Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында халқымыздың ұлттық санасына түбегейлі талдау жасап, қазіргі заманның сын-қатерлерін ескере отырып, оны әрі қарай дамытудың нақты жолдарын айқындап берді. Мақаладағы басты міндеттердің бірі - Отаншылдық, өз жеріңе, өз аулыңа, өңіріңе, өзіңнің туған өлкеңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады делінген.  

         Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Сол ұлттық салт-сана балалардың бойына отбасынан, балабақшадан бастап қалыптасады.

         Осы орайда,  2018 жылдың 19 сәуірінде Алматы қаласы, Жетісу ауданы "№128 бөбекжай-балабақшасының" меңгерушісі Усманова Почунай Джамаловнаның және әдіскер Даулетбаева Амангүл Кеңесбайқызының басшылығымен, балабақша ұжымының ат салысуымен, Рухани жаңғыру аясында "Туған жерім - тал бесігім" атты тақырыпта бүлдіршіндердің орындауында театрлық қойылым өтті.  Бұл қойылымға Алматы қаласы, Жетісу ауданының Білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдиевна, танымал журналист, блогер Мухит Сапарбаев, Алматы қаласы, Жетісу ауданының балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты.

          Бұл қойылымда балабақша балалары Алматы қаласының  пайда болу тарихын, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін әдемі ұштастырып,  көрермендердің назарына үш тілде, актерлік шеберліктерімен жеткізе білді.  Аталмыш көрініс арқылы біз бүлдіршіндеріміздің бойына  Отаншылдық, өз жеріне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыра түстік.  Оны сахналап ел назарына ұсынуына ат салысқан балабақша педагогтары жоғары санатты музыка жетекшісі Маликова Светлана Тимофеевна. Өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілінде шебер сөйлеуіне ықпал еткен жоғары санатты қазақ тілі маманы Токтахунова Калыча Ниязбековна. 

         Қазақта "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деген мақал бар. Бұл мақал бүгінде педагогикалық тұрғыдан тәрбиенің қайнар көзіне айналып үлгерген. Ауыздан шыққан әр сөзге, жасалған әр қимылға оң баға беріп, оның астарынан таным табуға тырысқан халықтың бай рухани мұрасын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместей. Халықтың мінезбен қанға біткен жақсы қасиеттің барлығы жалпы ұлт болып қалыптасу жолында бір ізге түсіп, уақытпен бірге ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналып отырған. Ал біздің ең үлкен байлығымыз - болашақ ұрпағымыз. Олар біздің мемлекетіміздің келбеті, елдігіміздің айнасы, ертеңгі ел тұтқасы. 

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз