікті тәжірибеде дәлелденгені айқын. Осыған орай, ауызша фонетикалық, граматикалық жаттығу мен жаттаған өлең, тақпақтарды қайталау, магнитофон мен электронды оқулықтағы дикторлардың оқыған мәтіндерді тыңдау, әр түрлі ойындар, жұмбақ, мақал-мәтелдерді еске түсіру-өткенді пысықтау болса, бір жағынан оқушылардың жалыққан кезінде көмектеседі, екін-шіден, олардың шетел тіліне қызығушылығы мен ынтасын күшейте түсетіндігі сөзсіз.
Шетел тілінің мұғалімі жаңаша оқытудың технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін үйреніп, оларды шығармашылықпен өз жұмысында орынды да тиімді жемісті қолдана білуі- ХХІ ғасырдың шетел тілдері мұғалімдерінің алдына қойып отырған негізгі талабы болып табылады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру ұстаздарға үлкен міндет жүктейді.. Сабақ- оқытудың басты формасы. Сабақтың сапасын арттыру-барлық ұстаздардың басты міндеті және әр мұғалімді толғандыратын маңызды мәселе. Осы орайда білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі - күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау, өткенді қайталау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырып, білімге деген ынтасын, қызығушылығын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалімнің сабақтарын қызықты өткізуі, сабағын жандандырудың әдіс тәсілдерін іздестіруі, яғни сол жаңашылдыққа оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі- мұғалімдік міндеті және парызы.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде оқушыларға ағылшын тілі пәнінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде қолдандым. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мәні қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер- оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.Сонымен қатар «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері мен ағылшын пәні сабақтарындағы қолданылу жолдарына тоқталмақмын.Алдымен, бұрыннан өткізіп жүрген дәстүрлі сабақтар мен қазіргі жаңа оқыту технологиясы негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым:
Дәстүрлі сабақтар үрдісінде
Мұғалімнің әдістері
1. Тақырыпты түсіндіреді;
2. Жаңа сабақ туралы мәлімет береді;
3. Жаттығуларды орындатады;
4. Реферат жазу тапсырылады;
Оқушының іс-әрекеті
1. Мәтіннің мазмұнын айтып береді;
2. Жаңа сөздерді жаттап айтады;
3. Тақырыпқа сәйкес жаттығулар орындайды;
4. Рефератты жазып келеді;
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі
Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғайды;
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды;
3. Мәтіндегі ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі;
4. Жаңа сабақ бойынша флипчартқа топ болып жұмыс жасауға бағыттайды;
5. Ойларын жазуды ұсынады яғни кері байланыс жазады;
6. Қорытынды жасауға және бағалауға бағыттайды;
Оқушының іс-әрекеті
1. Топтарда жұмыс жасайды;
2. Мәтінмен өздері танысады;
3. Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді саралайды;
4. Жаңа сабақты талдайды, тірек сызба арқылы, суреттерді жапсыру немесе сызбалай көрсету арқылы өз ойларын топ болып ұжыммен бірлесе жеткізеді;
5. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді, сабақта не ұнады, не ұнамады;
6. Тұжырымдама жасайды бір-бірін бағалайды, топ болып бағалайды;
Осы салыстыру нәтижесінен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз. Академик Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін беретіндігіне күмән болмайды. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында ағылшын тілі сабағында оқушының тілдік қабілеттерін дамыту ойдағыдай жүзеге асырылады.Ағылшын тілі пәні сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-тәжірибеме енгізу нәтижесі оқушылар бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болады.
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (ақын, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді (мағынаны тану кезеңінде);
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігі.
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, өзіндік даму реакциясын анықтау, мұғалім пен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы өзіндік қарым – қатынасты қалыптастыру - бүгінгі күннің талабы болып отыр. К. Ушинский «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,- деген даналығында. Сондықтан әрбір ұстаз білім беру барысында үздіксіз ізденуде болуы шарт. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта (Strong, Ward &Grant, 2011) атап көрсеткендей, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болуы керек. Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, ағылшын тілі пәніндегі тиімділікті анықтау оқушылардың шығармашылығын арттыру болып табылады. Осы мақсат негізінде диалогтік әдіс - тәсіл арқылы ынтымақтастықпен топтық жұмыс жасауға үйрету басты міндеттер болып табылады. Болжам: «Егер ағылшын тілі сабағына диалогтік оқытуды енгізетін болсақ, онда оқушылардың сөздік қоры молайып, пәнге деген қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады»деп тұжырым жасаған. Сондықтан «Ағылшын тілі пәніндегі диалогтік оқытудың тиімділігі» мақсатындағы міндеттер:
- Диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында әріптестермен іс - тәжірибе алмасу;
- Диалогтік оқыту әдісінің тиімді жолдарын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізу;
- Оқушылардың іс - әрекетін зерттеу. Осы мақсат - міндет негізінде күтілетін нәтиже:
«Диалогтік оқытудың ағылшын тілі пәнінде тиімді жолдары анықталады»деп күтілетін нәтижені анықтап алу.Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн (2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі,бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады..
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген мұғалімдер видеофильм, мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр, бірақ шетелде болмай сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео - көріністер, презентациялар және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс - әрекетінің барлық салаларында қолданылады.
Сөйлеу – күрделі құбылыс болғандықтан адам өміріндегі қарым - қатынас құралдарының қызметін атқарады. Тіл бір ғана дағдыдан тұрмайды, тіл - лингвистикалық және экстралингвистикалық құрылымдардан тұрады. Тіл саласын меңгерту үшін мектепте түрлі жұмыстар атқарылуға тиіс. Бір ескеретін нәрсе, оқушылардың білім деңгейі, ойлау қабілеті мен зеректігі, жұмысқа қызығушылығы мен оны орындау шеберлігінің, ықыласының әртүрлі екендігі. Бұл жағадайда оқытушының байқампаздығы мен интуициясы, шыдамдылығы мен шеберлігі, әрбір білім алушымен ерінбей, уақытпен санаспай жеке жұмыс істеуі ғана оң нәтиже береді.
Егер оқушыда ынта мен ықылас, шетел тілін үйренейін деген қызығушылық пен талапшылдық болмаса, білім беруші қанша жанын салып, оқытудың жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерін қолданып оқытса да нәтиже беруі екі талай. Демек білім беруші мен білім алушының арасындағы қатынас пен байланыс екі жақты болуға тиіс. Дегенмен білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімнің жұмысын біраз жеңілдететіні анық.Білімді қалыптастыру амалының негізгі мақсаты мұғалімдер алған білімін оқушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, бүкіл өмір бойына алатын біліміне қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Білімді қалыптастыру бойынша педагогтың құзырлық нормасы мына дағдыларды қалыптастырумен өрнектеледі.«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады.»- деген К. Ушинский. Шетел тілін оқытудың жаңа технологиясы бойынша ізденіп сабақты дұрыс жоспарлау жұмыстың нәтижелі жетістігінің кепілі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. «Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл». Сондықтан да орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым - қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, еркін сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру - үлкен істің бастамасы. ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс - әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы - жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Ақпараттық технологиялар арқылы өтетін оқу процессі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, заман талабына сай, жаңашыл бағытта білім алушыларды толық қамтамасыз етеді. Ал ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады. Ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Ағылшын тілі сабағында қолданылатын рефлексия түрлері.
Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер ағылшын тілін үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді. Ең бастысы сабақ жүргізудің парадигмасы ( сабақтың өту құрылымы) өзгерді. Ең басты өзгеріс тілді үйрету ғана емес, ол тілді жеттік меңгеріп, қарым- қатынас құралы ретінде пайдалана білу, оның коммуникативтік құзіреттілігінде. Ол үшін мұғалім жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс- әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, өз білімін жетілдірумен айналысуы керек.
Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады. Рефлексия сөзі латын тілінде reflexio- артқа қарайлау деген сөз. Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі.Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен білімін толықтыруы мен өзін өзі дамытуды қамтиды, бұл екеуі де рефлексиясыз жүзеге асуы мүмкін емес. Білімді саналы түрде меңгеру және белсенді болу дамыта отырып оқытудың негізгі қағидаларының бірі. Оқушы лілім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді болады.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасынла, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексисына ұласу керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
- іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
1 Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
got acquainted with….
During today’s lesson we have

Found out……
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
- Alexander Bell was a man …
- A dictionary is a book…
2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, сабақ соңында талқыланады.
Understand the information…
know how to give arguments…
Now I <
can say my opinion on… еtc.
3. Think wane (синквейн) 5 жолдық
• Бірінші жол- тақырып атауы;
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.
Мысалы: Michael Jackson
Handsome ,talented
Sings, dances, loves
King of pop music
A famous star.
2. көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген.
1Тәсіл <<Пейзаж–көңіл күй айнасы>> әр оқушы табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, ағылшынша бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
2. Оқушыларда екі карточка: синяя көк және қызыл. Мұғалім сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білуге болады.
3. Іс-әрекет рефлексиясы
Жеке жазба жұмыс рефлексиясы.
Бұл жұмыс сабақтың соңғы этапы, қорытынды. Өткізу түрі – тестер, мини - шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба. Тәсілдерге тоқтасақ:
1.Тәсіл<<Received the answer(!) or not(?)>>
Оқушыларға бір жағында(!)белгісі бар, қандай сұрақтарға жауап алғанын жазады, , келесі бетінде (?) белгісі, қандай сұрақтарға жауап алмағанын жазады. Оқушылардың жауабы келесі сабақтың міндеттерін қоюға септігін тигізеді.
2.Тәсіл << Телеграмма>>.
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын ағылшын сабағы туралы ата-аналарына телеграмма жазу ұсынылады. 2-3 минут телеграмма құруға беріледі, содан соң барлығы өз телеграммаларын оқып жалпы қорытынды жасалады..
3. Тәсіл <<Өзіме хат>> жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
Бұл тәсіл сын тұрғысынан оқыту әдісінің элементі болып табылады..
Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл 21 ғасыр талабы.
Біздің мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді үнемі қажет етіп отырады. Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып, қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз