Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қ.ЖҰМАДІЛОВТІҢ «ДАРАБОЗ» РОМАНЫН ОҚЫТУ

 

Әбілов Алдажар –филология ғылымдарының кандидаты

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ

Абшенов  Абдрашит - музыка  пәнінің  мұғалімі 

Қызылорда  облысы Жаңақорған  ауданы № 245 орта  мектеп

Сейілова  Дәмеш – бастауыш сынып мұғалімі 

Қызылорда  облысы Жаңақорған  ауданы № 245 орта  мектеп


Бiлiм бeрy жүйeсi қoғaмның әлeумeттiк – экoнoмикалық дaмyындa жeтeкшi рoль aтқaрaды, сoндaй-aқ oны әрi қaрaй aйқындaй түсeдi.  Олай болса білім беру жүйесі – сабақтастығы бар бiлiм беру бағдaрламaлары мен әр түрлi дeңгeй мен бaғыттағы мемлекеттiк бiлім беру стaндарттaры жүйeсiнiң, oлaрды әртүрлi ұйымдaстыру құқықтық формaдaғы, типтeгi және түрдeгi бiлiм бeрy мeкeмeлерiнде iске aсырушы тaрмақтaрдың, сoнымeн бiргe бiлiм бeрyдi бaсқaру oргaндары жүйeсінiң жиыны.

Oрыс пeдaгoгi К.Д.Ушинcкий aйтқaндай, қaзiргі зaман талaбынa сaй, әр мұғaлiм, өз білiмiн жeтiлдірiп, eскi бiрсaрынды сaбaқтaрдaн гөрi, жaңa тaлапқa сaй иннoвaциялық тeхнoлoгиялaрды өз caбақтaрындa күндeлiктi пaйдaлaнсa, caбaқ тaртымды дa, мәндi, қoнымды, тиiмдi бoлaры сөзсiз. Бұл жөнiндe Қaзaқстан Рecпубликaсы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» [1], деп атап көрсеткен. 

 Қазіргі кез ақпараттар тасқыны өте мол заман, ел өмірі өзгеріске толы. Осыған орай қазақ еліндегі білім беру жүйесі де өзгерістер кезеңін, оқытудың озат технологияларын игеру жылдарын бастан өткеруде. Ресубликамыздағы білім беру мекемелерінің бүгінгі өмірін осыдан бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстыра алмайсың.

Жыл сайынғы ел дамуына нақты баға беріп, республика алдындағы міндеттерді айқындауда Президентіміз Н.Назарбаев Жолдауларының айрықша маңызға, тарихи рөлге ие екені белгілі. Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында ел дамуының бағыттары, міндеттер мен атқарылатын жұмыстар нақты көрсетіліп отыр. Осы Жолдаударда Елбасы келешекке тек қана білімді ел бара алатынын айтып, мектептер, орта арнаулы, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар, мекемелер міндеттеріне айрықша тоқталуда. Бұл біздің сала мамандарының да алдында үлкен міндеттер тұрғанын көрсетеді. Сол міндеттер сапында қазақ әдебиеті пәндерін уақыт сұранысына, заман талабына сай оқыту да бары анық.

  Жоғары оқу орындарында болсын, орта мектептерде болсын шетел әдебиеті шығармаларын оқытудың өзіндік ерекшеліктері де, өзіндік қиындықтары да бар. Ал, оның үстіне ол шығармалар оқу бағдарламасында болмаса әлгі қиындық екі еселене түседі. Бұл тұста, әрине, ұстаз тәжірибесі, оның ынтасы, білігі, білімі үлкен рөл атқарады. Ш. Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілік дарыта алмайды. Тек көркем шығарманы өзі жан-тәнімен сүйген, қабылдай білген, оның сиқырлы сырына қанық адамды өзіне баурап, сөз тәңірісін таныған ұстаз ғана оқушыларын көркем сөз өнеріне ынталандыра, құлшындыра алады. Шығарма мәтінінің тереңіне, астарлы бейнелі ойына, жан сүйсіндірер, ынтықтырар сәттеріне толғана ой жүгірткен, сондай жерлерін таңдап, таба білген мұғалім шәкіртті шығарма оқуға қызықтыра, ынтықтыра  алмақ» [2, 87],  – дегеніндей ұстаз өз ісінің шебері болуы керек. Оның үстіне орта мектептегі оқытуға қойылар талап та өзге, жаңалықтар да аз емес. Мектепте, жоғары оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пәндерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар    Дж. Рассель, П.Юцявичене, М. Жанпейісова және т.б. дәлелдеп келеді.  Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктері өсуде. 

 Енді осы дүнмежүзілік білім беру кеңістігіне ұмтылған бүгінгі таңда жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясын оқыту мәселесін де қарастыралық. Жоғары оқу орындарында таңдау пәндері жүйесінің енгеніне көп уақыт бола қойған жоқ және бұл жүйе бойынша да жекелеген автор шығармашылығын бөліп алып сабақ ретінде өте алмасымыз белгілі. Сондықтан Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясы қазіргі дәуір әдебиетінде өзге романдар қатарында жалпылама ғана өтілуде. Сол сияқты Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясы әлі мектеп бағдарламасына ене қоймағаны белгілі. Оның үстіне орта мектепте қазақ әдебиеті және әдебиеттік оқу сабақтарында прозалық шығармаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктері бары белгілі. Ал, тарих  романдарды, батырлар бейнесін сомдаған шығармаларды игерту оңай шаруа емес. Сонымен қатар, мұның астарында патриотизм, ерлік, отансүйгіштік тәрбиесі де қоса жатқанын есте ұстаған жөн. Қазақстандық патриотизм идеяларын болашақ қоғам иелерінің санасына дарыту деген мәселеге келсек туған жер, атамекен туралы, батырлар, ерліктер туралы, батырлар бейнесін сомдаған    шығармаларды оқыту да ерекше  маңызды екені анық. Солардың бірі – Қабанбай батыр бейнесі арқылы тұтас бір кезеңнің көркем шындығын жасаған «Дарабоз» романы болғандықтан, оны  оқыту мұғалімнен көп еңбек жұмсауды қажет етеді.

            Оқушы әдебиет сабағында берілетін, өтілетін тақырыпты санасына түйіп қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

Әдебиет – өнер, әдебиет – ұлттық қазына, асыл мұра. Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе – өзіндік пікірде жатыр.   Шығарманы оқытудың ең бастысы – сол  шығарма туралы оқушы пікірі. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі                                        


                       

           Психологиялық рең




 

                 сезім                                                                                    шабыттану

                                                  эмоция                          әсер

                                                                                                                еліктеу

                                     қиялдау                    армандау

осы пәнде ерекше көрінеді.

                                                                            Әдебиет











 

 


                  жан дүниені

                                                                 

                                                         он екі мүшені                                     алпыс екі тамырды


түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі адамды өзі арқылы жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызығы да, күрделігі де осында жатса керек. Шығармаларды оқытқан кезде төмендегідей деңгейлік жұмыстарды жүргізген жөн.

І деңгей – мәтін ішіндегі негізгі ойларды бөліп алып, соны шағындап өз                     сөзімен жазуға дағдыландыру.

ІІ деңгей – тірек сызбалары арқылы шығарманың негізгі мазмұнын ашқызу.         

ІІІ деңгей - туынды бойынша бейнесөз, сөзжұмбақ құрастырту (өздері түсінген сөздер бойынша).

Қазақ әдебиетін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды халқымыздың ғасырлар бойғы жасаған рухани мәдениетімен, көркем әдебиетінің жекелеген озық үлгілерімен таныстыра отрырып, олардың адамгершілік–эстетикалық мұраттарын, көркемдік талғамын, өзіндік дүниетанымын  қалыптастыру, сөйтіп сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту, одан өз қажетін таба әрі ала білуге баулу табылады.

            Әдебиетті оқыту, сонымен бірге оқушының ой жүйесін дамытуға, пәнді оқып-үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруіне көмектесуге тиіс. Бұл аталған мақсат – міндеттерді іске асыру үшін әдеби құбылыстарды таразылаудың ғылыми – әдістемелік принциптерін игеру қажет. Нақтырақ айтсақ, мектептегі әдебиет курсы көркем өнердің өмірімен байланысы, өнердегі түр мен мазмұн бірлігі, өнердің тарихилығы,  халықтығы туралы теориялық және әдістемелік принципке негізделеді.

             Жоғары сыныптарда шолу тақырыптарды  өтудің негізі екі кезеңі бар. Бірі – сабаққа әзірлену кезеңі. Екіншісі – сабақты өту кезеңі. Сабаққа әзірлену кезеңінің алғашқы кезеңінде мұғалім шолу бағдарламада берілген тезистермен танысады. Бұдан кейін әдебиет оқулығында берілген шолу материалдарды оқып меңгертеді. Бағдарламадағы шолудың тезистері мен оқулық материалын ауыр – жеңілдігі, толық-толық еместігі, артық кемдігі және т.б. жөнінен  салыстырады. Мысалы бағдарламада көрсетілген бір мәселе оқулықта қамтылса, мұғалім бағдарламаға сүйенеді. Ал бағдарламадағы тезистің мазмұнын ашу оны қандай көлемде баяндауда мұғалім оқулықты негізге алады. Бірақ тек қана оқулық материалмен шектеліп қалу мұғалімге жеткіліксіз. Ол өтілетін тақырыпқа байланысты қосымша материал деректерді оқып пайдаланады. Бұл жөнінде әдебиет мұғалімі Б.Табанбаев мынадай бағалы пікір айтады: «Оқытушы күнделікті сабақта тиісті қосымша материалдарды орынды пайдалану үлгісімен ғана оқушысына зор әсер ете алады. Мұғалімнің           әрбір сабағы оқулықтың шеңберінен асып оқушыларға аз да болса жаңалық әкелуі тиіс. Әрбір сабақ кешегіден бүгінгіден ертең жақсы шығу керек. Оқушылар әрдайым мұғалімнің сабағынан тың ұғымдар аламыз дейтін пікірге өз бетімен келе алатындай болған жөн. Мұғалім үшін оқулықтан тыс қосымша материалды зерттеп қолданып отырудың маңызы, міне осыда жатыр. Демек, бұл мәселенің тәрбиелік те, тәжірибелік те маңызы басым» [3, 105.],   – дейді.    Осы пікіплерді қорыта келгенде Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясын орта мектепте оқытуға факультативтік сабақтардың мүмкіндігі мол деп білеміз. Ең алдымен факультативтік сабақтар қалыпты оқу жүйесі мен жоспарын өзгертпей-ақ оқушыларға әдеби білім берудің жақсы формасы, қосымша резерві міндетін атқарады. Бұл сала – оқушының өз бетінше кітап оқуына, өзінше ойланып, ой қорытуына және сол оқыған  шығармасы төңірегінде шығарма жазуына, жаңаша пікір қалыптастыруына, қысқасы,  көркем шығарма арқылы рухани байлығының өсуіне игі ықпал етіп, мәтінмен, көркем шығармамен, қосымша сын-зерттеу еңбектерімен танысып, практикалық, танымдық, творческалық  түрлі тапсырмалар орындауына әсер етеді. Сосын олардың ой дербестігі қалыптасуына, жазбаша тілін дамытуға, шығарманы талдау икем-дағдыларының жетіле түсуіне, творчестолық дарын көзінің ашылуына көмектеседі.

Әдебиет бойынша өтілетін факультативтік сабақтарда оқушылардың өзіндік  жұмыстарының, яғни шығармашылық, өзінше топшылау сияқты еркіндік танытатын  істер үлесі артады. Олар мәтінмен (текспен), қосымша сын зерттеу мақалаларымен өзінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сол сияқты рефераттар, конспектілер жазады, семинарлық сабақтарға баяндамалар,эссе әзірлейді, мәтін (текст) бойынша іздену, зерттеу сипатындағы жұмыстар жүргізеді. Тыңдалған баяндамалар, талданған шығармалар бойынша пікір алысуға қатысады, библиографиялық аппаратпен,  кітапханалық католог, картотекалармен жұмыс істеу ретін меңгереді.

 Біз енді орта мектептегі факультативтік сабақта Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясын оқытуға байланысты бір дәрісті мысал ретінде таңдап аламыз.

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясындағы

                                                          Қабанбай батыр бейнесі

Сабақтың түрі:       Факультативтік

Сабақтың мақсаты: Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясы арқылы шәкірт жүрігіне туған жер құдіретін, Отан – оттан да ыстық екендігін, патриотизмді, отансүйгіштікті оқушылардың жүрек  түкпіріне  ұялату.

а) білімділік:  Қ.Жұмаділовтің шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

ә) дамытушылық: Шәкірттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани жан дүниесін байытып, сөйлеу машықтарын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту, өлеңдерді  мәнерлеп  жатқа   оқуға  дағдыландыру

б) тәрбиелік: Оқушыны елжандылыққа, адамгершілікке, тілімізді құрметтуге, әдебиетті сүюге тәрбиелеу, болашаққа деген сенімге баулу, туған  жерге  деген  сүйіспеншілікке,  Отаншылдыққа, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті  нәрселерді  қадір  тұтуға, ерлік пен патриотизмге  тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: шығармашылық, зерттеу.

Пән аралық байланыс: тарих, география , өнер.

Сабақтың көрнекілігі: Қабанбай батыр мен  Қ.Жұмаділовтің суреті, кітаптар, газет-журналдар, үнтаспа, сызба – кестелер.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

ә) Сабақтың өтілуі. Оқушыларды Қабанбай батыр өмірі мен Қ.Жұмаділовтің шығармашылығына қатысты мағлұматтармен таныстырып болған соң портретін көрсетіп, кітаптар, газет-журналдар материалдарымен таныстырамыз оның шығармашылығы туралы баяндаймыз, үнтаспадан ол туралы, Қ.Жұмаділов туралы жазылған материалдарды тыңдаймыз. Одан соң Қабанбай батыр туралы романнан үзінділер оқылады.

1. Қабанбай Батырдың мінезі, идеялық ұстанымы  хан кеңесінде  сөйлеген сөзінен  айқын аңғарылады.«Жарты жерің жау  қолында жатқанда  уайымсыз ұйқы, қамырықсыз күлкі  бола ма? Қазақта ана  құрсағынан  қан шеңгелдеп, соғыс тілеп туған ешкім жоқ. Бірақ менің де           арманым - әкемнің моласы жатқан ата қонысымды  көзімнің тірісінде  азат ету. Құдай куа,  сол арманға жекткен күні қара найзамды  қақ бөліп, лақтырып, тастауға әзірмін» [4, 17.], – деген сөздерден Қабанбай батырдың мінезі даралана түседі

2. Сол кездегі жағдайдың бар драматизмін Төле би образы арқылы шебер ашады: «Сексен бестегі қарттың көкірегі мұң мен шерге толы екен. Көпшіліктің қошамет-құрметімен аттан түсіп, хан ордасына кіргенде көңлі босап, күңіреніп кетті: «О, жасаған! Ортадан ойып ордаға кірмегелі қай заман?! Алаш ұлы осылай телімге түсіп, тентіреп кетеді деп кім ойлаған?! Дегенмен, жаратқан құдайға мың да бір тәубе! Алтын тақты ақ ордам, өз орнында тапжылмай тұр екенсің ғой! Қасиетіңнен айналайын, Әз-Тәукенің орны жоғалмаған екен ғой!»,  деп сақалынан алты тарам жас ағып, дізерлеп отыра кетіп, төрде тұрған алтын тақты сүйгенде, анау-мынауға селт етпейтін батырлардың өзі көздеріне жас алып еді.» [4,7-8.]. Төле бидің жылауы – елдің қан қақсауы. Ұлы бидің күңіренуі - халықтың зарлы күйі....Сан құйтырқы жолын кескен айланың,

3.  Автор Қабанбай батырдың портретін де сол қозғалыс үстінде, ат көлігімен бірге суреттейді: «Мана шығыстан құлан иектеніп таң атқанда ортадағы үлкен ауылдан аттанып, қасындағы бір топ адаммен Аягөз өзенінің сол жақ қапталындағы биік төбенің басына көтерілген Қабанбай батыр ... Бүл күнде жасы елудің ішіне енді ілінген батыр, басындағы болат дулығасы көкжиектен жаңа шыққан күн нұрына шағылып, жаздық қамқа бешпет сыртынан торғай көз ақ бадана киген алып денесін жеңіл қозғап, жұрт «Қубас» атандырып жіберген          жал-қүйрығы сұйықтау, түйедей торы аттың үстінде шірене сәл көтерілді» [4,28.], – үзіндіден көрініп тұрғанындай, қаһарманның портретінде етістіктер басты мағыналық қызметке ие болып отыр.

4. Жазушы Қабанбай батырдың ұстанған бағытын ұзақ-сонар баян арқылы емес, штрих арқылы дәл әрі нақты жеткізген: «Төле бидің сөзіне сүйсінген Қабанбай батырдың қарқылдаған күлкісі қаттырақ шығып кеткен еді. Жасы үлкен Жәнібекті табалағандай болдым-ау деп, өзін зорға тежеді» [4,16.], – деген деталь оның Төле бидің сөзін толық қолдайтындығын көрсетеді. Әрі мұнда Қабанбай батыр көңіліндегі контраст та бой көрсетіп отыр. Ол – идеялық қарсыласының оңбай жеңілгендігіне қуанумен қатар, адами тұрғыдан алғанда, жасы үлкен ағасының алдында інілік ілтипатты сақтай білу үшін, өз қуанышын тежеу.

5. Қабанбай батырды өткен өміріне автор бірден апармайды. Оның балалық кезін, кек жолына түсуіне себеп болған оқиғаларды еске алуына, сол кезеңдегі сезімдерді қайта жасауына түрткі болатын жағдай туғызады. Қасқыр қуған жастардың айқай-сүрең салып, «Қабанбай» деп ұран салғанын батыр жақтырмай, тиым салуын талап етеді: «Көкжал болса қайтейін?! Қуа берсін, тек ұран шақырмасын!  деді Сардар,- Бүл не? Жауға шапса да «Қабанбай», көкжал қуса да «Қабанбай»! Басқа сөз құрып қалған ба?!»[4, 42.]. Қабанбай батырға ерсі көрінген балалардың бұл қылығын, өзге үлкендер пәлендей оғаш қылық ретінде қабылдамайды.

Автор осы бір жағдай арқылы Қабанбай батырдың ішкі әлемін ашады. Батыр осы бір оқиғаның салдарынан іштей алай-дүлей сезімге бой алдырады: «Жастардың  жаңағы айғай-сүреңі құлағында әлі жаңғырып тұр. «Қабанбай... Қабанбай!» Кім ол  Қабанбай деген? Бұған қатысы жоқ бейтаныс есімдей құлағына бір түрлі тосын естіледі. «Қабанбайдың» бұған қосымша ат болып тіркелгеніне, міне, табаны күректей отыз жыл...   Ата-анасының бесікке саларда азан шақырып қойған аты - Қабанбай да, Дарабоз да емес, Ерасыл болатын» [4, 43.]. Сол дәуірдегі ең атақты, айбарлы есім – Қабанбай айналасында автордың құрған бұл дилемасы кездейсоқ емес. Осылайша автор қаһарманның өзін тануға жасаған ұмтылысы арқылы оны оқырманымен де таныстырды. «Кім ол - Қабанбай?» деген сауал жауап талап отырған сұрақ емес, риторикалық сауал. Бұл қаһарманға қойылған сұрақ емес, қазіргі қауымға, бүгінгі қазақ еліне қойылып тұрған үлкен сұрау. Қазақ тарихына Қабанбай деген есіммен кірген Ерасыл үшін ол қандай жұмбақ болса, бүгінгі ұрпақ үшін де сол құпия күйінде қалып отыр.

6. Ерасылдың «Нарбала» деген аты оның жастайынан құрбыларынан гөрі ірі, нар тұлғалы, алып қара күштің иесі болғанынан хабар береді. Оның ерекше алып күштің иесі екенін романда баяндау арқылы емес, өмір шындығына сай, нақты, дәл штрихтар арқылы шебер бейнелеген: «Тұла бойға симай қабындап тұратын күшті қайда жұмсарын білмей еріккендіктен, желі басындағы асау қүлындарды тырп еткізбей кұйрығынан ұстап тұра қалғанды қызық көруші еді. Берітін келе көктемде жылқы таңбалағанда, құлағына қол апартпайтын небір шу асау дөнен- бестілер Ерасылдың қолына түскенде жыны қағылып, қалш-қалш етіп тұрып қалатын-ды...»[4, 44.]. Бұнымен қоса, автордың баяндап өткеніндей ол тек қара күштің иесі ғана емес, соғыс өнерінің де хас шебері болатын: «Жеті жасынан жақ тартуды үйренген. Анау-мынау жігіт икемге келтіріп ие алмайтын, әкесі Қожақұлдан қалған қара садақты бұл он үш жасында адырнасын аңыратып еркін тартатын болды... Ал «қарсыласынаң найза сілтегенде қимылына көз ілеспеуші еді» [4,44.]. Десек те, ол әлі батыр емес. Тіпті, қатардағы сарбаз, жауынгер де емес. «Алайда, құдай куә, үлкейгенде батыр болам, қол бастап, ту ұстаймын деп бұл ешқашан ойлаған емес. Ал енді дос болсын, қас болсын, адам қанына ортақ болу, кісі өлтіру дегенді бұл тіпті елестетіп те көрмеген... Мына кереғарлықты қойсайшы, керек десеңіз, Ерасыл бала кезінде соғысты бүкіл болмысымен жек көретін-ді» [4,44.], – деген сөздерден көрініп тұрғанындай, ол жорық жолына, соғыс өнеріне деген әуестігінен, бойындағы қанқұмар қаталдығынан түсе қоймағанына автор баса назар аударады.

Ерасылдың жаудан кек кайтару мотиві эпостық дәстүрмен үндесіп жатқаны сөзсіз. Алайда, бұл авторлық қиялдан туған мотив емес, керісінше Қабанбай батырдың өмірінен алынған тарихи шындық. Сондықтан да, мұнда автор Ерасылдың жаудан кек қайтаруын өмір шындығына сай, өте шынайы, терең психологизммен ашады. Ерасылдың Өлжені өлтірудің оңтайлы уақытын күткен кездегі психологиялық көңіл-күйі де өте әсерлі, шебер ашылады: «Мұндайда уақыттың жылжымай қоятын әдеті ғой. Мүмкін арада оншалық көп уақыт өтпеген шығар, бірақ алда не боларын білмей, тықыршып отырған Ерасылға сол аз мерзімнің өзі жылдан ұзақ көрінді». Бұл баян Ерасыл тарапынан айтылып отырғандай, сондықтан да, уақыт мөлшері өте ұзаққа созылған. Ал, келесі «Мүмкін арада оншалық көп уақыт өтпеген шығар, бірақ алда не боларын білмей, тықыршып отырған Ерасылға сол аз мерзімнің өзі жылдан ұзақ көрінді» деген сөйлем, енді автор тарапынан айтылған баяндау. Мұнда автор өзінің бейтарап тарапын сақтай отырып, уақыттың объективті өлшемін көрсетіп отыр. Көп уақыт өткен жоқ, тек Ерасыл үшін, сол аз уақыт өте ұзаққа созылғандай. Мұнда Ерасылдың бүкіл жүйкесі үзіліп кетердей тартылып тұрғаны білінеді. Міне, осы жағдайда, оның көңіліне не бір күдікті ойлар келеді. Егер Өлже Ердене айтқандай сыртқа шықпаса не істемек? Бірақ қалайда мақсатын жүзеге асыруға бекінген Ерасыл оның да қолма-қол шешімін табады: «Онда ел ұйықтаған соң үйге кіріп, кеудесіне міне түскеннен басқа амал жоқ»[4, 58.].

Үзінділерден ерім, батырым, елім  деп  атқа қонған Қабанбай бейнесін анық көреміз. Оның намыс пен батырлықты жастан серік еткеніне де куә боламыз.  Туған  жер, атақоныс, атамекен үшін, ел үшін күрес, ерлік, ерлікке бара алған ерлер ісі Қабанбай батыр  ерлігінің  түп – тамыры  тәрізді. Шығарма бейбіт өмірді, елді, туған жерді, Отанды сүюді, татулықты аңсайды.Сол үшін ғұмырын сарп еткен Қабанбай батыр  бейнесін сомдайды.

 Жаңа сабақты пысықтау: Оқушыларға жетекші сұрақтар беріп, мұғалім сабақты пысықтайды.

Сұрақтар: 1. Қабанбай батыр  туралы туралы не білесің?

Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясының ерекшелігі?

Р.Батырбаевтың «Бұқарбай батыр»  дастанының көркемдігі?

 Қабанбай батыр  туралы басқа шығармалар жайлы не айтасың?

Қ.Жұмаділов туралы, оның шығармашылығы туралы не білесің?

Сабақты қорыту.  

 Үйге тапсырма.   1.Романды мәнерлеп оқу, үзінділер жаттау.

2. Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы   оқып, конспектілеу.           

Бағалау.  Сабаққа қатысқан 6-7 оқушыны бағалауға болады.

            Міне, осыны басшылыққа ала отырып, мысал-жоспарда көрсетілгендей Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясын оқыту мәселесін тұтастай немесе жекелеген тақырыптар бойынша оқыту қажет. Өйткен бұл – уақыт қажеттігі, бұл, тіпті сайып келгенде ел мүддесі екені ақиқат.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж.

2.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва;ВШ, 1989..

3.Табанбаев Б. Оқытушының күнделікті сабақта тиісті қосымша материалдарды орынды пайдалануы // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003, № 3.

4. Жұмаділов Қ. Дарабоз: Тарихи роман.І к. – Алматы;Шабыт, 1994.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз