Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ

  

 

Құсейнов Серік Әбсадықұлы,

мұғалімнің кәсіби дамауын психлогоиялық-педагогикалық 

қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы

Село – бұл халық өмірінің образы, мәдениеті мен дәстүрінің,

салты мен рухани өмірінің қайнар көзі.

                                          Н.Ә.Назарбаев.(Қазақстан халқына Жолдауынан)

           


        Қазақстан Республикасы президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына  Жолдауында – «Село – бүкіл халық өмірінің образы, мәдениеті мен дәстүрінің, салты  мен рухани өмірінің қайнар көзі» -  деп атап өткен болатын. Шағын жинақталған мектептердің басым көпшілігі ауылдарда  орналасқандықтан, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

            Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі – олардың шағын жинақталғандығы,   облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 14.5 пайызы шағын жинақты мектепті құрайды.

            Шағын жинақталған мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің еңбегі бірнеше факторларға байланысты өзіндік  ерекшеліктерге ие. Шағын жинақталған мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерге тән бұл ерекшеліктер негізінен мынадай болып табылады.

                   1.Шағын жинақталан мектептердің мұғалімі бірнеше  пәннен сабақ бере алатын, әсіресе бастауыш буында бір мезгілде әртүрлі құрамда қамтылған бірнеше сыныппен қатар жұмыс істейтін мұғалімдер болып табылады.

                   2. Шағын жинақталған мектептің мұғалімі бір сыныптан екінші сыныпқа сабақ өтуге бейімделуге, балаларға педагогикалық әсер етудің әртүрлі әдіс- тәсілдері кешенін меңгеруге, оқушылардан сабақ сұраудың әртүрлі формаларын қолдануға дайын болуы қажет.

            3. Шағын жинақталған мектептің мұғалімі  ауылда ерекше рөл атқарады. Ол көпқырлы қызметінде ағартушы, тәрбиеші, кеңесші, шығармашылық істер иесі және тағы басқада қызметтерді ұйымдастырады.

            4. Шағын жинақталған мектептерде әдістемелік бірлестік жұмыстары мұғалім санының аздығына байланысты жекеленген пән бірлестігі  құрылмай, топқа бөлінгені дұрыс. Олар: Бастауыш бірлестігі, Жаратылыстану пән бірлестігі, Гуманитарлық бағыттағы пән бірлестігі, Сынып жетекшілерінің пән бірлестігі болып, топталғаны дұрыс.

            Қазіргі уақытта мемлекеттік білім беру саласындағы саясаты шығармашыл, сындарлы ойлайтын,  өз мүмкіндіктеріне сенімді, әртүрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау мәселесіне басым бағыт беріп отыр.

            Осыған байланысты жалпы білім беретін мектептерде, оның түріне, типіне, орналасқан жеріне қарамастан, оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады.

            Шағын  жинақталған мектептер жалпы білім беретін мекемелердің бірі бола отырып, бірқатар әлеуметтік – экономикалық  себептерге байланысты қазіргі қалпында оқытудың сапасын жетілдіру, Мемлекеттік стандарт талаптары деңгейіне сай, білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндігі  аз. Мұндай мектептерде бүгінгі күннің талабына сәйкес пәндерді тереңдетіп оқыту, бастауыш, (орта, жоғары) кәсіби білім негіздерін жасау, оқушылар үшін білімділік қызметтердің қол жетерлігін, қамтамасыз ету мәселелері аса қиын.

            Халыққа білім беру проблемаларына байланысты шағын кешенді мектептердегі оқыту жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе болып келеді. Себебі шағын кешенді мектептер көбіне шалғай жатқан ауылдарда орналасқан. Ал қазіргі заман талабы келешек еліміздің тұтқасын ұстайтын білімді ұрпақ тәрбиелеуді талап етіп отыр. Мектеп қашанда әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі болып келеді.

          Қазақтың кемел дарын, таңғажайып, талантты ұлт ұстазы А.Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», - деген. Ұстаздың айтқан асыл сөзі әлі күнге өз құндылығын жойған жоқ. Бүгінгі таңдағы ауыл мектептерінің ерекшелігі олардың шағын жинақты болуында. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын жинақты мектеп оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптары бар, оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген. Республикада шағын жинақты мектептің үш типі болатын болса, біздің мектебіміз орта шағын жинақты мектепке жатады.

         Біздің мектебіміз шалғайдағы шағын ауылдық жердегі адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі. Осы орайда бұл типтегі мектептерде оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда қолайлы жағдайлар да жеткілікті. Мысалы, ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының барлық жағдайы мен үй-тұрмысы, ата-аналары туралы да толық мәлімет алуға мүмкіндік бар. Сондықтан ауыл мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы ауылдың әлеуметтік жағдайын зерттеуден бастаймыз. Бұл іс-әрекеттің оңтайлы және жағымсыз жақтары да кездеседі. Дегенмен қазіргі уақытта жаңадан салынған мектептерде шағын орталықтардың ашылуы бірқатар мәселелерді шешіп отыр. Яғни мектепке келетін бала мектептке дейінгі мекемеде тәрбиелене алады. Ал мектепке келгенде баланың дайындығы болады. Ал ауыл мектептерінде оның ішінде шағын мектептерде ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан жұмыс жасауда көбіне қиыншылықтар кездеседі. Қазіргі білім жүйесінің құрылуы мен қызметіндегі өзгерістер біздің мектебіміздегі оқу-тәрбие жүйесіне де оң әсер етуде. Мектеп мұғалімдері мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамытуы педагогикалық ойлаудың жаңа басты элементі. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады. Олардың сапасы мен мөлшері мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады. Мектептегі білім мазмұнында қаралатын негізгілері:













           


Ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту мақсатында мұғалім мен оқушы арасындағы тұрақты классикалық схемадан бас тартып, қажетті дәлелдемені құруға міндетті мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара іс-әрекетті ұйымдастыруды қажет етеді. Мысалы, оқушылар бірлесіп жұмыс жасауы үшін қызықты проблемалар мен міндеттерді ұсынуға болады. Жеке тұлғаны қалыптастыруда тек білім мен тәрбие ғана маңызды емес, сонымен бірге әлеуметтік тәжірибені де іске асыру міндеті тұр.

             Қоғамдық – тарихи тәжірибеге қарасақ, біз өз тәжірибемізде оқушылардың ойлау белсенділігін максималды дамытып, ойлауға, білімді өзіндік толықтыру мен жаңартуға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретеміз. Білім сапасына жету үшін әуелі мектеп мұғалімі барлық талаптарға сай болуы тиіс. Мысалы, шағын жинақты мектептегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделі:















  















              


Қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері шығармашылықпен жұмыс жасап, бірнеше пәндерді бір мезгілде және параллель оқытуды жетілдірудің теориясы мен әдістемесін зерттеп, дидактикалық материалдар жасап, сабақтың өз дәрежесінде өтуіне және оқушылар білімінің талаптарға сай болуы үшін еңбек етуде. Ал шағын жинақты мектепті басқару - өзге мектептерге қарағанда  өзгеше парыз деп білемін. Өйткені шағын жинақты мектептің қызметі бүгінгі заманның сұранысын болашақтың талаптарымен ұштастыра отырып, ауыл жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Мұның өзі мектеп басшысынан кәсіби икемділік пен ұшқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әрекетінде біліктілікті талап етеді. Бұл талап ең алдымен басқару әрекетіндегі нақты мақсат қоюдан басталады. Алға қойған мақсатқа жету үшін соған сәйкес міндеттердіжәнеоны орындаудың тиімді жолын анықтап, жүзеге асыру қажет. Ол міндеттерді 4 топқа бөлемін.








Шағын жинақты мектепті басқару мақсаты мен міндеттерді жүзеге асыруда басқару принциптеріне сүйену керек. Солардың ішіндегі күрделісі – ғылымилық принципі. Мектепті басқаруда басшыларға жеке бастың тәжірибесіне ғана сүйеніп басшылық етуге болмайтыны белгілі. Ол басшылардан саяси есеюді, кәсіби білгірлікті, басқару теориясы мен практикасы саласынан да жан-жақты терең білімі болуын, педагогикалық-психологиялық ғылым жетістіктерін де өзінің күнделікті жұмысында пайдаланып отыруы керек. Ал демократиялық принцип мектеп жұмысына қалың бұқараны кеңінен тарту, ұжым мүшелеріне дербестік беру. Соның нәтижесінде оқушы мен мұғалімнің жеке ерекшеліктері дамып қана қоймай, жеке бастамалар мен шығармашылық жұмыстардың іске асыуына жағдай туғызады. Мектеп басшысы барлық ұжым мүшелері арасында еңбекті дұрыс бөлуге қам жасап, ұжымдық шешім жасауды ұйымдастыра біледі. Алдағы жұмысты дұрыс болжап, оның нәтижелі аяқталуына ықпал етеді. Бұл өте тиімді. Мұндай жағдайда ұжымда еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге кадрлардың ұжым ықпалымен қалыптасуына, тәрбиеленуіне, олардың белсенділігін арттыруға, біржақтылыққа соқтырмауға әсер етеді. Мектепті басқарудағы ең маңызды есте ұстайтын нәрсе – ол әлеуметтік құндылық-адамға бағыттау. Бұл басқарудың өте бір маңызды жағы. «Адамнан құнды, адамгершіліктен асқан мәңгілік асыл жоқ»- деген данышпандарымыз. Бүгінде білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыруда басқару тәжірибесінің тиімді жақтарына сүйене отырып, осы армандарды жүзеге асыратын күн туып отыр. «Біздер өзгедегі өзгерістерді көргіміз келсе, алдымен сол өзгерістер өзімізде болуы керек» деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Жексенбаева Ү.Б. 12 жылдық оқыту мәселелері. Астана, 2006

   2.Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Негізгі ережелер.Алматы, 2002

   3.Мектеп директоры. Шағын жинақты мектептегі қиындықтарды жеңу жолдары. А., 2005

   4.Ешенқұлова Г. Ауыл мектебінің жайы. Алматы, 2008

  5.Т.И.Галкина. Новая настольная книга директора.Ростов-на-Дону. 2007 ж.     66-67 беттер.

  6.В.В.Котельникова. Инновационные школы конурсный отбор. Ростов-на-Дону. 2006 ж.

  7.Ж.Әбиев.Педагогика тарихы. Алматы. 2006 ж. 270-273 беттер.

  8. Шағын  мектеп.  Ғылыми  әдістемелік - педагогикалық  журнал.

   9. Жинақталған  комплектілі  мектептегі  оқытудың  мазмұны  мен әдістері   А. Асқарбаев,  Г. М.  Храпченков

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз