Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Шораяқтың Омары

Жалғыз ұл Әбілахат Жанаділден,

Ерекше болды азамат жөнді білген.

Алланың берген артық қабылеті,

Жан-жағын үйреді қызыл тілмен.

Мәртсадық Яхиямен ұстаз болды,

Айқара шәкірттерге ашты жолды.

Ғажайып әрбір еткен еңбегіне,

Риза ел-халықтың көңілі толы.

Істері мағыналы әрі нұсқа,

Бір ғажап айтылады осы тұста.

Жаратқан бар өнерді үйіп берген,

Қас шебер Раушанбек еді ұста.

Қағілез, қарапайым алғыр бала,

Әу бастан аталып ед айналаға.

Жаны пәк, ары таза, адал пенде,

Қызықпас жөнсіз келген пайда ғада.

Жасынан жүре тұғын жақсы аталып,

Үнемі үлкендерден ақ бата алып.

Ақкөңіл мейрімді де Раушанбек,

Қамқорлық жасар елге барын салып.

Жаратқан берген туыс әулетті етіп,

Байлық пен өнер берді дәулетті етіп.

«Шебердің қолы ортақ» деген қазақ,

Омарға кесені салды сәулетті етіп.

Жасынан ұста бала аталады,

Хас шебер қалай тиыш жата алады.

Адал іс бабаларға еткен еңбек,

Риза рухтары аталары.

Риза әр ісіне бүкіл алап,

ИншаАлла орындалды бүкіл талап.

Омар мен Ешнияз салып кесенесі,

Сәулетті ойдан шықты Алла қалап.


Жаратқан сүйген құлға нұрын себер,

Жар болып құдіретімен желеп-жебер.

Мазарын Ешнияз салдың жарқыратқан,

Раушанбек Ізім ұлы нағыз шебер.

Ісінде берекесіз болмас жалған,

Ерлік қып ауқымды істі қолына алған.

«Кете Сал» Ешнияздың кесенесін,

Ізімұлы Раушанбек еді салған.

Адалдан болды нәсібін,

Ұсталық еді кәсібің.

Алланың құлы ардақты,

Ислам еді нәсілің.

Қолы ашық, ер көкірек, көңілі бай,

Тас түйін қандай іске сақадай сай.

Байсерік іс бастаса тындырады,

Қылады жақындардың көңілін жай.

Береке ырыспенен жақын маңы,

Белгілі еңбекпенен ысылғаны.

Айтулы кесенеге еңбегі зор,

Байқалмас қымтырылып-қысылғаны.

Мерейі үстем болған бүкіл елден,

Абырой беріп Алла асқан белден.

Ұрпағы Дүр Омардың Серік ақын,

Қас тұлпар жеке шауып дара келген.

Жасынан аты шығып жанды бағы,

Кездескен сынақтарға сынбай сағы.

Ұшқыр ой, терең сезім, әзір жауап,

Сау болсын әлсіремей тілі мен жағы.

Өлеңдерін сүйіп халқы тыңдаған,

Тәрбиелеп шәкірттерді мыңдаған.

Қазір ұстаз жоғарғы оқу орнында,

Білім беріп талайларды шыңдаған.

Ал бұлар бәйшешегі даламыздың,

Шамдары жарқыраған қаламыздың.

Әр істі атқаратын ұқыппенен,

Ұрпағы ақын Омар бабамыздың.


Авторы: Әбсалам Омаров, ақын, бірнеше жыр дастандар авторы

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз