Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗІН – ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘСЕРІ ЖАЙЛЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ӘДІС –ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ


 

Орманов Оразбай Айтбаевич

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы

Туындыбаева Гульзинат Жеткербаевна

№278 орта мектептің математика пәні мұғалімі

 

 


          Қазақстан Республикасының президенті  Нұрсұлтан Назарбаев   2006 жылдың  мамыр айында  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында “Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі білімге ұмтылмаса, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды” деп айтқан еді[1].

            Өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру арқылы тұлғаның қалыптасуына оң әсерін тигізетіндігі белгілі. Мұны түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жетілдіруге болады.

            Бірінші жаттығу:«Өзіңді-өзің  бағалау әдістемелері».

            Нұсқау: оқушыларға 8 шеңберді суреттеуді ұсынады, содан соң бір шеңберге тез «Мен» деген  сөзін жазу керек. Жазған сөздер сол жаққа жақын орналасуы, оқушының өзін – өзі бағалауының төмендігін көрсетеді

            Өзін – өзі бағалау? Оны кім қалай түсінеді? Қатысушылар өз жауаптарын береді, содан соң психолог сол жауаптарға сүйене отырып жалпылама түрде  «өзін-өзі бағалау», «адекватты өзін-өзі бағалау», «төмен өзін-өзі бағалау» түсінігіне сипаттама береді..

            Өзін-өзі бағалау – адамның өз сапаларын, кәсіби білімі мен білігін яғни оның қадір-қасиеті мен кемшіліктерін бағалау. «Өзін-өзі бағалау» термині өзі туралы көрініске сипат бере отырып өзін бағалауы, кей жерлерде өзін басқамен салыстыру элементі болады. Өзін-өзі бағалау адекватты, төмен және жоғары болуы мүмкін.

            Адекватты өзін-өзі бағалау – адам өзін шынайы бағалайды, яғни ол өзінің кемшіліктері мен жетістіктерін біле алады. Ол өзін қоршаған орта жағдайына байланысты бейімделе алады.

            Төмен өзін-өзі бағалау – өзіне өзі сенімсіз, ескертулергебарлық уақытта  тек қана өзін кінәлі сезінетін, көңіл аудармайтын ұсақ-түйек заттарға уайымдау және үрейлену. Бұндай адамдар өзіне жиі сене алмайды және ондай адамдар үшін шешім қабылдау өте қиын. Олар өте сезімтал, күмәншіл.

            Жоғары өзін-өзі бағалау – ондай адамдар өзіне – өзі сенеді, өзінің жетістіктерге жететіне өте  сенеді, әрдайым өзін жеңімпаз ретінде сезінеді.

            Екінші жаттығу: «Сен қандайсың, мен сені солай жақсы көрем!».

            Мақсаты: топтағы қатысушыларды өздерін дұрыс қабылдауларына мүмкіндік беру, үйрету.

            Нұсқау: қатысушылардың әрқайсың қолдарыңа айна алып, оған асықпай қараңыздар да, өздеріңіздің есімдеріңізді атап: «Сен қандайсың, мен сені сондай жақсы көремін!». Сонымен қатар қатысушыларға өздерінің бойында ұнаған барлық жағымды қасиеттерін де  атауға болады[2].

           

            Үшінші жаттығу: «Шамшырақ (маяк)».

            Мақсаты: топ қатысушыларын ресурстық қалпына әкелу және олардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату.

            Нұсқау: релаксациялық музыка қосылады.

            Сұрақ:Шамшырақ дегеніміз не? Жауап:Бұл кемелерге дұрыс жол көрсететін шамдар жарығы бар мұнара. Қазір өздеріңізге қолайлы отырыңыздар да, өзіңізден бүкіл қажуды, шаршауды және теріс ойларды алып тастаңыз. Көздеріңізді жұмып, үш рет терең тыныс алыңыз...

            Денедегі ауыртпалық күші ақырын, бірте-бірте кетеді, сіз еркіндік және босаңсу қалпына жетесіз. Сіздің денеңіз еркін демалуда.

            Көзіңізді жұмыңыз ... Тек мені ғана тыңдаңыз. Бүкіл зейініңізді менің дауысыма аударыңыз. үш рет терең тыныс алыңыз және терең тыныс шығарыңыз. Мұрныңызбен тыныс алып, ауызымен тыныс шығарыңдар. Сіз ешқандай алаңдамай  тек қана менің дауысымды есіп отырсыз. Сізді мазалайтын барлық ойлар кетіп отыр...

            Материктерден алыс орналасқан  кішкентай аралды көз алдыңызға елестетіңіздер. Сол аралдың шыңында – биік және күшті тұрғызылған шамшырақты(маякты) елестетіңіздер. Сіз өзіңізді сол аралдың ең биік шыңында тұрған шамшырақ(маяк) ретінде сезініңіздер. Аралдан соғып тұрған дауыл желдер сізді қозғалта алмайды, сіз орныңызда мығым тұрсыз. Ауа-райының бұзылғанына қарамастан сіз  жоғары шамшырақ орналасқан мұнараның жоғарғы қабатының терезесінен кемелерге бағыт беретін күшті жарықты бағыттайсыз. Сіздің күшті жарығыңызда қолданылатын энергияның күшін естен шығармаңыздар. Бұр жарық кемедегі  адамдар, матростар үшін қауіпсіздік белгісін көрсетеді[2].

            Енді сіздер,  ешқашан өшпейтін және өзгелерге әрқашан жарақпен жылулықты беретін өздеріңіздің ішкі жарақтарыңызды  сезініңіздер. Осыған барлық  ішкі сезімдеріңіз бен ойларыңызды аударыңыздар. Осы жарықтың барлығы сіздің барлық дене-мүшелеріңізе жайылып сізге қажетті қуат, жігер бергендігін сезіндіңіздер. Сіз өзіңізді еркін, бос, тәуелсіз және өзіңіздің бойыңыздағы  сенімділік пен қуатты сезінесіз. Сіз енді терең тыныс алып,  сіздің бойыңызға қажетті энергияны, өзіңе-өзің сенуді, бостандықты, тәуелсіздікті бойыңызға сіңіріңіз. Ал тыныс шығарған кезде, осы сезімдерді өз бойларыңызда қалдырыңыздар. Енді қайта терең тыныс алып, оны сыртқа шығарамыз. Ал енді қолдарыңызды жоғары көтеріп, мысық сияқты “мяу” деп, көздеріңізді ашыңыздар. Денелеріңізге не қажет сол әрекеттерді, қимылдарды жасаймыз.

           

            Рефлексия:

Өздеріңіз туралы не білдіңіздер?

Бүгін алған білімдеріңіз сіздерге келешекте қажетті деп ойлайсыздар ма?

Әр адамда өзін-өзі бағалау деген қасиет бар. Сондықтан да, адам  өзін-өзі әрқашан жақсы көру керек және өзіне-өзі деген сенімі жоғары болуы керек.

Төртінші жаттығу: «Кері байланыс немесе рефлексия»!

Мақсаты: бүгінгі өткен күн бойынша талдау жасау.

Нұсқау: Бүгінгі өткен тренингтік жасаған жаттығулар жайлы қорытынды жасау үшін ақ қағазға “бүгін не істеді?”, “қандай шешім қабылдады?”, “өзіне не алғаны?” туралы жазу.

Өзіндік баға беруді анықтау.  Сұрақтар қою арқылы,  берілген сұрақтарды келесі ұпайлармен  бағалау керек:

өте жиі – 4 ұпай;

жиі – 3 ұпай;

 кейде – 2 ұпай;

 сирек – 1 ұпай;

ешқашан – 0  ұпай.

Егер 10 балдан төмен болса, сіге өзіңізді басқалардан биік санаудан, өзімшілдіктен мақтаншақтықтан арылуыңыз керек.

Егер тест нәтижесі өзіндік бағалаудың төмен деңгейін көрсетсе, онда уайымдамаңыз. Өзіндік бағалауды көтеруге болады. 

“Мен Кіммін?” тәсілі.

    Топта мынандай тәсіл бойынша эксперимент жүргізілді: топтың әрбір мүшесі “мен кіммін?”  деген сұраққа 20 рет жауап береді, осылай дайын болған “портреттер”  автордың аты көрсетілместен топтың басқа мүшелеріне таратылады. Өкінішке қарай “портретті”  дәл тауып анықтау өте сирек болды. Ал, экспериментке қатысқан  топтың бір мүшесі бірде- бір адамды анық таба алмады.  Бұл көпшілік жағдайда адамның өзі туралы өзінің “мен-концепциясының”, өзі арласып жүрген адамдардың ол туралы қалыптасқан “сен – концепциясымен”  сәйкес келе бермейтіндігін көрсетеді. Бұндай жаттығулар адамның өзіне – өзі сырт көзбен қарауға мүмкіндік береді[3].


Кесте 1

Мен  кіммін?

Аты-жөніңіз

____________________________________________________

Өзіңіздің пікіріңіз

Сіз туралы әріптесіңіздің пікірі

Сіз.......

1.салмақтысыз

2. өзіңе-өзің сенімдісіз

3. қарапайымсыз

4. адалсыз

5.сүйкімдісіз

6. өз қадіріңізді білесіз

7. іскерсіз

8. сыпайысыз

9.еңбекқорсыз

10. шаруақорсыз

11. түсінушілік  басым

12. ұйымшылсыз

13.мамандық бойынша құзырлысыз

14.жауапкершілік жоғары

15. жинақтысыз

16.иланғышсыз

17.ұстамдысыз

18.барлық уақытта өз біліміңізді жетілдіріп отырасыз

19.біліміңіз жоғары

20.біліміңізге ісіңіз сай

21.оқушыралға бағаны объективті қоясыз

22.оқушылар сізді сыйлайды

23.оқушылармен тез тіл табысасыз.

24.мектепте мәртебеңіз жоғары т.с.с.

 


P.S.Әрине, таблицадағы сұрақтар түсінікті болу үшін тек мысалы  ретінде қойылды және толтырушының аты жасырын түрде болады.

Сонымен қатар тренер ретінде топ мұғалімдерімен жұмыс жасау барысындағы жасалған қорытындыларымды да қосқанды жөн көріп отырмын.

Оқытушы-тренер технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім бойынша толық хабардар, оны практика жүзінде іске асыра білетін болуы керек. Сабақ өту барысында біздің алдымызда отырған кемі 5-6 жыл мектепте жұмыс жасап тәжірибе жинақтаған педагогтар екенін ескеріп отыруымыз, жоспарды топтың ыңғайына қарай оңтайландырып отырғанымыз жөн. Бағалауға арналған нұсқаулықта айтылғандай «Ересектерді оқыту ғылымы андрагогика деп аталады. Осы тұжырымдамамен  аса  көп ассоциацияланатын маман – Малкольм Ноулз (1984), ол андрагогиканы «ересектерге оқытуда көмек беру ғылымы және өнері» ретінде сипаттайды. Өзінің «андрагониялық оқыту моделіне» негізделе отырып, Ноулз ересек оқушылардың сипаттамалары туралы келесі болжамдарға сүйене отырып, ересекті оқыту баланы оқытудан ерешекеленеді деп есептейді:

ересек білім алушылардың  бір және одан да артық оқушыларды оқыту үшін негіз болып табылатын үлкен өмірлік тәжірибелері бар;

олардың жұмысына немесе жеке өміріне қатысы бар нәрселерді зерттеуге ересектер үлкен қызығушылық байқатады;

пәннің мазмұнына қарағанда жұмыста тапсырмалар немесе мәселелер бойынша көмектесетін оқуға ересектер аса ықылас бөледі. [4]

Тренердің жұмысының сапалығы ең алдымен топ мұғалімдерінің бағдарламаның түйінді иделарын түсініп білуі, практика жүзінде қолдана білуі және алда дамыту жөнінде жоспарлау алуынан көрінеді. Сабақты жоспарлағанда бағалаудың оқу процесінде алатын орнының ерекше екендігін ескеріп, барлық мұғалімдерді қамти отырып, талдау талқылау жүргізіледі. Өзінің және әріптесінің рефлексивтік есебін қарай отырып, мұғалімдер бағалау процесі туралы, оны практика жүзінде қалай тиімді пайдалануға болатындығы туралы білім-біліктерін жетілдіре түседі. Порталда берілген материалдағы бағалаудың 12 стратегиясын бір мұғалімнің өзінің тізбектелген сабақтар топтамасында қолданып үлгермеуі мүмкін, ал жұп болып, топ болып өз есептерін талдау барысында ол өзінің пайдаланып үлгермеген жұмыстарын әріптестерінен көру арқылы болашақтағы сабақтарда қалай пайдалануын жоспарлай алады. Критерий арқылы бағалауды өз сабақтарында қалай пайдаланғандығы, критерийлер мен дискрипторларды ұсыну кезінде оқушылардың үлкен ықылас танытқандығы, Де Бонаның алты қалпағы арқылы жұмыс барысында тиімділікке қол жеткізгендері көрінді. Сабақ барысында ұйымдастырылған «жәрмеңке» кезінде мұғалімдер үлкен ықыласпен тыңдап, өздерінің «екі жұлдыз, бір ұсыныстарын» береді.  «Жәрмеңке» кезінде мұғалімдерді топқа бөліп, белгілі бір уақыт аралығында «жәрмеңке» ұйымдастырушы мұғалімдердің сабағын көріп өздерінің ұсыныстар мен пікірлерін айтып үлгеретіндей етіп ұйымдастырылады. Бұл арқылы топтың қалған мұғалімдері «жәрмеңке» өткізген мұғалімнің  жұмысын өзінің жұмысымен салыстыруға мүмкіндік алды және төрт мұғалімнің ұсыныстарын есту арқылы білгенін дамыта түсті. Бағалау арқылы сабақты жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұрады:

Не үйрендім?

Өз есебіме нені қосамын?

Тапсырма мен Бағдарламаның модулінің арасындағы байланысты қалай жетілдіремін?

Топтық жұмыста топ мүшелерінің арасындағы үйлесімділік қалай болды?

Не қиындық келтірді?

Болашақта нені өзгертемін?

Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдердің осы бағытта қандай жұмыстар өткізгенін талқылау және таныстырылым дайындау үшін «Шеңбердегі әңгіме» тәсілі пайдаланылады. Берілген тақырыпты ашуда бұл әдістің тиімділігі мұғалімдер шеңбердң жұп құрай отырып, алдымен бір мұғалімнің тәжірибиеде қалай қолданғанын біліп алып, сонан кейін орын ауыстырып отырып, келесі мұғалімге өзі түсіндіреді. Келесі ауысқанда басқа мұғалімнің тәжірибиеде қалай орындағанын естиді де сонан кейін барлық естігендері мен өзінің тәжірбиесін қоса отырып басқа мұғалімге түсіндіріп береді. Сонан кейін ішкі шеңбер бір топ, сыртқы шеңбер екінші топты құрап берілген тапсырма бойынша топтық таныстырылым дайындуға кірісті. Таныстырылым дайындау барысында әрбір мұғалім өзінің білгенін айтып постер мен таныстырылым слайдын мазмұнды етіп шығаруға ат салысты.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу – білімді жетілдіру арқылы білім эканомикасына. – Егемен Қазақстан, 2006, 27 мамыр.

2. Кукушкин В.С. Общие основы педагогики. - Ростов-на-Дону, 2000.–367 с.

3. Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. - М., 1998. – 265 с.

4.   Бағалауға арналған нұсқаулық.

5.   Мұғалімге арналған нұсқаулық. 60-бет.

 


 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз