Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖАҚЫН ЖАНДАР


Баймұханова Фарида Жұмаділдақызы

Т.Рысқұлов атындағы  №222 мектебінің

«Қазақ  тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі

 

 


«ХХІ ғасыр – білекке емес, білімге сенетін заман!»

Н.Ә.Назарбаев

     «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ айтқандай егеменді еліміздің білім саласына өзгерістер еніп, жаңа талаптар қойылып отыр.Жаңашылдыққа бет бұру – заманның жаңа талабы. Медицина саласынан кейінгі көкейкесті ауқымды мәселелердің бірі, ол – білім алу.Білім алып, өз еліңе адал қызмет ету арқылы өзіңнің Отансүйгіш азамат екеніңді байқату адамдықтың белгісі деп білемін.

     Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп бекер айтпаса керек- ті. Мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған бүлдіршіндерден парасат парқын бағамдайтын табысқа ие тұлғалы азамат пен азаматшаларды үлкен өмірге дайындау мұғалімдердің құзіретінде екенін қазіргі қоғам күннен – күнге айқындай түсуде.Үштік қоғам ықпалдаса бірлесіп жұмыс жасауда дегенімізбен, көбінесе жүк салмағы мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің тарапында екені айдан анық. Заманның талабына сай мұғалімнің біліктілігін  арттыруға өзіндік зор үлесін қосып жүрген «Педагогикалық шеберлік орталығы» мекемесі әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламалары бойынша курстан білім алуым, ол- балаларға берер базарлығым секілді әрі жаңа, әрі құнды болмақ. Тың идеяларымен бөлісіп, дәрісті тиімді оқып, тиімді оқытуға бар күш – жігерін жұмсаған тренерлер мен үшін «жаңашылдықтың жаршысы» іспеттес көрінді және оларға айтар алғысым шексіз. Қазақ тілін жаңа мазмұнда игерту үшін түрлі тренингтер өткізіп,бірталай оқу стратегияларын, тілді меңгертудің әдіс- тәсілдерін үйретіп, алған білімді тәжірибеде қолдана білудің, яғни, өмірмен байланыстырып отырудың маңызды екенін аңғаруымызға ат салысты.

      Ұлттық құндылықтарымыздың бірі ана тілін, яғни, қазақ тілін деңгейлеп оқытуда тыңдалым, айтылым,оқылым,жазылым дағдыларын қалыптастыру қағидатына сүйену басты ерекшелік екенін түсіндім. Сондай-ақ, курста білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық.Берілген білімнің нәтижесін анықтау үшін оқуға ынталандыратын және оқушының жеке дамуын анықтауға мүмкіндік беретін қалыптастырушы, жиынтық бағалауларының түрлері және диагностикалық бағалау ерекшеліктеріне жеке – жеке тоқталып олардың сабақ құрылымынан көрініс табатынын аңғардым. Жаңа стандарт өз бетімен білім алуға қабілетті, үнемі ізденісте жүруге ұмтылатын оқушы тұлғасын қалыптастыруды көздейді.Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі де сол, жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды сауатты мұғалімдер қатарын көбейтуі қуантарлық жайт екенін жасыра алмаймын.

      Қазақстан Республикасының Елбасы   Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050 : бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс» , -  деген болатын.

      Ендеше, алдымызда отырған оқушылардың сапалы білім алып, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасайтын бірден – бір тұлға ол - ұлағатты ұстаздар қауымы екенін нық сеніммен айта аламын.Ұстаздар әрқашан жаңашылдыққа жақын жандар. Оқушыларды эссе  жазуға дағдыландырудағы сын тұрғысынан ойлау әдістерінің тиімділігі

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес,келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет»                                                  М.Жұмабаев

СТО технологиясының мақсаты мен міндеттері, түрлері

а) Практикалық қадамдар немесе эссе жазудағы тиімді СТО әдістері

ә) Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды оқушы бойына сіңіру

ІІІ. Қорытынды бөлім

Эссе жазу арқылы  жеке  тұлға қалыптастыру

       Эссе оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады  және  жазу мәдениетін де қалыптастырады. Оқушының әрбір сөзі, ойы анық,нақты, айқын түсінікпен сәйкес келіп, сезімін, идеясын дәл бейнелеуі тиіс.

Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. Сондықтан әр оқушының эссесі осы анықтамаға сәйкес болу тиіс деп ойлаймын.

Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі. Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән.  Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 300 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді.

Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге кейіпкер де бола алуы қажет.Сонымен біргешығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңайемес екенін ұмытпаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.

Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;

 Жаңартылған оқыту жүйесіндегі жаңа әдіс -тәсілдерді пайдалану-осы    эссе жазу кезіндегі оқушының жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, бір тақырыпқа жан-жақты көзкараспен қарауын, шығармашылықпен келуін  қарастырады.

Соңғы кездері эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.

Әрине жас маман ретінде өзімнің  іс-тәжірибемді дамыту, мақсатыма жету жолдарымда түрлі нәрселерді пайдаланып көру, өзгелердің сабағына кіріп жақсы жақтарын өз тәжірибеме ендіру жұмыстарымның барысында  оқушыларға эссе жаздыруда осы қазіргі

      Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын  ең басты педагогикалық  модуль - сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздедім.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады.

СТО технологиясының  мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. Бұл технологияның басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 – ден асады.

СТО - дамыту сабақтарының міндеттері үш түрлі болады. Олар:

1.Мазмұнға байланысты.

2. СТО - ды дамытуға байланысты.

3. Топпен жұмысқа байланысты.

СТО технологиясының сабақ кезеңдері: 

Қызығушылығын ояту – Эвокация.Мағынаны тану - Реализация. Ой толғаныс - Рефлексия.

Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.

Реализация – оқып жатқан тақырыптардың негізгі идеясын түсіну.

Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.

Сабақ кезеңдері

Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар

Қызығушылығын ояту кезеңі:

STOP кадр, Ассосация, Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Ти кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру.

Мағынаны тану кезеңі:

Ти кестесі, Пікірталас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Кубизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру, Еркін жазба немесе эссе  жазу әдісі.  

Ой- толғаныс кезеңі:

Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Фактілі дәлелдер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылауәдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пунктуация., орфография.);

• Юмор, сарказм;

• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:

1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).

2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.

3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын…), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.  Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады   (№1 қосымшада көрсетілген)

Қорыта келгенде, эссе жазудағы оқушы мүмкіндігін жетілдіру үшін сын тұрғысынан ойлау қабілетінің жеткілікті болуы үлкен рөл атқарады. Бұл орайда мұғалімнің де сын тұрғысынан ойлау дағдысының қалыптасуы оның оқыту шеберлігін шыңдайды. Сондықтан, жаңаша оқыту тәсілдерін пайдалану- оқыту мен оқудағы білім сапасын арттыру мүмкіндігіне ие.

 Эссе жазуда практикалық қадамдар:

1 - қадам.Контексті анықтаңыз.

Егерсізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі.

Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы – эссенің негізгі ойы.

2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.

Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шектен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эссеңізде бірнәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы «Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сыйғызу қажет.

3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.

Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.

4 - қадам.Эссені жоспарлаңыз.

Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтауүшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.

5 - қадам.Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.

Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқара смысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң,  барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.

6 - қадам. Қорытынды жазыңыз.

Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?

7 - қадам.Кіріспені жазыңыз.

Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.

8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.

Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.

9 - қадам. Қателерді тексеріңіз.

Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасынан лұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.

Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір- бірінен бөліп қарауға болмайды.Ұлы данамыз Әл –Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген екен.

    Ұлттық мәдени  құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұлттық құндылықтарымызды өз сабақтарымда пайдаланамын. Сабақты түрлендіру арқылы мақал-мәтелдер, шешендік сөздерді қолданып бала бойында ұлтымызға ғана тән терең ойлау, шебер сөйлеу дағдыларын дамытып, тіл көркемдігін сақтауға өз үлесімді қосудамын.

     Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені, әдептілік-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан барысында «әдеп», «әдептілік» деген түсініктер төңірегінде ұйымдастырған мақал-мәтелдер сайысы, ұлттық ойындар игі нәтижесін көрсетті.

Ал қазақ тілі сабағында тіл тарихын, тіл мәдениетін, шешендікті, дәріптеу мақсатындағы сабақтарда бұл мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Алдымен ұлттық бағдарларды қалайша сабаққа енгізе алатынымызға тоқталайын.Негізгі мақсат- қазақ халқының ұлттық бітім- болмысының ерекшелігін таныту.

Жиі  кездесетін  қателіктер:

1. проблема ашылмайды;

2. автордың жеке позициясы көрінбейді;

3. теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. ауыз екі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;

7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;

8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. логиканың болмауы.

Бағалау межелері:

 эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;

тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;

талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдаланаалуы;

нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жазылуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;

 эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;

қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;

     Эссе жазу  оқушының өз ойын дәл және сауатты жеткізуді үйретеді,ақпаратты  жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп- салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысалдар келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады.Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу болып табылады.Осы тапсырмаларды ретімен орындау арқылы оқушының ой – өрісі дамып, дүниетанымы кеңейеді.

     Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе - бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып- толғану.

       №1 қосымша

  


Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады

Р/с

Оқушының аты-жөні

Эссе тақырыбының ашылуы – 

3 балл;

Өз көзқарасын тұжырымдауы -3 балл;

Өз тезистерін сенімді дәлелдеуі - 3 балл;

Орфографиялық және пунктуациялық нориалардың сақталуы – 3 балл.

Ұпай

Баға

1






12

5

2








3








4








5








6








7








8








9








10








11








12








13








14








15








16








17








18








19








20








21








22








23








24








25








    1-3 балл – баға « 2»                                                7- 9  балл баға «4»  

    4 - 6 балл- баға  «3»                                               10-12 балл баға  «5


                          Қолданылған әдебиеттер:

1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».

Алматы, 2004.

2. Қазақстан мектебі. №1,2017 қаңтар.

3.Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде. Ақтөбе, 2012.

4.А.Нурушева. «Эссе жазу жолдары». Көкшетау, 2013.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз