Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетінің даму ерекшеліктері

 Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда ұйымдастырылған, саналы болады, бірақ кемшіліктер де кездеседі. Бастауыш сынып оқушыларында мағыналылыққа қарағанда көру-образдық естері жоғары дамыған. Олар нақтылы заттарды, түрлерді, фактілерді, түстерді, оқиғаларды естерінде жақсы сақтайды. Бұл бірінші сигнал жүйесінің басымдылығымен байланысты. Бастауыш сыныптарда көру-образды есте сақтауды дамыту үшін оқыту барысында нақтылы, фактілік материалдар көп беріледі. Бірақ бастауышсыныптағы балаларды орта буында оқытуға даярлау қажет, балалардың логикалық ойлауын дамыту керек. Орта буында оқушыларға анықтамаларды, дәлелдемелерді, түсініктемелерді есте сақтауларына тура келеді. Балаларды логикалық байланысқан мағыналарды есте сақтауға үйрете отырып мұғалім олардың ойлауының дамуына ықпалын тигізеді. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауының кемістіктеріне есте сақтау процесін дұрыс ұйымдастыра алмаушылық, есте сақтау үшін материалдарды бөлімдер немесе топтарға бөле алмаушылық, меңгеру үшін тірек пункіттерін айқындап көрсете білмеушілік, логикалық схемаларды қолдана алмаушылық жатады.
Бастауыш сынып оқушылары сөзбе сөз есте сақтауды қажет етеді, бұл тілдің толық дамымауына байланысты. Мұғалімдер мен ата-аналар мағыналық есте сақтауды мадақтап, мағынасыз есте сақтаумен күресулері керек. Бастауыш сыныпта сыныптан сыныпқа көшуде оқушылардың есте сақтаулары жақсара түседі. Неғұрлым білімдері көбейген  сайын, соғұрлым жаңа байланыстарды құру мүмкіншіліктері көбейеді, жаттау дағдылары ұлғаяды.
     Бастауыш сыныпта оқушылардың есте сақтауы оқытудың әсерімен 2 бағытта дамиды:
есте сақтаудың рольі күшейе түседі және көру-образдық есте сақтаумен салыстырғанда сөздік-логикалық, мағыналық есте сақтаудың салмағы ұлғаяды
оқушы өзінің есін саналы басқарудың мүмкіндігін игереді, оның көрінулерін реттейді (есте сақтау, қайта жаңғырту, еске түсіру)
Орта буынға көшуде оқушыларда есте сақтау қабілеті қалыптасуы қажет. Есте сақтауға байланысты оқушыларды мақсаттарды дұрыс қоюға үйрету керек. Есте сақтаудың нәтижелігі мотивацияға байланысты. Егер оқушы материалды жақын арада қажет болады деп есте сақтайтын болса, онда материал тез есінде сақталып, ұзақ уақытқа сақталады, нақтылы жаңғыртылады. Бірінші сынып оқушыларында өзін-өзі бақылау толық дамымаған. Олар сабақ барысында материалдарды айта ал ма, сол жайлы ойланбайды.
Көпшілік мұғалімдер материалдың есте сақталуының ең эффективті құралы деп, қайталауды айтады. Мтериалды бірнеше рет қайталау оқушылардың қызығушылықтарын жойып, іштерін пысырады. Сондықта қайталаулар әртүрлі болу керек. Оқушылар оқу алдында жаңа мақсат қою крек. Материалды есте сақтау үшін оқушы оның оған не үшін қажет екендігін білу крек. Материал ойынға немесе еңбек іс-әрекетіне енгізілген жағдайда есте жақсы сақталады. Мұғалімдер оқушыларға материалды есте сақтату үшін  түсіндіру барысында көрнекі құралдарға сүйену керек. Есте сақтауды жақсатру үшін жарысу мезеттерін, мұғалімнің мадақтауын, жақсы баға алу ұмтылыстарын қолдануға болады. Есте сақтаудың нәтижесі – оқушының есте сақталып отырған материалдың мағынасын түсінуі. Материалдың мағынасын ашудың жолдары әртүрлі. Мысалы: мәтінді, әңгімені есте сақтау үшін жоспар құрудың маңызы зор. Әңгіменің бөлімдерінің аттарын жазып немесе тіркеп отыру оны жаңғыртудың тірегі болып табылады.  Оқушылар осы арқылы жеке фактілерді, оқиғаларды ғана есте сақтап үйренбейді, сонымен қатар олардың байланысын түсінеді.
Бастауыш сынып оқушыларының есінің индивидуалдық айырмашылықтары:  Оқушылар арасында есте сақтау үшін материалды бір рет оқып шығу немесе мұғалімнің түсіндірулерін мұқият тыңдап алу олар үшін жеткілікті болатын оқушылар аз кездеспейді. Бұндай оқушылар тек қана тез естеріне сақтап қоймайды, сонымен қатар оқығандарын көп уақытқа дейін ұмытпай, оларды естеріне қайта түсіруде қиналмайды.
Оқығандарын тез жаттап, тезарада ұмытатын балалар да жиі кездеседі. Екінші, үшінші күнінде оқылған материалды еске түсіруде қиналады. Бұндай балаларды ұзақ уақыттық есте сақтауын қалыптастырып, өзін бақылап отыруға үйрету қажет. Сонымен қатар бұндай оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында  жүргізілетін тапсырмалар.
1. «Сөздер» ойыны.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік есте сақтауын дамытуға бағытталған. Оқушыларға берілетін нұсқау: Төмендегі тақырыпқа қатысы бар сөздерді неғұрлым көп жазу крек:
Мектеп, математика, табиғаттану, музыка, кітап, өнер, күз, қыс, көктем, жаз т.б. Әрбір тақырыпқа 5 минут уақыт беріледі. Бұл ойынды оқушыларға жұмыс жүргізу үшін 2-3 сөзден ұсына отырып, бірнеше тәсілмен жүргізуге болады. Егер «музыка» тақырыбы бойынша 8-9 жас аралығындағы оқушылар орта есеппен 7 сөз айтатын болса, онда 15 жасарлар 37 сөз айтады. «Кітап және әдебиет» тақырыбы бойынша бұл көрсеткіштер 5-28 сөзден тұрады, «өнер және туынды» тақырыптары бойынша 4-20 сөз.
2. Оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту мақсатында 10 сөздік әдістемені қолдану.
Оқушыларға 10сөз оқылады: мысық, қаламсап, қызыл, жаман, алма, еден, әлсіз, қасық, қарындаш, орындық.  Осыдан кейін оқушылар оқылған сөздердің ішінен есте сақтағандарын айтып шығулары керек. 6 дұрысеске түсірілген сөз есту арқылы есте сақтаудың жақсы дамуын көрсетеді.
3. «Әңгімені қайта айтып беру».
Оқушыларға нұсқау: Сендерге әңгіме оқылады, оны жақсылап тыңдап алыңдар да 3минут аралығында әңгіменің негізгі мазмұнын жазып беріңдер.
«Құмырсқа мен көгершін»
Құмырсқаның су ішкісі келіп, өзнеге қарай төмен түседі. Оны толқын өзіне іліп алып тартады, құмырсқа суға бата бастайды. Жақын маңда ұшып бара жатқан көгершін құмырсқаны көріп қуанып, өзенге шыбық лақтырды.  Құмырсқа шыбыққа шығып, ажалдан құтқарылады.
        Келесі күнінде құмырсқа аңшының көгершінді торға аулап алғысы келгенін көріп қалады. Ол аңшыға көрінбестен жақындай келіп, аңшының аяғын тістеп алады. Аңшы ақырын жібереді. Бұдан көгершін не болғанын түсініп, тез ұшып кетеді.
 4. Оқушыларға мағынасы жағынан жақын 3 сөз оқып шығу қажет және бұл жағдайда олардың арасындағы логикалық байланысқа көңіл бөлу керек.
спорт – стадион – жарыс
орман –ағаш – тікенек
қала – ғимарат – көше
соғыс –шайқас –әскер
аурухана – дәрігер – сырқат адам
өзен – жаға – су
            Ойындар.
«Кім көп есте сақтайды?»
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. І қатысушы  кез-келген сөзді айтады. Мысалы: гүл, келесі қатысушы айтылған сөзді қайталап, өз сөзін де қосып айтады. Мысалы: орман. Үшінші қатысушы алдыңғы 2 сөзді қайталап (гүл, орман) өз сөзін қосады. Осылай жалғаса береді. Кімде-кім сөзді дұрыс етіп көбірек қайталап шығады, сол жеңімпаз атанады.
«Өлеңдер» ойыны.
Бұл ойынның негізгі мақсаты – мүмкіндігінше көп өлеңдерді еске түсіру. Бірінші қатысушы қандай да болмасын бір өлеңнің куплетін айтады, ІІ қатысушы басқа бір өлеңді есіне түсіріп, айтып шығуы керек, бірақ бұл өлеңде алдыңғы айтылған өлеңдердегі сөздердің ең кем дегенде біреу болуы қажет. Осылай ойын жалғаса береді. Бір минут аралығында ешқандай өлең айтпаған қатысушы ойыннан шығып қалады.
«Қимылдық есте сақтау» ойыны.
Ойыншылар 2 топқа бөлінеді. Жүргізуші әрбір топтан бір-бір қатынасушыдан әділқазы болады. Бірінші бар топ мүшелері 15 секунд билейді, әділқазы мұқият қарап тұрады, екінші топ мүшелері би қимылдарын естеріне сақтап алып, өзгертпей келтірулері керек. Әділқазы ойынға қатысушылардың қимылдық есте сақтауын бағалайды, сонан соң қимылды есте сақтауы жақсы ойынға қатысушыны атайды. Осылайша екі топ орын ауыстырып, ойын реті бойынша жүргізіледі.
«Кімнің заты» ойыны.
Бұл ойынды жүргізу үшін қатысушыларды 2 командаға бөледі. Әрбір команда жүргізуші таңдайды. Ойын мағынасы мынада: жүргізушінің көз алдында оның командасының әрбір мүшесі үстел үстіне бір-бір заттан қояды. жүргізуші қарап тұрып, кім қандай затты және кімнен кейін қойғанын жақсылап есте сақтап қалуға тырысуы керек. Жүргізушілердің жауаптары бағаланады. Ойынға барлықтары қатысуы қажет.
«Тексті есте сақтаймыз» ойыны.
Қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Жүргізуші мәтінді оқиды. Алдымен барлық қатысушылар мәтінді мұқият тыңдап алады. Содан соң әрбіреуі 1 парақ қағазға, нені есінде сақтап қалды, соны жазады. Әрбір топ мүшелері хабар алмасып, мәтінді ойында сақтап қалғандары бойынша құрады. Содан кейін қатысушылардың барлығы қайта жаңғыртылған мәтінді талқылап, нәтижелерді салыстырады.

Байбатшанова  Нұргүл  НаксбекқызыАлматы облысы,  Алакөл ауданы, Екпінді ауылы  
М.Әубәкіров атындағы орта мектебі мектеп жасына
дейінгі шағын орталығы бар кмм педагог- психолог  

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз