Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

ТЕКЕЙ БАТЫР

Ұлдары батыр, қыздары асыл,

Елдің шетіне жау жетпес.

Ұлдары жасық, қыздары пасық,

Елдің басынан дау кетпес.

Текей Қарпықұлы.

 

 

Үш жүз елу жыл бұрын наурыз айы

Шуақты жанға жайлы ауа-райы,

Ұлды боп Қарпық батыр ел қуанды

Оңынан туғандай боп күнмен-айы.

Жасады көкпар тартып үлкен тойды

Қуаныш іште жатқан дертті жойды,

Беделді дуалы ауыз, ел ағасы

Текей деп нәрестенің атын қойды.

Жаппар Егем қабыл етті тілекті

Сыйға тартты Текей дейін түлекті,

Нәрестеде бүкіл елдің назары

Мәз-мейрам ғып, балапандай түлетті

Әбсалам Омаров.


Алғы сөз

 

Қазақтың жазиралы кең даласын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап өту сол сайын даланы мекендеген рухы мықты, өжет әрі алапат күш иесі қазақтарға ғана тән. Достаса келгенге кең құшағын жайып, төріне ханша оздырса, қастаса келгеннің қанына қылышын суарды. Бір сарбазы мың қолға татыған қазақ ерлерін бастаған батырлар оқтың өтіне, ажалдың аузына көлденеңнен тұрды. Сол батырлардың бірі Әз Тәукенің бас қолбасшысы Текей батыр.

Ол Бөкенбай, Бөгенбай, Қабанбай, Жиембет, Жәнібек, Малайсары, Сартай, Тайлақ, Тілеу, Саңырық батырлармен бірге елді қорғады. Сыр елінде оны Тәуке ханның үзеңгілес серігі, бас батыры ретінде атайды.

1724 жылы Әбілқайыр Түркістанды Жоңғардан босатады. Ал 1728 жылы ол «Кіші жүз әскерлерімен Қаратаудың батыс жағына қарай жорыққа аттанады. Осы екі ұрысқа Қанжығалы Бөгенбай, Тама Есет, Шақшақ Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Жәнібек, Өтеген, Тайлақ, Саурық, Малайсары, т.б. батырлар қатысыпты. Жалпы Текей Қарпықұлы жайлы жазба деректерден гөрі аңыз-әңгімелер өте көп.

Қорқыт ата, Қармақшы өңірінде өмір сүрген Сыр сүлейлері, шежіреші-қариялар Текей батырға соқпай өтпеген. Соның бірі Шегебай Бектасұлының (1844-1916) «Би, батырларды жырлаймын» атты толғауында:

…Енді бермен келейін, Қарпықтың ұлы Текейге. Айдаһардың таудағы Басын кесіп ерлеген.

Уақытында тақымын

Қалды ма жан көрмеген? – деп жырлаған. Шегебай ақын бұл толғауын 1909-1910 жылдары шығарған. Филология ғылымының докторы, профессор Шамшат Әлібеков аспирант кезінде 1959 жылы Қармақшы ауданынан жазып алып академия қорына өткізген. Өлеңде айдаһардың өлімі жайлы айтылса, ауызша әңгімеде Текей туралы «Бірде жылқы бағып жүргенінде адамдардың аждаһадан қорқып ошырылып тұрғанын көріп, шауып келіп «кесірткеден адам қорықпас болар» деп әлгі мақұлықтың садақпен көзіне атып, басын кесіп алғаны айтылады. Аңыз бен өлең бір-біріне өте жақын, мазмұндас. Мұнымен қатар оның 17 жасында атақты Әуіп палуанды жыққан және де Тәуке ханның тұсында Қырғыз ханының Бөке атты сұлуын тартып алып, хан алдына әкелген. Ханның рұқсатымен Текейдің Бөке сұлумен некелескені де айтылады. Текей батыр жайлы ел ішінде мұнан басқа да аңыз- әңгімелер өте көп.


Батырлығымен қоса ел мен елдің арасындағы бітімгерлігі, батырлығы, ел алдындағы беделі, билігі, ұрпаққа қалдырған аманаттары мен Әуіп палуанды жыққан алып күштілігі барлығы суреттеледі.

Биылғы 350 жылдығы болғалы отырған батырға арнаған дастанда бір заманның көрінісі ғана емес, ұлы тарих пен өмір көші көркем суреттеледі.

Бейбітбек Бүркітбайұлы. ҚР мәдениет қайраткері, ҚР ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығының лауреаты.

                                                                   


Адамизат ерлігін мақұлдаған,

Қарпықтың ұлы Текей батыр бабам.

Тарихтың тұғырына мәңгі қонып,

Текті ұлын ұлағаттап жатыр далам.

Хан тоқтап, би бұрылған бектігіне,

Атамыз сағындырып жетті міне.

Киелі Түркістанда жатқан рухы,

Жердің жүзін аралап кетті міне.

Өттіңіз адал болып антыңызға,

Өшпейтін аңыз қалды артыңызда.

Ескерткіші көрсетіп тұрады енді,

Батырлықтың үлгісін халқымызға.

Алмас қылыш жатпайды қап түбінде.

Елге керек көріпкел, мәрттігің де.

Алланың нығметіне шүкіршілік,

Жамағатпен жеткізген сәтті күнге.

Мырқы Исаев бастаған әпсананы,

Халық болып көтерген бастаманы.

Қазыналы кітапқа айналдырды,

Қарабазар Кетенің Әбсаламы.

Игі тілекпен нағашың, Серік Ыдырысып





Бисмилла сөз бастаймын бір Алла деп,

Бір тарих мазалайды ойыма кеп,

Дарабоз Қарпықұлы Текей батыр

Дұшпанға салған ойран ел қамын жеп.

Алланың тура болып көз қарасы,

Аталған хас батырлар ел арасы,

Киікші, Қарабазар және Қарпық

Асанның қатар өсті үш баласы.

Киікші тура айтар болды биі,

Жайдары, ашық-жарқын көңіл-күйі,

Ортаймай ешқашанда дастарханы

Қонақжай шат-шадыман думан үйі.

Найзагер Қарабазар, Қара-батыр,

Дұшпанға еткен ерлік толып жатыр.

Найзаның қырмен-сырын терең ұққан,

Жау көрсе жалғыз өзі мыңға татыр.

Тас талқан қылар өзі қалың қолды,

Найзасын сілтеп жауға оңды-солды.

Әділдік, қайырымдылық, мейірімділік

Батырлық бабалардан мұра болды.

Намысын жібермеген ешбір жауға,

Қараған әділдікпен ішкі дауға,

Жалғаған ата жолын бабамыздың

Балаған ел халқы Асқар тауға.

Ержүрек аты аңыз батыр Қарпық,

Шыңдалған жастайынан садақ тартып,

Құралайды көзге атар нағыз мерген

Ел-халқы қадірлейді сенім артып.

Ержүрек жалғыз өзі жауға шабар,

Еліне жау тиді деп жетсе хабар,

Қойға тиген бөрідей айбаттанып,

Тас-талқан ғып дұшпанын қуып сабар.

Бетпе-бет ешбір пенде қарсы келмес,

Ешбір жан маңайламас, болмас теңдес

Қақ жарып қалың қолды талқандайды

Қарсылық жасауына мұрша бермес.

Қарпықтың үлкен ұлы Құдайназар,

Жаратқан берген қайрат, берген ажар.

Жомарттық, қайырымдылық, талапшылдық

Кемтарға мейірімменен салар назар.


Көп тыңдап аз сөйлейтін бала жастан,

Жүретін топты бастап әуел бастан.

Батырлық, әділдікті мақсат тұтқан,

Денесі жаралғандай қара тастан.

Қаруы қолдан түспей найза-садақ,

Жебені мір оғындай тура қадап,

Азаннан кешке дейін жаттығады,

Қарабазар әкеден алып сабақ.

Кішісі батыр Текей ердің ері,

Қарайды үміт артып бүкіл елі.

Болардай өзі көсем, өзі шешен,

Сөз таппай болған емес сасқан жері.

Ұстазы Қарабазар найза ұстауда,

Төрелік жасай білер шыққан дауға.

Алаңға дара шауып бар даусымен,

Жекпе-жек деп тиісер қалың жауға.

Даусы зор қаһарланса қырдан асар,

Екі көзі оттай жанып жалын шашар.

Қамысқа тиген оттай қурап тұрған,

Дұшпанын қырып келіп мауқын басар.

Найзагер айласына болды қанық,

Болары нағыз батыр айдан анық,

Соғыстың қырмен-сырын терең ұққан,

Ел-халқы нағыз ерді жатыр танып.

Әлеумет ер Текейді жүрді қолдап,

Ешкімге қылмат қастық яки зорлап.

Болған соң өзі текті, пиғылы адал,

Жауынан елін-жерін жүрді қорғап.

Артық болды амалымен айласы,

Жауға шабар қолдан түспей найзасы.

Жекпе-жекте шыдамайды ешбір жан,

Қайсарлықтың іске асып пайдасы.

Өте шексіз отанына махаббат,

Алла берген мейірімділік шапағат.

Жауын жеңіп қанды қырғын соғыста,

 Оралады жау жерінен саламат.

Он жеті міне биыл келді жасқа,

Кеткендей балалық шақ оралмасқа,

Қайратты болды азамат тау қопарар,

Найзасын сермегенде түйреп тасқа.


Бозбала түнде шығар ел аралап,

Жүрегін сұлулардың жүр жаралап.

Тұлғасы мінезімен көркіне сай,

Қатардан артық етіп тұр даралап.

Қызықпен өткізеді ұзақ түнді,

Күтеді үмітпенен келер күнді.

Қабілет, қайсарлықтың арқасында,

Жалын тартып жасынан атқа мінді.

Бәстесіп ел алдында бір тай жеген,

Бір палуан елге келді «Әуіп» деген.

Күресер меніменен бар ма пенде,

Сындырып омыртқасын басқа тебем.

Шешініп күресетін шықты алаңға,

Белгілі дес бермейді еш адамға.

Қатыгез аямайды қарсы келсең,

Қайтып жатыр кейбіреу бас аманда.

Төбедей боп биікте отыр өзі,

Қып-қызыл жалын шашып екі көзі.

Қаһарлы ара-тұра ақырғанда,

Түсініксіз балағат айтар сөзі.

Күрессең аямаймын мерт қыламын,

Айықпас мәңгі бақи дерт қыламын.

Сындырып омыртқасын талқандаймын,

Алдында мына елді серт қыламын.

Өзі де ебедейсіз өте ірі,

Барған жан келмейтіндей қайта тірі.

Басы дәу, қолы ұзын жауырынды,

Барады тәуекелге жаны сірі.

Дауалап ешбір пенде бара алмады,

Әуіпке теңдес жігіт таба алмады.

Песінмен намаздыгер арасында,

Алыста бір аттылы қараңдады.

Аттылы желе шауып жақындады,

Қалың ел еді оның жақындары.

Жылқышы Текей еді келген шауып,

Шынықан ат үстінде тақымдары.

Небәрі он жетіде жасы оның,

Енді ғана таныған оң мен солын,

Әуіппен күресуге белді байлап,

Бата сұрап Қарпыққа жайды қолын.


Ер Қарпық шықты алға топты жарып,

Баласын құшақтады жақын барып.

Сен жассың, келмейді әлің бұл наһанға,

Сындырар омыртқаңды мына алып.

Қайтсемде мен күреске шығам деді,

Кеудеден шыбын жанын сығам деді.

Жаратқан берсе абырой күшпен қуат,

Әуіпті қара жерге тығам деді.

Ақ бата берді ұлына Қарпық баба,

Жаратқан дұшпаныма қылма таба.

Әуіптен үстем қылып мерей бағын,

Күш –қуат, абыроймен берсін саба.

Белдесер қос палуан болды мезет,

Әуіпке бірінші ғып берді кезек.

«Әуіп» деп көтеріп ап жерге ұрғанда,

Тік түсті екі аяқты жерге тежеп.

«Әуіп» деп тік көтерді жерден тағы,

Текейдің көңілі орнында сынбай сағы.

Тік түсті қара жерге екі аяқпен,

Жар болып Жаппар Егем жанды бағы.

Үшінші рет көтерді тағы жерден,

Өшін бір алатындай Текей ерден,

Тағыда түсті жерге екі аяқпен,

Абырой үстем болды Алла берген.

Ал енді кезек келді Текей ерге,

Қос қолды қырандарша салды белге,

Бүркіттей қос бүйірден сығымдады,

Көтеріп алды ұрып қара жерге.

Есіріп Әуіп палуан жүретінді,

Менсінбей мазақ етіп күлетінді,

Кесілген теректей боп жатқан ердің,

Төсіне тас тұйғындай келе мінді.

Астында жатыр «Әуіп» қайран қалып

Тәуба қып Жаратқанды есіне алып,

 Жеңіліп жас баладан болды қапа,

Өкініп тағдырына жатыр налып.

Айналайын ержігіт кімсің өзің?

Таусылды қайрат пен күш менде төзім,

Жеңілдім босат мені жаным сауға,

Жатырмын қарауытып екі көзім.


Жылқышымын емеспін қары-ұры,

Жаратқанның өзіңдей мен бір құлы.

Жасым бар он жетіде биыл міне,

Текеймін тегім кете Қарпықұлы.

Текейдің білегінен алды ұстап,

Еш пенде әкелген жоқ мені қыстап.

Білмедім сенің Текей екеніңді,

Босат мені жасама маған қыспақ.

Күреспес ем мен сені білгенімде,

 Түсіме әлі есімде кіргеніңде.

Дәуімді Арыстанның етті парша,

Абзал еді, өз жайыма жүргенімде.

Палуандығымды бұдан былай бердім саған,

 Босатып қайырымдылық жаса маған.

Шын сөзім күреспеймін бұдан кейін,

Барамын есім ауып бітіп шамам.

Мерейі осы күннен болды үстем,

Айласы орайласып қайрат-күшпен.

Аталды осы елдің палуаны,

Абыройы күннен күнге арта түскен.

Қарабазар-Қарпықпен екі ата,

Еміреніп топ алдында берді бата.

Мәртебең үстем болсын болашақта,

Жүрерсің ел мерейін асқақтата.

Бірігіп жоңғарлармен сөзін байлап,

Қазаққа болған дұшпан алақайлап.

Қырғыздың Елікей атты жауыз ханы,

Қазақтың барымталап малын айдап.

Тәуке хан ашты жорық Елікей ханға,

Жинады сарбаздарын жақын маңға.

Бас қолбасшы Құдайназар Қарпықұлы,

Бет түзеп Қырғыздарға алатаңда.

Шеттелді бұл сапардан Текей бала,

Ренжіп ағасына болды нала.

Ауылда жүрсін деді жылқы бағып,

Жаратқан құдіретімен болып пана.

Белгісіз болғандығы бұрын қайда,

Қалмақ асуы деген жер тереңсайда.

Адамға өткел бермей әрмен-бермен,

Айдаһар өте алып болды пайда.


Жібермейді бұл асудан тірі жанды,

Тып-типыл етті лезде жақын маңды.

Көзіне көрінгенді жұтар-жалмап,

Тағатсыз жатыр күтіп атар таңды.

Баратын басқа өткел айшылық жол,

Ұтылар уақыттан айналса қол.

Тұп-тура баратұғын жолды байлап,

Тиіп тұр айдаһардың зияны зор.

Текейге тиді хабар тажал жайлы,

Қалайша пайдаланбас мына жайды.

Асынып бес қаруын ағасының,

Бетке алды асудағы терең сайды.

Астында таңдап мінген Ақтабаны,

Былтырдан күтіп сайлап баптағаны.

Өлтіріп айдаһарды келсе аман,

Үміті Ет Текейдің ақталады.

Адамда кесірткеден қорқама екен,

Үреймен сәл нәрседен алып секем,

Алынбайтын қамал жоқ адам үшін,

Жан-жақты өз-өзіңе болсаң бекем.

Ақтабанмен келеді жалғыз шауып,

Болсада алда үлкен қатер-қауіп.

Бес қару беліндегі түгел сайлы,

Өлтіру Айдаһарды ебін тауып.

Екпінмен жақындады терең сайға,

Ептілік, айла керек осындайда.

Өлтіріп аһждаһның басын кессе,

Беделге бедел келіп қосылмай ма?!

Дәжалға оқ жетердей жақын келді,

 Пәтімен дүрсілдетіп қара жерді.

Қайтпайтын, алған беттен қайсар мінез,

Үлкен күш билегендей Текей ерді.

Талқандап құйрығымен таудың тасын

Көтерді қаһарланып жерден басын,

Жиырылып күшін жиып денесіне,

Жұтпаққа келе жатқан дайын асын.

Текей батыр садақты тартты толғап,

Абырой берсін Алла өзі қолдап.

Екі көзді жұлып өтті улы жебе,

Айдаһар соқыр болып қалды сорлап.


Шаңдатты жақын маңды құйрықты ұрып,

Жан-жаққа қарай алмай мойын бұрып.

Болсада өзі алып, күш иесі,

Бір кезде сылқ құлады әлі құрып.

Көргендер таңдай қағып таңырқасын,

Сескеніп қас пен дұшпан жабырқасын.

Адамға өткел бермей жолды жапқан,

 Қылышпен айдаһардың кесті басын.

Найзаға басын алды жаншып-түйреп,

Денесін жолдан қашық тастап сүйреп.

Қарақан исі жаман селдей болды,

Алқымнан ағып жатыр түйдек-түйдек.

Төбесі шымырлайды көрген жанның,

Сөзіне арқау болды жақын маңның.

Қаны ағып, сорлаған дажал басын,

Алдына тастай салды Тәуке ханның.

Тәукенің мына ерлік жойды дертін,

Жорыққа жол ашылды болды еркін.

Бұл соғыста басты олжа Текейдікі,

Тәуке хан көп алдында берді сертін.

Қалың қол қырғыз асып ұзап кетті,

Сыйынып бір Аллаға түзеп бетті.

Қолбасшы Құдайназар Қарпықұлы,

Он күнде жау шебіне барып жетті.

Бір апта қанды қырғын болды айқас,

Екі жақ көрмеп еді бұндай шайқас.

Болмаса ыждахатты тіпті қиын,

Абайлап қателіктен болу байқас.

Қазақтар бірте-бірте болды басым,

Лайым абыройдан айырмасын.

Аянбай соғысқан соң өжеттікпен,

Ұзамай Елікей ханның алды басын.

Қырғыздың тас-талқан ғып жеңді елін

Қып-қызыл қанға бояп дархан жерін,

Тұтқында талай сұлу, елден ерек,

Ай жүзді ашық маңдай қызыл ерін.

Олжаға қазақ жағы болды қарық,

Жарқырап күнменен- түн болды жарық,

Айдауда малменен - жан күзетпенен,

Бөлісу әділдікпен елге барып.


Басты олжа бұл жорықта Бөке сұлу,

Жүрекке Жаппар егем берген жылу,

Тұтқын боп келе жатыр ханның қызы,

Болашақ тағдырына тәубә қылу.

Хас сұлу бір міні жоқ тал бойында,

Бұрынғы ғажап күндер тұр ойында.

Құрығы Жаратқанның қандай ұзын,

Мінекей келіп түсті қыл мойынға.

Келеді Бөке сұлу жылап-сықтап,

Басына ауыр тағдыр орнап мықтап.

Білмейді қай бағытқа келе жатыр,

Жылқыдай құла дүзге кеткен ықтап.

Алдында көрінеді өте үлкен жал,

Етегі қара-құрым қыруар мал,

Қалың ел тәртіппенен орналасқан,

Ұқыппен айналдыра егілген тал.

Көк шалғын қиыры жоқ мидай дала,

Көңілді қой соңында қойшы бала.

Бірлікпен-берекенің арқасында,

Халқына Жаппар Егем болған пана.

Ортада өте үлкен хан сарайы,

Тап-таза өте көркем кең маңайы.

Ақсақал, қызметшілер сарай алды,

Дамыл жоқ қонақ күтіп бірталайы.

Сәнменен салтанатпен күтіп алды,

Тойлатып, думандатып қолда барды.

Олжаны алып келген салды ортаға,

Мал бөліп қарық қылды жарлыларды.

Кедей кепшік тойынып болуда мәз,

Жаға жайлау жайдары көңілі жаз.

Бүкіл ел бір атаның баласындай,

Үйрек қонып көліне ұшады қаз.

Кемшілік, өкінішпен болмай мүлде,

Сыйласып ажырамай тұрды ірге.

Жар болып, бір Алланың қалауымен,

Үш арыс аға-інілі туған бірге.

Ақарыс үшеуінің еді үлкені,

Болмаған тал бойында ешбір кемі,

Жанарыс ортаншысы ел биледі,

Ел алды мәртебелі болды шені.


Іні боп екеуінің ізіне  ерсе,

Бекарыс қаһарланар жауды көрсе.

Қолында бес қаруы сақадай сай,

Тулақтай турап тастап нағыз ерше.

Ақарыс тіршілігі мал бағады,

Егін егіп еңбекпен нан табады.

Әр күні таусылмайтын қызу жұмыс,

Шалғымен үйме-үйме шөп шабады.

Жанарыс оқыр кітап ерте тұрып,

Қарайды ел қамына мойын бұрып.

Білімді, көп ізденіп көңілі жай,

Жүреді ел арасы билік құрып.

Бекарыс белде қылыш найза қолда,

Жүреді сарбаздармен жорық, жолда.

Қорғайды елін-жерін сыртқы жаудан,

Жаратқан қас батырды өзің қорға.

Мөңке би Бекарыстан туған жалғыз,

Мөңкеден біз тараған ұрпақтармыз.

Тектінің өмір жолын жалғастырған,

Қазірде кете тегі мың-мың санбыз.

Мөңке биден Арғымақ, батыр Алау,

Қолында бес қарумен жүрер жалау.

Көрмеген пәті қайтып жеңілісті,

Әрқашан орындалар көңіл қалау.

Алаудан Алшын туып болды мықты,

Сездірмей жауларына іште дықты.

Сабырлы жайма шуақ көп сөзге жоқ,

Істері орындалып ойдан шықты.

Алшыннан Қыдуардай туды тентек,

Дау-дамай жүрген жері қолда келтек.

Көп сөзге келе бермейт, өр көкірек,

Қылады дұшпандарын күлше-шелпек.

Қыдуар үш баланың болды атасы,

Қабыл боп үлкендердің ақ батасы.

Сәдір, Нәдір, Қадыр деп қойды аттарын,

Сеніңдер бұл сөзімнің жоқ қатасы.

Нәдірден Қаракесек елге мәлім,

Атадан жастайынан алған тәлім.

Шешетін әрбір істі ақылменен,

Соқтықпай кез келгенге білмей әлін.

Үш бала Қаракесек атамыздан,

Таңқалар бірліктерін естіген жан.

Елімен жерін қорғап сыртқы жаудан,

Ерлігі жасап жүрген сан алуан.

Хас батыр Байсары еді үлкендері,

Болмап ед кібіртіктеп сасқан жері.

Бұзады қаһарланса тас қамалды,

Халқының арқа сүйер кемеңгері.

Ортаншы ел билеген Әлім еді,

Қарайды үміт артып бүкіл елі.

Мойнында әрқашанда елдің жүгі,

Болмайды қателесу ешбір кемі.

Кішісі үшеуінің еді Шөмен,

Болмайды көңілі пәс, басы төмен.

Елімен, жері үшін таппай дамыл,

Ерекше қажымайтын нағыз өрен.

Байсарыдан Майлыбай Ер Бозаншар,

Халқымның бұлар барда мерейі асар.

Майлыбай қару іліп, атқа мінсе,

Дұшпанға болар демда заманатар.

Майлыбай дүниеден ерте өткен,

Дос-жаран бауырларын еңіреткен.

Кетеге аты қалды Ұран болып,

Дүние опасыз ең мұнша неткен.

Байсарының ерекше Бозаншары,

Тапталмай ешқашанда намыс-ары.

Күннен күн абыройы келеді өсіп,

Іске асып алға қойған талаптары.

Қатардан болды артық топты жарып,

Мінді атқа бес қаруын қолына алып.

Қажырлы, қайраттыда, қайтпас қайсар,

Қас батыр болатыны енді анық.

Үйленді, үйде болды отау тігіп,

Қалмады ешбір сырды ішке бүгіп.

Ел қамы, ел бірлігі бар мақсаты,

Жайдары әрқашанда жүрер күліп.

Дүниеге келіп жатыр балалары,

Екі-үш жас шамаменен аралары.

Жиналып айналаға жақын-жуық,

Көбейді ауыл-аймақ қаралары.

Адамқожа үлкенінің болды аты,

Төгілді Жаратқанның шапағаты.

Түменқожа дүниеге келді екінші,

Сәт сайын артты үйдің салтанаты.

Тағыда ашты бала дүние есігін

Тайқожа деп ұлықтап қойды есімін

Ұлан-асыр ел жинап той жасады

Жабдықтап дайындауда талбесігін.

Қадамы құтты шүкір балалардың,

Ұрпағы текті бұлар бабалардың.

Ерекше қабілетпен кескін-келбет,

Аталды «үш қожасы» Бозаншардың.

«Үш қожа»күннен-күнге келеді өсіп,

Лайым айдарынан самал есіп.

Ер жетті атқа мінер кезде болды,

Сөздері тұжырымды, айтар кесіп.

Бабаның қабыл болып аманаты,

Елінің болды мықты азаматы.

Үш қожа ауылына болды тірек,

Болмады көңіл кірі алағаты.


Кәсібі ықтияттап мал бағады,

Қазақтың дәстүр-салты сақталады.

Күнбе-күн алға өрлеп берекесі,

Еңбегі өркен жайып ақталады.

Жылма-жыл келін түсті қолаң шашты,

Жаратқан құдіретімен жолды ашты.

Бірлікпен берекенің арқасында,

Бақ қонып кәсіптері алға басты.

Үш қожа балалары  өсіп-өнді,

Марқасқа шеттерінен кілең  өңді.

Пенде боп жаңылмайды, жасқанбайды,

Намысты білерліктей жосық-жөнді.

Хас батыр болды ерек Түменқожа,

Туғандай болашаққа қолын соза.

Найзагер, садақ тартып жастайынан,

Ержүрек қатарынан туған оза.

Жайқалтты егін салып бақша бауды,

Аң аулап аралайды Асқар тауды.

Мойнында ел тағдыры болашағы,

Тас-талқан қылар келіп тиген жауды.

Үйленіп отбасылы болды жазда,

Жаратқан жұбайлардың жұбын жазба.

Бақанды, қалың басты қыстап шығып,

Жайлайды Арқа барып сары жазға.

Жаз жайлау Нұра таудың етегінде,

Білмейді малдың қанша есебінде.

Жұмылған жұдырықтай ауыл-аймақ,

Қалмауға дұшпандардың өсегінде.

Түменнің ел арасы мерейі үстем,

Абырой атақ-даңқы арта түскен.

Тең қылды халайықты алаламай,

Дәлелдер әділдікті нақты іспен.

Күнбе-күн халық өсуде ұрпақ тарап,

Күн кешіп жайма-шуақ бүкіл алап.

Біртіндеп дүние есігін ашып жатыр,

Түменнің балалары Алла қалап.

Былдырлап қатар өсті Асан-Құлыс,

Жүрердей адалдықпен жолда дұрыс.

Келеді жұбын жазбай тете өсіп,

Тілейді тілектерін бүкіл ұлыс.

Жанбақты үшінші боп келді тағы,

Түменнің мерейі артып жанды бағы.

Көрікті жастайынан сом денелі,

Жайдары-жарқын болсын болашағы.

Үш бала шығары анық талай шыңға,

Төзеді, қаймықпайды небір сынға.

Ел-халқы қадірлейді, қастерлейді,

Болашақ батырларын балап мыңға.

Асаны батырлыққа болды бейім,

Орындар мақсаттарын қоймас кейін.

Үнемі найза сілтеп, садақ тартып,

Елінің тағдырына қояр зейін.

Дұшпаны келе алмайды жақын маңға,

Жамандық ойламайды тірі жанға.

Малымен елін қорғап сыртқы жаудан,

Қырағы көз ілмейді ұзақ таңға.

Мейірімді, кішіпейіл елі үшін,

Нұрланып, жылы шырай келбет пішін.

Жаратқан берген бедел, сабырлылық,

Өрлеткен абыроймен алға ісін.

Тал бойы қажырлылық шексіз қуат,

Құлысы жайдарыда, жайма шуақ.

Еңбекқор тыным көрмей тіршілікпен,

Атқарар қызметтер ірілі-уақ.

Тағатсыз ойлайтыны елдің қамы,

Батыр би ойшыл жандар жақын маңы.

Құс салып ат жарату қылып кәсіп,

Байлықтан малының жоқ есеп саны.

Күресте жауырыны жерге тимей,

Жауына қарсы шабар басын имей.

Досына қайырымды, инабатты,

Жылы жүз, майда мінез жұмсақ идей.

Сөздері май тамады шекер-балдай,

Елі үшін еңбек етер қажып-талмай.

Қабілет Алла берген арқасында,

Сөздері тыңдалады жерде қалмай.

Үнемі қызу жұмыс шешпей белін,

Көңілі шат мақтан тұтар елін-жерін.

Қай кезде халқыма дер қызметім,

Ақтасын Жаппар Егем маңдай терін.

Мол табыс риза етер елін-халқын,

Халықтың болашағы ашық-жарқын.

Қалыңмал жер қайысар ауыл маңы,

Табыста молаюда үдеп қарқын.

Келеді елдің халі алға өрлеп,

Жұмылып еңбек етіп маңдай терлеп.

Баршасы бір атаның баласындай,

Бірлікпен құлаштарын алға сермеп.

Жанбақты ерке-сері  кенжелері,

«Шырақ» деп ат қойыпты жеңгелері.

Тұлғалы, жауырынды, сом денелі,

Күресте қатарда жоқ тең келері.

Жүреді думандатып, сайран салып,

Істерін бабалардың есіне алып.

Жан-жақты, қабілетті, өте алғыр,

Жақсылық, жамандықты көзі шалып.

Кір түсірмей мұсылманның арына,

Бейбіт күн келді күткен ел тарыға.

Тәңірімнің қазынасы  ашылды,

Әке болды Нұрымбетпен Сарыға.


Риза үшеуіне ауыл-аймақ,

Қарсы алар құшақ жайып алақайлап.

Бөленіп шапағатқа үлкен-кіші,

Уақыт өтіп жатыр сәтпен жайлап.

Үш бала отау тігіп үйлі болды,

Жаратқан берді абырой ашты жолды.

Дүниеге балдар келіп әр жыл сайын,

Бақ қонып кем кетіктің орны толды.

Асаны болды әке үш балаға,

Риза шын көңілмен бір панаға.

Ел тиыш, бауыр бүтін заман болды,

Түскендей алдағы өмір бір салаға.

Қатардан киікшісі туған артық,

Байсалды, іске шебер текке тартып.

Туғандай тапсырыспен нар жампозы,

Қарайды ауыл-аймақ сенім артып.

Көтеру мақсатында елдің жайын,

 Қажырлы еңбек етіп әр сәт сайын.

 Өзі би қайырымды болғаннан соң,

Дос-жаран бүкпей айтар бұйымтайын.

Жол болып айдарынан самал есіп,

Жаратқан артық етіп берген несіп.

Дәлме-дәл әрбір сөзі мір оғындай,

Ұқыппен ел тағдырын жүрер шешіп.

Ортаншы Қарабазар болды ержүрек,

Мұңайып, таусылмайды ешбір жүдеп.

Сабырлы мінезіде бір қалыпты,

Олқылық, кем-кетікті жүрер түзеп.

Жасынан найза ұстауға болды шебер,

Жаратқан сүйген құлға нұрын себер.

Адалдық қасиеті берер қуат,

Пенде емес дос-жаранды сыртқа тебер.

Үнемі ажырамай бірге көппен,

Салихалы жаны таза сөйлер еппен.

Елін сүйген, елі сүйген азамат,

Халық алдында сабырлы шықпай шектен.

Қаһарлы қас батырдың болды өзі,

Қызарып жалын шашар екі көзі.

Жау көрсе белде қылыш, қолда найза,

«Жаратқан өзің жар бол» айтар сөзі.

Сескеніп жау қаймығар түрі сұсты,

Байқайды бір көргеннен осал тұсты.

Шебер жоқ найза ұстауда адамзатта,

Талайлар жекпе-жекте ажал құшты.

Күнбе –күн мерейі өсті Алла қалап,

Қойылды өте ауқымды алға талап.

Шешеді әділдікпен ішкі дауды,

Дауласып келген риза екі тарап.

Тас талқан қылар берік тас қамалды,

Ерекше жасап тәсіл бар амалды.

Істеген ерлігіне, риза болып,

Ел арасы Қара батыр деп аталды.

Батырға берді Алла бақпен-дәулет,

Риза қамқоршыға бүкіл әулет.

Сақтасын тілмен-көзден және сұқтан,

Жаратқан болсын пана бермей нәубет.

Мейіріммен берді Егем жолды ашып,

Жамандық пәле-жала болсын қашық.

Елімнің қолы жетіп ен байлыққа,

Аспаны кіршік шалмай болсын ашық.

Бозбала Қарпық өсіп болды белді,

Ерекше тәнті етті тәмам елді.

Палуан, табанды да күш атасы,

Тоқтатар таудан төмен аққан селді.

Қатардан анағұрлым болды артық,

Мерейі еселеніп келеді артып.

Есте ұстап ата-дәстүр батырлықты,

Жаттығар ертелі-кеш садақ тартып.

Үйренді және дағы  найзаласып,

Мүлт кетпей, қателеспей, жаза басып.

Әп сәтте жер жастатар дұшпандарын,

Беделге болды ие мерейі асып.

Атқан оқ қыр асады жайдай зулап,

Қылады дұшпандарын таптап тулақ.

Батырлық, батылдылық арқасында,

Аяусыз қарсыласын тастар турап.

Найзасын қаһарланса тасқа түйреп,

Дұшпаны ес жимастан қалар күйреп.

Алады елін жерін бағындырып,

Сұлтан боп жаудың елін алар билеп.

Астында таңдап мінген қаракері,

Қапталған алтынменен қайың ері.

Сүйетін сұлулықты жан тәнімен,

Хас батыр осы шақта нағыз сері.

Айбарлы астындағы қарагермен,

Хас сұлу мойынын бұрса бермен.

Найзаны қолына алса жекпе-жекте,

Тас-талқан болар дұшпан қарсы келген.

Батырға мінген аты жарасады,

Демейміз бұған біреу таласады.

Астында қарагері жауға шапса,

Көрсетер талай-талай тамашаны.

Үйленіп үй болғалы жылдан асты,

Қондырды алақанға қолаң шашты.

Бұйырса босанар күн жақын қалды,

Дүниеге келер перзент ең алғашқы.

Толғатты міне бүгін күні жетіп,

Сыйынар Жаратқанға тәубе етіп.

Дегенде әне-міне ұлды болды,

Үлкен той жасап жатыр дүрілдетіп.


Жасады ойда қалар үлкен тойды,

Сейілтті баста жүрген қалың ойды,

Қария елге сыйлы, жайсаң жанды,

Құдайназар деп нәрестенің атын қойды.

Баланың денсаулығы бір қалыпты,

 Шаттыққа бөлеп жатыр бар халықты.

 Келінге алтын құрсақ ел риза,

Әкелген дүниеге бір алыпты.

Нәресте күннен-күнге келеді өсіп,

Тағыда той жасады тұсау кесіп.

Тіл шығып әлде нені бұлдырлайды,

Жақындар мәз болады шүкір десіп.

Жәйменен қалып жатыр артта жылдар,

Уақыт тоқтамайды өтер зырлар.

Ойнайды күн ұзағына дамыл көрмей,

Алаңға айналғандай ой мен қырлар.

Желкілдеп келді міне он бес жасқа,

Кенде емес киер киім ішер асқа.

Жылқыдан таңдап мінді боз құнанды,

Болама жетістікті тойламасқа.

Қуаң мен Сыр бойының арасында,

Қасиетті сұлу Сырдың даласында.

Кетелер жайма-шуақ сүрді өмір

Қалардай адамзаттың санасында

Ел аман, халық тиыш Алла қолдап

Күн мен түн мазалайды ойлар толғап,

Берекелі еліне болған пана

Ер Қарпық Асан ұлы елді қорғап.

Қуаныш жақын маңда келетіндей,

Тілекті Жаппар Егем беретіндей.

Белгісі  жүктіліктің  білінеді,

Ізінен тағы бала еретіндей.

Жадырап ұлды болды шыға көктем,

Жаратқан нұрын шашып тұрды көктен.

Па шіркін, Құдайназар болды інілі,

Тілегі еді елдің көптен күткен.

Көңіл-күй көтеріңкі тасып-шалқып

Абырой беріп Егем мерейі артып,

Сәтін сап бір Алланы бұйрығымен

Ұлды боп той жасады батыр Қарпық.

Нәресте дүниенің ашты есігін,

Даярлап, жабдықтауда тал бесігін.

Той жасап ұлан-асыр думандатып,

Текей - деп нәрестенің қойды есімін.

Текейді бүкіл елі аялайды,

Мейірімін –шапағатын аямайды.

Абырой берсе бақыт, берсе ғұмыр,

 Басына бақыт құсы балалайды.

Ес кірді,еңбектеді, тәй-тәй басты,

Сараптап, талғап ішер берген асты.

Көркіне көз тоймайды қарағанда,

Сымбатты болатындай қиғаш қасты.

Ұзақ күн балалармен жүрер ойнап,

Ойынның қызығына терең бойлап.

Шаршауды, шалдығуды бір білмейді,

Зыр қағып, дамыл таппай салар ойнақ.

Зырғумен келді жетіп он үш жасқа,

Бөленіп мейірімменен ықыласқа.

Жан пида бүкіл елі қылатындай,

Дүниеде бала жоқтай мұнан басқа.

Өткізет ұзақ күнді ойнап-күліп,

Қыр-сырын талай істің алды біліп.

Ойнайды шапқан аттың құлағында,

Теңгені жерде жатқан алар іліп.

Үйренді найза ұстап, садақ тартып,

Қарайды жақын-жуық сенім артып.

Жігітке бес өнерде аз болады,

Үйренсе қылыш сілтеу болмас артық.

Он бесте шықты жайлау жылқы бағып,

Астына мінді арғымақ тұмар тағып.

Келмейді Сырдың суы сирағынан,

Өзенді кешіп өтер жатқан ағып.

Бір беткей, өте батыл айтқан сөзі,

Жалындап от шашады екі көзі.

Күрестің қырмен сырын терең ұққан,

Жауырынды палуанның нағыз өзі.

Дес бермейді ешкімге басын иіп,

Бес қару асынады сауыт киіп.

Бір оғы шашау шықпас болды мерген,

Аулайды дала кезіп архар киік.

Басыма Жаппар Егем бақ бер дейді,

Бір өзің сенім артқан жақ бол дейді.

Абырой, атақ-даңқы кетті алысқа,

Күресте ешбір пенде шақ келмейді.

Күресте шалып жығат, алып жығат,

Бастарын қарсыластың жерге тығат.

Бауырлар, жақын-жуық, ағайынның,

Көңіліне дос-жаранның салмай сызат.

Қай кезде берекелі, абыройлы,

Мейірімді, кішіпейіл, терең ойлы.

Еліне деген ыстық махаббаты,

Сымбатты дене бітім сұңғақ бойлы.

Жасынан жылқы бағып дағдыланған,

Мақсаттар орындалып ойға  алған,

Ақ туын әділдіктің биік ұстап.

Айтылмай бір ауыз сөз ешбір жалған.

Көбейді жылдан-жылға жылқы басы,

Көңілді, ашық-жарқын отағасы.

Бас аман, бауыр бүтін болып заман,

Халықтың домалады өрге тасы.


Құдайназар кетті қашық елін қорғап,

Жар болсын Жаппар Егем өзі қолдап.

Болды да Тәуке ханның бас сардары,

Басына мызғымастай бақыт орнап.

Бас сардар қызметінде көптен бері,

Қан майдан ашық айқас жүрген жері.

Тірі жан шақ келмейді жекпе-жекте,

Мәз мәйрам жауын жеңіп тарқар шері.

Кіл мықты сарбаздары мың-мыңдаған,

Сақтары Алла берген еш сынбаған.

Алла деп ұмтылғанда қалың жауға,

Әмірін бұйрықтарын ел тыңдаған.

Басқарды ұқыппенен қалың қолды,

Салдырды әділдікпен сара жолды,

Айбатты, айбарлыда, хас батырдың,

Қай кезде басы сыйлы төрде орны.

Жеңіспен қайтты талай шайқастарда,

Қым-қуыт қанды-қырғын айқастарда.

Паш етіп кетелердің кім екенін,

Қашалды таңбалары жартастарда.

Үш жүздің жинастырып басын қосып,

Дұшпанға шықты қарсы тұрған тосып.

Бөрідей тыным таппай, жатпай-тұрмай,

Күнменен түн дамылдамай жүрер жосып.

Өткерді жорықтарды талай бастан,

Әр кезде жолы оңды ашық аспан.

Қанша елді жауласады шектен шықпай,

Болмады кезі ешбір асып тасқан.

Үш жүз елу жыл бұрын біздің елде,

Бақытты өмір сүрген бүкіл пенде,

Он алтыға келгенде Құдайназар,

Бір ұлды берді Алла Қарпық ерге.

Бөбектің түрі нұрлы қасы қалың,

Ерекше болатындай нағыз дарын,

Өмірдің бір қызығы бала деген,

Той жасап, думан қылды қолда барын.

Келеді бөбек өсіп жайлап-жайлап,

Күтуші өте ұқыпты қойған сайлап,

Көргенде ата-анасын қуаныштан

Қолдарын шапалақтар алақайлап.

Кызықпен жатыр жылжып күндер өтіп,

Текейде емін-еркін келеді өсіп,

Үкінің баласындай желкілдейді

Тұрғандай қарсы алдынан самал есіп.

Ұлан-асыр, той-думан ауыл маңы,

Бақытты күн кешуде барлық жаны,

Бірлікпен, берекенің арқасында

Шаттықпен қуанышта атар таңы.

Бас аман, бауыр бүтін, мерекелі

Өткізер тойдай етіп мерекені,

Адамзат қазағымнан алсын тәлім

Әлемге паш еткендей берекені.

Ел тиыш еш қаперсіз жатыр еді,

Әр күні бір ғасырға татыр еді,

Жер-суға шексіз ыстық махаббаты,

Жігерлі кез келгені батыр еді.

Оянды тиыш халық айқай-шудан,

Ес жия алмай қапыда тума-туған,

Қаратүнек боп кетті аспан асты,

Жау тиіп тұтқиылдан байлық қуған.

Жоңғарлар баса кірді жерімізге,

Төндіріп қауіп қатер елімізге,

Екпіні кәпірлердің өте қатты,

Шығардай баса көктеп төрімізге.

Жау алды баса көктеп елдің шетін,

Көрсетіп дұшпандықтың құдіретін,

Жиналды батыр-сарбаз кешке дейін,

Кек алып қайтаруға жаудың бетін.

Жеңістің жатыр жоңғар тойын тойлап,

Именіп, сескенбейді артын ойлап,

Еліріп алған беттен қайтпайтындай,

Ниеті қазақтарды мүлде жоймақ.

Марқайып көңілдері кешке жатты,

Сарбазбен демалдырып мінер атты,

Қалыңқол өте сергек тұрды ерте

Құрмаққа тағы бүгін салтанатты.

Майданға жоңғар жағы келді жақын,

Қан майдан ат үстінде қысып тақым,

 Қолбасы Кеген деген қас батыры,

Аямас қарсы келсең қылар зақым.

Кегеннің түрі сұсты өзі ірі,

Жібермес қарсыласын қайта тірі,

Шыдатпас жекпе-жекте ешбір жанды,

Аман-сау оралған жоқ бірде-бірі.

Айқайлап жекпе-жек деп шықты алаңға,

Бояймын қарсы келсең қызыл қанға,

Астында жауға мінер кер төбелі,

Алмайды қазақтарды есеп санға.

Ортада жекпе-жек деп жүр айқайлап,

Бесқару беліндегі алған сайлап,

Кеткендей ата кегі мұсылманда,

Қарайды қазақтарға көзі жайнап.

Дауысы зор Кеген батыр сөйлеп өктем,

Перідей жан ұшырып түскен көктен,

Жоқ қылу қазақтарды бұл әлемнен,

Ойында жүрген іс еді ойлап көптен.

Тап бүгін дегеніме мен жетемін,

Қазақты қырып елге мен кетемін,

Кесемін қазақтардың жең етегін,

Қазақты қалдырмаймын, жоқ етемін.

Ерлерге дем берейік табаламай,

Бірінен-бірін бөліп алаламай,

Айбаты Кеген ердің болды үстем,

Жүрегі батырлардың дауаламай.

Жар болсын абыройды берсін Алла,

Ер Текей ат ойнатып шықты алға,

Қаймықпай қарсы шығу таудай жанға,

Жарасар жүрек жұтқан батырларға.

Алаңда белде қылыш, найза қолда,

Қалмаққа елін қорғап адал жолда,

Кеген деген дажалдың құрығынан,

Жаратқан Ер Текейді өзің қорға.

Текейге жақындады батыр Кеген,

Жар болсын хас батырға Жаппар Егем,

Жаныңнан мені көріп түңілдің бе?

Жас бала ойылады енді төбең.

Текейді өлтірмекке найза салып,

Ұмтылды ауыр найза қолға алып,

Кәпірдің қаһарынан қаймықпастан,

Ер Текей қарсы шапты барын салып.

Қос батыр емін-еркін найзаласты,

Ажалға елі үшін тігіп басты,

Сайысты найзалары сынғанынша,

Намысы қылмау үшін аяқ асты.

Бөліңді ортасынан найзалары,

Аспады бір-бірінен айлалары,

Шаршады аттарыда, өздері  де,

Тас түнек қара шаң ғып айналаны.

Бастап еді жекпе-жекті ертеменен,

Ашулы мына жайға батыр Кеген,

Түс ауды екі алыптың шайқасымен,

Батырдың, батыр алар басын деген.

Шайқасқа жарамсыз боп найза қалды,

Қос батыр қолдарына қылыш алды,

Серместі қылыштарын оңды-солды,

Өте сақ қалмау үшін қармап талды.

Жан пида етіп ерлер қылыштасты,

От болып көздері жалын шашты,

Жетпеді бір-біріне өрелері,

Талқандап жүруші еді қара тасты.

Ер Кеген болар-болмас жаза басты,

Дегенше әне-міне маза қашты,

Шалттықпен, қателікті пайдаланып,

Ер Текей қылышпенен шапты басты.

Доптай боп басы жерге домалады,

Дұшпанның қате болды жорамалы,

Сескеніп Текей Ердің айбатынан,

Жоңғарлар кеп қасына жоламады.

Жүруші еді жастайынан тұмар тағып,

Бетіне қызыл-жасыл опа жағып,

Алпауыт ердің басы жатыр жерде,

Көзінен қан аралас жасы ағып.

Қимылсыз ат үстінде тұрды дене,

Қайранда қалғандай боп үлкен кеме,

Басы жоқ алып дене аянышты,

Дегендей бұл дүниеге келдім неге?

Дене тұр ат үстінде, жерде басы,

Тым-тырыс тірі жан жоқ айналасы,

Жоңғардың мықтылығын дәлелдейтін,

Тап бұндай енді туар қай баласы.

Қолға алды жансыз басты жерде жатқан,

Кем көрмей Кеген ерді асыл заттан,

Бір туған тап өзінің бауырындай,

Көтеріп ұқыппенен алды аттан.

Денені тік көтерді қоймай жерге,

Малшынып тұла-бойы қара терге,

Ақжуды, арулады, дәріптеді,

Көрсетті құрметті Кеген Ерге.

Кегеннің өліміне қапаланды,

Орнатты тиыштыққа жақын маңды,

Қиналды, қия алмады, тұтты аза,

Атқызды ұйқы көрмей атар таңды.

Әскерге ашты соғыс тұрған кейін,

Сескеніп, қорыққандығын білді тейін,

Бейнесі, ерлігімен Кеген Ердің,

Кетпеді көз алдынан көпке дейін.

Қолбасшысыз, шарасыз Жоңғар қалды,

Бытырап тым-тырақай қашты алды,

Қырылды қан майданда бірталайы,

Қазақтар қуып жүріп ойран салды.

Жоңғарлар айырылған соң батырынан,

Қорқады болар істің ақырынан,

Бар сенген Кеген батыр ажал құшты,

Адасты кейбір жандар ақылынан.

Бас сауғалап кейбірі артқа қашты,

Көбісі ертеңді ойлап қатты састы,

Өгіздей өрге сүйрер, арқа сүйер,

Өлген соң қолбасшысы аяқ асты.

Жоңғарлар бет-бетіне шашырады,

Қазақтар қуып елден асырады,

Мойындап жеңілгенін басын иді.

Қалайша шарасыздықты жасырады.

Жоңғардың елін шапты жерін алды,

Айдады өз жеріне сансыз малды,

Тұтқындап жеткіншекпен қыз-қырқынды,

Қалдырды есен-аман кемпір шалды.

Жеңіске дән риза Тәуке ханда,

Кегеннен айла Текей асырғанда,

Ортада жаудан түскен малмен мүлік,

Үлесті берді бөліп барлық жанға.


Сайланды Текей батыр қолбасы боп,

Құптады, сенім артып жиылған топ,

Бас уәзір Құдайназар болды сол күн,

Тәуке де қазақ халқы көңілі тоқ.

Ер Текей жиырма жеті жаста еді,

Әр істің қыр-сырына келер ебі,

Інісі Құдайназар уәзірдің,

Руы Қаракесек кете тегі.

Айрылды Жоңғар елі қолда бардан,

Бастары талайының жолда қалған,

Соғыстан әлісіреген қазақтарға,

Қиындық туындады қырғыздардан.

Жан –жақтан түрткілейді тиіп-қашып,

Шықпайды хан майданға соғыс ашып,

Әз Тәуке шамырқанды, ойға кетті,

Қырғыздың тастамаққа мысын басып.

Жинады батырларды жиын құрып,

Шаппаққа қырғыз елін мойын бұрып,

Тиіскен тиыш елге қырғыздардың,

Мойнына ойға келді салу құрық.

Қырғыздан елімізге тиді азар,

Екшелеп салып жатыр оған назар.

Жиналған батырларға, сарбаздарға,

Бас болар бас уәзір Құданазар.

Жиналды елден сарбаз ығай-сығай ,

Жар болсын, ақ жол беріп Жаппар Құдай.

Қолбасы, бас батыры Текей батыр, 

Қалың қол соғысуға сақадай сай.

Жүрейік Жаратқанға сенім арта,

Қолдасын, демеуші боп Қыдыр Ата,

 Жиналған сарбаз, батыр, халайыққа,

Тәуке хан шын көңілмен берді бата.

Қырғыздар мазалайды тиіп-қашып

Келмейді әскер жиып соғыс ашып,

Опасыз, қара ниет дұшпандардың

Кеудесін басу ойда жүрген тасып.

Жинады ел аралап сарбаздарды

Ел үшін қолға қару алғандарды,

Біреуі мыңға татыр қан майданда

Құлшынып жауға атой салғандарды.


Сарбаздың саны жетті жиырма мыңға

Шығатын жеңіспенен биік шыңға,

Қажырлы, қайтпас-қайсар кез келгені

Төзетін барлығыда қиын сынға.

Қазақтар Қырғыз асты табанасты

Демейміз жаңылысты, жазабасты,

Шыдамай көршілердің зорлығына

Көп әскер қан майданда араласты.

Жалғасты қанды қырғын кешке дейін

Бірінің-бірі сынап қандай тейін,

Жан алып, жанберіскен ашық айқас

Құпия не болары бұдан кейін.

Түн болды кетті әскер дем алуға

Алаңда судай болып қан ағуда,

Аш құрсақ нәр сызбаған Қазақ-Қырғыз

 Кірісті тамақ істеп от жағуға.

Жинады жаралымен-өлілерді

Толтырды ат, түйе арба көліктерді,

Келісіп, ауыстырып алып жатыр

Тұтқында қалған мұңлы –шерлілерді.

Көп адам шығын болды екі жақтан,

Асқандай мейірімділік, шапағаттан

Көрмеген бұндай соғыс екі жақта

Тілейді абыройды жалғыз Ақтан.

Саудырап сиреп жатыр адам саны

Қан сасып, жанға жайсыз майдан маңы,

Есепсіз жатыр жерде өлі дене

Сорғалап дірдектеген қызыл қаны.

Тынығып демалуға жатты бәрі

Белгісіз не болары бұдан әрі,

Екі жақ бір-біріне хас дұшпандай

Қажетсіздей бәрінеде өмір нәрі.

Ертемен шықты айқасқа Қырғыз-Қазақ

Бүгінгі айқас болардай тіпті  ғажап,

Қан құйлы Қырғыз жағы әлсіреді

Қазақтың бастарына салған азап.

Қолды бастап Ер Текей шықты алаңға

Тіл қатпай түсі суық бір адамға,

Не айла ойлағаны өзіне аян

Әскерін бастағандай бір қадамға.

 Ортаға Текей шықты айқай салып

Қарағайсап найзаны қолына алып,

Жекпе-жек деп қаһарлы салды айқай

Бір пенде қарсы шықпат топты жарып.

Ақ найза тасқа ұшын алған қайрап

Дұшпанға шапты жалғыз « Майлыбайлап»,

Сыртынан қойға тиген қасқырдай боп

Қырғыздың көп сарбазы қалды жайрап.

Қырғыздар ыдырады асып-сасып

Қазақтың бас көтертпей мысы басып,

Лажсыз көздері жоқ көбелектей

Бас қайғы амалсызда қалды жасып.

Қырғыздар айла қылды, қашып ұрыс

Жеңіске тапқандай бір жолды дұрыс,

Тек қана садақпенен атысуда

Әзірге қажет болмай найза-қылыш.

Болған соң мына жағдай аяқ асты

Іс болды ойланардай қатты састы,

Ер Текей дара шауып, екпінменен

Баратқан топ қырғызға араласты.

Шығын көп қырғыздарда қалды күйреп

Өлтірді талайларын найза түйреп,

Мертігіп аяқ басу арман болды

Секілді кейбіреуі жаралы үйрек.

Қазақты аламыз деп жылдам жаулап

Лап қойған тұтқиылдан отша лаулап,

Бөлінді топтан оғаш екі батыр

Кетпекке түз далаға бас сауғалап.

Ізіне түсті екеудің Текей батыр

Өлтіріп бас кесем деп келе жатыр,

Елінде қолды бастап жүруші еді

Ержүрек ерлер еді мыңға татыр.

Қос батыр келе жатыр қашуменен

Денеден аттар көбік шашуменен,

Желкелеп жетсе қуып қашқындарға

Іс қылар өте сойқан ашуменен.

Біреуі қолбасшы еді қолды бастар

Қаймықпай қарсыласын турап тастар,

Шыныққан қан майданда көптен бері

Емес еді екеуіде шикі жастар.

Біреуі мыңбасы еді топты жарған

Түгі бар жүрегінің нағыз тарлан,

Қызарып екі көзі жауды көрсе

Бөрідей қойға тиген жалғыз арлан.

Екі ара Текейменен емес қашық

Ажалдан құтылардай келет қашып,

Амал жоқ жан беруде оңай емес

Астында тұлпарына қамшы басып.

Арасы қуғын-қашқын жақын қалды

Лажсыз қармағандай қолмен талды,

Қашқаны-қуғаныда Алла дейді

Белгісіз не болары күман алды.

Ер Текей зырғуменен келді жетіп

Қарқынды, өте айбарлы екпіндетіп,

Түскендей сұм ажалдың қармағына

Қос батыр қорқыныштан есі кетіп.

Найзаны түйремекке оңтайланды

Не болды, өзі білмейт қайран қалды,

Атынан сыпырылып түсті жерге

Қап-қара түнек болып кетті алды.

Дүниенің айырылғандай жарығынан

Айырылды екпіндеген арынынан,

Ер текей қолбасына ұмтылғанда

Мың басы шапқан екен қарынынан.

Бар үміт ақталмады ұшты желге

Ішек-қарын ақтарылып түсті жерге,

Келеді қайта шауып оңтайланып,

Қылышты сілтемекке Текей Ерге.

Ес жиды сәлден кейін Текей батыр

Ішек-қарын, іш майын жинап жатыр,

Басына қара бұлт төнді міне

Сәл уақыт болды лезде жылға татыр.

Жол болсын деді дұшпан бұл ісіңе

Сеніп ең о басында сен күшіңе,

Ішек-қарын сиғанмен қарыныңа

Іш майың сыймайт деді енді ішіңе.

Тастаған соң қарынды дұшпан жарып

Іш майды жинастырды қолына алып,

Саспастан шімірікпей толғай жұтты

Қарныма сыйят деді айқай салып.

Келеге енді қайтып келер деді

Қандай ем бұған шипа берер деді,

Шаппады Текей басын қолы барып

Өзі де көп ұзамай өлер деді.

Дауысы Ер Текейдің қатты шықты

Шыдады болғаннан соң өзі мықты,

Әскері келді шауып жан-жағынан

Дұшпанға қалдырғандай іштедықты.

Ішек-қарынды жинады қолға алып

Қарынды тікті ұқыппен барын салып,

Үстіне Ақ аюдың өтін жақты

Ер Текей есеңгіреп қалды талып.

Үш күннен соң ес жиып, ашты көзін

Бұл іске кіналайды енді өзін,

Алланың жазуына амал барма?!

Жаратқан берсін қуат, берсін төзім.

Емдеді Ақ аюдың өтін жағып

Мойнына ырым қылып тұмар тағып,

Бір батыр бүкіл елдің бар тілегі


Түсердей көктен жұлдыз жерге ағып.

Емделіп қозғалмастан жатты бір ай

Жар болды емін салды Жаппар Құдай,

Батырда, бүкіл елі таң-тамаша

Қалайша мына тағдыр болды бұлай.

Айығып келе жатыр күннен-күнге

Ах ұрып көз ілмейді ұзақ түнге,

Өкініш жіберердей өзекті өртеп

Таусылды тағатыда қалмай мүлде.

Екі айда аяқ басып келді өзіне,

Көрінді маң-маң басып ел көзіне,

Себепші шықпас жанға деген мақал

Қалғандай ағайынның жел сөзіне.

Үш айда ел қатарлы атқа мінді.

Аңсады жауға шабар сәтті күнді,

Жазылды жаралары құлан таза

Ал енді отырмасын халық білді.

Жүректе қалып еді жараланып

 Небір ой келіп жатыр сараланып,

Кем емес күш пен қуат бұрынғыдан

Қалғандай бүкіл дене жаңаланып.

Тұңғиық көптен бері қалың ойда

Кек алу оралады келіп ойға,

Көрген жоқ сарбаздарда көптен ұрыс

Жетерлік күшпен-жігер, қуат бойда.

Өзіне қойды сұрақ «Жүрмін неғып?»

Жинады сарбаздарын дабыл қағып

Дұшпанға кеткен кекті қайтармаққа

Жорыққа қырғыздарға кеткен лағып.

Он бес мың қол жиналды отыз күнде

Уағда жасап жатыр сәтті күнге,

Ішінде осалы жоқ, бәрі ержүрек

Батырлар сақадай сай алар жүлде.

Бата алды Әз Тәукеден қолды жайып

Кіл мықты ығай-сығай қыран-сайып,

 Қырғызды өз жерінде тас-талқан ғып

Қазағым қалары анық бір марқайып.

Жар болсын деді Тәуке Жалғыз Егем

Қолдасын жолдарыңда Ғайып Ерен,

Абырой, жігер-намыс берсін Алла

Шыңдалған сайдауыттай ылғи берен.

Жасады қолдан келген шараларын

Бағындырып шеткі Шаһар қалаларын,

Жақсы екен үйренген жау атыспаққа

Қырғыздың осал тұсын шамаларын.

Кездесті сәске түсте қалың қолға

Қарсы алып соғысуға  тұрған жолда,

Ер Текей жекпе-жек деп шықты алаңға

Найзасын сермеп-сілтеп оңмен-солға.

Қолбасы кел деді бері жекпе-жекке

Ашулы үш ай бұрын кеткен кекке,

Бастарын домалатып допша жерге

Күндерін айналдырмақ қияметке.

Қолбасы найза ұстап қарсы келді

Астында ойнақтатып Құла керді,

Батырға керегіде осы еді

Ер Текей қақ жүректен түйреді ерді.

Көтерді найзамен тік жоғары

Қырғыздың қозғалуға жоқ енді әлі,

Көздері қарауытты, демі бітті

Белгісіз не болары бұдан әрі.

Лақтырды жансыз жанды көкпар қылып

Дұшпанға ұнамады мына қылық,

Төбесі көктіреген батыр  шықты

Ол тағы құшты жерді дымы құрып.

Шыққанын Текей тірі қалдырмады

Дұшпанға шарасыз боп шалдырмады,

Шыққанын қырандарша қағып тастап

Біріне тура найза салдырмады.

Шықпады ешбір батыр тәуекел ғып

Текейдің қаһарынан тұрды ығып,

Бір сәтте алты батыр ажал құшты

Мақсаттар орындалды ойдан шығып.

Батырсыз, басқарусыз әскер қалды

Сескеніп шегінуге ыңғайланды,

Шетінен түйреп жатыр, салып ойнақ

Ер Текей шамырқанды, қаһарланды.

Ар жағы шашырады қашты кейін

Қазақтың оңдырмасын білді тейін,

Қырылды, Қырғыз жағы ойсырады

Бұл жағдай естен кетпес көпке дейін.

Қырғыздың тәуелді етті бүкіл елін

Қазаққа бағындырды байтақ жерін,

Байлығын, малдарымен алды тартып

Тұтқынға алды талай бұраң белін.

Қырғызды толық жеңіп елге қайтты

Әз Тәуке бағалады болған жайтты,

Дұшпанын тас-талқан ғып жеңгеннен соң

Қазаққа еркіндіктің таңы атты.

Қырғызды Тәуке - Текей алды шауып

Төндірген ел шетіне қатер-қауіп,

Қырылды сан мыңдаған сарбаздары

Тірісі бас сауғалап кетті ауып.

Риза Текей сынды қолбасына

Бөліскен жаудан түскен олжасына,

Кедейлер шала байып болды малды

Алтын-күміс толтырып дорбасына.

Риза Ер Текейге бүкіл аймақ

Балалар қуануда алақайлап,

Жаратқан абыроймен беріп сабыр

Қызықты күндер жатыр өтіп жайлап.

Ерекше берекелі болды заман

Байлыққа қол жеткізді бүкіл адам,

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап

Еліміз басты алға құтты қадам.

Жүзі жарқын, келбеттіде шырайлы

Қылықтары, көрген жанға ұнайды,

Күндіз-түні жаны пида қалың ел

Жаратқаннан бала өмірін сұрайды.

Нәресте әр күн сайын келеді өсіп

Тұрғандай қарсы алдынан самал есіп,

Еңбектеп тыным таппай ертелі-кеш

Той жасар күнде жақын тұсау кесіп.

Дегенше әне-міне жастан асты

Бір-екі алға қарай қадам басты,

Былдырлап неше түрлі сөздер айтып

Өзіне жарасымды қылық ашты.

Той болды дүркіреген тұсау кесіп

Ғұмыры сайлы ұзақ болсын десіп,

Шын көңілмен еміреніп берді бата

Қария мәселені жүрген шешіп.

Қарайды болашаққа сенім артып

Тумысы, болмысыда елден артық,

Ер жетті он бес жасқа келді міне

Мінді атқа нағыз ерше жалын тартып.

Кегенді жеңген кезде жиырма бесте

Бұл жағдай мәңгілікке қалады есте,

Жоңғардың құдіретті түр-тұлғасы

Өмірлік өшпестей боп қалды есте.

Қай пенде елін жерін сата алады

Жаңылыс басса жаза шаталады,

Текейдің берген жарлық әмірімен

«Кеген» деп жер-өзені аталады.

Жоңғардың хас батыры, асыл заты

Ерекше өз еліне махаббаты,

Өзі өлседе кейінгі ұрпағына

Кегеннің мәңгілікке қалды аты.

Кегенді дәріптеді құрметтеп

Бейіттің қойды белгі басына кеп,

Басы жоқ жансыз дене ат үстінде

Тұрғанын айтты батыр киелі деп.

Кегенді ұмыта алмай көпке дейін,

Ойламай ас-аухатта ішіп-жейін.

Қынжылды хас батырдың өліміне,

Әзірше басқа істі қойды кейін.

Ұмытып, тарқатпаққа іште шерін,

Келуге тұжырымға буды белін.

Атады хас батырдың есімімен,

Кегеннің сұм ажалды құшқан жерін.

Өртеді бір өкініш өзегінде,

Жер аты болмаса да өз елінде.

Батырды қалдыруға мәңгі есте,

Кеген деп және атады өзенінде.

Алысып өлімменен, өмірменен,

Қоштасты жауды жеңген өңірменен.

Жан алып, жан беріскен болды шайқас,

Қайтты еліне көтеріңкі көңілменен.

Тілегін Жаппар Егем қабыл етті,

Жиналды елге қарай түзеп бетті.

Хан орда Әз Тәукенің сарайына,

Дін аман, бауыр бүтін аман жетті.

Қазақтар қайтты елге Текей бастап

Тұлпарлар жерді тарпып, жүр ойқастап,

Олжалы сәніменен көш келеді

Шабылған қырғыз елін артқа тастап.

Көші-қон екі арада жүрді апта

Тау-жота, жазық дала қалды артта,

Қырғыздан тұтқын болған сұлуларды

Кедейге беру абзал шариғатта.

Кедейдің болды әйелді талайлары

Тоқалды боп бұрынғы әйел бары,

Тойынып, малды болды кедей-кепшік

Жаратқан Жаппар Егем болып жары.

Ерекше заман болды ел-халыққа

Айналды ел мақсаты енді аныққа,

Ел аман, халық тыныш болды заман

Тіршілік түсті алаңсыз бір қалыпқа.

Бұлыңғыр, қаратүнек болды алды

Төсек тартып, әл кетіп науқастанды,

Өзіде сезіп жатыр мойынсұнып

О дүниелік болуға жақын қалды.

Көп болды жатып қалды төсек тартып

Сенімнен күннен-күнге күдік артып,

Жақындап бұл пәниден аттанар шақ

Барады ауру меңдеп әлін сарқып.

Жоғары басын отыр тік көтеріп

Міндеті әкеліктің қалды өтеліп,

Көз салды айналаға қимастықпен

Қарады балдарына бір жөтеліп.

Ұлтайға дән риза бүкіл аумақ

Адал жан, жаман істен жүрер аулақ,

Атасы қылған мұра шанышқымен

Күн көрер қысы-жазы балық аулап.

Пенденің болсын Алла бір панасы

Еліне болсын адал әр баласы,

«Ұлтайдан ұл туса, балыққа күн туар» деп

 Мақал бар әлге дейін ел арасы.

Ұлтайға Тәуке, Әйтеке бата берген

Мерейі болсын үстем бүкіл елден,

Түкірді ауызына Әйтеке би

Тағдырың болсын бірге қалың елмен.


Ертемен балаларын жинап алды

Өткізіп жатыр бастан ауыр халді,

Жастықтан бас көтерді жайлап-жайлап

Сабырмен сөз бастамақ жиып әлді.

Айнала отыр қоршап балалары

Жетерлік шыдамдылық шамалары,

Қимайды сұм ажалға әкелерін

Сарқылып таусылғандай шаралары

 Заңына Жаратқанның отыр көніп

Ажалға мойын ұсынып тұрған төніп,

Бойында Алла берген қасиетін

Ойында ұрпағына беру бөліп.

Бірлікті Абақанжан саған бердім

Өз ісің ел қамқоры нағыз ердің

Ақкөбек қара қылды қақ жарасың

Биі боп өте әділ осы елдің.

Заңына Жаратқанның жатыр көніп

Дем бітіп қалатыны анық өліп,

Ерекше Алла берген қасиетін

Мұра ғып ұрпағына берді бөліп.

Үлкені бабамыздың Ұлтай еді

Үкілеп мәпелеген бүкіл елі,

Алладан тілек тілеп Текей-Бөке

Сарғая күтіп еді көптен бері.

Ұлтайды Егем бесігімен береді

Бабамызға көктен түсті керегі,

Ұлтай өсіп он бес жасқа келгенде

Нәсіп қылып Абақаны ереді.

Ерекше, өте нәзік Абақаны

Сұңқардың сары үрпек балапаны,

Кеңпейіл, игілікті әрбір ісі

Жомарт жан, жұмылмайтын алақаны.

Алыстан жаман-жақсы жетсе хабар

Күтпейді, кешікпейді тұра шабар,

Ойында әрқашанда ел бірлігі

Мүлт кетпес көпшіліктің көңілін табар.

Сөздерін Абақанның халық тыңдар

Бағынар небір асу небір шыңдар,

Шешеді мәселені сабырменен

Болсада қауіп-қатер небір сындар.

Жалғаған бірлікпенен берекені

Көңілді әрбір күні мерекелі,

Белгілі үлкен тұлға, жайдары жан

Бір сөзді нағыз сырбаз ер екені.

Жасынан ел аузына ілінеді

Қамқоршы, көпшілдігі білінеді,

Ойларын ел бірлігін  о басында

Дөп басып бабамызда біліп еді.

Көңілді шат-шадыман жақын маңы

Шатыққа толы атар әрбір таңы,

Болған соң өзі сахи, өзі мырза

Жиналмас ешқашанда дастарханы.

Мақсаты Ақкөбектің өте биік

Сотқарлар жасқанады басын иіп,

 Қақ жарып қара қылды әділдікпен

Алмастай шиелгенді түсер қиып.

Жасынан Жаратушы нұрын төккен

Бейкүнә періштедей түскен көктен,

Сабырлы, аңғарымды, пейілі кең

Алғыспен қошеметті алған көптен.

Жібектей жайма-шуақ есіледі

Шешендей көп алдында көсіледі,

Ақкөбек сөз бастаса бір сілкініп

Ың-шыңсыз бар мәселе шешіледі.

Билікпен ел аралар апта-айлап

Әр күні сәттілікпен өтер жайлап,

Өзгеден артық ықпал-несібесі

Қойғандай босағаға жіпсіз байлап.

Құтенбет палуандықпен аты шықты

Жауырынды, апай-төс өте мықты,

Құданың берген күші, абыройы

Қарсы кеп белдескеннің бәрін жықты.

Өзі де сом денелі мінезі ауыр

Тәнті боп істеріне бүкіл ауыл,

Қапа боп ашуланса қаһарланар

Болады астан-кестен қара дауыл.

Палуандық Құтпенбетім мұра саған

Жар болсын желеп-жебеп Қарпық бабаң,

Қалдырдым батырлықты Кегеніме

Жүректі, білектіде артық шамаң.

Кегенге батырлықты қылған мұра,

Қарайды жан-жағына мойын бұра.

Белінде бес қаруы атқа мінер

Жау келсе ел шетіне ара-тұра.

Кегенге мұра қылған батырлықты

Жүректі, қайтпас-қайсар батылдықты,

Көңілді әрқашанда, елге сыйлы

Ешқашан сақтамайтын іште дықты.

Жаратқан берген қайрат білегіне

Сламның нұрын құйған жүрегіне,

Бір Алла тілмен-көзден қылсын аман

Батырды көпшіліктің тілегіне.

Байлықты қылған мұра Шымырбайға

Симайды төрт түлік мал қырмен-сайға

Алланың ақ жолынан ауытқымай

Тәубе етіп Жаратушы бір Құдайға.

Байлықты қылам енші Шымырбайға

Жасынан құмар еді құлын-тайға,

Кешіккен үлес бөлген, жиналыстан

Шанышқы енші болсын ер Ұлтайға.


Ауырды үш ай жатты төсек тартып

Қалмады күшпен –қуат бойда артық,

Көп еді қойған алға мақсат-мүдде

Барады балдарына сенім артып.

Уақыт жылжып жатыр бір жүйемен

Қорғаушы тілек тілеп жан Иеден,

Ойлаған ұрпақ қамын, Ел қорғаны

Текейдей жайсаң өтті дүниеден.

Болама ел тарихын елемеске?

Дарабоз баба рухын алып еске

Елімен жерін қорғап қылған ерлік

Сақтаймыз баба рухын мәңгі есте.

Сөздер шықты жоғарыдан жағымсыз

Елең етті ел-халықтың құлағы,

Бас иеді Жаратқанның ісіне

Айбаттыда болсадағы қырағы,

Нағыз майса жылы-жұмсақ көк орай

Болсадағы шүйгін жердің құрағы,

Аман болсын келген бәле-жаладан

Құлынмен тай, қозыменен лағы,

Гүлдей жайнап жарқырасын айнала

Ескірмесін сырыменен сылағы,

Шыдам берсін, ынтымақпен береке

Өте қиын Жаратқанның сынағы,

 Және де бар қиын-қыстау, зұлымдық

Қанша жандар еңіреді жылады,

Жақсы жандар жүрсе атқарып ісіңді

Бар шаруа қиындықсыз тынады,

Өнерпаздар жырау-жыршы дос болса

Кереметтей сауық-сайран құрады,

Сексен бес жыл өмір сүрді жалғанда

Қиындыққа мойымады шыдады,

Берген Алла төзімділік, қуатты

Қапа болып қалай сағы сынады,

Қабілетпен өнер беріп қолына

Жаратушы өзі артық қылады,

Дүние салды Текей атты нар тұлға

Асқар тауы еліміздің құлады,

Кесенесі «Әзіреті Сұлтанның»

Болды міне мәңгілікке тұрағы

Ешқандай мақсатым жоқ, жаман пиғыл

Дегендей кейбіреуге қалу жағып,

Еске алып ата-баба әруағын

Мазалап кейбір ойлар «жүрмін нағып»,

Баба жайлы жазуды ойламаппын

Қалайша бұған дейін жүрмін лағып,

Мынау іс жарамайды, болмайды деп

Еш пенде көрген емес қолдан қағып,

Пендеге жаманшылық ойламаңдар

Лайым жүру керек басты бағып,

Дос болма жаманменен қолдан келсе

Ызыңдап масалардай алар шағып,

Қасыңда есерсоқтан досың болса

Тиылмас көзіңнен жас тұрар ағып,

Байлардан, патшалардан досың болса

Жүретін саф алтыннан тұмар тағып,

Көңілді жақсы жанның жүрген жері

Жүретін лайымда әнге салып,

Көмектес қолдан келсе кем-тарларға

Тізгінін болашақтың қолға алып,

Дегенде ел құлағы елу деген

Қалады әр уақытта құлақ шалып,

Есте ұста қазағымның дәстүр-салтын

Жүрмесін қариялар сізге налып,

Жүрегі сұлулардың нәзік болар

Байқаңдар болмашыға қалар талып,

Ұятсыз, шайпауыттың сөзі ащы

Борандай бет-жүзіңді кетер қарып,

Ақылмен, сабырлылық болса бойда

Шығады нағыз жігіт топты жарып,

Жігіттің айналасы сай болмаса

Жабыдай бапталмаған қалар арып,

Нысапсыз ел байлығын тонағандар

Жетеді мақсатына қайда барып,

Түнімен кафе барып сыра ішкендер

Қаңғыбас бұралқы иттей тұр ар сарып,

Басының қамын ойлар пысықайлар

Қалады қапияда іштен шалып,

Әрқашан жақсылыққа жаны құмар

 Қолынан келмеседе сорлы ғаріп,

Қолында қауқары жоқ кедей-кепшік

Табады әділдікті қайда барып,

Тәуелсіз қазағымның мерейі асып

Бақ қонсын бастарына Қыдыр дарып.

Таптатпай ешбір жанға намыс-арын

Жұмсайтын елі үшін қолда барын,

Сақтасын тілмен-көзден, Жаппар Егем

Бабаның сенім артқан ұрпақтарын

Келбеті жаралғандай сәуле нұрдан

Қай кезде мәртебесі биік тұрған,

Дем бітіп бұл дүниеден кетседе өтіп

Өмірін абыроймен жалғастырған.

Әрқашан мерейі асып өрлеп алға

Кір шалмай қаяу түспей намыс-арға,

Текейді қадір тұтқан ұрпағына

Жар болсын құдіретімен жалғыз Алла.

Шау тартты сексен беске жасы келіп

Қартайды күшпен-қуат бойда кеміп,

Азайып жүріс-тұрыс, жатыр үйде

Тағдырға мойынсынды қарттық жеңіп.

Бабамыз балдарына берді бата

Жүріңдер ел рухын асқақтата,

Қазаққа абыроймен берсін бақыт

Лайым дұшпандарды таңырқата.

Демеңдер қолда барды аяп қалды

Соңына жыр додасы таяп қалды,

Қолымнан келгенінше ықшамдаймын

Әзірге бұл дастаным аяқталды.


Сөзіңді жадыңда ұста Бекей Бегім,

Бекпіндеп бет алдыңа көкеймегін.

Қасқыйып хан алдында сөйлей тұғын,

Сен сонша Қарпықұлы Текей ме едің?!

Тұрмағамбет Ізтілеуов.

 

 

Жасы келді мойынсынды қарттыққа

Таусылғандай енді міне шыдамы,

Дүние салды Текей атты Нар тұлға

Асқар тауы еліміздің құлады.

Кете барды құзырына Алланың

Жарқыраған сөнді міне шырағы,

Кесенесі «Әзіреті Сұлтанның»,

Болды міне мәңгілікке тұрағы.

Бәрінен қойған биік намыс-арды

Артында өшпейтұғын ізі қалды,

Қожа Ахмед Яссауи бабамыздың

Қасынан мәңгілікке орын алды.

Әбсалам Омаров.


 

ҰРПАҒЫ БОЛЫС БАБАМ БЕКТІБАДЫҢ


Бисмилла жыр бастаймын жар бол Алла,

Талай сыр құпиялы жатыр алда.

Ұрпағын Бектібайдың толғамақпын,

Суырылып топ ішінен шыққан алға.

Болады әрбір істің шектеу-шегі,

Қас батыр заманының болған бегі.

Жаратқан берген ақыл және қайрат,

Бабамыз Қаракесек Кете тегі.

Жан-жақты Қаракесек елге мәлім,

Атадан жастайынан алған тәлім.

Әкесі қазір таңда үш баланың,

Байсары,Шөмен менен және Әлім.

Байсары үшеуінің үлкендері,

Халқының қамын ойлар кемеңгері.

Елі үшін,отаны үшін отқа түсер,

Ержүрек,нағыз берен,крдің-ері.

Жар болған Жаппар Егем өзі қолдап,

Күн кешті сыртқы жаудан елін қорғап.

Жібермес ел шетіне тірі жанды,

Кетсе де жердің бетін бұлт торлап.

Риза көрген пенде келбетіне,

Тиыштық орнатардай жер бетіне.

Сескеніп Байсарының қаһарынан,

Қас дұшпан жолай алмас ел шетіне.

Бабамыз аты аңыз батыр еді,

Әрқашан саясында бүкіл елі.

Шаттықпен жайма-шуақ күн кешуде,

Жаз жайлау,қыс қыстауы,қыр мен белі.

Қадірлі ел қорғаны болды бабам,

Күн кешті қазақ халқы есен-аман.

Силастық,берекенің арқасында,

Орнады ел басына тиыш заман.

Бабамыз сәтті күні отау құрды,

Алдында небір қилы мақсат тұрды.

Әзірге еш пендемен бөліспейді,

Ішінде құпиялы небір сырды.

Араға көп күттірмей бір жыл сала,

Ерекше дүниеге келді бала.

Ат қойып Майлыбай деп тұңғышына,

Қуанып мәпелейді қолына ала.

Шаршаса бала сүйіп мауқын басар,

Мәз болып қуаныштан мерейі асар.

Дүниеге Бозаншардай келді сәби,

Бар пенде ұрпағымен ұзақ жасар.

Бабамыз шамырқанып,түзеп бойды,

Жинады ретімен бір жерге ойды.

Аяйма баласынан,ұрпағынан,

Жасады ел шақырып үлкен тойды.

Нәресте шүкір Алла келеді өсіп,

Жаратқан беріп саулық,беріп несіп.

Жан егем беріп мерей-абыройын,

Тұрғандай қарсы алдынан самал есіп.

Байсары келді онға Алла қалап,

Иншалла орындалды бүкіл талап.

Баланың денсаулығын,болашағын,

Тілейді Жаратқаннан бүкіл алап.

Болардай ел қорғаны нағыз өрен,

Назары жоғарыда болмай төмен.

Балаңыз болса артық қатарынан,

Жетеді мерей асып,көкке төбең.

Сол жылы қалмақтармен болды шайқас,

Жан алып,жан беріскен үлкен айқас.

Қаруы,әскері көп қас дұшпаннан,

Абзалы жар бол Алла болу байқас.

Күш алды әр сәт сайын дұшпан жағы,

Қызылкөз бөрілердей жыртқыш тағы.

Байсары,Майлыбаймен қаза тауып,

Қазақтың пәті қайтып сынды сағы.

Майлыбай дүниеден ерте өткен,

Ағайын,бауырларын зар еңіреткен.

Жиырма үште ажал оғы тура тиіп,

Дүние опасыз ең мұнша неткен.

Әріден іздестірсек,көрсек шолып,

Қай кезде жетілеміз орны толып.

Тұқымсыз дүниеден ерте кетті,

Кетеге аты қалды Ұран болып.

Күш жиып қайта шапты қазақ жағы,

Басшыдан айрылса да сынбай сағы.

Дұшпанын тас-талқан ғып,жер  қалдырды,

Мерейі үстем болып жанды бағы.

Соғысқа кіріссе де аңдап-жайлап,

Жол ашар,ұрандатып, " Майлыбайлап".

Болған соң ылғи батыр,қайтпас қайсар,

Жанырып,дұшпандарын қойша айдап.

Жар болған қай кезде де жалғыз  Егем,

Аллаға қиын емес  десе берем.

Әрқашан сыртқы жаудан елін қорғап,

Аяқтар шайқастарды жеңіспенен.

Айырылып әкесінен алты жаста,

Маңдайы тмгендей боп қара тасқа.

Бозаншар зар еңіреп қалды жетім,

Не айла көндікпеске,шыдамасқа.

Күн кешті ағасының малын бағып,

Ешкімге тілдеспейді мұңын шағып.

Жиырмаға келді міне сау-саламат,

Сөндірмей әкесінің отын жағып.

Шыдамай Әлім аға қылығына,

Істеген былығына,шылығына.

Жөнелді екі жүздей жылқыны айдап,

Шөмендей саф алтынның сынағына.

Қарамай тағдырының ауырына,

Қапа боп,ренжулі бауырына.

Бес,алты бақташы бар анасымен,

Таяды Шөмен аға ауылына.

Інісін Шөмен аға қарсы алды,

Жырақта Әлім ауылы артта қалды.

Жеңгесі інісіне салды үлкен жай,

Жайлауға жайғастырды келген малды.

Інісін үйлендірді отау құрып,

Сақталып мұсылманша әдет-ғұрып.

Бақытты жақын-жуық бауырлармен,

Қарайды болашаққа мойын бұрып.

Жыл сайын балалы боп өсіп-өнді,

Шырайлы келбетті де,бидай өңді.

Кешікпей ата жолын қуары анық,

Көркіне ақылы сай білер жөнді.

Малдарды жайып тастап ен далаға,

Жері шүйгін суы көп сай-салаға.

Ұзама бес-алты жыл көлемінде,

Бозаншар әке болды үш балаға.

Ішінде Түменқожа елжен ерек,

Ұқыпты,тындырымды өте зерек.

Үнемі елдің жайы,малдың қамы,

Табылар жақын маңнан болса керек.

Түменнен туылады жалғыз Сары,

Жетерлік бір басына намыс-ары.

Айбатты,сом денелі,нар тұлғалы,

Жоламайды ел шетіне ұры-қары.

Денесі тас мүсіндей нағыз құрыш,

Қас батыр пана тұтқан бүкіл ұлыс.

Кем емес қатарынан оза шапқан,

Балдары Жанбақты,Асан және Құлыс.

Асаны қайтпас қара нағыз будан,

Ержүрек қаймықпайтын топан судан.

Ерлігін жалғастырар бабамыздың,

Киікші,Қарабазар,Қарпық туған.

Жаратқан құдіретімен болған пана,

Сәтін сап жолды ашты Ақ Тағала.

Тет өскен үйелмелі-сүйелмелі,

Байбөрі бабамыздан екі бала.

Екі ұл Жаубөрі мен Жақсылықты,

Жау жүрек,жуан білек болды мықты.

Атаның берген тәлім-тәрбиесі,

Найзагер садақ тартып аты шықты.

Жақсылықтан Шақабай одан Бекпас,

Жау келсе қол қусырып үйде жатпас.

Қамқор боп ауыл-аймақ,жақындарға,

Қай кезде ат үстінде дамыл таппас.

Бекбастың елге мәлім Аманқұлы,

Алланың нағыз сүйген болды құлы.

Өзі ұста,өзі әділ,өзі сахи,

Кеңпейіл болмаса да мал мен пұлы.

Береке қонақ үйден арылмайды,

Пейілі ұшан-теңіз тарылмайды.

Мақтанып тап осындай бабалармен,

Қалайша жүрек шіркін жарылмайды.

Ерназар туылады Аманқұлдан,

Жасынан палуан боп сейіл құрған.

Жер жарған заманында атақ-даңқы,

Шоқтығы,мерейі асып биік тұрған.

Абсалам Омаров.

Жасқа кеп еңбектеді тәй-тәй баста,

Талғаммен таңдап ішер берген асты.

Көрікті бал-бұл жайнап екі көзі,

Сымбатты болатындай қиғаш қасты.

Ұзақ күн балалармен күліп-ойнап,

Ойынның қызығына терең бойлап.

Шаршауды,шалдығуды бір білмейді,

Зыр қағып,дамыл таппай салар ойнақ.

Толғатты міне бүгін күні жетіп,

Сыйынар Жаратқанға тәубе етіп.

Дегенде әне-міне ұлды болды,

Үлкен той жасап жатыр дүрілдетіп.

Жасады ойда қалар үлкен тойды,

Сейілтті баста жүрген қалың ойды.

Ерназар елге мәлім қарт палуан,

Пазыл деп жас сәбиге атты қойды.

Баланың денсаулығы  бір қалыпты,

Шаттыққа бөлеп жатыр бар халықты.

Келінге алтын құрсақ ел риза,

Әкелген дүниеге бір алыпты.

Жас Пазыл күннен-күнге келеді өсіп,

Тағы да жасады той тұсау кесіп.

Тіл шығып әлденені бұлдырлайды,

Жақындары мәз болады шүкір десіп.

Жәйменен өтіп жатыр артта жылдар,

Уақыт тоқтамайды,өтер-зырлар.

Ойнайды күнұзағына көрмей дамыл,

Алаңға айналғандай төбе-қырлар.

Қуаныш жақын маңда келетіндей,

Тілекті Жаппар Егем беретіндей.

Ананың босанатын күні жақын,

Пазылға жас інішек еретіндей.

Желкілдеп Пазыл келді міне үш жасқа,

Кенде емес киер киім,ішер асқа.

Інілі болды міне Алла қалап,

Бола ма қуанышты тойламасқа?

Жаратқан дегеніме жеткіз қолды,

Нәсіп қып басқа бақыт,тура жолды.

Сәтті күн бір Алланың құдіретімен,

Тағы да міне бүгін ұлды болды.

Мейріммен берді Алла жолды ашып,

Жамандық,пәле-жала болсын қашық.

Қуанышбай үш балаға болды әке,

Көк аспан кіршік шалмай болсын ашық.

Қалмады кем-кетік пен іште даты,

Мейрімді болмас бұндай адамзаты.

Үшінші ұл дүниеге келді міне,

Уәлі нәрестенің болды аты.

Сұлудың болды бала нағыз өзі,

Жайнаған гауһар тастай екі көзі.

Тіл-көзден және сұқтан сақта Алла,

Жар бол деп ата-ананың айтар сөзі.

Әр істің ажыратар екшеп парқын,

Күнбе-күн алға басып,үдеп қарқын.

Жүзінен жас сәбидің нұр шашады,

Баланың болары анық жүзі жарқын.

Жүргенде Жаратқанға тәубе етіп,

Дүние шыр айналды кері кетіп.

Уәлі бір жарымға толған кезде,

Қуанышбай көз жұмды ажал жетіп.

Жүріп еді тағдыр шіркін бір жүйемен,

Жақсылық ,ғұмыр тілеп Жан Иеден.

Палу ан,Ерназардан тұңғыш ұлы,

Жиырма жеті жаста өтті дүниеден.

Алланың ажал оғы тура түйреп,

Жүректі қорқыныш пен үрей билеп.

Көз тиіп арыстанға болды олат,

Ел-халық аң тарылды,қолды күйреп.

Бектібай бұл жылдары еді бесте,

Болған жайт көз алдында әлі есте.

Пазыл үш Уәлісі бір жарымда,

Аттанды қайран әке көз көрмеске.

Бәленің аулақ қылсын дейміз бетін,

Құшақтап зар жылайды бауыр етін.

Аңырап аналары жер тырналап,

Үш бала жастайынан қалды жетім.

Жетімге Жаппар Егем қарасады,

Тағдырмен қандай пенде таласады.

Балдары Қуанышбай бабамыздың,

Ержетіп болса азамат жарасады.

Уақыт тоқтамайды қас-қағымда,

Өмірдің көрген асып-тасқанын да.

Үш бала шүкір Алла келеді өсіп,

Дүниенің жарық мынау аспанында.

Күн-көріс шүкір Алла жаман емес,

Жаман күн қалды артта,болып елес.

Қолында аталары Ерназардың,

Алынар аман болса талай белес.

Уақыт өтіп жатыр сәтті жайлап,

Күн кешіп бірлікпенен бүкіл аймақ.

Би болып Бектібай да болды азамат,

Сапарға шығып жүред апта-айлап.

Палуан Пазыл еді елге мәлім,

Атасы Ерназардан алған тәлім.

Шатақтар,масқара боп жер құшады,

Күрессе палуанмен білмей әлін.

Уәлі ерке-шолжаң кенжелері,

Ат қойған "Мырзажан" деп жеңгелері.

Байсалды,жылы жүзді,майда мінез,

Пенде жоқ сұлулықта тең келері.

Жүреді тең-құрбымен сайран салып,

Қатардан көрген емес кейін қалып.

Қолынан келгенінше берер көмек,

Жақсылық-жамандықты көзі шалып.

Уәде емес жігіт бұлар жұтар,

Іс болмас ағайынды абыржытар.

Балдарын Қуанышбай бабамыздың,

Ел-халық қастерлейді,үлгі тұтар.

Қайратты талқандайтын қара тасты,

Бұқпалап ойламайды қара басты.

Бірі би,бірі алып,бірі сері,

Сөздері болған емес аяқ асты.

Жарлыға қайыр қылып сауап табар,

Той тойлар,көкпар тартар,атқа шабар.

Жайдары қай кезде де,қолы ашық,

Көрші елден "көмек бер"деп жетсе хабар.

Ақпейіл пенделерге Алла берер,

Дос-жауды ойға келмес сыртқа тебер.

Соғады жүректері тек халық деп,

Мейрімді,ақын жанды,сөзге шебер.

Істері оңғарылды,алға басты,

Талпынып талай биік қырдан асты.

Түрік пен молдалардан тәлім алып,

Бәрі де мұсылманша сауат ашты.

Үшеуі жұбын жазбай барар тойға,

Келмейді секем алып жаман ойға.

Ақжүрек,

сабырлылық,зор қабілет.

Әкеден бұл қасиет келген бойға.

Кезінде өтті күндер қауіп төнген,

Алланың жарлығына пенде көнген.

Қуанышбай,күш атасы бабамыздың,

Ұлдары бұл үшеуі өсіп өнген.

Ұлдары әкесіне туған тартып,

Береке күннен-күнге келеді артып.

Сыйластық пен бірлікті паш еткендей,

Арада арам пікір болмас артық.

Қажымай бітіреді қиын істі,

Батырмас ағайынға қайрап тісті.

Ептілік,көрегендік,арқасында,

Ортада шаруаның қайнап,пісті.

Жан Егем ибалықпен берген порым,

Мейріммен шапағаттың жиған қорын.

Қай кезде қызу еңбек арасында,

Қуып тұр Алла қалап әке жолын.

Жаңылыс іс болмайды орны толмас,

Қай кезде айналасы жора-жолдас.

"Кең болсаң,кем болмайсың"деген мақал,

Шалалық,істерінде қате болмас.

"Орнында бар оңалар" халқым деген,

Ата-ана ұрпағының қамын жеген.

Ерте өткен бұл пәниден  бабамыздың,

Жар болсын балдарына Жаппар Егем.

Бектібай артқа тастап жиырма жасты,

Би болды сыр еліне аяқ асты.

Ілініп ел-халықтың назарына,

Істері абыроймен алға басты.

Аққұба, жауырынды,биік бойы,

Жетерлік бір басына абыройы.

Қадірлеп,ардақтайды ауыл-аймақ,

Болашақ "болыс" болу негізгі ойы.

Қамқоршы ел-халқына болары анық,

Дүйім ел көш басшыны отыр танып.

Топ жарып,қабілеттің арқасында,

Тағдырын бұл аймақтың қолына алып.

Түскендей өмір шіркін бір салаға,

Риза Жаратушы бір панаға.

Сыйынып,маңдай тірер қалың жұрты,

Теңейді түбі терең кең данаға.

Көркіне көрген жандар таңданады,

Күмәнсіз ер жеткені аңдалады.

Жаратқан бір Алланың қалауымен,

Жазшыға үйленуге қамданады.

Сырт көзге білдірмейді артық-кемін,

Жинады жігіт болып етек-жеңін.

Шарқ ұрып талай жерді аралады,

Өзіне жар болардай іздеп теңін.

Тағдырдың төзген ыссы-суығына,

Риза тума,жақын-жуығына.

Кетенің Құдайназар,Сайырғасы,

Көз салды Қадишадай сұлуына.

Оңғарды Жаппар Егем алға істі,

Бойжетіп Қадиша әжем жетіп-пісті.

Сүннеті Пайғамбардың,Алла жолы,

Ерназар баба барып құда түсті.

Бабамыз арқа барып,жаз жайлады,

Қалыңға үйірімен жылқы айдады.

Келінді көп ұзамай аламыз деп,

Серттесіп құдалармен сөз байлады.

Абсалам Омаров.

Айттырды,құда түсті,қалың беріп,

Жас жүрек қалыңдыққа тұрды еріп.

Алланың берген ырзық-напахасын,

Бұйырса жас-жұбайлар алар теріп.

Бұйырса жарасады дәм мен тұзы,

Байқалмайды көңілінде жүрек сызы.

Шығым тұр көңілінен атамыздың,

Кермарал,Сойырғастың сұлу қызы.

Қондырды Жаппар Егем басына бақ,

Жар болып құдіретімен Жаратқан хақ.

Бүкіл ел той қамымен абыр-сабыр,

Мінекей болды бүгін үйленер шақ.

Құдалар бетке ұстады барар жерді,

Тұрақтай басшы етті кемеңгерді.

Қажыбай дұға оқып Ақ жолына,

Ерназар қолды жайып бата берді.

Құдалар келді жетіп қалмай түске,

Қуаныш қоныш-қойын,симай ішке.

Береке келінменен бірге келсін,

Жаратқан берсін қуат қайырлы іске.

Той жасап келіндерін қайтты алып,

Туралап көш-керуенді жолға салып.

Анамыз келін жұмсап,төрге шығар,

Отырар жылы суға қолды малып.

Той болды шаңыраққа келін келіп,

Ерекше құтты келін Алла беріп.

Жаратқан берсе абырой-силастығын,

Береке өзі келер атша желіп.

Мінекей үй де болды отау құрып,

Мойнына қамыт болып түсті құрық.

Үй қамы,елдің жайы сансыз жұмыс.

Жұмыс көп кеш жатады,ерте тұрып.

Билікке жастайынан араласты,

Демейді ешбір пенде жаза басты.

Турашыл,кесіп айтқан шешімімен,

Болмады ешбір сөзі аяқ асты.

Бұл неке өте ерекше болды сәтті,

Жұбайлар өмір сүрді тату-тәтті.

Айтады тілек тілеп ертелі кеш,

Аллаға күндіз-түні мінәжатты.

Арада күліп-ойнап бір жыл өтті,

Ананың босанатын күні жетті.

Ерекше қуанар күн жақын қалды,

Бабадан көп ойланып маза кетті.

Белгісіз не болары,құпия алда,

Мақсаттар орындалар қойған алға.

Бүкіл ел шырт ұйқыда таң алдында,

Тілекті сәтті күні берді Алла.

Торсықтай Жаппар Егем ұлды берді,

Қуантып Бектібайдай кемеңгерді.

Балаға Тоқтаған деп ат қойылды,

Күңірентіп Азан айтты аспан-жерді.

Жас сәби көз алдында келеді өсіп,

Тұрғандай қарсы алдынан самал есіп.

Ел болып тілеу тілеп,Бір Алладан,

Ғұмыр мен денсаулығын берсін десіп.

Бір тұлға болатындай Алла қалап,

Адал ой орындалар барлық талап.

Баланың ерекше көп қылықтары,

Көркіне дән риза бүкіл алап.

Жүзі нұрлы,күлімдейді,шырайлы,

Тартымды да,көрген жанға ұнайды.

Талпынады алға жосып кетердей,

Бір-екі аттап сүрінеді құлайды.

Тәй-тәй басты кетті жүріп,жүгіріп,

Жолы ашық боп тоқтамасын кідіріп.

Жаппар Егем жүрген жолын ақ қылсын,

Жығылмасын,шалыс басып сүрініп.

Жайраң қағып нұр шашады ажары,

Тура болсын Раббымның назары.

Ұзақ ғұмыр тарту қылсын Жаратқан,

Тарқамасын ешқашанда базары.

Жаратушым шеберлердің-шебері,

Тоқтамасын адамзатқа берері.

Екі қабат,алтын құрсақ анамыз,

Келер жылы ізіне іні ерері.

Жаратқанға жалбарынып табына,

Күн де жақын көптен күткен сағына.

Дүние есігін сәби ашар күн жақын,

Кінарат жоқ Бектібайдың бағына.

Дүниенің сәтті күні ашты есігін,

Ұсталар даярлауда тал бесігін.

Ерназар елді жыйып той жасады,

Баланың Шәкіман  деп қойды есімін.

Сәбидің болатындай жүзі жарқын,

Шат қылар отбасында елін халқын.

Жаратқан құдіретімен берсе ғұмыр,

Әр істің сұрыптардай екшеп парқын.

Ерекше оғаш қылық білінбейді,

Көктемнің бәйшешегі,гүліндейді.

Маңына еміреніп келсе анасы,

Жанары от шашады,күлімдейді.

Жасқа кеп неше түрлі қылық ашты,

Аяғын апыл-тапыл,тәй-тәй басты.

Тұлғасы бас палуан болатындай,

Кең маңдай,жұқа ерін,қиғаш қасты.

Екіде зыр жүгірді тыным таппай,

Жараған бауырынан жүйрік аттай.

Бектібай аясын ба қолжа барды,

Өсірді емін-еркін қолдан қақпай.

Абсалам Омаров.

Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Төрт-бес жас қалды артта күліп-ойнап,

Зыр қағып жүгірумен жарма бойлап.

Азаннан-кешке дейін бір тыным жоқ,

Шабумен құлын-тайдай салып ойнақ.

Алтыда болашаққа созды қолды,

Жаратқан мейрім шашып ашты жолды.

Талпынып хат таныды Тоқтоғаннан,

Таныды жаңылыспай оң мен солды.

Жетіде дәптерменен қолда қалам,

Деді де мектеп барып білім алам.

Бата алды атасынан-анасынан,

Қабілет,шарқымменен,жетер шамам.

Талпынды алға қарай білім қуып,

Өзіне сенімі мол,белді буып.

Болсын деп жас баланың болашағы,

Алладан тілеу тілеп жақын-жуық.

Шүкірлік,қазір таңда аяқ алыс,

Баспайды аяқтарын шәлкем-шалыс.

Барғаннан оқушының болды алды,

Болмайды қатарынан кейін қалыс.

Бір Алла ашсын зейін-ықыласын,

Қырандай жайсын керіп кеңқұлашын.

Шарықтап қазағымның өлкесінде,

Көктегі тас тұйғындай боп лашын.

Үлгірді хиссалар мен дастан жаттап,

Кәнігі үлкендердей есте сақтап.

Қайтпаса осы алған бағытынан,

Үмітін ата-ананың шығар ақтап.

Міндеттер сан-алуан алға қойды,

Болған соң білімді де, терең ойлы.

Зеректің нағыз өзі,құйма құлақ,

Айтады іркілместен келген ойды.

Абсалам Омаров.

Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Ерназар Аманқұлдың екінші ұлы,

Пендесі Жаратқанның сүйген құлы.

Әлемді қайратымен таң қалдырды,

Қалтада болмаса да теңге пұлы.

Жаратқан тал бойына берген қайрат,

Қылышындай ұстаның қойған қайрап.

Жасайды тіршіліктің көзін тауып,

Талаппен,еңбекпенен піте қайнап.

Туғаннан сом денелі болып еді,

Таңырқап,тамсануда бүкіл елі.

Ерекше тумысы да,кескін-келбет,

Жауырынды қысқа мойын,жуан белі.

Мінекей жетісінде атқа шапты,

Қиқу сап ен даланы шуылдатты.

Қайсарлық,табандылық арқасында,

Жарыста бас бәйгені алып жатты.

Он үш жас,он төрт пенен міне он бес жас,

Дес бермес балаларға өз шамалас.

Меңгерді палуандықтың қыр мен сырын,

Күресте жерге қарап,иілмей бас.

Палуан болды атақты он алтыда,

Талантты паш етем деп жүр жалпыға.

Табысын бөліседі көпшілікпен,

Қамқоршы болатындай ел-халқына.

Еліне жастайынан болды қорған,

Істеді жақсылықты келген қолдан.

Сыпайы,мейрімділік басты мақсат,

Ешқашан ауытқымай тура жолдан.

Болған соң қайратты да,елден мықты,

Мен деген палуандардың бәрін жықты.

Қажырлы,нағыз талант,тума дарын,

Батыр боп,батыл болып шыңға шықты.

Палуан ел араласып пайда тапты,

Толтырды олжасына дорба,қапты.

Шынығып бос кезінде ерінбейді,

Танымсыз,ұқыппенен жасап бапты.

Елінен ұзақ сапар,кеткен жырақ,

Белгісіз бөтен ауыл,мекен,тұрақ.

Терең ой,көкірегі ояу жандар,

Риза шын көңілмен ұшар құрақ.

Жүріп ед күреспенен пайда тауып,

Жақсы ой қатеріне кірмей қауіп.

Келгенде мол олжамен ауылына,

Кетіпті түрікпендер елді шауып.

Жылайды қала болып панасына,

Сыймайды мына жағдай санасына.

Малдармен қоса айдаған адамдарын,

Жастар мен жасы келген анасын да.

Таң ата келіп еді болды бесін,

Сергіді,келді өзіне,жинап есін.

Жаратқан құдіретімен берді қуат,

Пана боп Жаппар Егем құлым десін.

Жападан жалғыз өзі шықты жолға,

Я қару,ішер тамақ алмай қолға.

Қажыды,әлсіреді,талды өзек,

Күн бата бір ауылға жетті зорға.

Шыдамды берік жан ед серт,сөзіне,

Дем алды,тамақ ішіп,келді өзіне.

Білмейді алда қанша жол жүреді,

Түн жүред,түсіп қалмай ел көзіне.

Күн шықты,Жаратқанның таңы атып,

Ас ішіп,дем алуға қалды жатып.

Көнеді тағдырына,амал қанша,

Үйренген қиындықтың дәмін татып.

Еліне түрікпеннің жақындады,

Жүректі дұшпан ісі зақымдады.

Кіжініп,аракідік тіс қайрайды,

Қыжылдап,ашу-ыза алқымдағы.

Еліне түрікпеннің келді жақын,

Ойламай келтірер деп тіпті зақым.

Жаратқан берсе абырой құдіретімен,

Қарақшы,дұшпандардан қайтар ақым.

Қоштасып туған өлке,жеріменен,

Араласты түрікпеннің     еліменен.

Бұл өңір әйгілі еді адамзатқа,

Ыстықта құм суырған желіменен.

Қандай жан тәуекелге бара алады,

Келді де бүкіл елді аралады.

Шарқ ұрып,дамыл таппай,көп шарлады,

Қай кезде бауырларын таба алады.

Палуан жерде міне,Алла көкте,

Жаратқан жолды берсе болмас өкпе.

Түс қайтып,песін мезгіл,күн қайтқанда,

Кез болды шоғырланған қалың көпке.

Бір Алладан абыройды тілесіп,

Жолбарыстай бір-бірімен тіресіп.

Жан алысып,жан беріскен,қым-қуыт,

Палуандар жатыр екен күресіп.

Жетпіс екен палуандар санаса,

Араласты келді көпке жанаса.

Көптен бері бел ұстау ед арманы,

Көз алдында өтіп жатыр тамаша.

Әп сәтте бола қалды көңілі тоқ,

Жол ашты палуанға жиналған топ.

Сайысты қызықтайды,тамашалап,

Ханда отыр,уәзірлер төреші боп.

Патшаның Ерназарға көзі түсті,

"Бұл кім" деп жыртық киім,лас үсті.

Туысы,тумысы да елден ерек,

Байқады бойындағы қайрат-күшті.

Шақыртты уәзірден келсін бері,

Адам ба,жын ба шайтан әлде пері,

Қайратты,пормы келген жігіт екен.

Біліңдер қай өлкеден туған жері,

Деді ол "мен бір пенде елден безген".

Күресіп нанын тапқан дүние кезген,

Не пайда кім болсам жа сендер үшін,

Кәсібім палуандық бала кезден.

Патшаға қылып қызмет ұнайсың ба?

Еріне біздің елдің шыдайсың ба?

Қатарда жетпіс міне палуан тұр,

Күресіп бағыңды сен сынайсың ба?

Падишам мынау дұрыс ақыл деді,

Күресем бәрімен де мақұл деді.

Бір апта дем алайын келдім шаршап,

"Болады жетпісі де бақұл" деді.

Уәде патшаменен қойды байлап,

Өтуде бір қалыпты күндер жайлап.

Күресет жетпіс бірдей палуанмен,

Баптаған түрікпендер қойған сайлап.

Мінекей бақ сынар күн жақын қалды,

Белгісіз не болары қараңғы алды.

Тілегі,арманы да,мақсаты да,

Қайтару бауырлар мен кеткен  малды.

Ал міне бүгін сайыс басталады,

Күресет кімменен шек тасталады.

Жетіде бабы  жарап келді өзіне,

Босаңсып,бүгін кімнен жасқанады.

Алаңға шықты бабам белді буып,

Қарсылас қобалжиды, жүрек суып.

Бірі де шақ келмеді қарсыластың,

Оңынан күні шығып,айы туып.

Көрсетті екендігін нағыз мықты,

Алдында лажсыз боп,селдей ықты.

Сайлаған жетпіс бірдей палуанның,

Шыдатпай кешке дейін бәрін жықты.

Риза падишасы атамызға,

Көрсетпей қайрат-күшті жатамыз ба?

Көрмеген бұрын бұндай күш иесін,

Айналды атамыздың аты аңызға.

Падиша таң қалады,қайран қалып,

Абырой-атақ болар мына алып.

Дайында бір ай жатып күрестірем,

Иранға,үш талпақпен алып барып.

Жаратқан бердің маған тірегіңді,

Палуан мықты жуан білегіңді.

Уәде жығып берсең "үш талпақты",

Не айтсаңда орындаймын тілегіңді.

Бабамды бір ай жатып дайындады,

Шығуға "үш талпақпен" қайымдады.

Жаттықты күн-түн демей дамыл көрмей,

Белін де берік буып айылдады.

Тастады сақалменен мұртты күзеп,

Бетке алды Иран елін қатар түзеп.

Қасында ат қосшылар,өнерпаздар,

Кем-кетік қисайғанды жатар дүзеп.

Құм-шөлін түрікпеннің артқа тастап,

Иранға жақындады таулы тастақ.

Палуан өнерпаздар,көші-қонды,

Келеді падишаның өзі бастап.

Симастай асау жүрек қанасына,

Риза түрікпендер панасына.

Арада он күн жүріп аяңменен,

Иранның келді үлкен қаласына.

Қарсы алды Иран елі қонақтарды,

 Алдыға қойып жатыр қолда барды.

Талпақтар түрікпенмен күресет деп,

Жіберді хабаршыға балаларды.

Палуандар өзін-өзі тұрды тежеп,

Төреші зыр қағуда,салып безек.

Халықтың көптен күткен айқасына,

Мінекей сәске түсте келді кезек.

Алаңға шықты талпақ айқастаумен,

Халқына түсініксіз ой тастаумен.

Жүгіріп әрлі-берлі дамыл таппай,

Қарайды қарсыласқа байқастаумен.

Төреші берді белгі баста деген,

Жар болсын бабамызға Жаппар Егем.

Қиқулап шуылдайды түрікпендер,

Топ жарар палуанның қамын жеген .

Ұстасты палуандар берік  белден,

Талпақты тік көтеріп алды жерден.

Боялды жердің беті қара шаңға,

Бабаға шыдас бермес  қарсы келген.

Маң басып екіншісі шықты тағы,

Оны да алып-ұрып жанды бағы.

Айтарға бір ауыз сөз таба алмады,

Қарысып Ирандардың қалжы жағы.

Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Туылат Ерназардан Қуанышбай,

Ұлды боп бабамыздың көңілі жай.

Нар тұлға дүниеге келгендей-ақ,

Болғандай төрт құбыла сақадай сай.

Тура боп Жаратқанның көзқарасы,

Тете өсті Ерназардың төрт баласы.

Ерекше болатындай үлкен тұлға,

Екі-үштен қашық емес жас арасы.

Қуанышбай палуандыққа болды бейім,

Орындар мақсаттарын қоймас кейін.

Ерекше Алла сыйы,жауырыны,

Отбасы айналаға салар зейін.

Жамандық ойламайды тірі жанға,

Жасынан аты шықты жақын маңға.

Палуан,серілікті меңгеріп ап,

Құс салып,ит жүгіртіп шығады аңға.

Мейрімді,кішіпейіл елі үшін,

Нұрланып,жылы  шырай,келбет-пішін.

Жаратқан берген иық нар тұлға ғып,

Өрлетер абыроймен алға ісін.

Мінезі жайдары да,жайма-шуақ,

Тал бойы күш пен жігер,шексіз қуат.

Тағатсыз ойлайтыны елдің қамы,

Атқарар қызметтер ірілі уақ.

Жайқалтты егін салып бақша-бауды,

Көп барып балық аулап салар ауды.

Мойнында ел тағдыры,болашағы,

Аң аулап аралайды асқар тауды.

Қай  кезде берекелі,абыройлы,

Мейрімді,кішіпейіл,терең ойлы.

Еліне деген ыстық махаббаты,

Сымбатты,денелі де сұңғақ бойлы.

Жасынан палуандыққа дағдыланған,

Мақсаттар орындалар ойға алған.

Ақ туын әділдіктің биіа ұстап,

Артық сөз айтылмайды сөздер жалған.

Көбейді жылдан-жылға оттың басы,

Аталды дем арада Отағасы.

Силастық,ел бірлігі мығым болып,

Халықтың домалады өрге тасы.

Жүреді дұшпандардан елін қорғап,

Жар болды Жаппар Егем өзі қолдап.

Ағайын бір атаның баласындай,

Басына мызғымастай бақыт орнап.

Абсалам Омаров.

Таптатпай ешбір жанға намыс-арын,

Жұмсайтын елі үшін қолда барын.

Сақтасын тіл мен көзден Жаппар Егем,

Бабаның сенім артқан ұрпақтарын.

Келбеті жаралғандай сәуле-нұрдан,

Қай кезде мәртебесі биік  тұрған.

Дем бітіп,бұл дүниеден кетсе де өтіп,

Өмірін абыроймен жалғастырған.

Әрқашан мерейі асып,өрлеп алға,

Кір шалмай,қаяу түспей намыс-арға.

Палуан Қуанышбай ұрпағына,

Жар болсын құдіретімен жалғыз Алла.

Қатардан Қуанышбай туған артық,

Байсалды,іске шебер,текке тартып.

Қара нар әкесіне тартып туған,

Қарайды  жақын-жуық сенім артып.

Көтеру мақсатында елдің жайын,

Ерінбей тер төгеді әр сәт сайын.

Дос-жаран ға керек болса асар-көмек,

Қасынан табылады болар дайын.

Қайратты,жігерлі де,болды ер жүрек,

Мұңайып,таусылмайды,ешбір жүдеп.

Қанағат,сабыр берген Жаппар  Егем,

Шалалық-олқылықты жүрер түзеп.

Жайдары,жылы жүзді,сөйлер еппен,

Жүрегі бірге соғар,болар көппен.

Көтерер бауырлардың еркелігін,

Ойланбай кетсе дағы шығып шектен.

Нар тұлға палуанның болды өзі,

Жалындап,өте өткір екі көзі.

Шарқ ұрып аспайды да,саспайды да,

"Бір Алла өзің жар бол" айтар сөзі.

Күреске шыққан  кезде өте сұсты,

Аңғарар,жаңылыспай осал тұсты.

Жаратқан берген дарын,терең ойын,

Іледі жүгірген аң,ұшқан құсты.

Кай кезде абыройлы Алла қалап,

 Алдына қойған мақсат,қойған талап.

Мейрімді,қолы ашық,нар тұлғаның,

Тілейді болашағын бүкіл алап.

Береке берді Алла жолды ашып,

Шапағат,жарқыраған нұрын шашып.

Ортада Қуанышбай жүрсе есен,

Аспаны еліміздің болар ашық.

Үйленіп көктем шыға отау құрды,

Алдында небір асу,мақсат тұрды.

Тағдыры анамыздың мойынында,

Шін ара отбасына мойын бұрды.

Жылжумен күндер өтіп жылдан асты,

Қолына қондырғалы Қолаңшашты.

Алланың болды бүгін үлкен сыйы,

Ұл келді дүниеге міне алғашқы.

Ұлды боп қуанышта шыға көктем,

Немере Ерназарға көптен күткен.

Бек болсын деп Бектібай қойды есімін,

Нұр шашып тұрған кез ед Алла көктен.

Бөбекті ата-анасы аялайды,

Мейрімін,шапағатын аямайды.

Жаратқан берсе ғұмыр,берсе бақыт,

Басына бақыт құсы балалайды.

Баланың денсаулығы бір қалыпты,

Бөледі қуанышқа бар халықты.

Келінге алтын құрсақ ел риза,

Әкелген дүниеге бір алыпты.

Нәресте күннен-күнге келеді өсіп,

Жасқа кеп той жасады тұсау кесіп.

Тіл шықты,оны-мұны сұрақтар көп,

Отбасы шаттанады шүкір десіп.

Белгісіз өтіп жатыр айлар-жылдар,

Тоқтамас уақытта өтер-зырлар.

Қойнында күндіз-түні анасының,

Айтылар дастандар мен өлең-жырлар.

Жасқа кем еңбектеді,тәй-тәй басты,

Мерзіммен уақытылы берер асты.

Бір Алла шашып мейір-шапағатын,

Жаратқан берсін бақыт,ұзақ жасты.

Бектібай күлім қағып келеді өсіп,

Ел болып қуанышта шүкір десіп.

Риза Жаратқанға Қуанышбай,

Алғандай мәселені болды шешіп.

Күн өтіп күн артынан келді жасқа,

Бет бұрып мүмкін емес зер салмасқа.

Балада жақындардың ықыласы,

Көз бен тіл тисін дейміз қара тасқа.

Қаз тұрды алға қарай қадам басты,

Былдырлап сан алуан қылық ашты.

Жылжумен ай артынан айлар өтті,

Жүгірді артқа тастап екі жасты.

Үш жасқа келді міне сау-саламат,

Тілеуде болашағын бар жамағат.

Жүгіріп күн ұзағына үй көрмейді,

Астына мініп алды таяқтан ат.

Мінекей төртке келді күліп-ойнап,

Асыр сап құрбылармен салып ойнақ.

Балдаурен балалықтың базарына,

Жас бала қанағат қып қалай тоймақ.

Жүргенде ойнауменен келді беске,

Өткен күн ұмытылар қалмас есте.

Ойында шаршамайды,топты бастап,

Үйіне оралады зорға кешке.

Оқыды алты жаста Мешіт барып,

Барғаннан болды алғыр топты жарып.

Зор болды Алла берген қабілеті,

Оқыды Әліппені қолына алып.

Дәріптеп жастайынан намыс-арды,

Оқуға ынта-жігер бәрін салды.

Белгілі Сарыбайдың Ахундары,

Қожабай,Алдашбайдан дәріс алды.

Ерекше сыр-сипаты қиғаш қасты,

Пысықай қайнататын қара тасты.

Олжасын көппен бірге бөліп жейді,

Ойламас бір өзім деп қара басты.

Жинаған талабы зор ылғи жасты,

Байы бар,келейі бар,тоқ пен ашты.

Спан Қари,Тұрмағанбет,Омарлармен,

Мешітте бірге оқып араласты.

Әрқашан өнегелі шебер сөзге,

Турашыл әділдікпен түскен көзге.

Жасынан ел бірлігі,болашағы,

Ойына келмес қиял бұдан өзге.

Әрқашан көтеріңкі көңіл-күйі,

Шаттықпен бөленуде думанға үйі.

Тегінде бар тек жатпас деген қазақ,

Бұл міне Жаратқанның берген сыйы.

Дегендей бар білімді біліп алам,

Талпынып алға қарай басар қадам.

Көркіне білімі сай Бектібайға,

Таңырқап,таңқалардай бүкіл ғалам.

Уақыт өтіп жатыр апта айлап,

Ерекше жүрген жері кетер жайнап.

Бектібай Тәңіріне дән риза,

Басына бақыт құсын қойған байлап.

Ақкөңіл дос-жанға ұшар құрақ,

Көп болды өз үйінен жүрді жырақ.

Намазды,Оразаны қаза етпейді,

Мешіті Алдашбайдың болды тұрақ.

Орыстың Тәшкен жаққа ойы қашқан,

Жосалы болды орталық мерейі асқан.

Широков ең алғашқы мұғалімі,

Орысша екі жылдық мектеп ашқан.

Орысша оқымаққа мұнда келді,

Мешітті артқа тастап туған елді.

Ересек он  алтыға келсе-дағы,

Өзіне сенімді боп буды белді.

Талантқа қандай пенде тең келеді,

Табанды,сабырлылық ең керегі.

Ауызша,жазбаша да орыс тілін,

Бір жылда емін-еркін меңгереді.

Қанатын кеңге еркін жаят тағы,

Кәдімгі аңшылардай саяттағы.

Қырық бес оқушының алды болып,

Оқуды үздікпенен аяқтады.

Құдайым бергеннен соң ашып жолды,

Талпынды алға қарай сілтеп қолды.

Ақтайлақ,Қуаңдария елдерінде,

Болыста аудармашы,хатшы болды.

Айырар әділдікпен ақ-қараны,

Басына мызғымастай бақ қарады.

Бойында талапшылдық,ынта-жігер,

Міндетін ойдағыдай атқарады.

Жиырма жыл хатшы болды түсіп көзге,

Және би тура айтар шешен сөзге.

Қамқоры- кедей-кепшік,жарлылардың,

Дүниеде болмас бақыт бұдан өзге.

Балаған кейбіреулер өзін айға,

Кейбірі ұқсаймыз деп Атамтайға.

Іздеген әділдікті мүсәпірлер,

Жүгінер болысқа емес Бектібайға.

Алты жыл болыс болды елге жайлы,

Хатшы алды ұғынатын бүкіл дайды.

Риза бүкіл алап Жаратқанға,

Әділдік Сыр елінде қанат жайды.

Жүрген соң байдың емес ел қамын жеп,

Мейріммен жарлыларға тиеді сеп.

Алланың тура болып көзқарасы,

Аталды  "кедейлердің болысы"-деп.

Күш салды әйелдердің теңдігіне,

Риза көк аспанның кеңдігіне.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,

Аңсаған жарқын өмір келді міне.

Жақ дейді әрқашанда аққа Құдай,

Әр күні болды елдің тойдағыдай.

Бас аман,бауыр бүтін,сау-саламат,

Күн кешті бүкіл халық ойдағыдай.

Бақытқа кенелгендей бүкіл халық,

Көңіл жай кедей-кепшік теңдік алып.

Орнады советтердің өкіметі,

Көрмейсің төменгі тап жүрген налып.

Санаспай уақытпен еңбек етіп,

Толғанып болашаққа ойы кетіп.

Арманы көптен күткен орындалып,

Теңдікке тұрғандай-ақ қолы жетіп.

Мақсатқа ойда жүрген жетті қолы,

Қуаныш отбасына болды толы.

Орнады елге Совет үкіметі,

Кедей мен кепшіктердің болды жолы.

Еңбегін бабамыздың елегенбіз,

Сөздері айтатұғын сізбенен біз.

Күтеді болашақтан үлкен үміт,

Артында өшпейтұғын қалдырды із.

Өзіндей өткен өмір тап аңыздың,

Жырладық жеткенінше  шамамыздың.

Паш ету соңғы мына ұрпақтарға,

Істерін Бектібайдай бабамыздың.

Шағылды Тау тұлғаның Асқар тауы,

Көбейді Советтердің ішкі дауы.

Болып тұр айтқандары белсендінің,

Жақсылар болып жатыр "Халық жауы".

Осыған дейін еді қабыл тілек,

Жағаға жармасқандай болды білек.

Аырылып қамқоршыдан,нар тұлғадан,

Отбасы болды лезде қара түнек.

Анамыз қалды екі баламенен,

Қаңғырып жорытқандай даламенен.

Большевик Қазалыға жер аударды,

Айдалды кете барды жаламенен.

Қызмет етті еңбек Қазалыда,

Күйіктен болып жүрді азалы да.

Халқы мен ел қамын жеп күнін кешкен,

Ойлаңдар баба сонша жазалы ма?

Ауырды төсек тартып ұзақ жатты,

Меңдетті шарасыз қып асыл затты.

Арманда қапаланып көзді жұмды,

Бұл ажал отбасына тиді қатты.

Анамыз еңіреді,ақырады,

Егесіз оттың басы қаңырады.

Көз жұмды халқымыздың қара нары,

Құлады Бектібайдың шаңырағы.

Жасынан болған алғыр әрі зерек,

Жар болған Жаппар Егем желеп-жебеп.

Тоқтаған Шәкіман мен Рәзия,

Соңында ұрпақтары міне дерек.

Жаратқанға шексіз тәубе етеміз,

Сабырменен табыстарға жетеміз.

Бармақ тістеп елу екі жасында,

Дүниеден өтті абзал Көкеміз.

Орныңыз бөлек халық үшін,

Тағдырдың көрдің тартысын.

Жаныңыз болып Жәннатта,

Пейіште нұрың шалқысын.

Атыңыз аңыз жан-жаққа,

Қашалған анық форматта.

Иманыңыз жолдас боп,

Жаныңыз болсын Жәннатта.

 Ұрпағы Болыс Бабам Бектібайдың

Келіннің екіншісі Қожакелді,

Арманын Әзірбектің Құдай берді.

Қосылды таңдауысен ғашық жүрек,

Той жасап дүркіретіп аспан-жерді.

Шүкіршілік орындалды міне талап,

Бәрі де ойдағыдай Алла қалап.

Риза Жаратқанның бергеніне,

Қарайды қас сұлуға елі балап.

Жаратқан берген артық қабілетті,

Үйленуге Әзекеңнің ойы кетті.

Мақсатқа қолы жетер талпынғанның,

Сұлуға Айзададай қолы жетті.

Уыста шешек атқан қырдың гүлі,

Үйленді Жаратқанның сәтті күні.

Сұлудың нағыз өзі аңыздағы,

Дауысы сыңғырлаған әсем үні.

Шүкірлік еткен еңбек ақталады,

Басына Қыдыр дарып бақ қарады.

Әзірбек Айзадамен жарасқан жұп,

Ұлдары Нұржанменен мақтанады.

Байыппен жаймен ғана айтқан сөзі,

Мұрыны құлағы мен екі көзі.

Артынан қарағанда жүрген жүріс,

О,ғажап,Шәкіманның нағыз өзі.

Көргкеннің ұқсастыққа көңілі толар,

Әкеге ұқсағанға бақыт қонар.

Тұрғыны қазіргі таңда Астананың,

Мінекей бақыт деген осы болар.

Ұстамас ешқашанда іште дақты,

Жүректі,тура айтар,өте мықты.

Алланың берген атақ-абыройы,

Зейнетке теміржолдан былтыр шықты.

Айзада болды келін ары таза,

Нық жүрер жаңылысып баспас жаза.

Барынша сабыр берген Жаратқан хақ,

Орынсыз артық сөйлеп алмас жаза.

Болды да жықсы келін ойдан шықты,

Жеңеді төзімменен қиындықты.

Үнемі тіршіліктің ортасында,

Бірінші жолға қояр тазалықты.

 Ұрпағы Болыс Бабам Бектібайдың

Бектібай күлім қағып келеді өсіп,

Ел болып қуанышта шүкір десіп.

Риза Жаратқанға Қуанышбай,

Алғандай мәселені болды шешіп.

Күн өтіп күн артынан келді жасқа,

Бет бұрып мүмкін емес зер салмасқа.

Балада жақындардың ықыласы,

Көз бен тіл тисін дейміз қара тасқа.

Қаз тұрды алға қарай қадам басты,

Былдырлап сан алуан қылық ашты.

Жылжумен ай артынан айлар өтті,

Жүгірді артқа тастап екі жасты.

Үш жасқа келді міне сау-саламат,

Тілеуде болашағын бар жамағат.

Жүгіріп күн ұзағына үй көрмейді,

Астына мініп алды таяқтан ат.

Мінекей төртке келді күліп-ойнап,

Асыр сап құрбылармен салып ойнақ.

Балдаурен балалықтың базарына,

Жас бала қанағат қып қалай тоймақ.

Жүргенде ойнауменен келді беске,

Өткен күн ұмытылар қалмас есте.

Ойында шаршамайды,топты бастап,

Үйіне оралады зорға кешке.

Оқыды алты жаста Мешіт барып,

Барғаннан болды алғыр топты жарып.

Зор болды Алла берген қабілеті,

Оқыды Әліппені қолына алып.

Дәріптеп жастайынан намыс-арды,

Оқуға ынта-жігер бәрін салды.

Белгілі Сарыбайдың Ахундары,

Қожабай,Алдашбайдан дәріс алды.

Ерекше сыр-сипаты қиғаш қасты,

Пысықай қайнататын қара тасты.

Олжасын көппен бірге бөліп жейді,

Ойламас бір өзім деп қара басты.

Жинаған талабы зор ылғи жасты,

Байы бар,келейі бар,тоқ пен ашты.

Спан Қари,Тұрмағанбет,Омарлармен,

Мешітте бірге оқып араласты.

Әрқашан өнегелі шебер сөзге,

Турашыл әділдікпен түскен көзге.

Жасынан ел бірлігі,болашағы,

Ойына келмес қиял бұдан өзге.

Әрқашан көтеріңкі көңіл-күйі,

Шаттықпен бөленуде думанға үйі.

Тегінде бар тек жатпас деген қазақ,

Бұл міне Жаратқанның берген сыйы.

Дегендей бар білімді біліп алам,

Талпынып алға қарай басар қадам.

Көркіне білімі сай Бектібайға,

Таңырқап,таңқалардай бүкіл ғалам.

Уақыт өтіп жатыр апта айлап,

Ерекше жүрген жері кетер жайнап.

Бектібай Тәңіріне дән риза,

Басына бақыт құсын қойған байлап.

Ақкөңіл дос-жанға ұшар құрақ,

Көп болды өз үйінен жүрді жырақ.

Намазды,Оразаны қаза етпейді,

Мешіті Алдашбайдың болды тұрақ.

Орыстың Тәшкен жаққа ойы қашқан,

Жосалы болды орталық мерейі асқан.

Широков ең алғашқы мұғалімі,

Орысша екі жылдық мектеп ашқан.

Орысша оқымаққа мұнда келді,

Мешітті артқа тастап туған елді.

Ересек он  алтыға келсе-дағы,

Өзіне сенімді боп буды белді.

Талантқа қандай пенде тең келеді,

Табанды,сабырлылық ең керегі.

Ауызша,жазбаша да орыс тілін,

Бір жылда емін-еркін меңгереді.

Қанатын кеңге еркін жаят тағы,

Кәдімгі аңшылардай саяттағы.

Қырық бес оқушының алды болып,

Оқуды үздікпенен аяқтады.

Құдайым бергеннен соң ашып жолды,

Талпынды алға қарай сілтеп қолды.

Ақтайлақ,Қуаңдария елдерінде,

Болыста аудармашы,хатшы болды.

Айырар әділдікпен ақ-қараны,

Басына мызғымастай бақ қарады.

Бойында талапшылдық,ынта-жігер,

Міндетін ойдағыдай атқарады.

Жиырма жыл хатшы болды түсіп көзге,

Және би тура айтар шешен сөзге.

Қамқоры- кедей-кепшік,жарлылардың,

Дүниеде болмас бақыт бұдан өзге.

Балаған кейбіреулер өзін айға,

Кейбірі ұқсаймыз деп Атамтайға.

Іздеген әділдікті мүсәпірлер,

Жүгінер болысқа емес Бектібайға.

Алты жыл болыс болды елге жайлы,

Хатшы алды ұғынатын бүкіл дайды.

Риза бүкіл алап Жаратқанға,

Әділдік Сыр елінде қанат жайды.

Жүрген соң байдың емес ел қамын жеп,

Мейріммен жарлыларға тиеді сеп.

Алланың тура болып көзқарасы,

Аталды  "кедейлердің болысы"-деп.

Күш салды әйелдердің теңдігіне,

Риза көк аспанның кеңдігіне.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,

Аңсаған жарқын өмір келді міне.

Жақ дейді әрқашанда аққа Құдай,

Әр күні болды елдің тойдағыдай.

Бас аман,бауыр бүтін,сау-саламат,

Күн кешті бүкіл халық ойдағыдай.

Бақытқа кенелгендей бүкіл халық,

Көңіл жай кедей-кепшік теңдік алып.

Орнады советтердің өкіметі,

Көрмейсің төменгі тап жүрген налып.

Санаспай уақытпен еңбек етіп,

Толғанып болашаққа ойы кетіп.

Арманы көптен күткен орындалып,

Теңдікке тұрғандай-ақ қолы жетіп.

Мақсатқа ойда жүрген жетті қолы,

Қуаныш отбасына болды толы.

Орнады елге Совет үкіметі,

Кедей мен кепшіктердің болды жолы.

Еңбегін бабамыздың елегенбіз,

Сөздері айтатұғын сізбенен біз.

Күтеді болашақтан үлкен үміт,

Артында өшпейтұғын қалдырды із.

Өзіндей өткен өмір тап аңыздың,

Жырладық жеткенінше  шамамыздың.

Паш ету соңғы мына ұрпақтарға,

Істерін Бектібайдай бабамыздың.

Шағылды Тау тұлғаның Асқар тауы,

Көбейді Советтердің ішкі дауы.

Болып тұр айтқандары белсендінің,

Жақсылар болып жатыр "Халық жауы".

Осыған дейін еді қабыл тілек,

Жағаға жармасқандай болды білек.

Аырылып қамқоршыдан,нар тұлғадан,

Отбасы болды лезде қара түнек.

Анамыз қалды екі баламенен,

Қаңғырып жорытқандай даламенен.

Большевик Қазалыға жер аударды,

Айдалды кете барды жаламенен.

Қызмет етті еңбек Қазалыда,

Күйіктен болып жүрді азалы да.

Халқы мен ел қамын жеп күнін кешкен,

Ойлаңдар баба сонша жазалы ма?

Ауырды төсек тартып ұзақ жатты,

Меңдетті шарасыз қып асыл затты.

Арманда қапаланып көзді жұмды,

Бұл ажал отбасына тиді қатты.

Анамыз еңіреді,ақырады,

Егесіз оттың басы қаңырады.

Көз жұмды халқымыздың қара нары,

Құлады Бектібайдың шаңырағы.

Жасынан болған алғыр әрі зерек,

Жар болған Жаппар Егем желеп-жебеп.

Тоқтаған Шәкіман мен Рәзия,

Соңында ұрпақтары міне дерек.

Жаратқанға шексіз тәубе етеміз,

Сабырменен табыстарға жетеміз.

Бармақ тістеп елу екі жасында,

Дүниеден өтті абзал Көкеміз.

Орныңыз бөлек халық үшін,

Тағдырдың көрдің тартысын.

Жаныңыз болып Жәннатта,

Пейіште нұрың шалқысын.

Атыңыз аңыз жан-жаққа,

Қашалған анық форматта.

Иманыңыз жолдас боп,

Жаныңыз болсын Жәннатта.

 Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Мейрімді,жаны жайсаң,инабатты,

Халықтың мақтаулысы келін Анар.

Ызылып ел алдында басы сыйлы,

Қай кезде жалын шашар екі жанар.

Жиналмай ешқашанда дастарханы,

Қонақтан,үлкендерден бата алар.

Қай кезде алға қарай талпынады,

Жан емес кейін тартып көштен қалар.

Сәл ғана кемшілікке жол берілсе,

Қырағы,мүлт жібермес көзі шалар.

Білместік келіндерде болып жатса,

Байыппен демеу болып жолға салар.

Ата-енеге қызмет болды адал,

Адалдықпен әр пенде сауап табар.

Лайым елден алған алғыс,бата,

Шырағым қосағыңмен қоса ағар.

Тарылып ешқашанда қабақ шытпас,

Үлкеннің әдеті жоқ қолдан қағар.

Шығады көпшіліктің көңілінен,

Қадірлі бұндай келін елге жағар.

Алланың шын көңілмен сүйген құлы,

Жалғанда сом алтыннан алтын тағар.

Ізбасар қазір таңда екі ұлы бар,

Қазақша деп айтады "атқа шабар".

Қызы бар Әлиядай мәпелеген,

Күтеді Жаратқаннан жақсы хабар.

Жұмсайды ретімен қаражатты,

Шығатын шығынның да орнын жабар.

Қашпайды ешқашанда қиындықтан,

Анаржан емес әйел басын бағар.

Жаратқан берген пейіл-көңіліне,

Көз сұқтан өкініштен Алла қағар.

Абырой берген мол ғып берекесін,

Жан Егем құдіретімен бол панасы.

Жүз жасқа жақындаған қарт майдангер,

Қолында ед Шәкімандай ел ағасы.

Аялап балапандай мәпеледі,

Болмады істерінің еш шаласы.

Қалтқысыз ата-анаға қызметін,

Жасайды Мұсылманның қай баласы.

Болған соң көңілді де ашық-жарқын,

Мереке думанменен айналасы.

Шыдамды,мейрімді де адал жанға,

Жар болсын құдіретімен бір Алласы.

Көрмеген қабақ түйіп,артық сөйлеп,

Қонақжай көңілінің жоқ аласы.

Алла берген кұш-қуат,

Артық та болды санасы.

Міндетін адал атқарар,

Жеткенінше шамасы.

Әнтек баспас аяғын,

Болмасын жұрттың табасы.

Адал жанның бұл күнде,

Артып тұр дүйім бағасы.

Алла беріп абырой,

Жайлаудай болып жағасы.

Тап өзіндей қазірде,

Өзеннің бастау сағасы.

Берік болды сертіне,

Үш баланың анасы.

Асылжанға ұқсасын,

Артына ерген қарасы.

Сыйластықты паш етер,

Әлім мен Кете арасы.

Абзал жанның тұрағы,

Қармақшының қаласы.

Сүйгенінен айрылып,

Жарылғандай қанасы,

Балда ры өсіп-жетілді.

Жар болсын қамқор панасы,

Бір күндері құрылды.

Аспан мен жердің арасы.

 Үрпағы Болыс Бабам Бектібайдың

Бөбекті ата-анасы аялайды,

Мейірімін-шапағатын аямайды.

Жаратқан берсе ғұмыр,берсе бақыт,

Басына бақыт құсы балалайды.

Баланың денсаулығы бірқалыпты,

Бөледі қуанышқа бар халықты.

Келінге алтын құрсақ ел риза,

Әкелген дүниеге бір алыпты.

Ніресте күннен-күнге келеді өсіп,

Жасқа кеп той жасады тұсау кесіп.

Тіл шықты,оны-мұны сұрақтар көп,

Отбасы шаттанады Шүкір десіп.

Белгісіз өтіп жатыр айлар-жылдар,

Тоқтамас уақытта өтер-зырлар.

Қойнында күндіз-түні анасының,

Айтылар дастандар мен өлең,жырлар.

Нығайтты халықпенен жақындықты,

Өзіне серік етті ақындықты.

Тапқырлық,терең ойлы,ел серісі,

Сөздері ел аузында болды мықты.

Рәзия

Бақытқа бөленгендей ауыл маңы,

Көбейді Рәзиямен бала саны.

Әрбір күн думанымен қалып есте,

Арайлап шапағатпен атып таңы.

Анасын еміп бала сүтке тойды,

Ойламас тойғаннан соң басқа ойды.

Есімі Рәзия болсын деді,

Қария беделді де терең ойлы.

Ерекше түр-сипаты бүкіл елден,

Болған соң аталары  текті жерден.

Әрқашан батыл қадам жасары анық,

Рәзия Шәкіманның ізіне ерген.

Риза басқа келіп қонған баққа,

Жаратқан берсін қуат тіл мен жаққа.

Халықты таң қалдырып талантымен,

Сенімді басар қадам болашаққа.

Еліміз жайма-шуақ өмір сүрді,

Жаңалық сан алуан болып жүрді.

Аты аңыз Аманқұлдың ұрпағына,

Жаратқан берері анық талай дүрді.

Замана елімізге болды жайлы,

Халықтың тіршілігі ғажап сайлы.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,

Ұмытты ертеректе болған жайды.

Жан Егем ашқаннан соң сара жолды,

Олқылық,кем-кетіктің орны толды.

Шәкіман екі жасқа келген шақта,

Бектібай аймаңдайлы қызды болды.

Орынды бір Аллаға тәубе қылу,

Жаратқан көкірекке берді жылу.

Дүниеге енді келген Рәзия,

Үкінің баласындай нәзік,сұлу.

Ерекше жас сәбидің түрі-түсі,

Бұл мынау құдыреттің тылсым күші.

Шалқыған жүзін көріп нәрестенің,

Жүзінен көз айырмай үлкен-кіші.

Іңгәләп,мен мұндалап айқай сала,

Шыр етіп дүниеге келді бала.

Тауфих бер Жаппар Егем абырой бер,

Жаратқан дұшпаныма қылма таба.

Бұл күндер қызығымен шықпас естен,

Сыйынып жақын-жуық Алла дескен.

Дүниеге енді келген жас сәбидің,

Ырым ғып Бұлбике әжем өзі кескен.

 жалғасы

Таптатпай ешбір жанға намыс-арын,

Жұмсайтын елі үшін қолда барын.

Сақтасын тіл мен көзден Жаппар Егем,

Бабаның сенім артқан ұрпақтарын.

Келбеті жаралғандай сәуле-нұрдан,

Қай кезде мәртебесі биік  тұрған.

Дем бітіп,бұл дүниеден кетсе де өтіп,

Өмірін абыроймен жалғастырған.

Әрқашан мерейі асып,өрлеп алға,

Кір шалмай,қаяу түспей намыс-арға.

Палуан Қуанышбай ұрпағына,

Жар болсын құдіретімен жалғыз Алла.

Қатардан Қуанышбай туған артық,

Байсалды,іске шебер,текке тартып.

Қара нар әкесіне тартып туған,

Қарайды  жақын-жуық сенім артып.

Көтеру мақсатында елдің жайын,

Ерінбей тер төгеді әр сәт сайын.

Дос-жаран ға керек болса асар-көмек,

Қасынан табылады болар дайын.

Қайратты,жігерлі де,болды ер жүрек,

Мұңайып,таусылмайды,ешбір жүдеп.

Қанағат,сабыр берген Жаппар  Егем,

Шалалық-олқылықты жүрер түзеп.

Жайдары,жылы жүзді,сөйлер еппен,

Жүрегі бірге соғар,болар көппен.

Көтерер бауырлардың еркелігін,

Ойланбай кетсе дағы шығып шектен.

Нар тұлға палуанның болды өзі,

Жалындап,өте өткір екі көзі.

Шарқ ұрып аспайды да,саспайды да,

"Бір Алла өзің жар бол" айтар сөзі.

Күреске шыққан  кезде өте сұсты,

Аңғарар,жаңылыспай осал тұсты.

Жаратқан берген дарын,терең ойын,

Іледі жүгірген аң,ұшқан құсты.

Кай кезде абыройлы Алла қалап,

 Алдына қойған мақсат,қойған талап.

Мейрімді,қолы ашық,нар тұлғаның,

Тілейді болашағын бүкіл алап.

Береке берді Алла жолды ашып,

Шапағат,жарқыраған нұрын шашып.

Ортада Қуанышбай жүрсе есен,

Аспаны еліміздің болар ашық.

Үйленіп көктем шыға отау құрды,

Алдында небір асу,мақсат тұрды.

Тағдыры анамыздың мойынында,

Шін ара отбасына мойын бұрды.

Жылжумен күндер өтіп жылдан асты,

Қолына қондырғалы Қолаңшашты.

Алланың болды бүгін үлкен сыйы,

Ұл келді дүниеге міне алғашқы.

Ұлды боп қуанышта шыға көктем,

Немере Ерназарға көптен күткен.

Бек болсын деп Бектібай қойды есімін,

Нұр шашып тұрған кез ед Алла көктен.

Бөбекті ата-анасы аялайды,

Мейрімін,шапағатын аямайды.

Жаратқан берсе ғұмыр,берсе бақыт,

Басына бақыт құсы балалайды.

Баланың денсаулығы бір қалыпты,

Бөледі қуанышқа бар халықты.

Келінге алтын құрсақ ел риза,

Әкелген дүниеге бір алыпты.

Нәресте күннен-күнге келеді өсіп,

Жасқа кеп той жасады тұсау кесіп.

Тіл шықты,оны-мұны сұрақтар көп,

Отбасы шаттанады шүкір десіп.

Белгісіз өтіп жатыр айлар-жылдар,

Тоқтамас уақытта өтер-зырлар.

Қойнында күндіз-түні анасының,

Айтылар дастандар мен өлең-жырлар.

Жасқа кем еңбектеді,тәй-тәй басты,

Мерзіммен уақытылы берер асты.

Бір Алла шашып мейір-шапағатын,

Жаратқан берсін бақыт,ұзақ жасты.

Жалғасы бар...

 Үлкені Шәкіманның Раушанбек,

Жалындап жүретұғын ел қамын жеп.

Мейрімді,кішіпейіл,жылы жүрек,

Халық айтқан болар бала жасынан деп.

Жаратқан қабілетті берген артық,

Келеді абыроймен бедел артып.

Денелі әрі сұлу,сымбаты да,

Дарынды,тума талант,текке тартып.

Палуан болыс арғы аталары,

Әрқашан қабыл тілек баталары.

Жаратқан берген қабілет арқасында,

Жас талант фантас жазушы аталады.

Тілегін тілеп ел де жақын-жуық,

Аттанды Алматыға білім қуып.

Бітіріп институтты жақсыменен,

Ғылымға араласты белді буып.

Құдығын ол ілімнің терең қазды,

Жалқаулық артқа қойды ерке-назды.

Ойына келмейтұғын адамзаттың,

Ерекше,таңғажайып кітап жазды.

Басына Жаппар Егем  орнатты бақ,

Талантқа талант қосты  Жаратқан хақ.

Ел-халық сүйіп оқып туындысын,

Еңбегін бағалады жоғарғы жақ.

Айналды дағдысына ерте тұру,

Қажет қылт отбасына мойын бұру.

Тарихтан өшпейтұғын орын алды,

Ендігі басты мақсат отау құру.

Алған соң жұмыс жайын қолға тіздеп,

Қарады жан-жағына жұбын іздеп.

Сіңілсі Қыз-Жібектің әлім қызы,

Танысты Тамарамен сіз деп біз деп.

Қай пенде әділ іске таласады,

Жақсыға жақсы жандар жанасады.

Ағамыз Тамарамен отау құрды,

Жұптары жазылмайды жарасады.

 Қуантып,мәз-мейрам қып келген жерін,

Көш бастап,алға сүйрер кете елін.

Беделді жақын-жуық арасында,

Болымды,инабатты болды келін.

Есінен шығармайды бір Құдайды,

Шектеу қып алаламас кедей-

байды.

"Келіннің аяғынан" дейді қазақ,

Келер жыл бөпелі боп өркен жайды.

Әрбір күн берекелі болды сәтті,

Жас жұбай тұрып жатыр тату-тәтті.

Момақан егіз қозы секілденіп,

Сөйлемес бір-біріне сөздер кәтті.

Мекені Алматыдай болды қала,

Бір Алла желеп-жебеп болды пана.

Сәтті күн құдіретімен Жаратқанның,

Екінші дүниеге келді бала.

Балдары және Дәулет,

Риза Жаратқанға бүкіл әулет.

Бақыт бер балаларға ұзақ ғұмыр,

Алға өрлет,ел басына бермей нәубет.

Қармақшым ұлан-ғайыр жер киелі,

Айтылар ұлағатты сөз жүйелі.

Ағам мен жеңгеміздің Ай мен күні,

Мейрімді балалары тәрбиелі.

Оқыды екеуі де білім алды,

Жараған тұлпарлардай жібек жалды.

Таңдаған қызметі есеп-қисап,

Тарихта "банкир" деген аты қалды.

Көгерер екі  шыбық талдарымен,

Жинаған  мақтана алмас малдарымен.

Марқайып төбелері көкке жетер,

Қадірлі,ұлағатты балдарымен.

Мүдделер орындалып мақсат-талап,

Ер жетті екі бала Алла қалап.

Атқарып өте үлкен қызметтер,

Халықтың керегіне тұрды жарап.

Жеңгеміз ақ көңіл де,болды сұлу,

Ерекше балаларға жүрек жылу.

Өзгеше бойында көп қасиеті,

Қанағат,сабырлылық,тәубе қылу.

Ағамыз сөзге шебер ұста болды,

Жастарға өнеге де нұсқа болды.

Бұл күнде көктен аққан жұлдыз болып,

Өмірі келте болды,қысқа болды.

Дегенде болашақтың таңы атты,

Бір науқас әлсіретті асыл затты.

Мәскеуде алмастырып бүйректерін,

Алладан пәрмен тілеп ауырып жатты.

Бұл науқас мазалады,кетті үдеп,

Ағамыз ауырсынды қалды жүдеп.

Көп жатты,шарасыздың  күнін кешті,

Сұм ажал аямады жолды кесті.

Еңбегің зор еді  халық үшін,

Көркемде едің ер пішін.

Аспаннан аққан жұлдызсың,

Пейіште нұрың шалқысын.

 Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Шәкіман

Баршылық қазағымда жақсы жандар,

Нар тұлға,ел қамқоры биік заңғар.

Бірлік пен берекені қадір тұтқан,

Қырандай қырағы көз көкте самғар.

Байқалмайды бойда оғаш қылығы,

Бектібайдың ізбасары,сом алтынның сынығы.

Отан үшін от кешкен елін қорғап,

Нағыз батыр ағын судың тынығы.

Туғанынан кем көрмеді достарын,

Орындады алған міндет жоспарын.

Әрі ақын болды елге ақылшы,

Тәрбиелеп қазағымның жастарын.

Ақын еді от ауызды жалынды,

Тума талант,ұшқыр  ойлы,дарынды.

Абыройды биік қойған бәрінен,

Таптатпасын дейтін Алла арымды.

Кітаптары шыққан бұрын жарыққа,

Ел балаған Шәкіманды алыпқа.

Қиын-қыстау кезеңдерде жазылған,

Өлеңдерін ұсынамыз халыққа.

Сауап еді жиғаның,

Халықты шексіз сыйладың.

Алдыңнан Алла жарылқап,

Жолдасың болсын Иманың.

Бұл жалған қиын өтпелі,

Асқар таудай өткелі.

Бір жыл болды мінекей,

Дүниеден Абыз өткелі.

Көп барар Ақкөбектер ауылына,

Себеп бар ол ауылға баруына.

Ұнатып көптен бері көңілі кеткен,

Талдырмаш Мәриямкүлдей аруына.

Бәрінен болсын биік арым деді,

Намысым,ұятым мен барым деді.

Өмірде мақсатыма жетер едім,

Болса егер осы сұлу жарым деді.

"Бұйырған қусаңдағы кетпес"-деген,

Жаратқан қиын емес десе берем.

Көктемде мамыражай,сәтті күні,

Тілегін орындады Жаппар Егем.

Алдында талай асу,мақсат тұрды,

Үйленіп үй болуға мойын бұрды.

Бір Алла сәтін салды болды жолы,

Қас сұлу Мәриямкүлмен отау  құрды.

Ай,күн,жыл жайма-шуақ жатыр өтіп,

Қолдары небір шыңға тұрды жетіп.

Берерін Жаппар Егем тоқтатпады,

Он бала берді Алла нәсіп етіп.

Оқыды,білім алды он бала да,

Қызмет жасап жатыр әр салада.

Бәрі де отау тігіп болды отбасы,

Тұрады әр баласы әр қалада.

Мәриямкүл

Жүретін мейірім менен шуақ шашып,

Қай кезде жарқын жүзді мінезі ашық.

Кеңпейіл,сабырлы да,қанағатшыл,

Кетпейтін артық сөйлеп асып-тасып.

Үмітпен басушы едің алға қадам,

Әп сәтте күңіренді бүкіл ғалам.

Жаратқан Иманыңды жолдас етсін,

Мәңгіге ажырады бізден араң.

Адалдықпен төктің маңдай теріңді,

Қастерледің балдарыңды,еріңді.

Сұм ажалға қимағанмен бар ма амал?

Жарық етсін Алла жатқан жеріңді.

Бар еді алда арманың,

Біз білдік дүние жалғанын.

Өлшеулі өмірі бітіпті,

Есептеп берген Алланың.

Жан едің жаны жайсаң,пейілі кең,

Жалғанда бар ма пенде өзіңе тең?

Торлады оттың басын қара бұлт,

Науқасқа ұшырадың қонбайтын ем.

Асқар таудай көп еді алда талабың,

Орынды еді әрбір басқан қадамың.

Отбасының ұйытқысы,қамқоршы,

Ешқашанда тайқымайтын табаның.

Бақыт құс ең орнап басқа қонатын,

Көрген жанның көңілі өзіңе толатын.

Орынды еді елге деген қызмет,

Істеріңе ел риза болатын.

Жан болмас кебін кимеген,

Ажалға басын имеген.

Қапылыста,арманда,

Өтті Баян дүниеден.

Қадиша әже

Берген соң жолды сілтеп тәрбиені,

Балдардың бәрі болды тәрбиелі.

Мүдіріп ел алдында сүрінбейді,

Айтады жақсы пікір,сөз жүйелі.

Раушанбек,Жұмабекпен кетті ерте,

Алланың берген жасы болды келте.

Аңырап жақын-жуық қалды артында,

Қайғы мен қасіреттің күйін шерте.

Мәңгіге бауырлардың аты қалсын,

Бір туған ел-халықпен жақындарсың.

Дүниеде ерте өткен қос арыстың,

Жаратқан алдарынан жарылқасын.

Жарқын еді  жүзі,дидары,

Сауап еді теріп-жиғаны.

Арыстардың жас кеткен,

Жолдасы болсын Иманы.

Ағамыз мейірімді еді әрі әділ,

Сөздері жайма-шуақ қалжың-әзіл.

Көңіліне ешбір жанның қаяу салмас,

Сыйлайды жасы үлкенді жасап мәзір.

Нағашы жұртына біз мойын бұрсақ,

Артық болмас иіліп құлдық ұрсақ.

Ұрпағы Құдайназар бабамыздың,

Қадиша әжеміз еді  алтын құрсақ.

Туады алыптар да аналардан,

Мейірімді,ерін күткен адал жардан.

Тербеткен әлемді де,бесікті де,

Кем емес кез-келгені қара нардан.

Қиындық кездессе де неше алуан,

Мүжіліп,мойынсұнып,қажымаған.

Шыдамды парасатпен бәрін жеңген,

Сыр мінез Қадиша әжем осындай жан.

Жаратқанның көп болып еді  сынағы,

Көп ауырды таусылды енді шыдамы.

Кете барды құзырына Алланың,

Жарқыраған сөнді міне шырағы.

Пенде еді сабырлы да,пейілі кең,

Мінезі өзгермейтін бір жүйемен.

Қартайып абыроймен ел алдында,

Әжеміз өтті міне дүниеден.

Жылы жүз самал еді алдан ескен,

Жері жоқ еш пендемен иша дескен.

Келмеске кетсе-дағы ұзап бізден,

Әжеміз ұмытылмас,шықпас естен.

Бағыштап құран оқып әр сәт сайын,

Пейіште орыныңыз болсын дайын.

Қасынан жақсылардың орын алып,

Жәннатта болсын дейміз жатқан жайың.

Баян

Ақ көңіл қонақжайлық адам ісі,

Жайдары ашық -жарқын жылы түсі.

Жан жары Баяны еді Бақытбектің,

Ашусыз көп алдында болар кіші.

Елді сыйлау жеткенінше шамасы,

Оған жетер қабілеті,санасы.

Бірлікпенен берекенің ұйытқысы,

Ардақты да төрт баланың анасы.

Көздері ойнақшыған алақандай,

Сабырлы жылы жүзді ашық маңдай.

Үкінің баласындай сүп-сүйкімді,

Өсірді балаларын балапандай.

Отбасы өнегелі тату-тәтті,

Әрбір күн думанымен болды сәтті.

Мамыражай,жайма-шуақ атып таңы,

Мәнімен қызық күндер өтіп жатты.

Аллаға қиын емес десе алам,

Төбеден жай түсірді Ақ Тағалам.

Баянның қапылыста демі бітті,

Лезде түнек болды бүкіл ғалам.

Жан едің судан таза аппақ сүттен,

Жетпедің мақсатыңа көптен күткен.

Ойда жоқ қапылыста келген қайғы.

Бұл ажал болды қиын,ауыр жүктен.

Балаларды қоспай әлі қатарға,

Асыққандай тиыштыққа,жатарға.

Бұйрығына мойынсұнып Алланың,

Баян кетті қайта оралмас сапарға.

Адалдықпен төктің маңдай теріңді,

Ардақтадың отбасыңды, еліңді.

Жолдас етсін Иманыңды өзіңмен,

Жарық етсін Алла жатқан жеріңді.

 Келіні болыс бабам Бектібайдың

Алланың берген сыйы,кереметі,

Ақмарал тәрбиелі еді жастан.

"Келіннің аяғынан"деген мақал,

Атанды "жақсы келін"әуел бастан.

Сабырлы,көнтерімді мінезге бай,

Көрмедік артық мінез асып-тасқан.

Қонақжай дастарханы дариядай,

Жері жоқ кібіртіктеп асып-сасқан.

Бірлік пен берекенің арқасында,

Мерейі биік болып алға басқан.

Дүниеге Әлихандай ерді әкелді,

Жалғанда бар ма бақыт бұдан асқан?

Орынды айтқан сөзі әрбір ісі,

Дегендей "асыл тастан,ақыл жастан".

Аузынан шыққан сөзі салиқалы,

Ерте өткен әжелердің ізін басқан.

Істерін таңғажайып теріп жазсаң,

Болады таңғажайып үлкен дастан.

Ұқып пен жауапкершілік тал бойында,

Ортада беделі зор қырдан асқан.

Жамандық еш пендеге ойламайды,

Дос-жарға,ағайынға шуақ шашқан.

Алланың тура болып шапағаты,

Жаратқан құдіретімен жолын ашқар.

Жүрген соң тура жолда,адал ойда,

Артынан сөз болмайды алып-қашқан.

Жаратқан абыройдан айырмасын,

Мерейің үстем болсын алты Алаштан.

 Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Ақ туын Мұсылманның биік ұстап,

Болып еді бабалардың жүзі жарқын.

Айырар дос -дұшпанды емеуріннен,

Білетін әрбір істің екшем парқын.

Үнемі  өрге тасы  домалаған,

Күнбе-күн алға басып,үдеп қарқын.

Ойлаған еліміздің берекесін,

Халықтың арам ойлап,бұзбай шарқын.

Кетпеген шектен шығып,жолдан ауып,

Қазақтың дәріптеген дәстүр-салтын.

Жүйелі айтқан нұсқа пікірлері,

Әр сөзі түсінгенге құйма алтын.

Өгіздей өрге сүйрер шамасынша,

Демейді кейінгіге артқа тартын.

Аяғын артық кетіп жаза баспас,

Дөп басып қателеспес ойлар артын.

Кең ойлы кемеңгерше қызмет қыл,

Дегендей көп ойланба алға талпын.

Алланы естеріңнен шығармаңдар,

Таза жүр Мұсылманның бұзбай шартын.

Қорғаңдар елдеріңді,жерлеріңді,

Танытып күллі әлемге қазақ халқын.

Мінекей бұл дастанды аяқтаймын,

Көтеріп Бектібайдай Баба даңқын.

 Рая

Рая туылады үш ұлдан соң,

Ақкөңіл Алла қалап талабы оң.

Қалайша қатарынан кем болады,

Ұрпағы Бектібайдың болғаннан соң.

Ұқыпты жастайынан қарапайым,

Қалт етпей ата-ананың жасар жайын.

Өзінен жасы кіші бауырларға,

Ылайым қол беруге болар дайын.

Бесаспап қай іске де қабілетті,

Мақсатқа өзі ойлаған қолы жетті.

Білім қуып қол сермеп болашаққа,

Қаласын Алматының мекен етті.

Ойланып болашаққа бәрін салды,

Еркелік,балалықпен артта қалды.

Ошағы білімнің де қазағымның,

Алматы қаласында білім алды.

Шат көңіл жинағандай етек-жеңін,

Салмақтап болашақтың артық-кемін.

Өмір заңы,жүректің қалауымен,

Өмірлік жар болатын тапты теңін.

Дегендей қарсы алдынан самал есті,

Ойласып мәселені әділ шешті.

Ұрпағы Кеген батыр Дүзенменен,

Жұп болып заңды түрде некелесті.

Аяғын сеніммен нық басады,

Талпынған шыңға шығып,қыр асады.

Сәтті күн Тұрмағанбет бабамыздың,

Аулында ұлан-асыр той жасады.

Болмады жас-жұбайлар ешкімнен кем,

Жұп болды бір-біріне терезе тең.

Рая кішіпейіл адал болсы,

Жайдары Дүзен күйеу пейілі кең.

Нығайтты Жаппар Егем екі араны,

Шешеді екеу ара бар шараны.

Алланың берген сыйы,ұрпақтары,

Өсірді,тәрбиелеп үш баланы.

Нар тұлға Дүзен күйеу Асқаралы,

Сеніммен шойын жолды басқарады.

Жүздеген жұмысшының жайын жасап,

Әрқашан ашық-жарқын қас-қабағы.

Сенімді өз-өзіне еді жастан,

Билікке жастайынан араласқан.

Қабілет,белсенділік арқасында,

Кезі жоқ артық кетіп,жаза басқан.

Мақсаттар небір биік алға қойды,

Іс жасар тұжырымдап бір жерге ойды.

Марқасқа жүрген жерін  алға сүйрер,

Ұқыпты болды басшы терең ойлы.

Қадамын сенімменен басар батыл,

Бабасы болғаннан соң Кеген батыр.

Адалдық,қайырымдылық басты мақсат,

Еліне еткен еңбек толып жатыр.

Дүзеннің қолы ашық,көңілі бай,

Қонақтар келсе сырттан болады жай.

Бас қосқан елді жинап үлкен тойға,

Қай кезде күйеу балдар сақадай сай.

Риза Жаратқанның жарлығына,

Мың алғыс күйеулердің барлығына.

Айқара Дүзен салған жолыменен,

Күйеудің болды адал барлығы да.

Қыздар да,күйеулер де ойдан шығар,

Жасамас артық қылық көңіл жығар.

Бәрі де ынжық болмай болды батыл,

Пенде емес дұшпанынан қорқып ығар.

Кең қылған шарықтатқан ақыл-ойын,

Билеген намыс-жігер тұла бойын.

Жиендер күйеулер мен қыздарына,

Жаратқан берсін бақыт-абыройын.

 Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Балдарымның баласы,

Балдан тәтті немерем.

Ұрапағым  үшін әлемнің,

Бар жақұтын терер ем

Қажет болсам сендерге,

Жер шетінен келер ем.

Мұқтаж боп тұрсаң қиналып,

Жүректі алып берер ем.

Жетелесең ерінбей,

Іздеріңнен ерер ем.

Балаңнан артық шіркіндер,

Жаратқан қандай шебер ең.

Өмірімнің жалғасын,

Ұрпағыма сенер ем.

Баласына атаның,

Мейірімді себер ем.

Жарқыраған жүзіңді,

Ай мен күнге теңер ем.

Жиған-терген мал-мүлкім,

Ұрпағыма дерер ем.

 Үлкенді сыйлау салтымыз

Қарттарым  аманбысың тарландарым,

Ойлаған орындалсын армандарың.

Ай сайын қолға тиіп зейнетақың,

Ақшадан арылмасын қармандарың.

Сендерді ойлап жүрсін балаларың,

Қасыңда ойнақтасын таналарың.

Ел аман берекелі заман болып,

Бір жүрсін інілер мен ағаларың.

Қариялар шаршамаңдар,жалықпаңдар,

Бір жүріп ойнап-күліп шарықтаңдар.

Шүкірлік бір Аллаға тәубе етіп,

Бос сөзге көп ойланып тарықпаңдар.

Болсыншы елім аман,жерім аман,

"Не болды?"-демеңдерші мына заман.

Ерікті ел жігіт-қызым аман болса,

Келешек жағдайымыз болмас жаман.

Сондықтан тілейік біз жақсы лебіз,

Еліме құт-береке берсін деңіз.

Денсаулық,ауызбірлік бола берсін,

Алланың берген дәмін теріп жеңіз.

Қарттарым,сендерге Алла саулық берсін,

Құрметті үйлеріңе достар келсін.

Тап-таза салауатты болғаныңды,

Қазіргі ел билеген жастар көрсін.

Сыйлаңдар ата-анаңды балаларым,

Ренжіп суымасын араларың.

Үлкенді құрмет тұту өз салтымыз,

Біздерге із тастаған бабаларым.

 Ана тілім

Неше ғасыр сөйлеп келген тілім бар,

Осы тілмен жазылды көп ғылымдар.

Ақын-жырау неше түрлі кітаптар,

Тарихтарда жазып келді білімдар.

Адам біткен түсінісер тілменен,

Айтылғанмен неше алуан үнменен.

Сөйлесесің жақсы-жаман сөздермен,

Ол дүниеде рухпенен,дінменен.

Қазақ тілі ешбір тілден кем емес,

Өзің сүйіп сыйламасаң тіл емес.

Ана тілім осыншама бай тілді,

Текке ғана ұлт жаулары елемес.

Қазақ тілі мемелекеттік тіл болды,

Өз тілімде сөйлейтұғын күн болды.

Кеше өткен боданлықтың кезінде,

Тілім құрып басқа тілге күң болды.

Енді міне барлық тілмен теңдесті,

Бұл тіліме енді үстемдік келместі.

Өкіметім,президентім  қаулы етті,

Қазақшалап сөйлетеміз жерлесті.

Ана тілін,баба тілін сүйемін,

Қазақ болып жаратылды сүйегім.

Ана тілін біле тұра қорлаған,

Кей қазаққа жеркенішпен күйемін

Өз тіліңді құрметтей біл ағайын,

Өзге тілдің үйрене бер  талайын.

Егеменді елім мәңгі жасасын,

Бірлік беріп халқыма Құдайым.

Ана тілі ақ сүті ғой анаңның,

Ерте ойлан,тілі аумасын балаңнын.

Ұлтжандығы мейірімділік нығайсын,

Дәстүрімен салып  кеткен бабаның.

 Жетпіс мінсе желкеңе

Жетпіс мінсе желкеңе,

Салмақ түсер батпандай.

Біреуге емес өзіңе,

Білініп тұрар батқандай.

Сәл нәрседен қорқасың,

Жүре алмайсың сақтанбай.

Тұла бойың жазылмас,

Қызыл шай ішіп баптанбай.

Сөйлесең жосып кетесің,

Жалғыз өзің шапқандай.

Жаттанды сөздер айтасың,

Ойлап өзің тапқандай.

Кейде бір байып кетесің,

Мың жылқы ұстап баққандай.

Көтересің кеудені,

Алтын-гауһар таққандай.

Тарих айтып ешесің,

Шежіре жинап жатқандай.

Өз әліне қарамай,

Өзгедер білгір боласың.

Оны әзілге шатқандай,

Жаман сөз жанға батады.

Улы ара шаққандай,

Кім едік біз құрбылар,

Біреуге сын таққандай.

Кетеміз кейде орынсыз,

Дария болып аққандай.

Өтірік-өсек айтсақ та,

Қоймаймыз сірә мақтанбай.

Қартайғанда тәубе қыл,

Өлім тұр алда оқпандай.

Әлің кетіп алжырсың,

Қыркүйек зәрі соққандай.

Адамға мың жасау жоқ,

Ертеде өткен Лұқпандай.

Есі барға несі бар,

Болдық қой сөзді ұққандай.

Ақсақал деген ардақты ат,

Ойпаттан тауға шыққандай.

Сол атаққа дақ салма,

Өзіңді жарға жыққандай.

Ұрпақтарға үлгі бол,

Сом алтынар соққандай.

Ар жағымыз белгілі,

Болғанмен жайын жұтқандай.

Сыпайы таза шал болсақ,

Ораза,намаз тұтқандай.

Мүсәпір болып жүрмейік,

Ұялып көптен бұққандай.

Ақылгөй деп сөкпеңдер,

Тіліме ине тыққандай.

Сөзіме түсін құрдастар,

Тазартып сүзбе сыққандай.

Бала емеспін баяғы,

Ойнап асық ұтқандай.

Шәкіман осы ортаңа,

Сәлем жолдам отқандай.

Көп ойлаңдар өмірді,

Ашыққан мен тоқ қандай.

Айыра білсең арасын,

Барлықпенен жоқ қандай.

Түленше теріс жүрмейік,

Түнде тұрып жортқандай.

Қысқаша осы ойымды,

Болайын енді қорытқандай.

 65-ші бетке

Деп жазды ақын жырларын,

Ақтарып іште сырларын.

Әрі батыр,әрі ақын,

Аңғардық небір қырларын.

Кәрілік қатер төндірді,

Айтқанына көндірді.

Жай басып келген сұм ажал,

Үміттің отын сөндірді.

 57-ші бетке

Ержетті нартұлғалы жігіт болды,

Жиырмаға міне биыл жасы толды.

Колхоздың жұмысында күн менен түн,

Айырар дәрежеде оңды-солды.

Сол жылы солдат болды әскер барып,

Қолына автомат пен винтовка алып.

Екі жүз солдат болды әр ұлттан,

Күндіз-түн шынығады  барын салып.

Дегендей бұл тиыштық жарамасты,

Басталды қырғын-соғыс аяқасты.

Ел қорған алғашқының бірі болып,

Барды да қан-майданға араласты.

Үш рет қан-майданда жараланды,

Ышқынып шүберекке  түйіп жанды.

Айрылып ес-тұсынан әлсіреді,

Атырды қияметпен атар таңды.

Балайтын ел мен халық нағыз ерге,

Сүйеніш қамқор болған туған елге.

Қырық төрттің қысында есен-аман,

Оралды мүгедек боп туған жерге.

Оралды қан-майданнан жауды жеңіп,

Жаралы денсаулығы мүлде кеміп.

Емделіп өз-өзіне келген кезде,

Үкімет қызметтер берді сеніп.

 85-ші бетке

Ардақтар,қадір тұтар халқымызды,

Дәріптеп,дәрежелер салтымызды.

Аяулы Шәкіман мен Мәриямкүл,

Өсірді тәрбиелеп алты қызды.

Дариха түсірмеді арға дақты,

Қадірлеп басқа келіп қонған бақты.

Қожаның Керейіті текті жердің,

Маздатып,жарқыратып отын жақты.

Шарипа қадірлейді құрбы-досты,

Ұнатар жарқын жүзді,көңіл қошты.

Орта жүз Марал баба ұрпағымен,

Мәңгіге некелесіп басын қосты.

Назипа алға үлкен мақсат қойды,

Бір өзі атқарады думан-тойды.

Медицина ғылымының кандидаты,

Мұғалім қазір таңда абыройлы.

Жаратқан бергеннен соң ашып жолды,

Гүлбану болашаққа сілтеп қолды.

Төле би,Үйсін баба әулетіне,

Қадірлі ел ұнатқан келін болды.

Үдетіп Зульфия да алға қарқын,

Аңғарып әрбір істің екшеп парқын.

Агроколледждің білімді мұғалімі,

Ғылымға үлесі көп жүзі жарқын.

Күйеулер Темірхан мен Жаңаберген,

Досан да адал бажа ізіне ерген.

Әулеті Шәкіманның дән риза,

Болған соң күйеу балдар текті жерден.

Жетерлік қуануға себеп-салдар,

Егілген қолыменен шыбық талдар.

Бірінен-бірі өткен кіл сымбатты,

Бұл міне қыздар менен күйеу балдар.

 Күйеулер Дүзен менен Жаңаберген,

Темірлан адал бажа ізіне ерген.

Әулеті Шәкіманның дән риза,

Болған соң күйеу балдар текті жерден.

Досан да күйеу болды пейлі адал,

Жаратқан берген сымбат берген ажар.

Жамандық тірі жанға ойламайды,

Мереке жүрген жері думан-базар.

Тынымсыз күндіз-түні еңбек етті,

Жоғары дәрежеге қолы жетті.

Алланың жарлығына кім көнбеген?

Шарасыз бұл фәниден ерте кетті.

Гүлбану болды бара жақсы келін,

Бақытты қылу ойда Үйсін елін.

Жан жары өтті дүниеден,

Жаратқан жайлы етсін жатқан жерін.

 Назипа білімді де қабылетті,

Турашыл,жаны жайсаң әділетті.

Алладан бар тілегі Әлинасы,

Жаратқан Әлинаны дарын етті.

Зульфия Дамирменен мақтанады,

Күмәнсыз аққа Құдай жақ болады.

Қазақтың болары анық көшбасшысы,

Еңбегі шүкір Алла ақталады.

Ардақтар,қадір тұтар халқымызды,

Дәріптеп,дәрежелер салтымызды.

Аяулы Шәкіман мен Мәриямкүл,

Өсірді тәрбиелеп алты қызды.

Дариха түсірмеді арға дақты,

Қадірлеп басқа келіп қонған бақты.

Қожаның Керейіті текті жердің,

Маздатып,жарқыратып отын жақты.

Шарипа қадірлейді құрбы-досты,

Ұнатар жарқын жүзді,көңіл қошты.

Орта жүз Марал баба ұрпағымен,

Мәңгіге некелесіп басын қосты.

Назипа алға үлкен мақсат қойды,

Бір өзі атқарады думан-тойды.

Медицина ғылымының кандидаты,

Мұғалім қазір таңда абыройлы.

Жаратқан бергеннен соң ашып жолды,

Гүлбану болашаққа сілтеп қолды.

Төле би,Үйсін баба әулетіне,

Қадірлі ел ұнатқан келін болды.

Үдетіп Зульфия да алға қарқын,

Аңғарып әрбір істің екшеп парқын.

Агроколледждің білімді мұғалімі,

Ғылымға үлесі көп жүзі жарқын.

Күйеулер Темірхан мен Жаңаберген,

Досан да адал бажа ізіне ерген.

Әулеті Шәкіманның дән риза,

Болған соң күйеу балдар текті жерден.

Жетерлік қуануға себеп-салдар,

Егілген қолыменен шыбық талдар.

Бірінен-бірі өткен кіл сымбатты,

Бұл міне қыздар менен күйеу балдар.

 Күйеулер Дүзен менен Жаңаберген,

Темірлан адал бажа ізіне ерген.

Әулеті Шәкіманның дән риза,

Болған соң күйеу балдар текті жерден.

Досан да күйеу болды пейлі адал,

Жаратқан берген сымбат берген ажар.

Жамандық тірі жанға ойламайды,

Мереке жүрген жері думан-базар.

Тынымсыз күндіз-түні еңбек етті,

Жоғары дәрежеге қолы жетті.

Алланың жарлығына кім көнбеген?

Шарасыз бұл фәниден ерте кетті.

Гүлбану болды бара жақсы келін,

Бақытты қылу ойда Үйсін елін.

Жан жары өтті дүниеден,

Жаратқан жайлы етсін жатқан жерін.

 Назипа білімді де қабылетті,

Турашыл,жаны жайсаң әділетті.

Алладан бар тілегі Әлинасы,

Жаратқан Әлинаны дарын етті.

Зульфия Дамирменен мақтанады,

Күмәнсыз аққа Құдай жақ болады.

Қазақтың болары анық көшбасшысы,

Еңбегі шүкір Алла ақталады.

 Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Мейрімді,жаны жайсаң,инабатты,

Халықтың мақтаулысы келін Анар.

Ызылып ел алдында басы сыйлы,

Қай кезде жалын шашар екі жанар.

Жиналмай ешқашанда дастарханы,

Қонақтан,үлкендерден бата алар.

Қай кезде алға қарай талпынады,

Жан емес кейін тартып көштен қалар.

Сәл ғана кемшілікке жол берілсе,

Қырағы,мүлт жібермес көзі шалар.

Білместік келіндерде болып жатса,

Байыппен демеу болып жолға салар.

Ата-енеге қызмет болды адал,

Адалдықпен әр пенде сауап табар.

Лайым елден алған алғыс,бата,

Шырағым қосағыңмен қоса ағар.

Тарылып ешқашанда қабақ шытпас,

Үлкеннің әдеті жоқ қолдан қағар.

Шығады көпшіліктің көңілінен,

Қадірлі бұндай келін елге жағар.

Алланың шын көңілмен сүйген құлы,

Жалғанда сом алтыннан алтын тағар.

Ізбасар қазір таңда екі ұлы бар,

Қазақша деп айтады "атқа шабар".

Қызы бар Әлиядай мәпелеген,

Күтеді Жаратқаннан жақсы хабар.

Жұмсайды ретімен қаражатты,

Шығатын шығынның да орнын жабар.

Қашпайды ешқашанда қиындықтан,

Анаржан емес әйел басын бағар.

Жаратқан берген пейіл-көңіліне,

Көз сұқтан өкініштен Алла қағар.

Абырой берген мол ғып берекесін,

Жан Егем құдіретімен бол панасы.

Жүз жасқа жақындаған қарт майдангер,

Қолында ед Шәкімандай ел ағасы.

Аялап балапандай мәпеледі,

Болмады істерінің еш шаласы.

Қалтқысыз ата-анаға қызметін,

Жасайды Мұсылманның қай баласы.

Болған соң көңілді де ашық-жарқын,

Мереке думанменен айналасы.

Шыдамды,мейрімді де адал жанға,

Жар болсын құдіретімен бір Алласы.

Көрмеген қабақ түйіп,артық сөйлеп,

Қонақжай көңілінің жоқ аласы.

Алла берген кұш-қуат,

Артық та болды санасы.

Міндетін адал атқарар,

Жеткенінше шамасы.

Әнтек баспас аяғын,

Болмасын жұрттың табасы.

Адал жанның бұл күнде,

Артып тұр дүйім бағасы.

Алла беріп абырой,

Жайлаудай болып жағасы.

Тап өзіндей қазірде,

Өзеннің бастау сағасы.

Берік болды сертіне,

Үш баланың анасы.

Асылжанға ұқсасын,

Артына ерген қарасы.

Сыйластықты паш етер,

Әлім мен Кете арасы.

Абзал жанның тұрағы,

Қармақшының қаласы.

Сүйгенінен айрылып,

Жарылғандай қанасы,

Балда ры өсіп-жетілді.

Жар болсын қамқор панасы,

Бір күндері құрылды.

Аспан мен жердің арасы.

 Ұрпағы Болыс Бабам Бектібайдың

Келіннің екіншісі Қожакелді,

Арманын Әзірбектің Құдай берді.

Қосылды таңдауысен ғашық жүрек,

Той жасап дүркіретіп аспан-жерді.

Шүкіршілік орындалды міне талап,

Бәрі де ойдағыдай Алла қалап.

Риза Жаратқанның бергеніне,

Қарайды қас сұлуға елі балап.

Жаратқан берген артық қабілетті,

Үйленуге Әзекеңнің ойы кетті.

Мақсатқа қолы жетер талпынғанның,

Сұлуға Айзададай қолы жетті.

Уыста шешек атқан қырдың гүлі,

Үйленді Жаратқанның сәтті күні.

Сұлудың нағыз өзі аңыздағы,

Дауысы сыңғырлаған әсем үні.

Шүкірлік еткен еңбек ақталады,

Басына Қыдыр дарып бақ қарады.

Әзірбек Айзадамен жарасқан жұп,

Ұлдары Нұржанменен мақтанады.

Байыппен жаймен ғана айтқан сөзі,

Мұрыны құлағы мен екі көзі.

Артынан қарағанда жүрген жүріс,

О,ғажап,Шәкіманның нағыз өзі.

Көргкеннің ұқсастыққа көңілі толар,

Әкеге ұқсағанға бақыт қонар.

Тұрғыны қазіргі таңда Астананың,

Мінекей бақыт деген осы болар.

Ұстамас ешқашанда іште дақты,

Жүректі,тура айтар,өте мықты.

Алланың берген атақ-абыройы,

Зейнетке теміржолдан былтыр шықты.

Айзада болды келін ары таза,

Нық жүрер жаңылысып баспас жаза.

Барынша сабыр берген Жаратқан хақ,

Орынсыз артық сөйлеп алмас жаза.

Болды да жықсы келін ойдан шықты,

Жеңеді төзімменен қиындықты.

Үнемі тіршіліктің ортасында,

Бірінші жолға қояр тазалықты.

 Ұрпағы болыс бабам Бектібайдың

Ақ туын Мұсылманның биік ұстап,

Болып еді бабалардың жүзі жарқын.

Айырар дос -дұшпанды емеуріннен,

Білетін әрбір істің екшем парқын.

Үнемі  өрге тасы  домалаған,

Күнбе-күн алға басып,үдеп қарқын.

Ойлаған еліміздің берекесін,

Халықтың арам ойлап,бұзбай шарқын.

Кетпеген шектен шығып,жолдан ауып,

Қазақтың дәріптеген дәстүр-салтын.

Жүйелі айтқан нұсқа пікірлері,

Әр сөзі түсінгенге құйма алтын.

Өгіздей өрге сүйрер шамасынша,

Демейді кейінгіге артқа тартын.

Аяғын артық кетіп жаза баспас,

Дөп басып қателеспес ойлар артын.

Кең ойлы кемеңгерше қызмет қыл,

Дегендей көп ойланба алға талпын.

Алланы естеріңнен шығармаңдар,

Таза жүр Мұсылманның бұзбай шартын.

Қорғаңдар елдеріңді,жерлеріңді,

Танытып күллі әлемге қазақ халқын.

Мінекей бұл дастанды аяқтаймын,

Көтеріп Бектібайдай Баба даңқын.


Қожабай ахун

Бисмилла жар бол Алла пана болып,

Жыр жазам демеу болып өзің қолда.

Ахунды Қожабайдай толғамақпын,

Талпынып қаламымды  алдым қолға.

Дастанын Қожабайдың  бастамақпын,

Жүретін ақниет пен тура жолда.

Қабілет Алла берген арқасында,

Бас бұзар талайларды салған жолға.

Ілімі түпсіз терең мұхит еді,

Дүние сақталатын алтын қорда.

Қыспағы советтердің қатты болып,

Кітабын тастап еді  темір торға.

Күш алып большевик пен белсенділер,

Үкімет дінге қарсы біздің сорға.

Кезінде Бұқарадан алып келген,

Кітаптар тимейтін еді қолдан-қолға.

Тәуелсіз мемлекет болдық міне,

Қолымыз бұндай күнге жетті зорға.

Қаншама қан төгілді бұл күн үшін,

Өрекпіп,лекірмейік оң мен солға.

Ақ болсын пейілдерің мәрт болыңдар,

Жастарым Алла салсын тура жолға.

Бірлік пен берекенің арқасында,

Қазағым қазір таңда үлкен орда.

Қылды да Молдаларды халық жауы,

Атты да лақтырды әкеп терең орға.

Заманын Сталиннің еске алмайық,

Жан Егем пана болып өзің қорға.

Дегендей:"Семіздікті қой көтерер",

Шіреніп дым көрмеген пасық болма.

Егемен елдігіміз мәңгі болсын,

Мінекей бұл жетістік,үлкен олжа.

Жеттіңдер білім алып биік шыңға,

Ойланып болашақты өзің болжа.

Қорғаңдар Отаныңды,жерлеріңді,

Ұстаңдар ел тізгінін берік қолда.

Отан үшін отқа түс,қорға еліңді,

Болашаққа қаланған кірпіш бол да.

Дүниенің кеңдігінен қандай пайда?

Бас еркің болғаннан соң бөтен қолда.

Көп көрді үкіметтің қыспақтарын,

Білімдар Тұрақ ұлы Мінәж Молда.

Тарихта жақсылардың аты қалсын,

Әбсалам дастан жазып ойды толға.

Қазақтан тәлім алсын бүкіл ғалам,

Қазақ елі құлпырып жайна,солма.

Жаратқан қуат берсін Исламға,

Жан Егем халқымды сал тура жолға.

Дүниеден қосымды артып, өтсем де өзім,

Аралап жердің жүзін жүрер сөзім!

Көре алмай кейінгіні кеттім - ау! – деп.

Арманда болмай - ақ қой екі көзім, - деп жырлаған Сыр шайыры Тұрмағамбет Ізтілеуовті бүгінде төрткүл дүние танып, тау тұлғасын мойындап, жаһұттай жырларын жүректеріне құйып, кәусар бұлақтан сусындағандай. Тау тұлға Тұрмағамбет жайлы айтар аңызға белгісіз әңгімелер де, жырлар да мәңгілікке жалғаса бермек. Соның бірі жыршы, ақын «Қолыма қалам алдым шайырларша», «Таубайдың торысы», «Тоқтаболат хан»  және «Текей батыр»  дастандарының авторы Әбсалам Омаровтың «Төрткүл дүние таныған Тұрмағамбет» атты жаңа туындысын ұсынамыз.  

 

төрткүл дүние

таныған тұрмағамбет

Я, Аллам, бисмилла, деп, сөз бастайын,

Мақсатым бір қомақты жатыр алда.

Халқымның көңілінен шықсам деймін,

Мерейім үстем болып өрлеп алға.

Сөздері Тұрмағамбет бабамыздың,

Ұнайды ойдан шығып кемпір-шалға.

Мысалмен мысқыл сөздер ойдан шығып,

Ой салар әрбір сөзі балаларға.

Бабамыз өте тапқыр, әзір жауап,

Тимейді шектен шығып намыс-арға.

Сөздері мір оғындай өте жойқын,

Нысапсыз мейірімі жоқ адамдарға.

Ұқсайды, дәріс берген шәкірттері,

Көктемде бүршік жарған шыбық талға.

Ақылмен нақыл қылып айтқан сөзі

Бергісіз таңдай жұлар шекер-балға.

Ықпаған, қаймықпаған еш пендеден,

Тура сөз салған басын талай шарға.

Ойламай бастың қамын, көпшіл болды,

Қызықпай дүние қуып ақша-малға.

Сынаған өткір сөзі басшыларды,

Соқтырды қайта-қайта басын жарға.

Жолымен мұсылманның өмір сүрді,

Қанағат қылар тәуба қолда барға.

Өткізді ұзақ жылын тар қапаста,

Ұқсайды нағыз жампоз қара нарға.

Нақақтан жазалады кесті үкім,

Құлақ сап мән бермейді айтқан зарға.

Солақай саясаты үкіметтің,

Қыранды көк жүзінде қылды қарға.

Зорлыққа-зомбылыққа мойымады,

Шыдады көрген небір азаптарға.

Көтерді нардың жүгін қайыспады,

Ұқсайды күш иесі алыптарға.

Тіліне берген Егем дарындылық,

Тыңдаңдар баба айтқанын назар салда.

Нақпа-нақ жаздым бұрып-бұрмаламай,

Бұл жырды бір қарап шық қолыңа алда.

Ұқыптап сөз маржанын зердеңе түй,

Қатардан қолдан келсе кейін қалма.

Түсінсең асыл сөздің құдіретін,

Сорпа ішіп тойғандайсың жая-жалға.

Рухы бабамыздың ырза болар,

Бұл жырды оқып ғибрат алғандарға.

Бір туар Тұрекеңдей асылы бар,

Нұр жаусын қазақ деген тарландарға,

Қайсарлық, қажырлылық қазаққа тән,

Ұқсаған түз тағысы, арландарға.

Берерін Жаппар Егем тоқтатпасын,

Кем-тарға қарап назар салғандарға.

Демесін қолтығынан жарбол Алла,

Сауапты игілікті іске барғандарға.

Тілеймін ұзақ ғұмыр, зор денсаулық,

Елеусіз, ескерусіз қалғандарға.

Қазақтың мәртебесі биік болса,

Ағайын бұл жалғанда арман бар ма?

Еске алып ертеректе болған жайды,

Сыр ашып Тұрмағанбет баба жайлы.

Әңгіме, өлеңдерін жинастырдым,

Шығарған тапқырлығы аспанға Айды.

Есімнен жүруші еді шықпай көптен,

Жарқын күн туды бүгін нұрын төккен.

Естіген-білгеніме қосымша боп,

Тың дерек шықты біраз Қасарбектен.

Ел аузынан жинадым біраз дерек,

Жаратқан оңды қылсын өзі демеп.

Айтқан сөз өлеңдерін жария етем,

Қолдасын Тәңір Ием желеп –жебеп.

Ал енді қағаз алда, қалам қолда,

Қаламым сүрінбесін ұзақ жолда.

Сөздері міне бүгін бостандықта,

Шыға алмай жатты бұрын темірторда.

Қанағат қылған бабам қара суды,

Қара бет, масқара еткен талай қуды.

Бабаның сөздерінің жарық көрер,

Қазаққа міне бүгін күні туды.

Ассалаумағалейкум елім-халқым,

Ардақтап, дәріптеген дәстүр-салтын.

Ерекше мір оғындай, алмас қылыш,

Қазақтың әрбір сөзі Жауһар-Алтын.

Баурайды ұшқыр сөздер бар адамды,

Тәңірім аман етсін айналамды.

Төрт қатар өлеңіне сиғызады,

Ұшы жоқ, қиыры жоқ бар ғаламды.

Дәстүрден, сыйластықтан мен аспаймын,

Кідіріп кібіртіктеп еш саспаймын.

Баба жайлы естіген білгенімді,

Тыңдаңдар Алла қосса мен бастаймын.

Қазақтың берекесі өрлеп алға,

Думанды жарқын күндер жатыр алда.

Шарықтап өркен жайсын қазақ халқы,

Жар болып құдіретімен демеп Алла.

Ел тиыш, жайма-шуақ  жайлы заман,

Дініміз қуат алған есен-аман.

Бар пенде бір атаның баласындай,

Нұр шашып елжірейді бүкіл ғалам.

Шалқыған суға толы өзен-көлі,

Жағада ойнақтайды малдың төлі.

Шүйгін шөп, қалың құрақ жердің беті,

Мыңқырған малға толы ылди-өрі.

Көлдері үпір-шүпір балық тулап,

Қаз қонып, үйрек ұшып, құстар шулап.

Жарысып күн ұзағына құлынмен -тай,

Барады қызықпенен өмір зулап.

Ерекше қойған алға мақсат-талап,

Жұмыла бірлікпенен бүкіл алап.

Жайдары, жайма-шуақ сәтті күні,

Ізтілеу ұлды болды Алла қалап.

Мың сегіз сексен екінші жыл шілде айы,

Аллаға шүкір жақсы елдің жайы.

Жержаннат Сыр бойының жайлауында,

Қазақтың туды оңынан күнмен-айы.

Таң алды дүрліктіріп бүкіл елді,

Ізтілеу отбасына перзент келді.

Алладан сұрағанның бүйірі шығар,

Тілекті жан Егемнің өзі берді.

Ерекше дүниеге келді бала,

Қарайды сәбиге әке назар сала.

Сүйінші бір-бірінен сұрап жатыр,

Тарады жақсы хабар айналаға.

Дүниенің сәтті күні ашты есігін,

Жақындар даярлауда тал бесігін.

Аман-сау тұрсын деген мақсатпенен,

Қария Тұрмағанбет деп қойды есімін.

Баланың болатындай жүзі жарқын,

Бөлердей қуанышқа елін-халқын,

Атаға Қыдыр Баба берген аян,

Әр істің айырардай ара парқын.

Анасы перзентіне күлімдейді,

Көзіне Сырдың сұлу гүліндейді.

Құлпырып күннен- күнге келеді өсіп,

Әлсіздік, баяу қылық білінбейді.

Жасқа кеп неше түрлі қылық ашты,

Аяғын апыл-тапыл тәй-тәй басты.

Тәмпиіп танаулары қысқа мойын,

Кең маңдай, жұқа ерін, қиғаш қасты.

Екіде екі аяққа кәміл мінді,

Оң-солын ажыратып анық білді.

Сөздері әрбір айтқан шекер балдай,

Сайратты бір Алла деп қызыл тілді.

Үш жаста зыр жүгірді тыным таппай,

Көңілді көп сөйлейді ауыз жаппай.

Жалғыз ұл ерке тотай, емін-еркін,

Өсірді-мәпеледі қолдан қақпай.

Зыр қағып әне-міне төртке келді,

Әкемен асты асу, небір белді.

Танысып жақын-жуық, ағайынмен,

Аралап тамашалап қайтты елді.

Дегенше  әне – міне келді беске,

Өткен күн қызығымен қалды есте.

Құлпырып гүлдей жайнап келеді өсіп,

Тоқыған ұқыппенен шебер кесте.

Алтыға келді міне күліп ойнап,

Асыр салып бір тыным жоқ салып ойнақ.

Қозымен –лақ қайтарып, ертелі кеш,

Толғанып бас қатырмас әріні ойлап.

Таныды жеті жаста оңын-солын,

Жаратқан мақсатына жеткіз қолын.

Ақ қылып періштенің көкірегін,

Мейірімді Жалғыз Алла ашсын жолын.

Сегізде толыққандай ақыл-есі,

Кем емес сабыр-қуат, өнегесі.

Туымы-тумысыда елден ерек,

Қатардан артық болсын несібесі.

Тоғызда мешіт барды білім қуып,

Сеніммен болашаққа белін буып.

Жолыңды Алла өзі оңғарсын деп,

Тілеуін тілеп қалды жақын-жуық.

Сыйынып Жаратқанға буып белді,

Қашыққа дос-жаранды, тастап елді.

Атағы көпке мәлім өзі «Ахун»

Ізтілеу Алдашбайға алып келді.

Оқытып-тәрбиелеп беріп бағам,

Сламға берсін қуат бір Жасаған.

Баламның болашақтан үміті зор,

Сүйек мендік, еті сендік бердім саған.

Бір Алла ашсын ынта-ықыласын,

Қырандай жайсын керіп кең құлашын.

Тілейді ел денсаулықпен ұзақ ғұмыр,

Құдірет төксін нұрын ықыласын.

Жаратқан қиын емес десе берем,

Мейірімі мұсылманға өте ерен.

Жоғарғы «Ахун» деген атағы бар,

Білімі ұстазының өте терең.

Шыңдауға, тәрбиелеп білім беріп,

Ұстаздың ақ жүрегі тұрды еріп.

Ғаламның құпиясын ашар еді,

Бергенін Егеміздің алса теріп.

Сәтті күн «Әліппе» -ні кетті бастап,

Еркелік, балалықты артқа тастап.

Ынтасы, зейініде елден ерек,

Жатады кітаптарын басқа жастап.

Шүкірлік жаман емес аяқ алыс,

Баспайды екі аяқты шәлкем шалыс.

О, тауфих «Ә» дегеннен оза шапты,

Сенімді болмайтына кейін қалыс.

Кітаптан көз алмайды ұзақ күнге,

Назарын аудармайды жөнсіз үнге.

Зердеге тоқып жатыр оқығанын,

Сәл ғана көз іледі ұзақ түнге.

Қадірлі сүрелерді жатыр жаттап,

Алланың жазуынан кетпей аттап.

Шеберлер тасқа қашап жазғандай-ақ,

Қалады оқығанын есте сақтап.

Көңілінен ұстазының тұрды шығып,

Сескеніп, кібіртіктемес ешбір ығып.

Ата-ана, өскен орта еске түссе,

Алады көздің жасын сығып-сығып.

Жарқын күн өтіп жатыр қалар есте,

Әлме-әл туған ауыл түсіп еске.

Бар мақсат болды алда оқып-тоқу,

Бел буды елді ойлап өкінбеске.

Ұшталды Алдашбайдан тәлім алып,

Қырағы, мүлт кетпейді көзі шалып.

Құранға түсіп кетті алдақашан,

Басқалар жүргенінде өліп-талып.

Қаридай аяттарды білді жатқа,

Ұстазын қалдырмайды жаман атқа.

Қабілет, мол қасиет берген Алла,

Тұрекең қабілетті адамзатта.

Келгелі толды уақыт жылға міне,

Әр істің айырады нарқын біле.

Шағады шариғатты шемішкедей,

Көңілді әрқашанда жүрер күле.

«Құранды» толығымен алды жаттап,

Жолынан Жаратқанның кетпес аттап.

Қай кезде Аллла аузында Құран қолда

Ешқашан сөз айтпайды балағаттап.

Ірікпей тік айтады келген ойды,

Пенде жоқ Тұрекеңдей терең ойлы.

Тік мінез, тура айтар, қайтпас қайсар,

Мақсаттар алуан-алуан алға қойды.

Тасындай іріктелген терең сайдың,

Нақ өзі қолы ашық Атымтайдың.

Қабілет, зеректілік арқасында

Еңбегі қайтты міне Алдашбайдың.

Тума талант, дарынды бұл елдегі,

Тап бұндай тумас адам кез келгені.

Ақылды, ұшқыр ойлы, әзір жауап,

Ұлынан Ізтілеуді қайтты еңбегі.

Ұғады арабшаны Аяттағы,

Демейді бұны білу қаяқтағы.

Үш жылда бітіретін тапсырманы,

Бір жылда жақсыменен аяқтады.

Дем алды он күн жатып ауыл барып,

Сөйлейді көсемдердей топты жарып.

Айтқаны әділетсіз, топастардың,

Кетеді сары аяздай жүзін қарып.

Мешітке көп кідірмей келді қайтып,

Жіберген ата-ана сәлем айтып.

Тек қана оқу болды бар мақсаты,

Кетпестей жолдан шығып, енді тайқып.

Сабағын келіп бірден жалғастырды,

Алдында биік-белес мақсат тұрды.

Дүниенің тіршілігін қойып артқа,

Ілімнің ақ жолына мойын бұрды.

Талантты шәкірттердің болды алды,

Артында ұмытылмас бір жыл қалды.

Ізтілеу Құдай деген кісі еді,

Орташа шаруа еді емес малды.

Топ бастар басшысындай жүр саяқтың,

Шәкірті дей көрмеңдер бұл қаяқтың.

Мешіті Сыр бойында Алдашбайдың,

Күшімен салынып  еді Шораяқтың.

Тұрекең тәлім алар бұл мешітте,

Балаған бұл орынды тал бесікке.

Орыны Тұрекеңнің төрде болса,

Талайлар бедел болмай жүр есікте.

Оқудан босамайды, бас алмайды,

Еңбексіз ешбір нәрсе жасалмайды.

Болмаса жүрегінде Жаратушы,

Пейіштің есігінде аша алмайды.

Сенімді өз-өзіне топты бастап,

Шықты алға білгіштерді артқа тастап.

Шәкірт жоқ бұл маңайда шаңына ерер,

Жатсада он жыл бойы кітап жастап.

Нығайтты халықпенен жақындықты,

Өзіне серік етті ақындықты.

Тапқырлық, дуалы ауыз, алмас қылыш,

Даңқынан небір мықты көрмей ықты.

Сегіз жыл Алдашбайдан дәріс алды,

Бет бұрды Бұхараға сапар салды.

Жолдама ұстазынан бата алып,

Көш-керуен жолаушымен кете барды.

Оқыды «Көкалташқа» Бұхар барып,

Шәкірттің алды болды топты жарып.

Алланың берген дарын арқасында,

Бақ қонған, О басында, Қыдыр дарып.

Жараған хас тұлпардай жібек - жалды,

Ауызынан шыққан сөзі шекер балды.

Шығыстың жарық жұлдыз, таланттысы,

Айнимен бірге оқып, білім алды.

Алланың жемісі көп десең терем,

Талпынсаң Жаппар Егем дейді берем.

Бес жылда «Көкалташты» тамамдады,

Мұхиттай шексіз-шетсіз түбі терең.

Шәкірттік қызық күндер өтіп жатты,

Айнимен тағдыр өзі жақындатты.

«Жақсымен» «Көкалташты» тамамдады,

Қолына алды сөйтіп «шатырхатты».

Бұхара қалды кейін асқаралы,

Көп болды жастық шақты тастағалы.

Оқытты Нүкіс барып балаларды,

Ұстаздық өмір міне басталады.

Оралып мешіт ашты елге келіп,

Оқытты балаларды тәлім беріп.

Билігін бір мешіттің берді қолға,

Бүкіл ел «домоллаға» отыр сеніп.

Мешітке толды бала ондап-жүздеп,

Кіл алғыр жүргендер көп білім іздеп.

Алыс-жақын ауылдан келіп жатыр,

Білім алам деушілер тізбек-тізбек.

Қазақтар батыр еді ілгеріде,

Айрандай ұйып тұрған іргеліде,

Бабамызға қиындық туғызбайды,

Араб, парсы, шағатай тілдеріде.

Асқар шың бабам шыққан ауыр-белес,

Бұлыңғыр өткен күндер болды елес,

Бұзылды баба алдында талай қамал,

Хас батыр, саңлақ десек артық емес.

Бабамыз көп шарлаған ойды-қырды,

Ал тарих бүкпеледі талай сырды.

Үкімет тыйым салған баба сөзін

Жарыққа шығарамын өлең-жырды.

Берері Жаратқанның тоқтамасын,

Оқыңдар Тұрекеңнің топтамасын.

Анайы сөздері көп арасында,

Кейбіреу қапа болып боқтамасын.

Білікті бірді, білімді мыңды жығар,

Артық сөз жігіт басын көрге тығар.

Тұрекең айтқан, жазған жыр жолдары,

Оқысаңдар түсініп ойдан шығар.

 

(Жалғасы бар)

 

Әбсалам ОМАРОВ.


Серік сырдың серісі

Өмірі ата-ананың болды келте,

Сұм ажал аямады келді ерте.

Алладан бұйрық келіп қалды артта,

Он бала қайғы-мұңның күйін шерте.

Не болар балалардың келешегі,

Жарқын күн арман ғана елес еді.

Кәмәләткә толмаған ұл менен қыз,

Үлкені Серік еді ересегі.

Сұм ажал қос бүйірден оқша түйреп,

Отбасы қас қағымда қалды күйреп.

Серікке Алла беріп жігер-қуат,

Жеткізді тоғызында алға сүйреп.

Күн жылып жайма шуақ келді көктем,

Жаратқан құдіретімен нұрын төккен.

Шарасыз ата-ана жоқ  балаларға,

Жан Егем іздегенін берді көктен.

Серік сырдың серісі

Үнемі жүретұғын халық алдында,

Бір арнау жазсам деймін Серікке арнап.

Өмірлік жан серігі домбырасы,

Жасынан баба жолын жүрген жалғап.

Кім еді арғы тегі аталары,

Алайын жан-жағымды байқап,аңдап.

Қаракесек қас батыр түпкі атасы,

Жазайын шыққан тегін талдап-талдап.

Бозаншар бергі атасы ол да батыр,

Еліне қорған болып жүрген барлап.

Бергі ата Түменқожа,одан Қара,

Найза ұстап қол бастаған елді шарлап.

Қарадан Асан туған қас батыр боп,

Қырады дұшпандарын жатпас талғап.

Асаннан туған батыр Қарабазар,

Дұшпанын шелпек етіп жұтар талмап.

Ал Бесен Қарабазар атамыздан,

Тараған іргелі ел болып тармақ.

Бесеннен Қошқар туған жаужүрек боп,

Еліне тиген жауға салған қармақ.

Қошқардан Жәнібектей туған қыран,

Қорғады шекараны көкте самғап.

Ырсалды Жәнібектен Иман жүзді,

Оқитын Құран,Аят күн-түн сарнап.

Меккеге жаяу барған көшке еріп,

Жөнекей сарқыт ішіп жүрек жалғап.

Намазын,Оразасын қаза етпеді,

Аллаға құлшылық қып сауап алмақ.

Ақ туын Исламның берік ұстап,

Тарихта өшпестей боп ізі қалмақ.

Тіріңде Жаратқанға құлшылық қыл,

Қалмайық ол дүниеде шайнап бармақ.

Жан Егем берсін ғұмыр,берсін бақыт,

Мол болсын,таусылмасын көже,жармақ.

Қайыр қыл жетімдерге,кемтарларға,

Сауапсыз пенде шіркін қайда бармақ?

Кіршіксіз қызмет қыл ел-халқыңа,

Адал бол бір-біріңді жүрме алдап.

Лепірме бет алдына артық кетіп,

Қарайла жан-жағыңа сөйле аңдап.

Ырсалды бабамыздың жолын берсін,

Ақ жолын Жаратқанның алған таңдап.

Сеніңдер құдіреттің барлығына,

Міндеті Мұсылманның Құрбан шалмақ.

Зекет бер,Қажыға бар ,Иман келтір,

Болмайды әлсіреуде қанат талмақ.

Құдай бір,Құран шын,Пайғамбар Хақ,

Мұсылманға бес парыз болмас салмақ.

Ідіріс

Жасынан Мешіт барып,тәлім алған,

Сауатты Ырсалдының Ідірісі.

Әманда көнтерімді,салауатты,

Өнеге кейінгіге әрбір ісі.

Ақ құба,ұзын бойлы,сом денелі,

Көркіне таң қалады көрген кісі.

Ешқашан қабақ шытып,ашуланбас,

Мейрімді,кішіпейіл,жылы түсі.

Жуан бел,нар тұлғалы,жауырынды,

Кем емес еш пендеден қайрат,күші.

Оқыды Алдашбайдан дәріс алып,

Сыйлайды Дамолла деп елдің іші.

Қатардан артық туып оза шапты,

Ортада болды алғыр білімдісі.

Өсек пен өтіріктен аулақ болды,

Елінің сертке берік сенімдісі.

Адалдық,қайырымдылық бас мақсаты,

Дәріптеп ардақ тұтар үлкен-кіші.

Үнемі Құран қолда,Алла аузында,

Алланың сүйген құлы,сүйіктісі.

Тың іске талаптанса ақылдасар,

Алдына іздеп келіп аға-інісі.

Ел дауы билікке де араласар,

Ат үсті ел аралап көп жүрісі.

Абырой бергеннен соң Хақ Тағала,

Артып тұр Шүкір Алла ел ырысы.

Ақ пейіл тазалықтың арқасында,

Болмайды істерінің еш бұрысы.

Жаратқан жүрегіне нұрын құйған,

Ідіріс заманының ең ұлысы.

Осындай өткен абзал бабаларды,

Ұлықтау әрі парыз ең дұрысы.

Бұл дүниенің мойындаймыз жалғанын,

Жаратқанның өзі шешер қалғанын.

Махмуд ай  із қалдырып артында,

Құзырына кете барды Алланың.

Мұсылмандық жолға баулып еліңді,

Халық үшін төктің маңдай теріңді.

Пейіш болып О дүниеде тұрағың,

Жарық етсін Алла жатқан жеріңді.

Завпочта еске алайық Махмудты,

Кіршіксіз қызметіне болды ұқыпты.

Адалдық алға қойған басты мақсат,

Өзіне міндет істі жақсы ұғыпты.

Өткерді қиын-қыстау талай сынды,

Шыдаммен бағындырды небір шыңды.

Ептілік,табандылық арқасында,

Қайсарлықпен тапжылмай жеңді мыңды.

Өсірді тәрбиелеп он баланы,

Басқарды ептілікпен әр саланы.

Қай кезде қанағатшыл,ескерімді,

Есінен шығармайды бір пананы.

Шүкірлік адал жолмен табыс тауып,

Кетпейді ақ жолынан елі ауып.

Ойында ел бірлігі,болашағы,

Жоламас адал жанға қатер-қауіп.

Тіршілік келіп еді бір жүйемен,

Жақсылық тілеп еді Жан Иеден.

Алланың өлшеп берген демі бітіп,

Шарасыз ерте өтті дүниеден.

Сұм ажал ғазиз жанға келді ерте,

Алланың берген жасы болды келте.

Шарасыз,амалсыздан қалды артта,

Балалар қасіреттің күйін шерте.

Білеміз Жаратқанның   жаңылмасын,

Аяғы пенделердің шалынбасын.

Тіріден мәңгілікке ажырайды,

Кеудеден шыбын жаны алынғасын.

Көппенен бөліп ішер қолда барды,

Бәрінен қойған биік намыс-арды.

Пейіште орны болып,нұры шалқып,

Мәңгіге жарық болсын дейміз алды.

Дүниеден ата-ана ерте кетті,

Сұм ажал балаларды еңіретті.

Әр бала отау болды қазір таңда,

Құдайым тілектерін қабыл етті.

Кезінде жас балалар аңырады,

Ортаға түскеннен соң шаңырағы.

Әке мен шеше кетіп бұл пәниден,

Жұрдай боп оттың басы қаңырады.

Он үйі Махмудтың қазір таңда,

Тең келер отбасы жоқ жақын маңда.

Бәрі де адал жолмен нан табады,

Ақындақ О басынан болған қанда.

Асаба бет ашады өнерлері,

Жағымды көңіліне өлеңдері.

Махмуд көре алмаған қызықтарын,

Қазақтың дара-тұлға өрендері.

Орынды әрбір сөзі шекер,балдай,

Сыпайы ашық-жарқын сері-салдай.

 Халықпен бірге соғып жүректері,

Қойылған дастарханға жая-жалдай.

Басады аяқтарын алға аңдап,

Дәстүрін бабалардың жүрген жалғап.

Қазақтың қалаулысы,төрде басы,

Биікте қыран құстай ұшқан самғап.

Өрендер бабаларға туған тартып,

Келеді күннен-күнге мерейі артып.

Сабырлы шеттерінен кішіпейіл,

Жағымсыз мінездері болмас артық.

Бірлесіп бітіреді небір істі,

Жауласып еш пендеге салмас тісті.

Ораза,Намаздарын қаза етпейді,

Маңына жолатпайды ібілісті.

Жасамас дөрекі іс көңіл қалар,

Талпынып болашаққа бәрін салар.

Жүрген соң адал жолда,мейір шашып,

Жастары қазағымның тәлім алар.

Мәңгілік тату-тәтті аралары,

Әр түрлі болсадағы салалары.

Жұптары ешқашанда жазылмайды,

Мінекей Махмудтың балалары.

Талантпен еңбек етіп шыққан қырға,

Бас ақын болды абзал сұлу Сырға.

Алпысқа толған бүгін алшаң басып,

Серікті осы арадан қосам жырға.

Жаратқан Жаппар Егем берсе қуат,

Талпынған тәуекел ғып белді буат.

Би,батыр елі сүйген және ақын,

Халықпен піте қайнап,бірге туат.

Адал іс,тура жолдан тартынбадың,

Өзісің дүниедегі жарқын жанның.

Болса да қиыншылық,кедергілер,

Тарылып,ешқашанда сарқылмадың.

Адал жан жақын-жуық бауыр үшін,

Сарп еткен болашаққа жігер-күшін.

Шыдам мен табандылық арқасында,

Өрлеткен Жаратқан Хақ алға ісін.

Байыппен нықтап алға басқан қадам,

Өзгеше,әрі ауқымды артық санаң.

Қамқоршы,мейрімділік қасиетіңе,

Сүйсініп,таң қалардай бүкіл ғалам.

Жоқшылық,қиын күндер шықпас естен,

Әлі есте шарасыздық күйлер кешкен.

Ата-ана ерте кетіп дүниеден,

Сұм ажал тура келіп жолды кескен.

Пенде боп емес ешбір сыр алдырған,

Өшпейтін талантты ақын із қалдырған.

Көпшілдік,қонақжай боп туған ердің,

Үйінде жайсаң жандар ат шалдырған.

Таң қалдырған жастайынан талайды,

Тазалықты жан-тәнімен қалайды.

Жаны таза,бұл заманның серісі,

Болашаққа үміт арта қарайды.

Жолын ашқан Жаппар Егем жар болып,

Асыл сөзбен көкірегіне жыр толып.

Бас ақыны қазақ деген ұлы елдің,

Қыдыр дарып қазір таңда бақ  қонып.

Тәлім берген,талай шәкірт баулыған,

Шыққар жері жүз шайырдың аулынан.

Қазағымның қазір таңда серісі,

Жүрек тербер шыққан сөзі аузынан.

Ұстаздықта қажымаған,талмаған,

Шарасыз боп жүзін кірбің шалмаған.

Топты жарды талай үлкен додада,

Кездері жоқ айтыста орын алмаған.

Жігеріңді елің үшін жұмсадың,

Бұл тағдырдың көрдің қатты-жұмсағын.

Топты жардың талай үлкен додада,

Домбыраны  қолда бекем ұстадың.

Қонар елдің көкейіне өлеңің,

Арттырасың жыр-доданың көлемін.

Патшаларын қарсы алып үш елдің,

Жақындарды қуанышқа бөледің.

Алла беріп қанағат пен ақыл-ой,

Тарту еткен талантпенен абырой.

Мейірім шашқан жұдырықтай  жүрегі,

Аты мәлім,ел серісі Серік қой.

Жатпай-тұрмай еңбек етті,тер төкті,

Әрбір сөзі тірегендей жер,көкті.

Жүзі жарқын,мінезіне көркі сай,

Айтқан сөзі ұлағатты,көрнекті.

Атағы жерді жарды әуел бастан,

Дарынды ақын болды шыққан жастан.

Жүлде алды сахнаға шыққан бойда,

Дүниеде бақыт болмас бұдан асқан.

Ақынмен бабындағы кім таласқан,

Жар болып Жаппар Егем жолды ашқан.

Шатасып,шыдас бермей қарсыластар,

Мерейі үстем болды алты Алаштан.

Араласты жастайынан халықпен,

Топқа түсті небір мықты алыппен.

Әрбір сөзі шығып елдің көңлінен,

Өзгермейді жүрер жалғыз қалыппен.

Алпыс жас құтты болсын Серік ақын,

Жаратқан адал жанның жемес хақын.

Қадірлеп алақанда мәпелейді,

Қай  кезде халқыңменен болсаң жақын.

Жаратқан жетістікті көп көрмесін,

Бақытың шарықтасын,көкке өрлесін.

Тал түсті тойлайтұғын дүркіретіп,

Ақынның жүрек жарды жыры өлмесін.

Шашаңа шаң жұқпайтын ақын едің ,

Халқыңның жастайыңнан қамын жедің.

Бұл міне Әбсаламның ақ тілегі,

Және де арқа сүйер бүкіл елің.

Кезінде өтті күндер қауіп төнген,

Ақиқат Алла ісіне пенде көнген.

Ырсалды,Ідірістей бабалардың,

Балдары Махмудтың өсіп-өнген.

Балдардың барлығы да болды сыйлы,

Жаратқан нұрын төгіп,етті сыйды.

Елінің болғаннан соң еркелері,

Қасына жаны жайсаң  достар жыйды.

Мақсаттар түпкілікті жатыр алда,

Қол жетті табыстарға өрлеп алға.

Ідіріс,Махмудтың ұрпағына,

Жар болсын құдіретімен жар боп  Алла.

Серік сырдың серісі

Өмірі ата-ананың болды келте,

Сұм ажал аямады келді ерте.

Алладан бұйрық келіп қалды артта,

Он бала қайғы-мұңның күйін шерте.

Не болар балалардың келешегі,

Жарқын күн арман ғана елес еді.

Кәмәләткә толмаған ұл менен қыз,

Үлкені Серік еді ересегі.

Сұм ажал қос бүйірден оқша түйреп,

Отбасы қас қағымда қалды күйреп.

Серікке Алла беріп жігер-қуат,

Жеткізді тоғызында алға сүйреп.

Күн жылып жайма шуақ келді көктем,

Жаратқан құдіретімен нұрын төккен.

Шарасыз ата-ана жоқ  балаларға,

Жан Егем іздегенін берді көктен.

Бабалар соңғылардың қамын жеген,

Би,батыр қай кезде де елім деген.

Ідіріс,Махмудтың ұрпағына,

Берерін тоқтатпасын Жаппар Егем.

Ерекше Жәнібектің Ырсалдысы,

Қазаққа болатындай бақыт құсы.

Болашақ ел серісі аталатын,

Жырлайтын өнерпазды келді тұсы.

Жақсылар жақсылармен ойласады,

Кірбіңді көңілдегі той басады.

Арнаны көптен күткен орындалып,

Жәнібек ұлды болып той жасады.

Нәресте дүниенің ашты есігін,

Ел болып даярлауда тал бесігін.

Беделді ел-халыққа сыйлы кісі,

Баланың Ырсалды деп қойды есімін.

Көпшілік таңырқайды қайран қалып,

Баланың келбетіне назар салып.

Тартымды,жылы жүзді нәрестені,

Анасы мәпелейді қолына алып.

Алдында жатыр жылдар небір сырлы,

Ерекше түр-сипаты,жүзі нұрлы.

"Болар бала жасынан"-дейді қазақ,

Болады келешекте сегіз қырлы.

Баланың денсаулығы бір қалыпты,

Бергендей сыйға Алла бір алыпты.

Жаратқан берсе ғұмыр,денсаулығын,

Шаттыққа бөлейтіндей бар халықты.

Ырсалды күннен-күнге келеді өсіп,

Келер жыл той жасады тұсау кесіп.

Былдырлап әлденені айтпақ болад,

Ата-ана мәз болады шүкір десіп.

Жәйменен өтіп жатыр айлар,жылдар,

Уақыт тоқтамайды өтер-зырлар.

Назары нәрестеде бүкіл елдің,

Айтылып әлдименен небір жырлар.

Дегенше әне-міне жастан асты,

Аяқты алып-талып жәй-жәй басты.

"Бала тілі-бал"-деген міне осы,

Шүлдірлеп неше түрлі қылық ашты.

Ел болып күндіз-түні қызықтайды,

Жақсыға қандай пенде қызықпайды.

Түсірмей қолдарынан таласады,

Балалар қанша айтсаңда сөз ұқпайды.

Зыр қағып екі аяққа толық мінді,

Сайратты екі жаста қызыл тілді.

Белгілі қабілетті болатыны,

Арасын жақсы-жаман анық білді.

Жүргенде ойнап-күліп үшке келді,

Қылығы таң қалдырып бүкіл елді.

Таяқты ат қып мініп тыным таппай,

Шарқ ұрып аралайды қыр мен белді.

Мінекей төртке келді күліп-ойнап,

Асыр сап жүгірумен салып ойнақ.

Балдәурен балалықтың базарына,

Жас бала қанағат қып қалай тоймақ.

Мінекей көктем шыға келді беске,

Үйіне зорға келер ойнап кешке.

Қай кезде жайма-шуақ мінезге бай,

Ұқыппен тоқығандай шебер кесте.

Алтыға келді есен сау-саламат,

Тілеуде болашағын бар жамағат.

Қабілет Алла берген арқасында,

Таныды Мешіт барып Молдадан хат.

Оқыды Әптиекті қолына алып,

Бұрылмай жан-жағына барын салып.

Үйренген оқығанын есте сақтап,

Ерекше дараланды топты жарып.

Білімді жастарменен араласты,

Талабы құтты болып алға басты.

Шоқтығы қатарынан биік болды,

Болмады айтқан сөзі аяқ асты.

Оқуға аянбады барын салды,

Тоғыз жыл қызығымен артта қалды.

Өнерге бала кезден жақын еді,

Сырнай мен домбыраны қолына алды.

Көңілді көтереді сырнай тартып,

Келеді күннен-күнге беделі артып.

Ән салар тамылжытып домбырамен,

Қазақтың төл өнері болмас артық.

Сырнай мен домбыраны серік қылды,

Мүлтіксіз орындайды дастан-жырды.

Аузын ашса көмейі көрінеді,

Бүкпейді,жасырмайды іште сырды.

Күн артынан күн өтіп жатыр жайлап,

Үйден жырақ кетеді апта-айлап.

 Алланың бұл бір берген сыйы болды,

Бақыт құсы басына қойған байлап.

Әнші,жыршы әрі ақын аталады,

Ырым ғып сал-серіден бата алады.

Таланты ғыж-ғыж қайнап мазалайды,

Шын жүйрік шыдап қалай жата алады.

Айтысты талай жүйрік мықтылармен,

Шаң жұтпас шашасына нағыз нармен.

Додаға түсті талай майталманмен,

Белгілі елімізге жұлдыздармен.

Әндетер сырнайды да қолына алып,

Тыңдайды ауыл-аймақ қайран қалып.

Әнін де,өлеңін де өзі жазып,

Халықты тамсантады әнін салып.

Ырсалды

Ән салды думандатып жүре берді,

Қаратып аузына бүкіл елді.

Серінің жиырма беске жасы келді,

Қызықпен өтіп жатыр  бозбала шақ.

Пенденің бас міндеті Тәубә қылу,

Орындап уәдені сөзде тұру.

Қадірлі Пайғамбардың Сүндетімен,

Ойына келді енді отау құру.

Шарқ ұрып көп барады қызды ауылға,

Қарамай жағбыр-нөсер,қар-дауылға.

Сараптап жүргенінде сұлуларды,

Жарқын жүз түсті көзі бір аруға.

Серінің сол сұлуға көңлі кетті,

Сөз байлап үй болуға қолы жетті.

Құда түсіп той күнін белгіледі,

Тілегін Жаппар Егем қабыл етті.

Жаратқан бергеннен соң ашып жолды,

Талпынды алға қарай  сілтеп қолды.

Күз түсе Мұсылманның дәстүрімен,

Төс жеді көрші ауылға күйеу болды.

Бұл неке ойдағыдай болды сәтті,

Екі жас күн кешуде тату-тәтті.

Жиналып үлкен-кіші,жақын-жуық,

Айтуда тума-туыс мінәжатты.

Жас келін айырады ақ-қараны,

Міндетін ойдағыдай атқарады.

"Келіннің аяғынан"-деген қазақ,

Басына Қыдыр дарып,бақ қарады.

Құлпырып толған айдай түсті көзге,

Сыпайы,бой ұрмайды артық сөзге.

Әулетке ел аузында келін түссе,

Дүниеде болмас бақыт бұдан өзге.

Жақсы ұғым ел арасы келін жайлы,

Жылы сөз,алғыс-тілек қанат жайды.

Үлкендер бата берсе шын көңілмен,

Бойдақтар жеңгелерін мадақтайды.

Ақылды келін елге келді міне,

Риза пейілінің кеңдігіне.

Аямас қолдан келген жақсылықты,

Күш салар әйелдердің теңдігіне.

Жақ дейді әрқашанда  аққа Құдай,

Әр күні болды елдің тойдағыдай.

Бас аман,бауыр бүтін,сау-саламат,

Күн кешті Кете елі ойдағыдай.

Бақытқа бөлегендей бүкіл халық,

Жыраулар жырлар дастан әнге салып.

Шырқайды ел серісі үкілеген,

Ырсалды домбырасын қолына алып.

Уақыт зырылдаумен өтіп жатыр,

Қызықты әрбір күні мыңға татыр.

Жаратқан беріп бірлік-берекесін,

Дегендей той-думанмен таңыңды атыр.

Бұралған талшыбықтай қиғаш қасты,

Түскелі жас келіннің жылдан асты.

Торсықтай ұлды болып Ырсалды ақын,

Ынтымақ шарықтады алға басты.

Жаратқан сүйген құлға ұлды берді,

Қуантып Ырсалдыдай  кемеңгерді.

Балаға Ыдырыс деп қойды атты,

Күңірентіп Азан айтып аспан-жерді.

Сәбиге той жасады елді жинап,

Бұл өзі салмақты ой ед жүрген қинап.

Беделді,білімді де,терең ойлы,

Пенде еді жүретұғын елі сыйлап.

Жас сәби Шүкір Алла келеді өсіп,

Тұрғандай қарсы алдынан самал есіп.

Ел болып тілек-тілеп Жаратқаннан,

Мол бақыт,зор денсаулық берсін десіп.

Инша Алла орындалып барлық талап,

Жар болсын нәрестеге Алла қалап.

Ерекше түр-тұлғасы,кескін-келбет,

Көркіне көз тоймайды тұрсаң қарап.

Жарқын келбет,бидай өңді шырайлы,

Көрген жанға нұрлы жүзі ұнайды.

Балаң сенің өміріңнің жалғасы,

Жаппар Егем құдіретімен құрайды.

Бөбекке сарқылмастай берсін несіп,

Келер жыл той жасады тұсау кесіп.

Алдында жатқан ағып дарияны,

Қиналмай кідіріссіз өтсін кешіп.

Тәй-тәй басып кетті жүріп-жүгіріп,

Ақ жол берсін тоқтамасын кідіріп.

Сәтті болып Алла жолын оңғарсын,

Жығылмасын шалыс басып сүрініп.

Екіде зыр жүгірді тыным таппай,

Жарағын бауырынан жүйрік аттай.

Ырсалды аясын ба баласынан,

Өсірді емін-еркін қолдан қақпай.

Серік сырдың серісі

Қанағат,сабыр,қуат Алла берген,

Шыдамды Серік асқан талай белден.

Суырылып ел алдына  шықты талант,

Кетелер шоғырланған киелі елден.

Тамсандырды қабілетпен талайды,

Бүкіл елі  тау-тұлға деп санайды.

Жолды таптың қиын-қыстау кезеңде,

Жақын-жуық қара нарға балайды.

Алға ұмтылдың,алға құлаш сермедің,

Қиналсаңда сыртқа сырды бермедің.

Мәуеледі,тамылжыды талдарың,

Қазір таңда қайтып жатыр еңбегің.

Айналаңды шаттық қылдың жаз еттің,

Көңлін тауып бауырларды мәз еттің.

Жоқшылыққа мойып орын бермедің,

Дайын қылдың тіршілікке қажеттің.

Із қыласың ойдан шығар орынды,

Айтқан сөзің көкірекке қонымды.

Мерейі үстем ел-халықтың алдында,

Бауырларың шеттерінен болымды.

Құтты болды алға қадам басқаның,

Шіренбедің асып яки таспадың.

Абыройдан айырмасын Жаратқан,

Кір шалмасын ашық болсын аспаның.

Орындалсын алға қойған талабың,

Сен мықтысың тарылмасын танабың.

Лайымда өрге тасың домалап,

Мығым болсын тайқымасын табаның.

Мейрімді кейінгіге тиген себі,

Бесаспап қай іске де келер ебі.

Намысты биік ұстап,бермей қолдан,

"Арымның садақасы-жаным"-деді.

Күрсінер өткен күнді есіне алып,

Қарайды болашаққа назар салып.

Көңілді болғаннан соң айналасы,

Көрмейсің еш пендені,жүрген налып.

Желейтін,жебейтін де әр уақытта,

Мал шалып,Құран оқып әруаққа.

Аталап жан-жағынан немерелер,

Риза басқа Алла берген баққа.

Қазаның оттан түспей тұрар қайнап,

Ортаймас дастарханың гүл-гүл жайнап.

Айқара есік ашық төрден орын,

Жолаушы келе қалса Құдай айдап.

Мол болды отбасының несібесі,

Жаратқан құдіретімен қойған байлап.

Алланың бергеніне Тәубә қылсаң,

Ырзық-берекемен келер жайлап.

Балдарға жол көрсетіп қамқор болсаң,

Өрендер мәз болады алақайлап.

Байрағын Қазағымның биік ұстар,

Нағыз ер қолбасшының қойған сайлап.

Пенде боп қабақ шытпас,кең пейілді,

Қашықтан келіп қонақ жатса айлап.

Жамандық ойлағандар арамзалар,

Кешікпей қапа болар бармақ шайнап.

Өкініп өз ісіне көңлі шерлі,

Халыққа таба болар соры қайнап.

Аузынан шыққан сөзі тіліп түсер,

Қылыштай ұқыппенен қойған қайрап.

Қолға алса домбыраны ағытылар,

Бұлбұлдай гүлзардағы тұрған сайрап.

Алланың берген сыйы-өнеріне,

Риза көңлі тасып бүкіл аймақ.

Өнері Ырсалдының ақындығы,

Ұласып қазір таңда қанат жаймақ.

Бабаның серілігін сара жолын,

Қалайша ұластырмай жолдан таймақ.

Жадында Жаратушы таза жүрек,

Аузынан шыққан сөзі бал мен қаймақ.

Азамат елі үшін туған адал,

Ортада нағыз сері піскен қайнап.

Серік сырдың серісі

Бабалар соңғылардың қамын жеген,

Би,батыр қай кезде де елім деген.

Ідіріс,Махмудтың ұрпағына,

Берерін тоқтатпасын Жаппар Егем.

Ерекше Жәнібектің Ырсалдысы,

Қазаққа болатындай бақыт құсы.

Болашақ ел серісі аталатын,

Жырлайтын өнерпазды келді тұсы.

Жақсылар жақсылармен ойласады,

Кірбіңді көңілдегі той басады.

Арманы көптен күткен орындалып,

Жәнібек ұлды болып той жасады.

Нәресте дүниенің ашты есігін,

Ел болып даярлауда тал бесігін.

Беделді ел-халыққа сыйлы кісі,

Баланың Ырсалды деп қойды есімін.

Көпшілік таңырқайды қайран қалып,

Баланың келбетіне назар салып.

Тартымды,жылы жүзді нәрестені,

Анасы мәпелейді қолына алып.

Алдында жатыр жылдар небір сырлы,

Ерекше түр-сипаты,жүзі нұрлы.

"Болар бала жасынан"-дейді қазақ,

Болады келешекте сегіз қырлы.

Баланың денсаулығы бір қалыпты,

Бергендей сыйға Алла бір алыпты.

Жаратқан берсе ғұмыр,денсаулығын,

Шаттыққа бөлейтіндей бар халықты.

Ырсалды күннен-күнге келеді өсіп,

Келер жыл той жасады тұсау кесіп.

Былдырлап әлденені айтпақ болад,

Ата-ана мәз болады шүкір десіп.

Жәйменен өтіп жатыр айлар,жылдар,

Уақыт тоқтамайды өтер-зырлар.

Назары нәрестеде бүкіл елдің,

Айтылып әлдименен небір жырлар.

Дегенше әне-міне жастан асты,

Аяқты алып-талып жәй-жәй басты.

"Бала тілі-бал"-деген міне осы,

Шүлдірлеп неше түрлі қылық ашты.

Ел болып күндіз-түні қызықтайды,

Жақсыға қандай пенде қызықпайды.

Түсірмей қолдарынан таласады,

Балалар қанша айтсаңда сөз ұқпайды.

Зыр қағып екі аяққа толық мінді,

Сайратты екі жаста қызыл тілді.

Белгілі қабілетті болатыны,

Арасын жақсы-жаман анық білді.

Жүргенде ойнап-күліп үшке келді,

Қылығы таң қалдырып бүкіл елді.

Таяқты ат қып мініп тыным таппай,

Шарқ ұрып аралайды қыр мен белді.

Мінекей төртке келді күліп-ойнап,

Асыр сап жүгірумен салып ойнақ.

Балдәурен балалықтың базарына,

Жас бала қанағат қып қалай тоймақ.

Мінекей көктем шыға келді беске,

Үйіне зорға келер ойнап кешке.

Қай кезде жайма-шуақ мінезге бай,

Ұқыппен тоқығандай шебер кесте.

Алтыға келді есен сау-саламат,

Тілеуде болашағын бар жамағат.

Қабілет Алла берген арқасында,

Таныды Мешіт барып Молдадан хат.

Оқыды Әптиекті қолына алып,

Бұрылмай жан-жағына барын салып.

Үйренген оқығанын есте сақтап,

Ерекше дараланды топты жарып.

Білімді жастарменен араласты,

Талабы құтты болып алға басты.

Шоқтығы қатарынан биік болды,

Болмады айтқан сөзі аяқ асты.

Оқуға аянбады барын салды,

Тоғыз жыл қызығымен артта қалды.

Өнерге бала кезден жақын еді,

Сырнай мен домбыраны қолына алды.

Көңілді көтереді сырнай тартып,

Келеді күннен-күнге беделі артып.

Ән салар тамылжытып домбырамен,

Қазақтың төл өнері болмас артық.

Сырнай мен домбыраны серік қылды,

Мүлтіксіз орындайды дастан-жырды.

Аузын ашса көмейі көрінеді,

Бүкпейді,жасырмайды іште сырды.

Кұн артынан күн өтіп жатыр жайлап,

Үйден жырақ кетеді апта-айлап.

 Алланың бұл бір берген сыйы болды,

Бақыт құсы басына қойған байлап.

Әнші,жыршы әрі ақын аталады,

Ырым ғып сал-серіден бата алады.

Таланты ғыж-ғыж қайнап мазалайды,

Шын жүйрік шыдап қалай жата алады.

Айтысты талай жүйрік мықтылармен,

Шаң жұтпас шашасына нағыз нармен.

Додаға түсті талай майталманмен,

Белгілі елімізге жұлдыздармен.

Әндетер сырнайды да қолына алып,

Тыңдайды ауыл-аймақ қайран қалып.

Әнін де,өлеңін де өзі жазып,

Халықты тамсантады әнін салып.

Ырсалды

Ән салды думандатып жүре берді,

Қаратып аузына бүкіл елді.

Серінің жиырма беске жасы келді,

Қызықпен өтіп жатыр  бозбала шақ.

Пенденің бас міндеті Тәубә қылу,

Орындап уәдені сөзде тұру.

Қадірлі Пайғамбардың Сүндетімен,

Ойына келді енді отау құру.

Шарқ ұрып көп барады қызды ауылға,

Қарамай жағбыр-нөсер,қар-дауылға.

Сараптап жүргенінде сұлуларды,

Жарқын жүз түсті көзі бір аруға.

Серінің сол сұлуға көңлі кетті,

Сөз байлап үй болуға қолы жетті.

Құда түсіп той күнін белгіледі,

Тілегін Жаппар Егем қабыл етті.

Жаратқан бергеннен соң ашып жолды,

Талпынды алға қарай  сілтеп қолды.

Күз түсе Мұсылманның дәстүрімен,

Төс жеді көрші ауылға күйеу болды.

Бұл неке ойдағыдай болды сәтті,

Екі жас күн кешуде тату-тәтті.

Жиналып үлкен-кіші,жақын-жуық,

Айтуда тума-туыс мінәжатты.

Жас келін айырады ақ-қараны,

Міндетін ойдағыдай атқарады.

"Келіннің аяғынан"-деген қазақ,

Басына Қыдыр дарып,бақ қарады.

Құлпырып толған айдай түсті көзге,

Сыпайы,бой ұрмайды артық сөзге.

Әулетке ел аузында келін түссе,

Дүниеде болмас бақыт бұдан өзге.

Жақсы ұғым ел арасы келін жайлы,

Жылы сөз,алғыс-тілек қанат жайды.

Үлкендер бата берсе шын көңілмен,

Бойдақтар жеңгелерін мадақтайды.

Ақылды келін елге келді міне,

Риза пейілінің кеңдігіне.

Аямас қолдан келген жақсылықты,

Күш салар әйелдердің теңдігіне.

Жақ дейді әрқашанда  аққа Құдай,

Әр күні болды елдің тойдағыдай.

Бас аман,бауыр бүтін,сау-саламат,

Күн кешті Кете елі ойдағыдай.

Бақытқа бөлегендей бүкіл халық,

Жыраулар жырлар дастан әнге салып.

Шырқайды ел серісі үкілеген,

Ырсалды домбырасын қолына алып.

Уақыт зырылдаумен өтіп жатыр,

Қызықты әрбір күні мыңға татыр.

Жаратқан беріп бірлік-берекесін,

Дегендей той-думанмен таңыңды атыр.

Бұралған талшыбықтай қиғаш қасты,

Түскелі жас келіннің жылдан асты.

Торсықтай ұлды болып Ырсалды ақын,

Ынтымақ шарықтады алға басты.

Жаратқан сүйген құлға ұлды берді,

Қуантып Ырсалдыдай  кемеңгерді.

Балаға Ыдырыс деп қойды атты,

Күңірентіп Азан айтып аспан-жерді.

Сәбиге той жасады елді жинап,

Бұл өзі салмақты ой ед жүрген қинап.

Беделді,білімді де,терең ойлы,

Пенде еді жүретұғын елі сыйлап.

Жас сәби Шүкір Алла келеді өсіп,

Тұрғандай қарсы алдынан самал есіп.

Ел болып тілек-тілеп Жаратқаннан,

Мол бақыт,зор денсаулық берсін десіп.

Инша Алла орындалып барлық талап,

Жар болсын нәрестеге Алла қалап.

Ерекше түр-тұлғасы,кескін-келбет,

Көркіне көз тоймайды тұрсаң қарап.

Жарқын келбет,бидай өңді шырайлы,

Көрген жанға нұрлы жүзі ұнайды.

Балаң сенің өміріңнің жалғасы,

Жаппар Егем құдіретімен құрайды.

Бөбекке сарқылмастай берсін несіп,

Келер жыл той жасады тұсау кесіп.

Алдында жатқан ағып дарияны,

Қиналмай кідіріссіз өтсін кешіп.

Тәй-тәй басып кетті жүріп-жүгіріп,

Ақ жол берсін тоқтамасын кідіріп.

Сәтті болып Алла жолын оңғарсын,

Жығылмасын шалыс басып сүрініп.

Екіде зыр жүгірді тыным таппай,

Жарағын бауырынан жүйрік аттай.

Ырсалды аясын ба баласынан,

Өсірді емін-еркін қолдан қақпай.


Серік сырдың серісі

Қанағат,сабыр,қуат Алла берген,

Шыдамды Серік асқан талай белден.

Суырылып ел алдына  шықты талант,

Кетелер шоғырланған киелі елден.

Тамсандырды қабілетпен талайды,

Бүкіл елі  тау-тұлға деп санайды.

Жолды таптың қиын-қыстау кезеңде,

Жақын-жуық қара нарға балайды.

Алға ұмтылдың,алға құлаш сермедің,

Қиналсаңда сыртқа сырды бермедің.

Мәуеледі,тамылжыды талдарың,

Қазір таңда қайтып жатыр еңбегің.

Айналаңды шаттық қылдың жаз еттің,

Көңлін тауып бауырларды мәз еттің.

Жоқшылыққа мойып орын бермедің,

Дайын қылдың тіршілікке қажеттің.

Іс  қыласың ойдан шығар орынды,

Айтқан сөзің көкірекке қонымды.

Мерейі үстем ел-халықтың алдында,

Бауырларың шеттерінен болымды.

Құтты болды алға қадам басқаның,

Шіренбедің асып яки таспадың.

Абыройдан айырмасын Жаратқан,

Кір шалмасын ашық болсын аспаның.

Орындалсын алға қойған талабың,

Сен мықтысың тарылмасын танабың.

Лайымда өрге тасың домалап,

Мығым болсын тайқымасын табаның.

Мейрімді кейінгіге тиген себі,

Бесаспап қай іске де келер ебі.

Намысты биік ұстап,бермей қолдан,

"Арымның садақасы-жаным"-деді.

Күрсінер өткен күнді есіне алып,

Қарайды болашаққа назар салып.

Көңілді болғаннан соң айналасы,

Көрмейсің еш пендені,жүрген налып.

Желейтін,жебейтін де әр уақытта,

Мал шалып,Құран оқып әруаққа.

Аталап жан-жағынан немерелер,

Риза басқа Алла берген баққа.

Қазаның оттан түспей тұрар қайнап,

Ортаймас дастарханың гүл-гүл жайнап.

Айқара есік ашық төрден орын,

Жолаушы келе қалса Құдай айдап.

Мол болды отбасының несібесі,

Жаратқан құдіретімен қойған байлап.

Алланың бергеніне Тәубә қылсаң,

Ырзық-берекемен келер жайлап.

Балдарға жол көрсетіп қамқор болсаң,

Өрендер мәз болады алақайлап.

Байрағын Қазағымның биік ұстар,

Нағыз ер қолбасшысың қойған сайлап.

Пенде боп қабақ шытпас,кең пейілді,

Қашықтан келіп қонақ жатса айлап.

Жамандық ойлағандар арамзалар,

Кешікпей қапа болар бармақ шайнап.

Өкініп өз ісіне көңлі шерлі,

Халыққа таба болар соры қайнап.

Аузынан шыққан сөзі тіліп түсер,

Қылыштай ұқыппенен қойған қайрап.

Қолға алса домбыраны ағытылар,

Бұлбұлдай гүлзардағы тұрған сайрап.

Алланың берген сыйы-өнеріне,

Риза көңлі тасып бүкіл аймақ.

Өнері Ырсалдының ақындығы,

Ұласып қазір таңда қанат жаймақ.

Бабаның серілігін сара жолын,

Қалайша ұластырмай жолдан таймақ.

Жадында Жаратушы таза жүрек,

Аузынан шыққан сөзі бал мен қаймақ.

Азамат елі үшін туған адал,

Ортада нағыз сері піскен қайнап.


 

Әбсалам Омаров

 

 

 

 

 

ТАУБАЙДЫҢ ТОРЫСЫ

 

 

 

 

Қызылорда- 2017


Алғы сөз

 

Төрт түліктің сұлтаны, сайын даланың патшасы, ердің қанаты атанған асылы текті, қаны тазы жылқы малы кең даланы жайлай жатқан қазақтың өмірімен біте қайнасып, тірлігіне тіреу, салтына сүйеу, жанына жалау, жүрегіне жақын болып келеді. Жылқы тұяғының дүдірі естілсе елеңдеп, үйтіне қонса рухтанып, күш алып, жарыса кетсе делебесі қозып қиқулап сала беретіні де сол. Әсіресе пырағымыз салтымызға сіңіп, халқымыздың мақтанышына айналды. Ерге қанат бітіретін осы ат қанаты, аяғы, мұңдасы, сырласы әрі қорғаны мен қаруы болды. Қанша аңыз бен дастандарға арқау болған Тайбуырыл, Құлагер, Ақтабан, Керқұла, Сарықасқа, Байшұбар секілді тұлпарлар қанша ақынның шығармасына арқау болып, жыр дастандар тудырса, қанша сәйгүліктер сағымша бұлдырып, аңыз болып елден елге, ауыздан ауызға тарады.

Сондай тұлпарлардың бірі ел ауызында аңызға айналып, бір рулы елді асырып, Сыр жұртшылығының атын шығарған «Таубайдың торысы» атты тұлпар болатын. Алдына қара түсірмей, шашасына шаң жұқтырмай, айшылық жолды күнде, күншілік жолды көзді ашып-жұмғанда басып өтетін атылған оқтай, түскен жайдай жүйрік торы ел есінде қалды. Қанша жылдар мен ғасыр өтсе де оның атағын шаң, беделін тот басқан жоқ. Осындай жүйрікті танып, құлынынан жерге түсірмей алып, бабын келтіріп, бағын астырған Кетеден шыққан Түктібайұлы Таубай болатын.

Ел аузындағы сол тарихты ақын Әбсалам Омаров дастанына арқау етіп, шығармасына желеу етіп, бүгінге әкеліп, өлгенді тірілтіп, көнені жаңартып «Таубайдың торысын» көз алдымызда шаптырып отыр. Ақын Торыны баяндай отырып бір заманның тыныс тіршілігін, ағайынның татулығы мен бірлігін, салт-дәстүр мен наным сенімді кірістіре отырып жырлайды. Дастан басын әлқисалап бастаған ол атсейіс Таубайдың аталығын тарақтап:

- Кетпейтін шектен шығып жолдан аумай, Халқына болған қорған Асқар таудай.

Түктібай бабамыздың балалары,

Сопы Ерім мырза Жүсіп сейіс,

Таубай,-деп жырлайды.

Бұдан әрі бәйгені шымыр сурет- теген ол:

Алға ұмтылды жануар, құлақтың түбі терлеген,

Алдындағы төбелге жетем деп, құлаш сермеген.

Шаршамақ түгіл торының шабысы қайта өрлеген,

Бұл маңайда еш пенде, бұндай шабыс көрмеген.

Артта қалып барады ылдилар мен өр деген,

Ұзаққа бұрын шаппаған, танысты небір жерменен.

Дәрия болса секірер, жатса да алда көлденең.

Қош айтысып барады артында қалған желменен.

Бірінші болу мақсаты көкіректі кернеген,

Екінші, яки үшінші ойына да келмеген.

Қалила келет алысып, көзіне аққан терменен,

Алға шығып бірінші, қауышу ойда елменен.

Жүйріктер қалды шаң қауып, ізіне жақын ермеген,

Тай, құнанда жануар, намысты қолдан бермеген,


Арындайды жануар шапқанда қиғаш белменен,

Жақындады төбелге бара шауып өрменен.

Ерекше алға жосады, сияқты біреу кел деген,

Келе жатқан артта жүз атқа артымнан, менің ер деген,-деп суреттейді. Осылайша ақын түгел бір қоғамның бет бейнесін көрсете отырып, атбегілікті, сейістікті, бапкерлікті насихаттайды.

Бүгінде ақындар арасында азайып кеткен дастан жазу өнерін жандандырып, салт-дәстүр мен ұстанымызды тізбектейді.

Шығарма жалпы оқырмандар үшін қызықты, тартымды әрі жастар үшін тәрбие құралы болар еді деп ойлаймын. Себебі, адам мен табиғатты жақындастырып, қасиетті жануарды дәріптей отырып мәрттік пен мейірімді көркем жеткізеді. Оның ішіндегі оқиғалар өзіне баурап, ерекше шабыт берері сөзсіз.

 

Ағыбай ОРЫНБАЕВ


 

 

ТАУБАЙДЫҢ ТОРЫСЫ

 

Қай пенде әділ іске таласады

Дәріптеу нағыз ерге жарасады.

Жазамын зейін қойып тыңдаңыздар

Түктібай баба жайлы тамашаны.

Тең келмес ешқашанда кедей байға,

Ара жік ажырайды осындайда.

Алланың ақ жолынан аттамаған,

Сыйынған шын жүрекпен бір Құдайға.

Сөздері әрбір айтқан шекер – балдай,

Тыңдайды бар жамиғат қағып таңдай.

Тапқанын көпшілікпен бөліп жейді,

Қай кезде жомарт жанды, ашық маңдай.

Кетпейтін шектен шығып жолдан аумай,

Халқына болған қорған Асқар таудай.

Түктібай бабамыздың балалары,

Сопы Ерім мырза Жүсіп сейіс Таубай.

Кең пейіл кетпес дәулет берген Алла,

Абырой, бедел, ырыс өрлеп алға.

Ерекше тәңірінің берген сыйы,

Мол болған мейрім, назар жарлыларға.

Елінің көш басшысы бола білген,

Үйірген бүкіл елді қызыл тілмен.

Елінің ұйытқысы, бірегейі,

Жаратқан аман қылсын сұқ пен тілден.

Ержетті балалары елге сыйлы,

Жұмыстар атқаруда қыйлы-қыйлы.

Ерімі мұсылманша сауат ашып,

Жолымен алымдардың сауап жыйды.

Жаратқан құдіретімен ашты жолды,

Меншікте үш-төрт үйір жылқы болды.

Жылқының қырын-сырын терең ұғып,

Ерекше Таубай ұлы сейіс болды.

Жік түспей арасына болды бауыр,

Болсада қиын соқпақ күндер ауыр.

Паш етіп бірлікпенен берекені,

Үш ұлы елге сыйлы болды үш ауыл.

Көбейді жылдан-жылға жылқы басы,

Торысы, күреңі бар көк аласы.

Барлықтың Алла берген арқасында,

Арылмай дастарханда қонақасы.

Кеңінен жайылған соң керегелер,

Көбейді от басында немерелер.

Аллаға тура болса пейіл –көңіл,

Қазына Жаппар Егем бере берер.

Ерімнің Жақан сопы бел баласы,

Айрықша дінімізге көзқарасы.

Намазын, оразасын қаза етпей,

Шәкірттер, молдабасша айналасы.

Жүсіптен Қалиламен Байсын туған,

Белдерін ат үстінде бекем буған.

Өседі жастайынан шабандоз боп,

Қалила атасының жолын қуған.

Байсын да үйір-үйір болды малды,

Сәйгүлік шеттерінен жібек жалды.

Жиналмай ешқашанда дастарханы,

Тарихта Сақи деген аты қалды.

Әңгіме енді міне Таубай жайлы,

Ашамыз құпиялы талай жайды.

Жылқының қырмен-сырын толық білген,

Шығарған торысымен аспанға айды.

Таубайдан Раушанбек жалғыз бала,

Бермесе Жаппар егем барма шара.

Жан-жақты әңгімешіл елгезек жан,

Ұқыпты, байсалды ұл, көңілі дала.

Бабаның ешқашанда сынбай сағы,

Жас келіп егде тартып келген шағы.

Алланың қазынасы ақтарылды,

Ұлды боп алпыс төртте жанды бағы.

Бабамыз көңілі шалқып шаттанады,

Қорғанып сыртқы көзден сақтанады.

Қатардан оза туып дара шапқан,

Ұлымын Раушанбектей мақтанады.

Жалғыз ұл тектілерден туатұғын,

Шын асыл ата жолын қуатұғын.

Алланың берген сыйы бабамызға,

Ұлыда мақтануға тұратұғын.

Қатардан бала түрі қалмайтындай,

Жиіркеніш жаман іске бармайтындай.

Тектіден текті туып болар дара,

Болашақ ата-жолын жалғайтындай.

Әне-міне дегенше жетті үш жасқа,

Кенде емес киер-киім, ішер асқа.

Дүниеден әке өтті өкінішті,

Жетімдік қасіреті келді басқа.

Жетімдік енді міне басталады,

Ашылмай қайғырудан қас-қабағы.

Өзі жас, өзі жетім жалғыз бала,

Айрылып қорғанынан Асқаралы.

Кәмпеске, ашаршылық қоса келді,

Қырғынға ұшыратып қалың елді.

Тап бұндай қиындықтан қалды аман,

Толтырып өн бойына қара шерді.

Ұлы Отан соғысыда болды қиын,

Көп көрді жаратқанның қатал сыйын

Күні-түні еңбек етті жатпай – тұрмай

Болмады қасіретке ешбір тыйым.

Ержетті атқа мінді жалын тартып,

Мерейі күннен-күнге келеді артып.

Табысын ағайынмен бөліседі,

Жинамай дүние-мүлік үйде артық.

Үйленді дүниеге келді бала,

Қол жетті төсек орын алашаға

Жаратқан құдіретімен теңестірді

Ұласты әрбір күні тамашаға.

Дүниеге келді күткен ұл менен қыз,

Қалмады бұрынғыдан кеудеде сыз

Жетімдік, ашаршылық салған дақтар

Жібіді көкіректе ерімес мұз.

Қорқақты батыр қылған түрте-түрте,

Есеппен сөз сөйлеген ірке-ірке

Бас екеу болғаннан соң Алла қалап,

Түзелді жағдайлары бірте-бірте.

Жай басып күні келді тоқшылықтың,

Босады құрсауынан жоқшылықтың.

Қол жетті ішер асқа емін-еркін,

Әр кезде алды болды көпшіліктің.

Мейіріммен көкіректе болсын санаң,

Жар болсын жаратушы жалғыз панаң.

Қайыр қыл, төменгіге қыл қамқорлық,

Артылса отбасыңнан жетсе шамаң.

Байлыққа, абыройға жетті қолы,

Қуаныш, шаттық болды қойны толы.

Ұлдары қыздары да ел аузында,

Қиындық қалып артта болды жолы.

Үй болып отау құрды балалары,

Бір жарым екі жастан аралары.

Көмбесі жаратқанның ашылғандай,

Көбейді немерелер қаралары.

Қолынан шөберенің май жалады,

Той жасап думан қылды айналаны.

Құда да құдағида ел риза

Ұқыппен келген қонақ жайланады.

Артық ет қатарынан мол ақыла

Сауаппен иманы боп бар жақыны.

Алланың ақ жолына мойынсұнып,

Дүниеден уайымсыз өтті ақыры.

Дәстүрден ата жолы мен озбаймын,

Әріден болған жайдан сөз қозғаймын.

Көп болса асыл сөздің мәні кетер,

Ықшамдап сөз желісін мен созбаймын.

Бастаймын бір хикая жетсе шамам,

Талпынып алға қарай басып қадам.

Таубайдың торысы еді сөз арқауы,

Ақ қағаз және дағы қолда қалам.

Жалғыздық жары құдай халқым деген,

Тәуекел міне тұғын болып кемем.

Жақсы сөз жарым ырыс деген мақал,

Жар болсын құдіретімен жаппар Егем.

Тыныштық берекелі еді заман,

Дініміз қуат алған еді аман.

Береке қазағымның даласында,

Атсейіс өмір сүрді Таубай бабам.

Қуаңмен Сырбойының арасында,

Ырғыздың ұланғайыр даласында.

Мал бағу қазағымның тіршілігі,

Шыңдаған үлкенінде баласында.

Елімде малмен- жандық есепсіз көп,

Ең далам толқындаған ну қалың шөп.

Өзені, көлдері де суға толы,

Жайқалған қалың орман, айнала көк.

Уда-шу жалпақ дала қойлар қоздап,

Жылқылар үйір-үйір, түйе боздап.

Малшылар бір-біріне туғанындай,

Сөйлесер әзіл айтып ойды қозғап.

Үйір-үйір көп жылқы ауыл маңы,

Бимәлім сырттағыға есеп саны.

Жарысып ен далада құлын мен тай,

Аспанға көтеріліп қара шаңы.

Бұл ауыл Таубай аулы елден ерек,

Төрт түлік бәрі де сай жанға керек.

Адамдар бір атаның баласындай,

Мінекей бұл ауылдан шағын дерек.

Ортада ерекше тұр Таубай үйі,

Өзгеше маңайында елдің күйі.

Көңілсіз бір пендені байқамайсыз,

Жіберген жаратқанның бұл бір сыйы.

Үш үй тұр тап-тұйнақтай қатар-қатар,

Қонақтар осы үйлерден тұз –дәм татар.

Кейбірі қайтып жатыр риза болып,

Кеш келген еру болып қона жатар.

Қонақ үй үшеуіде қатар тұрған,

Риза бұл үйлерге мойын бұрған.

Күндіз-түн кісі аяғы басылмайды,

Қонақтар ағылады ойдан-қырдан.

Қарсы да тағы үш үй тұр көркем сәнді,

Үш әйел үш қарүйде сұлу тәнді.

Әйелі үшеуіде бабамыздың,

Кеңпейіл үшеуіде сұлу жанды.

Төртінші бабамызбен үлкен үйде,

Ерекше көтерінкі көңіл күйде.

Хас сұлу жаңа түскен кіші тоқал,

Сабырлы салихалы көнген иге.

Бәйбіше басқарады ауыл маңды,

Ерінбей болашаққа жасап қамды.

Тоқалдар үй тірлігін дөңгелектер,

Әйелі төртеуі де неке заңды.

Балалы үш айелден бола алмады,

Сондықтан тортінші қылып тоқал алды.

Алла дан шын көнілмен сәби тілеп,

Аямай той жасады қолда барда.

Атамыз көптен бері еді күпті,

Ойланып езу тартпай жүрді тіпті.

Құдайдын құдыреті қандай күшті,

Анамыз келер жылы болды жүкті.

Босанды күні жетіп Алла қолдап,

Қауіптен-қатерден де өзін қорғап.

Екі шеке торсықтай ұлды болды,

Сүйіші сұрап жатыр болда болдап.

Бабамыз той жасады елді жыйды,

Жаратқан бергеннен соң тосын сыйды.

Ылғи ақ жүз үй тікті жаз жайлауға,

Шақырды дос жаранды ылғи сыйлы.

Өзгеше бұл өлкеде болды үлкен той,

Сойылды қанша жылқы,қаншама қой.

Бабаның қуаныштан жүзі нұрлы,

Дегендей көңілдегі кірбіңді жой.

Ел-халық кереметтей көрді тойды,

Жиналған мақсұм-ишан терең ойлы.

Балаға Раушанбек деп азан айтып,

Ұлықтап, думандатып атын қойды.

Сәбидің бауы бекем берік болды,

Жаратқан құдіретімен ашты жолды.

Жас саби бүкіл еклдің қуанышы,

Жібітті іште жатқан қатқаң тоңды.

Жас саби өсіп келет мәпелейді,

Қыздарды жақын түтып тәтелейді.

Бұлдырлап сөйлегені балдан тәтті,

Апалап,ағалайды,әкелейді.

Нәресте қалт-құлт етіп тәй-тай басты,

Әне-міне дегенше жастан асты.

Тілі де, қылығыда жарасымды,

Құлпырып неше тұрлі қылық ашты.

Бабамыз балалы боп өзгереді,

Баладан қызық болмай өзгелері,

Сәбиден еш нәрсені аямауға,

Жиналған көпшілікке сөз береді.

Ортада Таубай атам ірі тұлға,

Кеңде емес малмен мүлік,теңге пұлға.

Ойында әр қашанда ел бірлігі,

Алпыста әке болды қадірлі ұлға.

Ақылмен бауырмалдық тал бойында,

Қанағат,сабыр,қуат тек ойында.

Шапағат жомарттықпен мейрімі мол,

Ауылды шалқытады әр тойында.

Қадірлі ел қорғаны елге сыйлы,

Төзімді ауыр жағдай болса қилы.

Шыдамды, көнтерімді, қанағатшыл,

Болжайтын болашақты өте милы.

Жаман іске қарап көзін салмаған,

Қиындықта көңілін кірбің шалмаған.

Үстем болып көкке өрлеп мерейі,

Биік ұшқан қанаттары талмаған.

Әділ жан Таубай бабам саялы адам,

Пір тұтып бүкіл әулет аялаған.

Тапқаннан бөліп ішіп, бөліп жеген,

Қажырын шектемеген аямаған.

Еңбегі жақындарға жеке дара,

Байсалды,ер көкірек жолы сара.

Пайдасын теңдей үшке бөлсе дағы,

Сақилық жасауына жетер шама

Айнала беркелі қазыналы,

Тапқандай сарқылмайтын қазынаны.

Кедейлік ешбір үйден байқалмайды,

Бәрінің көңілі тоқ, жақсы халі.

Бабаны жақын жуық бағалайды,

Мәрттігін, жомарттығын шамалайды.

Еліне қызыметі адал жанның,

Басына бақыт құсы балалайды.

Жаратқан жаратушым артық етіп,

Қабілет Алла берген жүрген жетіп.

Көп ойлап болашақты қынжылады,

Отырар елі үшін ойға кетіп.

Шұқылап кем кетікке қарамайды,

Артынан өсек-аян тарамайды.

Көңліне қаяу салмай адамзаттың,

Дос көңілін артық кемді шамалайды.

Арымның жиған – терген садақасы,

Ойлайды тап осылай отағасы.

Қай кезде келсе кісі есік ашық,

Үзілмей дастарханда қонақасы.

Жоғары талпынысы құтты қадам,

Елжіреп көз сүзеді бүкіл ғалам.

Еліне болған көсем, әрі шешен,

Мінекей тап осындай Таубай бабам.

Бабамыз бір кісіні даттамады,

Алланың ақ жолынан аттамады.

Алланың елімізге берген сыйы,

Таубайдың торысымен мақтанады.

Еске алып өте ерте болған жайды,

Әңгіме болар енді торы жайлы.

Жүйрік ат ер қанаты деген мақал,

Хикая торы жайлы қанат жайды.

Жаз жайлау көк шалғынға ел қонатын,

Жайылым, мал жайына толғанатын.

Шабындық өріс толған қыруар мал,

Мың тоғыз жиырма екінші жыл болатын.

Жайлауға көшті ауыл көктем шыға,

Уақыт болды күткен ел ынтыға.

Бабамыз қалың ойдың құрсауында,

Таңырқап қарап қояды көп жылқыға.

Боз байтал жылқы ішінде жеке дара,

 Салпы ерін, ұзын мойын бүйірі ала.

Туатын мезгіліде жақындады,

Көзінен таса етпейді малшы бала.

Малшылар бір-біріне жақын қонды,

Күн батты әне-міне іңір болды.

Ит –құстан күдіктеніп жылқышылар,

Жай жапсар ауыл маңын тегіс шолды.

Жатарда тегіс бәрін түгендеді,

Тәуба етті шүкір бәрі түгел деді.

Ал кәне бәрің барып демалыңдар,

Қария таң атқанша жүрем деді.

Азанда боз байтал жоқ ұшты-күйлі,

Жаратқан тарту етті тосын сыйды.

Іздеуге жануарды жерден-көктен,

Ауылда малшылардың бәрін жыйды.

Қарады ойды-қырды кешке дейін,

Қалыңға жыраларға қойып зейін.

Ал бүгін іздегенде табылмаса,

Кеш болып қалары анық бұдан кейін.

Таппады күні бойы байталды іздеп,

Қалайша жануардан күдер үзбек.

Туары жақсы құлын бабаға анық,

Жаман ой келіп жатыр тізбек-тізбек.

Әлде алып кетті ме екен ұры –қары

Күманда, күйзелуде елдің бәрі.

Ал ертең бүкіл елді жұмылдырып,

Іздеуді жалғастыру одан әрі.

Ертемен келді кісі бұл ауылға,

Су болған үсті-басы ақ жауынға.

Жоқ қарап шыққан екен ауылынан,

Қарамай жауын-шашын, жел-дауылға.

Қолайсыз жолаушыға күн райы,

Белгісіз кеше болған елдің жайы.

Жоқ қарап кеше ауылдан шығып едім,

Қаралды осы ауылдың қыр мен сайы.

Жылынып қонақ кісі сөз бастады,

Бақылап айналаға көз тастады.

Жоғалған боз байталдан хабар айтты,

Халықтың қабыл болып көз жастары.

Байтал тұр жалғыз өзі бір қалыңда,

Көрмедім басқа оның мал маңында.

Қасында аппақ болып бір зат жатыр,

Көріп ем жануарды таң алдында.

Тыңдады жаңалықты құлақ салып,

Жүгірді ақ киізді қолға алып.

Тілекті жаппар егем берді деумен,

Орады ақ киізге жетіп барып.

Бабамыз ақ құлынға бір үй тікті,

Жолатпай тірі жанды мұнда тіпті,

Аққұлын ермегі боп күнменен-түн

Айырды көп адаммен ара жікті.

Қара үйде асырайды бөлек өзің,

Түсірмей елден таса жаттық көзің.

Қасына жан баласын жолатпайды,

Бұндайда өте қажет сабыр, төзім.

Сақтықпен беріледі ішіп-жемі,

Өлшеулі, есептеулі артық кемі.

Жануар күннен-күнге келеді өсіп,

Ешқашан таса қылмай көзден елі.

Ақ құлын өсе берді, өсе берді,

Бабаға салып қойды әбігерді.

Мойнына бойтұмар қылып тақты алтын,

Бабадан қалған мұра жәдігерді.

Түрленіп өсті құлын күннен-күнге,

Түндіктен сығалайды шыққан күнге.

Арманы сыртқа шығып сайран салу,

Елеңдеп даладағы шыққан үнге.

Ақ құлын өсе келе болды торы,

Бас бәйге қанжығада ашық жолы.

Жүлдеге-жүлде ұласып дүркін-дүркін,

Бабаның ен байлыққа жетті қолы.

Торы тай талғамайды ылди-өрді,

Ғажабын шабысының халық көрді.

Олжасын пайда қылмай бәйгесінің,

Бабамыз теңдей қылып үшке бөлді.

Бірінші ел ағалары жақсыларға,

Екінші кедей-кепшік тапшыларға.

Үшінші отбасына, бауырларға,

Күні-түні қарайтұғын атшыларға.

Бабамыз міне осындай жомарт болды,

Торыға әр жарыста ашты жолды.

Алдына жылқы салмай жарыстарда,

Жүйрікке көрген жанның көңілі толды.

Қосылды қас жүйріктің қатарына,

Құрбандық әрбір шыққан сапарына.

Көп ұзамай ие болды жүйрік торы,

“Таубайдың торысы” деген атағына.

Жыл өтті жылжуменен құнан шықты,

Шығарды неше түрлі қиғылықты.

Тік құлақ, ұзын сирақ, өр кеуделі,

Ерекше бітімі де болды мықты.

Сұлулық шын тұлпарға жарасады,

Қай кісі әділ іске таласады.

Ұзамай осы елде ас болады,

Көрсетер торы құнан тамашаны.

Торы құнан бауырынан тұрды жарап,

Таңырқап, таң қаласың тұрсаң қарап.

Шығады кең далаға емін- еркін,

Оқшаулап жеке үйге қойған қамап.

Торының шабар күні жақын қалды,

Белгісіз не болары, құпия алды.

Қапастан кең далаға шықса еркін,

Белгілі бұл жарысқа салар барды.

Келер жыл бұл ауылда үлкен жарыс,

Көп жылқы шабатұғын болды алыс.

Торыда осы топтың арасында,

Басталар аламанда үлкен шабыс.

Аламан болар күнде таяп қалды,

Мерзімі жаратудың аяқталды.

Ел ағасы, билері, игі жақсы,

Шабатын жүйріктерді есепке алды.

Ас болды ұлан асыр күрес болды,

Жұлқысып палуандар оңды-солды.

Жеңгені қуаныштан мәз болады,

Жеңілген ренжулі сілтеп қолды.

Тай жарыс, құнан жарыс тағы боды,

Шаңдатып, бұрқыратып қара жолды.

Сейістер, көрермендер даурығуда,

Жарысқа пәстігісіп, пішіп тонды.

Сонымен аламанға келді кезек,

Тартады ауыздықты атты тежеп.

Алысып ауыздықпен тыпыршиды,

Жүйріктің бәрі дайын, бәрі елгезек.

Торыға міне бүгін үлкен сынақ,

Келісім бұрынғыдан шабады ұзақ.

Жиылды кіл сәйгілік ойдан-қырдан,

Мықтысы, жарамдысы келер шыдап.

Торыда бұл жарысқа сақадай сай,

Жар болып жолды ашсын жаппар Құдай.

Сәйгүлік жүзден аса кілең жүйрік,

Топ жарған талай жерде ығай-сығай.

Ал енді аламанға кезек келді,

“Алға” деп жарысуға белгі берді.

Тобымен жүз ат шапты ен даламен,

Қиқулап елеңдетіп бүкіл елді.

Жүйріктер ауыздықты жібер дейді,

Зымырап алға шығу мақсат-пейлі.

Көсілу кең далада емін-еркін,

Алдынан ұшаң-теңіз шықсын мейлі.

Екпінді болып қалды песін ауып,

Келеді сәйгүліктер қатар шауып.

Бір жүйрік бір жүйрікті жібермейді,

Сытылып шығу керек ебін тауып.

Жар болып құдіретімен жаппар Алла,

Суырлып торы шықты топтан алға.

Денесі енді қызды, тері шықты,

Жары жол жатыр алыс әлі алда.

Топ болып барлық жүйрік қалды артта,

Не тұрат оза шабу жүйрік атқа.

Шабысты әр сәт сайын үдетеді,

Шабандоз артып үміт қазанатқа.

Келеді жалғыз торы жеке дара,

Артына қарайлайды қайсар бала.

Тобырдан әлде қайда кетті ұзап,

Байқалмайт арт жағында ерген қара.

Жалғыздан-жалғыз келет торы шауып,

Жақыннан байқалмайды қатер қауіп.

Келеді құсша ұшып, желдей есіп,

Барады кеште түсіп песін ауып.

Алыстан бұрқыраған көрінді шаң,

Болжамдар айтылуда сан алуан.

Әр кісі әрбір түрлі болжам айтып,

Бүкіл ел көз алмайды қалуда таң.

Ілезде әлгі қара жақын келді,

Екпіндеп дүрсілдетіп қара жерді.

Қалила «Майлыбайлап» үстіндегі,

Көмбеден ұрандатып өте берді.

Көңілді, қуанышта бүкіл халық,

Торыны қызықтайды ортаға алып.

Таңырқап сырттан келген қонақтарда,

Торының шабысына қайран қалып.

Лайым жүретұғын «А құдайлап»,

Бурылды жаратушы ед баптап сайлап.

Сүт пісірім уақыт өткен кезде,

Шектінің бұрылы өтті «Бақтыбайлап».

Кісі жоқ мына іске таң қалмаған,

Торының шабысына көз салмаған.

Шектінің қос қанатты бурыл аты,

Алдына бұдан бұрын мал салмаған.

Үшінші шөмекейдің көк аласы,

Болмады бұдан басқа еш шарасы.

«Дөйт» деген ұранменен өте шықты,

Бір Алла құдіретімен боп панасы.

Бұл аста торы алды бас бәйгені,

Екінші бурыл болды елге әйгілі.

Үшінші көкала өтті көктер болып,

Болдырып шөмекейдің сәйгүлігі.

Бұдан соң екі жүйрік қатар келді,

Ағызып көбіктетіп қара терді.

Жараған бауырынан кіл сәйгүлік,

Біртіндеп келе берді, келе берді.

Тілмен-сұқ тисін барып қара тасқа,

Жарамас біле тұрып бұны айтпасқа.

Бірлігі жадасқан ел озады,

Есен-сау кездесейік келер аста.

Ас берді шөмекейде жинап елді,

Ай бұрын сауын айтып хабар берді.

Торыны қосу үшін бұл жарысқа,

Жаратты, мәпеледі, алды терді.

Бабамыз хас тұлпарды аялайды,

Мейрімін жылы сөзін аямайды.

Баптайды көзден елі таса етпейді,

Өзгенің сұқтануын қаламайды.

Торыға талай жандар көзің салды,

Берем деп торы үшін қолда барды.

Торыға қызықпауың мүмкін емес,

Көрмеген бұл маңайда бұндай малды.

Шабысы жылдан-жылға үдей берді,

Жарыста жеке дара алда келді.

Бабы кеп бағы жанды сәйгүліктің,

Шаңдатып, бұрқыратып қара жерді.

Шығарды жүйрік торы елдің атын,

Жаратқан төкті мейірім, шапағатын.

Ат сейіс, әрі сыншы Таубай бабам,

Арттырды күннен-күнге салтанатын.

Көңілден шығатындай сенімді ақтап,

Дәстүрін бабалардың есте сақтап.

Күні-түн тілек тілеп бір Алладан,

Жаратып мәпелейді бабам баптап.

Әр істің болар сыры, қағидасы,

Сейістің таңғажайып бар иласы.

Тайынан шабандоз боп келе жатқан,

Жүсіптің үміт артқан Қалиласы.

Сүрінбей бар сынақтан өтуіне,

Шарықтап даңқы алысқа кетуіне.

Таубай бабам ерінбей етті еңбек,

Торының бұл дәрежеге жетуіне.

Сәйгүлік шаршауыңды еш білмейді,

Азаннан кешке дейін шапсын мейлі.

Атамыз тұлпар үшін барын салар,

Әрқашан жадыраңқы ашық пейлі.

Торының шартарапқа кетті аты,

Халықтың арта түсті шарапаты.

Құлпырып күннен-күнге сән түзеді,

Болар ма бұндай сұлу малдың заты.

Ойнақтап ойқастайды бабы келіп,

Ойқырдан өте шығар жорта-желіп.

Босатсаң ауыздықты сәл-пәл ғана,

Құлдилар көз алдында нағыз елік.

Алысқа атағыда кетті тарап,

Торыға таң қалады бүкіл алап.

Атсейіс Таубай бабам елге мәлім,

Тұлпарға сенімі мол тұрған жарап.

Сынақпен тәжірибе ерекше бай,

Торыны жүргендер көп сырттан сынай.

Жарап тұр бауырынан торы тұлпар,

Шабуға, бәйге алуға сақадай сай.

Тұрады елдің торы мақтауына,

Бабамыз дән риза баптауына.

Міні жоқ жаратудың сақадай сай,

Кедергі жоқ ел сенімін ақтауына.

Балқыда өткен бұрын билер, байлар,

Мың-мыңдап шұрқыратып жылқы айдар.

Алланың беруінің кемісі жоқ,

Төрт түлік толы дала қыр мен сайлар.

Дүниеден өтті былтыр Жақыпбек бай,

Оғанда толды міне жыл он екі ай.

Ат шаптырып дүркіретіп ас беруге,

Артында балалары сақадай сай.

Жинады ас беруге бкіл елді,

 Жырақтан сан –алуан қонақ келді.

Жүз атты іріктеді аламанға,

Сәйгүлік шеттерінен маң-маңгерді.

Жүйріктер ауыздықпен алысады,

Бірінен-бірі қалай қалысады.

Торының бабы келген шеткері тұр,

Босатсаң ұшқан құспен жарысады.

Жүз атты таң сәріде кетті айдап,

Түнімен таң асырып қойған байлап.

Елу шақырым бұл жарыстың қашықтығы,

Жүйріктер ұзақ жолға кетті жайлап.

Оянды таңсәріде ылғи жалшы,

Малдарын өргізуде барлық малшы.

Қобызын күңірентіп сарнатады,

Ертемен күй шерітіп бақсы-балшы.

Уда-шу абыр-сабыр ауыл маңы,

Сабылып ас қамымен барлық жаны.

Мал сойып, қымыз пісіп даурығуда,

Қуаныш шаттықпенен атты таңы.

Тіршілік абыр-сабыр ауыл іші,

Белгілі әрбір жанға қылар ісі.

Көңілінен қонақтардың шығып жатыр,

Қай кезде мейірбанды жылы түсі.

Қонақтың жасау үшін толық жайын,

Таңғы ас, қымыз-шұбат шайда дайын.

Көз ілмей, кірпік қақпай қонақтарға,

Қызметшілер тер төгеді әр күн сайын.

Орыны болатұғын сыйлы төрден,

Халайық дән риза көзбен көрген.

Мұсылман қауымына аты мәлім,

Ораз ахун құран оқып бата берген.

Ерекше дін жолына көзқарасы,

Риза істеріне ел арасы.

Алдында шешілмейтін іс болмайды,

Пір тұтар мұсылманның бар баласы.

Ораз ахун ойлайтын ел бірлігін,

Елі үшін артқа қояр өз тірлігін.

Алаламай бірдей көрер адамзатты,

Байқамаймыз көңілінің еш кірбіңін.

Ораз ахун бар ғылымды меңгерген,

Ел халқына жігер берген, дем берген.

Ақыл-естен, ден саулықтан айрылған,

Талай науқас кеп алдына емделген.

Басы сыйлы ұлан байтақ өңірде,

Талайларды құштар қылған өмірге.

Мағыналы әрбір айтқан сөздері,

Қаяу салмай дем береді көңілге.

Кең пейілді халқына көп берері,

Айтқан сөзін халық тыңдай береді.

Ойы терең өте түпсіз тұңғиық,

Мұсылманға осындай жан керегі.

Сонымен құран оқып бата берді,

Жинады кең алаңға бүкіл елді.

Жан-жақтан келген ылғи нар тұлғалы,

Палуандар сайысына кезек келді.

Күресті палуандар кезек-кезек,

Көрсетті өнерлерін қалмай тежеп.

Жеңгені жүлде алып қуануда,

Кейбірі шайпау сөйлеп тілді безеп.

Бұл астың бас қонағы Қалдан батыр,

Дұшпанға жасай тұғын заман ақыр.

Жай кезде мейрімді де кішіпейіл,

Жау көрсе жалғыз өзі мыңға татыр.

Қамқоршы ел-халқыма Қалдан бабам,

Жігерлі, қайтпас-қайсар таймас табан.

Тәртібін мойнына алып бұл жиынның,

Міндетін атқаруда есен-аман.

Батырдың сөзі өтімді басы сыйлы,

Ел-елден келді қонақ небір қилы.

Бірі ерке, бірі шолжаң, бірі жалғыз,

Бас бұзар шатақтардың бәрін тыйды.

Ретпен жайма-шуақ өтіп жатыр,

Тігілген қараша үйлер, неше шатыр.

Тәртіпсіздік, айқай-шу байқалмайды,

Риза бұл шараға Қалдан батыр.

Түс ауды думандаған қызығымен,

Ас өтті Қалдан тартқан сызығымен.

Шатақтар ұрыс-керіс шығаратын,

Тып-тиыш пысықайлар бұзығымен.

Бағынған тәртібіне қалың халық,

Күресті аяқтады ылғи алып.

Бас бәйге қара бура еншісінде,

Палуан алды олжаны топты жарып.

Шаттанып кейбіреу жүр сейілі құрып,

Сыртынан қызығасын қарап тұрып.

Өртеніп өзектері жарылардай,

Жеңілген өкінді жерді ұрып.

Тай жарыс, құнан жарыс, дөнен жарыс,

Тамаша, шүкір Алла, аяқ алыс.

Әлінің келгенінше шапты бәрі,

Бермеді ықтиярмен қолдан намыс.

Күрес те шатағы жоқ өтті таза,

Өтті әділ ешбір пенде баспай жаза.

Алланың бұл бір берген абыройы,

Көңілді үлкендерден қашпай маза.

Кез келді енді міне аламанға,

Жүйріктер кетті жырақ ала таңда.

Әр рудың жүйрігі сенім артқан,

Жүзден де кетті асып санағанда.

Бірінші болатындай қарағанда,

Баптаған, мәпелеген алақанда.

Келетін кезі жақын қиқулатып,

Енді біз зер салайық аламанға.

Жүйріктер келе тұғын болды кезі,

Елеңдеп жұрт жиналып болды мезі.

Қай жүйрік бас бәйгені алар екен,

Қуаныштың адамзатқа жақсы тезі.

Дүйім ел жырақ көзден қалды алыста,

Кіл жүйрік сақадай сай бұл жарысқа.

Жетпіс шақырым аламанның ұзақтығы

Сәйгүлік мықтысы озар бұл жарыста.

Жараған бауырынан кілең жүйрік,

Кеуделі ұзын сирақ нағыз сүйрік.

Бірінен-бірі өтеді, ығай-сығай,

Кіл мықты екендігін ойға түйдік.

Жіберді елге қарай аттың басын,

Жүйріктер шабысынан жаңылмасын.

Орғиды, ақ бөкендей ойнақтайды,

Дегендей көрген пенде таңырқасын.

Келеді барлығы да қатар шауып,

Мақсаты оза кету ебін тауып.

Тұяқтан атқылаған топырақтар,

Борайды арт жағына қарша жауып.

Жүйрігі алға қарай оза берді,

Жүйткітіп артқа тастап неше белді.

Алысқа бірін-бірі жібермейді,

Түнектей шаңға бояп қара жерді.

Мықтылар шықты алға сараланып,

Сары төбел шықты алға дараланып.

Танбаса алға өрлеп шабысынан,

Әлбетте, бұл бірінші болары анық.

Еседі майда қоңыр самал алдан,

Сурылып шықты алға екі тарлан.

Оқ бойы алда келед Сары төбел,

Торыға болды жету оған арман.

Сартөбел бар жарыста алда келген,

Жарысар жүйрік еді самал желмен.

Байлауда тұрғанына бір жыл болған,

Толғандай көкірегі ыза шермен.

Торыбай Бигелдінің Сартөбелі,

Үкілеп мақтан етер бүкіл елі.

Жүйрік жоқ бұл маңайда бұдан озар,

Кеуделі, сирақты да, ұзын белі.

Үдейді әлсін әлі шабысы да,

Торының тиіп жүйке-намысына.

Бүкіл ел емін еркін күн көреді,

Төбелдің алған жүлде табысына.

Сұржебе үшінші боп бұл келеді,

Шаң қауып қалмау артта ең керегі.

Тер шықты сауырынан көбіктеніп,

Қиқаулап шабандозы дем береді.

Алдында Ақылбайдың сұр жебесі,

Жоғары басқа аттан тұр төбесі,

Денелі, бітіміде тұрқы үзын,

Сияқты қара жердің бұл кемесі.

Екі аттан алға шығып озу ойда,

Жетерік оған жігер қуат бойда.

Намысын қолдан беріп көрген емес,

Алатын бас бәйгені әрбір тойда.

Келеді қарыштаумен алға өрлеп,

Епкіндеп төрт аяқты қатар сермеп.

Үдетіп шабысын да әр сәт сайын,

Бусанып, емін еркін, құлақ терлеп.

Жіңішке, өте ұзын, биік бойы,

Қайтсе де екі аттан озу ойы,

Сәл болса озып алға шығатындай,

Тер шығып, бапқа келді тұла бойы.

Алдында торы келед оқша зулап,

Сыр бермей шабысы да, әлі қунақ.

Көсіліп төрт аяқты сермегенде,

Артында қалады шаң будақ-будақ.

Алға ұмтылды жануар,

Құлақтың түбі терлеген,

Алдындағы төбелге

Жетем деп құлаш сермеген.

Шаршамақ түгіл торының

Шабысы қайта өрлеген,

Бұл маңайда еш пенде,

Бұндай шабыс көрмеген.

Артта қалып барады

Ылдилар менен өр деген,

Ұзаққа бұрын шаппаған,

Танысты небір жерменен.

Дәрия болса секірер,

Жатса да алда көлденең.

Қош айтысып барады

Артында қалған желменен.

Бірінші болу мақсаты

Көкіректі кернеген,

Екінші яки үшінші

Ойына да келмеген.

Қалила келет алысып,

Көзіне аққан терменен,

Алға шығып бірінші,

Қауышу ойда елменен.

Жүйріктер қалды шаң қауып,

Ізіне жақын ермеген,

Тай құнанда жануар,

Намысты қолдан бермеген,

Арындайды жануар

Шапқанда қиғаш белменен,

Жақындады төбелге

Бара шауып өрменен.

Ерекше алға жосады,

Сияқты біреу кел деген,

Келе жатқан артта жүз атқа

Артымнан, менің ер деген.

Қатарласты төбелмен

Бас бәйгені бермеген,

Жақын маңда төбелге

Қапталдап жылқы келмеген.

Үзеңгіні қағысып,

Ашылды тыныс дем деген.

Төбелге басу айтқандай

Жолыңды маған бер деген.

Қутыңдайды ойнақтап,

Секілді тәуіп емдеген.

Атқылайды ақ көбік,

Аққандай төмен селменен.

Шықты алға ұмтылып,

Қоштасқандай шерменен.

Артқа тастап Төбелді,

Жүйрік торы ерлеген.

Қалила атты шабандоз,

Алладан пәрмен тіледі,

Жаратқан өзі жар болып,

Болғандай қабыл тілегі.

Шықты ұзап бірталай,

Орнына түсті жүрегі.

Ғайперен қырық шілтен

Бабамыздың пірі еді.

Қиын қыстау күн туса,

Әркез болған тірегі.

Жаратқан өзі қолдаған

Ерекше жанның бірі еді.

Қолда деп өзің бір Алла,

Тілеуменен жүр еді

Назарында Алланың

Сыр бойының түлегі.

Шығарды торы атақты,

Болдырмайтын сірі еді.

Ауыздықпенен алысып,

Талғандай бала білегі.

Сарытөбелдің ал енді

Оза алмасын біледі.

Әл бермей шауып басына,

Бір төбеге басын тіреді.

Күнзаққа болған уақиға,

Көкірегін шіреді.

Қарақшы қалды жақындап,

Кіргендей болды реңі.

Кеңге жайды қанатын,

Ақсұңқар құстай түледі.

Қалды артта көрінбей,

Топтанған аттың легі.

Бар даусымен шыңғырды,

Кеудеге сыймай жүрегі.

Мәз болады бүкіл ел,

Болғандай қабыл тілегі.

Дауысын естіп Торының,

Бірі жылап, бірі күледі.

Бірінші болып келуін,

Алладан елі тіледі.

Барады күн кешкіріп, мезгіл ауып,

Қалдырды сартөбелді ебін тауып.

Екпіні өте қатты шыңғырумен.

Келеді елге қарай жалғыз шауып.

Құйғытып, арындатып торы келді,

Тамаша таңғалдырып бүкіл елді.

Мәреден Майлыбайлап өте шықты,

Сауырдан сорғалатып қара терді.

Дара келді намысты бермей қолдан,

Жаратқан құдіретімен болып қорған.

Тұрқы да, бітімі де тым ерекше,

Жайдары көрген жанның көңілі толған.

Торының мерейі өсті бас бәйге алып,

Бөрікті аспанға атты бүкіл халық.

Майлыбай, Майлыбайлап шуылдайды,

Торыны таңырқасып, ортаға алып.

Таңырқаумен өтіпті біраз уақыт,

Ат озса ағайынға қандай бақыт.

Елінің мерейі үшін бұл қуаныш,

Алладан келген сыйық гауһар, жаһұт.

Бір кезде шаң көрінді қылаңдаған,

Сартөбел келеді жүйткіп бұлаңдаған.

Үстінде шабандозы қиқулайды,

Дауысы естіледі ұрандаған.

Алдына жүйрік еді ат салмаған,

Кезі жоқ жарыстарда жүлде алмаған.

Бас бәйгені ешкімге бермеп еді,

Қанатын қырандарша кең самғаған.

Ал, енді келді бүгін екінші боп,

Таңырқап, таңғалады жиылған топ.

Жаратуда кетті ме әлде ақау,

Бигелді өте ызалы басқандай шоқ.

Сартөбел келді екінші амал қанша,

Бигелді өте ашулы қатал жанша.

Байлығы өз алдына беделді еді,

Ал, қазір бұрқан талған жауған қарша.

Ашуы көкпке дейін басылмады,

Қабағы қарсы айырылып ашылмады.

Бұлтқа оранғандай ашық аспан,

Өкініп, ызаланып, ашынғаны.

Сүржебе үшінші боп келді жақын,

Шабандоз үстіндегі қысып тақым.

Ақылбай басқа көзі төпеледі,

Үкілеп бұл жарысқа қосқан атын.

Төртінші келді жүйткіп ақсирақ ат,

Сарыбай руының көңілі шат,

Жетістік шүкір Алла жаман емес,

Жер шұқып көп алдында болмады мат.

Бесінші бурыл келді жеті рудың,

Қарқыны екпініндей аққан судың.

Көмбеден барын салып өте шықты,

Орғытып ортасынан айқай-шудың.

Алтыншы тамалардың көк аласы,

Жаратқан Жаппар егем боп панасы.

Екінші не үшінші келер еді,

Жаратудың бірталай бар шаласы.

Жетінші сәлден кейін келді күрең,

Үшінші, не төртінші болған кілең.

Табындардың баптаған жүйрігі еді,

Үстіне алып келіп жапты кілем.

Боз төбел сегізінші келді жайлап,

Керейттер қуанады алақайлап,

Жиырмадан бұрын озып келмеп еді,

Жүздері қуаныштан бал-бұл жайнап.

Керқұла алабелмен келді қатар,

Жаратқан бұл жарыста болды қатал.

Бестіктен төмен түсіп көрмеп еді,

Болса да басқа аттан бойы тапал.

Ала бел түйіндеді бұл ондықты,

Тоғызы алдындағы болды мықты.

Бірінші аламаны ала белдің,

Ондыққа кіріп жүйрік ойдан шықты.

Біртіндеп келе берді қалған аттар,

Зым-зия кейбірінен болмай ақпар.

Дүниеде бұдан қызық болама күн,

Бәйге алып қуанышты болған шақтар.

Шыдағаны көмбеге келді аман,

Кейбірі жетіп құлап елге таман.

Жар жолда қалғаны көп шыдас бермей,

Айрылып кеткендей боп қара табан.

Қазылар келмегенін есепке алды,

Есепке іліндірді қырық малды.

Жан ұшырып іздейді мал егесі,

Сонымен бұл аламан аяқталды.

Сүрінбей бар сынақтан өтуіне,

Шарықтап даңқы алысқа кетуіне.

Бабамның еңбегі зор өте ауқымды,

Торының бұл дәрежеге жетуіне.

Жетекке ап кездіреді дария бойлап,

 Келеді алда болар жарысты ойлап.

Шылбырын қысқа ұстап келе жатыр,

Жіберсең ең далада салар ойнақ.

Әп сәтте болып қалды замана тар,

Опырылып дарияға құлады жар.

Түсі ме, өңі ме әлде, біле алмады,

Торыны шығаруға болды енді зар.

Қырсықты бұл қалайша бұның жолы,

Маңдайдың қалың екен қарыс соры.

Жарменен дарияға кетті бірге,

Шыңғырып көзі аларып байғұс торы.

Ағысы өте қатты түбі терең,

Торыға жар болагөр Жаппар Егем,

Тіке жар өткелі жоқ шығатұғын,

Жартақан күшпен қуат берсін ерен.

Ұмтылды неше мәрте шығамын деп,

Шығудың құтылудың жүр қамын жеп.

Қаншама биік жарға секірсе де,

Таппай жол құтылуға жетпеді еп.

Жағада зар жылайды бүкіл халық,

Алланың бұл ісіне тегіс налып.

Мүмкін емес дариядан аман шығу,

Батады енді суға байғұс ғаріп.

Секірді неше мәрте жарға келіп,

Барады бірте-бірте күші кеміп.

Бір кезде қарсы бетке тура салды,

Ажалдан құтылмаққа тұрған төніп.

Секірді келді жетіп тіке жарға,

Мүмкіндік бермеді Алла қайғы-зарға.

Бес мәрте секірседе жете алмады,

Көнбеске сұм ажалға амал бар ма?

Сыр суы бұлқан-талқан ағып жатты,

Ағысы қаралай өте қатты.

Мал түгіл ала кетер су түбіне,

Ақылы, есі бүтін адамзатты.

Жағада бүкіл халық тұрды жылап,

Бұл іске душар болды торы құлап.

Шыға ма, шыға алмай ма дариядан

Бәрінің көңілінде екі сұрақ.

Ағын суға бір батып бір шығады,

Шығуға жағалауға ынтығады.

Жаратқан қабыл етсе ел тілегін,

Құтылу сұм ажалдан мүмкін әлі.

Бір кезде жүзді суға кері қарай,

Болары енді жұмбақ болар қалай.

Жинады соңғы күшін барын салды,

Өткерген қиындықтар бастан талай.

Келіп еді ел тілегін тыңдырумен,

Дарияда құсша ұшты шыңғырумен.

Аянбай, жан алысып, жан берісті,

Лезде өтті уақыт қынжылумен.

Шарасыз жағалауда Таубай Жүсіп,

Торы да қиналады күйге түсіп.

Құданың құдіретімен Алла қолдан,

Дариядан көтерілді құсша ұшып.

Ілінді екі аяғы жарға келіп,

Күш-қуат асып-тасып бойда ерік.

Жағаға жан ұшыра екпіндеді,

Құтылды сұм ажалдан құдай беріп.

Еліріп қайраттанды айқай-шуға,

Ұқсады көтерілген қара буға.

Жоғары ұшқан құсша қалықтады,

Ер-тоқым сыпырылып қалды суда.

Құтылды сұм ажалдан Алла қолдап,

Жартақан құдіретімен қалды қорғап.

Алланың мейрімі мол ұшаң теңіз,

Сәл болса қалар еді зарлап – сорлап.

Торыға Таубай бабам келді жақын,

Аяды Жаппар егем жемей хақын.

Дариядан Алла қолдап шықты аман,

Дін аман тұла бойда болмай зақым.

Торы тұр қолтығына басын тығып,

Алады көзіне жас сығып-сығып.

Сенімсіз адам айтса көрмегенге,

Көңілді дариядан аман шығып.

Қуаныш сыймай баба қойынына,

Зер салып сауырына мойынына.

Дариядан шүкір алла аман шықты,

Қалмасын енді тұлпар шойырыла.

Дін аман бар мүшесі өз қлпында,

Тап жаңа келіп еді жан алқымға.

Жаратқан құдіретімен берді дейді,

Шық деді дариядан бір талпын да.

Жетектеп Таубай бабам келе жатыр,

Лезде болып еді заманақыр.

Келетін қолдарынан қайран болмай,

Болып еді бүкіл халық нағыз пақыр.

Торыны елге қарай жетекке алды,

Тік жарды тастап артқа жағаларды.

Бір сәтте болған мына келеңсіз жай,

Келмесін, шүкір алла артта қалды.

Ажалдан енді болды басы сауға,

Түскендей болып еді құрулы ауға.

Қап-қара түнек болды қас қағымда,

Қандай күш шықты алып жағалауға.

Жетекте келе жатыр талтаң басып,

Құтылып сұм ажалдан мерейі асып.

Торысы есен-аман жетегінде,

Бабамыз қуанады көңілі тасып.

Жай-жайлап ширатылды келді өзіне,

Шығармай бір ай бақты күн көзіне.

Пышу-пышу әңгіме ел арасы,

Мән бермей ағайынның жел сөзіне.

Қалила сынамаққа шауып көрді,

Айналдыра ойқастап үлкен көлді.

Желігіп шапқан сайын арындайды,

Бетке алып енді міне құла шөлді.

Ауылдан екпінменен ұзап кетті,

Бұрынғы шапқан жаққа түзеп бетті.

Айналып қарақшыны кері қайтты,

Әне-міне дегенше елге жетті.

Кем емес үдемесе аяқ алыс,

Баспайды аяқтарын шәлкем-шалыс.

Тежеме тізгінімді жібер дейді,

Шайнайды ауыздықты қарыш-қарыш.

Жан-жақты бірнеше күн көрді сынап,

Торыда міз бақпайды жүрді шыдап.

Күніне жүз шақырым шабады анық,

Осымен екі ай бойғы бітті сынақ.

Жаратты бабы келді ойдан шықты,

Торыдан қандай жүйрік болар мықты.

Екі айда келді торы өз бабына,

Доғарды осыменен дайындықты.

Дүниеден жақсы да өткен, жаманда өткен,

Артына қарай алмай ажал жеткен.

Тіріде намаз оқып, ораза ұстап,

Көп жандар құлшылық қып тауфих еткен.

Таймайтын, тайсалмайтын ақ жолынан,

Құран мен тасфих түспей бір қолынан.

Ишандар, Мақсұм, Софы және молда,

Туатын жақсылардың айы оңынан.

Оқыған, естігенін ойға тоқып,

Өте сақ бір қарайтын екі шоқып.

Дүниеден кеткен ерте бабаларға,

Бағыштап ас береді құран оқып.

Үнемі жүретұғын ақ жолында,

Мейрімді жайсаң жандар жүр соңында.

Оқыған құрандары берген бата,

Алланың қабыл ету өз қолында.

Назарын аудармайтын артық-кемге,

Қадірлі өте сыйлы бүкіл елге.

Қазалы қаласында есепіз бай,

Перзентсіз өмір сүрді мұңлы пенде.

Атағы мәлім еді айналаға,

Үлестен бұндай жандар құр қала ма.

Перзент сүю арманы мақсаты да,

Зар болып көптен бері бір балаға.

Егерде бір перзентті болсам деді,

Дүниенің еш кемісі болмас еді.

Тойыма жинағанды шашар едім,

Аямай қызығымнан ештемені.

Тілегін жаппар егем қабыл етті,

Перзенттке деген адал ақ ниетті.

Арманы отыз жылғы орындалды,

Мінекей шүкір алла қолы жетті.

Тілегін елу жаста Алла берді,

Ақ көңіл өзі сақи нағыз ерді.

Қостыр деп екі жүз ат аламанға,

Ерекше той жасауға шақырды елді.

Жететін малдары да, байлығы да,

Мас болып жүретұғын байлығына.

Көзі ашық көкірегі ояу жігіт,

Шомылып, қиял ғажап айдынына.

Жар болды жаппар егем желеп-жебеп,

О бастан жүруші еді қолдап-демеп.

Байлығы келе жатқан жеті атадан,

Оғанда адалдығы болған себеп.

Есепсіз адал жолмен жиған малы,

Белгілі бір өзіне есеп- саны.

Ұйқы жоқ күні-түні абыр-сабыр,

Ауылдың той қамымен барлық жаны.

Абырой берсін Алла қазағыма,

Тағдырдың көнген қиын азабына.

Екі жүз ат қосатын аламанға,

Жақында той болады Қазалыда.

Ал енді салды күшті той қамына,

Жинады ел ағасын өз маңына.

Билер мен той басқарар азаматтар,

Жасайды ақыл-кеңес кеп жанына.

Хабарлап, ат шаптырып, қырмен ойға,

Көп күткен ұлға қолы жеткен бойда.

Құтпанбай ат шаптырып Қазалыда,

Шақырды дүйім елді үлкен тойға.

Жиналып тойдың күнін белгіледі,

Өтсе деп аман-есен ел тілегі.

Кете мен әлім, шөмен ұрпақтары,

Абырой мұны ортақ деп біледі.

Жүз жылқы топ жарғанға басты жүлде,

Жүлдесіз қосылған ат қалмас мүлде.

Жүз жылқы басы болса соңы бір ат,

Сақилық бола бермес бұндай күнде.

Тай жарыс құнан жарыс дөнен жарыс,

Бәрі де таса қалмас көзден шалыс.

Шақырды ұлы тойға есепсіз жан,

Жиналар келе алғандар жақын-алыс.

Бабамыз көптен бері терең ойда,

Күш жігер керегінше жинап бойға.

Ерінбей күндіз-түні жаратады,

Торыны қосу үшін осы тойға.

Торыны тамашалап ортаға алып,

Алладан тілек тілеп бүкіл халық.

Жол тартты нөкерлермен Таубай бабам,

Жарысқа Қазалыны бетке алып.

Екі орта жүргіншіге бірталай жол,

Жарыстың ережесі талабы зор.

Жаратқан екі ай баптап, терін алып,

Торының жетістікке үміті мол.

Келеді салтанатпен бір топ кісі,

Шетінен кіл марқасқа жылы түсі.

Торыны ортаға алып дәріптейді,

Басқамен майда-шүйде болмай ісі.

Сейілмен Қазалыға келді жақын,

Алдағы кеңге салып уақытын.

Торыға бүкіл кете үміт артқан,

Салады осы тойда бар қуатын.

Қонақты Әлім-Шөмен күтіп алды,

Келгендер көрінеді кіл байсалды.

Байлығы беделімен қатар артқан,

Қадірлі өз елінде кіл жайсаңы.

Қонақтар ертелі кеш келіп жатыр,

Байлар бар, билер де бар және батыр.

Жан-жақтан келгендерге толы болды,

Қара үймен айналдыра тіккен шатыр.

Жиналды тойшыл қауым әр сәт сайын,

Той думан үзілмесін болсын лайым.

Құтпанбай алпыс жаста болды әке,

Әңгіме біз етейік тойдын жайын.

Бұл тойдың айтарлықтай болмас кемі,

Кең еді Құтпанбайдың етек-жеңі.

Балқының елге сыйлы мырзасы еді,

Қас сұлу Бибігүлдің болған теңі.

Жүретін ренішті көңіл-күймен,

Дауысы нәрестенің шықпай үйден.

Құтпанбай жаратқанға дән риза,

Алпыста бала сүйді Бибігүлден.

Сейілді басындағы бар қайғы-мұң,

Бір Алла жарқыратып көл айдынын.

Алпыста әке болу қандай бақыт,

Шашам деп бала үшін бар байлығын.

Мәмбет деп жас сәбидің атын қойды,

Ішінде қайғы-мұнның бәрін жойды.

Екі жүз ат шаптырып аламанға,

Жасамақ ерекше етіп үлкен тойды.

Жан-жақтан келді тойға жақын-жуық,

Оңынан Құтпанбайдың айы туып.

Жиналды тау қопарар күш иесі,

Сыбанды палуандар белді буып.

Тасындай іріктелген ылғи сайдың,

Мейрімді өзі еді адал байдың.

Өзі бай , өзі сахи, текті жерден,

Тойынан кім қалады Құтпанбайдың.

Салмайтын ешқашанда басын төмен,

Ісі жоқ пшу-пшу әңгімемен.

Абырой Алла берген ұзағынан,

Қадірлеп қастерлейді Әлім-Шөмен.

Құт қонған әулет еді о басында,

Кикілжің мүлде болмай от басында.

Байлықпен Алла берген абыройы,

Іркілмей жеткен міне бір ғасырға.

Атасы Құтпанбайдың Сұлтан еді,

Күресте ат баптауда ерекше ебі.

Қол жетпей жүрген талай ғашықтарға,

Демеуші дәнекер боп тиген себі.

Әкесі билік құрған Темірболат,

Риза көрген жанның көңлі толат.

Қақ жарған қара қылды әділ жанға,

Еріксіз бақыт құсы өзі қонат.

Бүкіл ел абыр-сабыр тойдың қамы,

Жұмылған жұдырықтай барлық жаны.

Тек қана Құтпанбайға белгілі еді,

Сойылар малдарының есеп-саны.

Кедейлер зорға жетер өліп-талып,

Байлардан бірге шыққан кейін қалып.

Кедейдің бір тойғаны байығаны,

Әруағын бабалардың ойына алып.

Оқылды енді құран әруаққа,

Желейтін-жебейтінде әр уақытта.

Алланың құдіретімен жетіп еді,

Жаратқан сәтін салып бұл бақытқа.

Еңкейген жасы келіп абыз ата,

Қол жайып тебіреніп берді бата.

Бұл тойдың тәртібіде өте қатал,

Тең болу әділетпен сан мен сапа.

Бірінші болатындай қарағанда,

Баптаған мәпелеген алақанда.

Бас бәйге бәрі бірдей алатындай,

Енді біз зер салайық аламанға.

Тұлпарлар тыпыршиды басты тежеп,

Сейістер дамыл таппай салып безек.

Жарысқа қосылуға сақадай сай,

Сонымен аламанға келді кезек.

Мезгілі еді әлі жылы күздің,

Гүлдері жайқалуда әлі түздің.

Жарысқа қосылуға тұрған даяр,

Бесеуі торы еді екі жүздің.

Жиналды ылғи жүйрік бабы келген,

Сәйгүлік жарысатын самал желмен.

Дөп басып, қайсысы озар айта алмайсың,

Жиналған іріктеліп бүкіл елден.

Бес торы бұл жарыста қатар шабар,

Арнайы бәріне де берген хабар.

Үмітті бесеуі де бәйге алуға,

Озғаны жүз бас жылқы пайда табар.

Таң ата кетті топтап аттарды айдап,

Жаратқан сейістері баптап, сайлап.

Бетке алып қарақшыны бара жатыр,

Басады аяқтарын аңдап-жайлап.

Түс мезгіл қарақшыға келді жетіп,

Жаратқан бір аллаға тәубә етіп.

Жиналды екі жүз ат бір төбеге,

Сөреге бірінші боп келу жетіп.

Төреші «Алға» деген берді белгі,

Кіл жүйрік тарқатқандай іште шерді.

Құйғытып алға қарай зымырайды,

Бетке алып қалған артта қалың елді.

Жүйріктер шауып келед топ-топ болып,

Қарайлап жан-жағына жерді шолып.

Ағытып емін-еркін тарқатады,

Шерлерін көптен бері іште толып.

Алты ат алға қарай шықты дара,

Ар жағы мыстай тақыр ашық дала.

Көсіліп айтақырда шаба алмады,

Жар болсын жаратқанның өзі пана.

Тақырда әлгі алты ат ұзап кетті,

Ақ шағыл төбе-төбе құмға жетті.

Келеді торы шауып соңғы топта,

Көрсетем соңында деп кереметті.

Тобымен торы келді құмға жақын,

Шабандоз жіберді бас, қысты тақым.

Сурылып алға қарай шықты торы,

Оздырып алу үшін уақытын.

Көрінбей алты ат кетті қара үзіп,

Торы да қарайды алға көзін сүзіп.

Үйренген құмда шауып емін-еркін,

Балықтай дарияда жүрген жүзіп.

Арындап қарыштады алға қарай,

Самғаған құсша ұшып құмда талай.

Жұлдызша ақты торы қалың құмда,

Таңырқап, таңданбайсың бұған қалай.

Жануар өз елінде құмда шапқан,

Бәйге алып, үміт күткен болашақтан.

Шабысы шығып елдің көңілінен,

Үкілеп бүкіл кете үміт артқан.

Жұлдызша алға қарай келеді ағып,

Жұмсақ құм табанына майдай жағып.

Тақырда шаба алмады кібіртіктеп,

Құмға кеп көсілмесін алға нағып.

Будақ шаң көрінеді алыс алдан,

Төбеден өтті әрі асып жалдан.

Тақырда шаба алмайт деп Әлім-Шөмен,

Алып кеп айтақырға жорта салған.

Жарасар айлакерлік нағыз сұмға,

Барма жазық бишара жазған құлда.

Алдында келе жатқан алты жүйрік,

Үйренген олжа алып тақыр құмда.

Біраз жер құмда шауып жақындады,

Үдетіп шабысында қарқындады.

Жетеді алты атқа бұлай шапса,

Медет боп алға қарай талпынғаны.

Бір кезде айтақырға шықты тағы,

Ұзады алты аттың жанды бағы.

Көрінбей көзден таса кетті ұзап,

Торының сондадағы сынбай сағы.

Тақырды өтті торы тіке кесіп,

Мүдірмей зымырайды желдей есіп.

Тұяғы ілінді кеп қалың құмға,

Шабысты үдетеді болса несіп.

Үдетті шабысында барын салды,

Ұзақ құм дәтке қуат жатыр алды.

Намысын құмда ешкімге жібермейді,

Алты атқа жетері анық жақын қалды.

Қатарға келді зырлап шабуменен,

Ерекше құмда олжа табуменен.

Біртіндеп оза берді іркілместен,

Бәрінен үзеңгіні қағуменен.

Алтауын тастап артқа, алға шықты,

Көрсетіп екендігін нағыз мықты.

Сейістің тапсырмасын орындады,

Үстінде шабандозда тыңғылықты.

Екпінмен бірталай жер шықты алға,

Қарыс жер қандай қашық қысылғанда.

Шабысы үдей түсті алға өрлеп,

Барынша жанды салып ышқынғанда.

Қарқынмен әжәптәуір алға кетті,

Аллаға шүкіршілік тәубә етті.

Қарқыны өте қатты арындаған,

Жар бол деп елге қарай түзеп бетті.

Пәтімен қалың құмда шапты біраз,

Кісіні бұндай шабыс қылады мәз.

Жарыста келсе озып қосқан атың,

Болады жаға жайлау, көңілің жаз.

Соңында алты жүйрік келеді еріп,

Қалмасқа бойларында болмай ерік.

Келеді тізбектеліп екпіндеумен,

Жүйрігі әр рудың қосқан сеніп.

Сөреден Торы өтті бірінші боп,

Шаң қауып қалды артта бірнеше топ.

Торының бабы келіп бағы жанды,

Қалмасқа басқа аттың амалы жоқ.

Алты атта екпіндетіп келе жатыр,

Соңында қалды құмдар мыстай тақыр.

Тақырда алтауы да шаба алмады,

Риза қалың құмға жетті ақыр.

Қарашаң бірте-бірте жақындады,

Сөреге жетуіне жақын қалды.

Екеуі сәл алдында төртеуінің,

Ышқынып алға қарай салып барды.

Қос жүйрік келді жақын құйрық тістеп,

Жетістік бұның өзі жақсы іс деп.

Сәл алда Әлімбайдың Бәйге көгі,

Шабандоз қамшылайды алға күштеп.

Құйғытып бәйге көктің соңын ала,

Мәреге келді жетіп сүлік қара.

Кемістік сәлде болса байқалады,

Жаратуда азғантай болған шала.

Мәреден өтті зулап Ақтабан ат,

Қуанып адайлардың көңілі шат.

Бірінші аламаны ақтабанның,

Абырой, беделімен берді Алла сәт.

Бесінші адайлардың Ақтабаны,

Жаратып Ботабайдың баптағаны.

Жайықта бас бәйгені бермес еді,

Адайлар Ақтабанмен мақтанады.

Алтыншы тама қосқан келді күрең,

Елінде бірінші боп жүрген кілең.

Жүйріктен жүйрік озар деген осы,

Жол болмай тамалардан кетті рең.

Жетінші торысы өтті Кешубайдың,

Бар еді себебі де осы жайдың.

Тақырда бұл да шауып көрмеп еді,

Құмдауыт мықтысы еді қыр мен сайдың.

Байсары Кешубайдың арғы тегі,

Кетенің Қарабазар кәнісбегі.

Арманы жүйрік ат пен қыран бүркіт,

Жасынан сейіс болу бар тілегі.

Үнемі топ басында бола алмайды,

Сондықтан бас бәйгені ала алмайды.

Сегізінші мәрені кетті кесіп,

Қосқан ат үміт артып жағалбайлы.

Күн бұрын Әлім-Шөмен қылған кеңес,

Мақсаттар желге ұшты болды елес.

Кейде құм кейде тақыр жетпіс шақырым,

Ойласаң қай атқада оңай емес.

Тоғыз, он екі жүйрік балқы қосқан,

Екеуін жаратып еді сейіс Оспан.

Тақырда кібіртіктеп шаба алмады,

Елінде ақбөкендей құмда жосқан.

Біртіндеп келіп жатыр қалғандары,

Көбінің жету елге армандары.

Межеге жете алмай жолда қалды,

Шабам деп жетпіс шақырым барғандары.

Жүлде алды палуанның жыққандары,

Жығылған төмен басын бұққандары.

Жүлде алды екі жүз ат аламанда,

Шабам деп ниет етіпшыққандары.

Аз қалды дүбірлі той бітуіне,

Сабырмен тура келер күтуіне.

Жақындар бір-бірімен қой-қоштасып,

Қайтуға елге талап етуіне.

Мінекей бүгін тойдың соңғы күні,

Өлең жыр тыңдауменен өтті түні.

Көңіліңнен көпке дейін шықпасы анық,

Сарнаған, күңіренген қобыз үні.

Той бітті міне бүгін думанменен,

Ажырау қандай қиын туғанменен.

Жақындар бірін-бірі қия алмайды,

Қайтуға белді бекем буғанменен.

Тарасты тойшыл қауым қиыса алмай,

Кейбірі тұрса жақын, кейі шалғай.

Арадан қыл өтпейтін жақын-жуық,

Бауырлар, тату-тәтті, шекер-балдай.

Ұлассын қазақ күні тойдан-тойға,

Ұлы той ұмытылмай жүрер ойда.

Бас аман, бауыр бүтін кездесейік,

Бауырлар есен-аман келер тойда.

Бабадан қалған мұра кейінгіге,

Жасымнан өлең-жырға болдым ғашық.

Ойымды бастап әркез өлеңменен,

Сөз таппай көргенім жоқ ешбір сасып.

Ортада көңілді едім, кішіпейіл,

Шектенде шықпап едім асып-тасып.

Ермегім бос кезімде өлең болды,

Жазамын шабыттанып мауқым басып.

Жастарға үлгі насихат айтушы едім,

Қастерлі өлеңменен шашу шашып.

Мүдіріп халық алдында көргенім жоқ,

Кінәлі балалардай басым қасып.

Торысын Таубай бабам жырға қостым,

Мінекей алпыс деген жастан асып.

Өмірде кедергілер көп болады,

Төземін мұнаймаймын қалмай жасып.

Тәубе етем қатарымнан кем болмадым,

Демеумен берді қуат жолымды ашып.

Әр жерден жидым дерек торы жайлы,

Тұрғанда ой өрісім кетпей қашып.

Торының өте ерекше қасиеті,

Талмастан, шалдықпастан шапқан қашық

Ізденіп шүкір алла екі ай жаздым,

Туысым Дулатпенен ақылдасып.

Қол тисе еріңбеніздер оқыңыздар,

Торының тағдырымен жақындасып.

Дегенде жақсы атқа сыншылар көп,

Торыны ететін жыр аңқылдасып.

Халқымның көңілінен шығып жатыр,

Еңбегім қайтып жатыр алға басып.

Көңілінен шыққаннан соң Торы жайы,

Оқырман ренжімес жабырқасып.

Торның соңғы өмір сүрген жері,

Қазалы ауданымен хабарласып.

Бірталай дерек шықты көрші ауданнан,

Отырмын міне соған көңілім тасып.

Ауданның бар түкпірін араладым,

Еңбегім қайтты міне жүзеге асып.

Думан менен шаттық болып елімізде,

Әр күні қазағымның тойға ұласып.

Қорғаны исламның берік болсын,

Қалмасын мұсылмандар ишаласып.

Бұрынғы ел жүрегі қандай еді,

Қалатын қариялар қауқылдасып.

Көңілден шығу еді мақсатым да,

Оқыған бас шұлғиды мақұлдасып.

Есте ұста қазағымның дәстүр салтын

Жүрмесін келін-кепшік шапылдасып.

Бірлігі жарасқан ел озады,

Қазағым бөліңбендер араласып.

Дегенде бөлінгенді бөрі жейді,

Жүрмеңдер бір-бірімен жағаласып.

Ақталды еңбегімде маңдай терім,

Бұл дастан қалды міне шамаласып.

Естіген, білгенімді қылдым өлең,

Сөкпеңдер артық кетсем жаза басып.

Нар тұлға туған талай қазағымнан,

Қазақты айырмасын ғажабынан.

Деректі торы жайлы іздестірдім,

Қызылорда, Қармақшы, Қазалыдан.

Қозғадым торы жайлы бастаманы,

Бастаған үркіп неге жасқанады.

Естіген-білгендерін дастан еткен,

Доғарған мен Омардың Әбсаламы.

ТОҚТАБОЛАТ ХАН


 

Жылы жүз, майда мінез, тәтті сөзі,

Жалындап мейірім шашып екі көзі.

Қазақтың дәріптеген дәстүр-салтын,

Перінің аңыздағы нағыз өзі.

Жібектей тәрбиелі ызылады,

Алдында ата-ененің сызылады.

Мінезі көркіне сай, тал шыбықтай,

Еріксіз көрген пенде қызығады.

Екі жыл қызықпенен өте шықты,

Сұлудың кемісі жоқ қыз қылықты.

Білінбей жүктіліктен ешбір хабар,

Күшейтті қатал тағдыр іште дықты.

Еріксіз керек болды тоқал алу,

Ұрпақсыз әлі мүмкін кейін қалу.

Келісіп мұсылманның салтыменен,

Ой келді көрші елге қолқа салу.

Жарасар Алла қосса дәммен тұзы,

Ерірдей іште қатқан көңіл мұзы.

Еркесі бір Шанжардың сылқым-сұлу,

Бар еді көрші ауылда қожа қызы.

Айттырып құда түсті    қалың беріп,

Көрген жан қалатындай балқып-еріп.

Аяғы жас келіннің құтты болып,

Жаратқан қуантса екен перзент беріп.

Той-думан қызықпенен тоқал түсті,

Жаратқан құдіретімен оңғарса істі.

Қидырды мешіт барып некелерін,

Некенің ант етіп суын ішті.

Қос отау Қажымжардың екі үйі,

Жарасып сұлулармен көңіл-күйі.

Тап бүгін жаралғандай бүкіл әлем,

Бұл міне Жаратқанның берген сыйы.

Ғажап күн өтіп жатыр жайлап-жайлап,

Уақыт зырылдауда айлап-айлап.

Жаратқан мейірім шашып берсе бала,

Бүкіл ел қуанар еді алақайлап.

Үміт оты өшетіндей қолдағы,

Жас отауға бақыт құсы қонбады.

Қиындады болашағы тоқалдың,

Екі жылда тағы бала болмады.

Дәржанның палуандықпен аты шықты,

Күресіп тізе бүкті небір мықты,

Паш етіп адалдықтың қасиетін,

Ойламас еш пендеге жамандықты.

Жүреді сабырменен аңдап-жайлап,

Бас палуан кете руы қойған сайлап.

Намысты қарсыласқа бермей қолдан,

Шығады ұрандатып «Майлыбайлап»

Жүреді ұзақ сонар кіре тартып,

Кіріс мал күннен күнге табыс артып.

Бөліп жеп қолда барды жақындармен,

Есеппен үнемдейді алмай сарқып.

Атынан ат үркеді Нысанбайдың

Жаратқан берген жігер, берген айбын.

Палуан әрі шешен таудай тұлға,

Көңілі ашық-жарқын нағыз айдын.

Нысантайдан екі ұл Орден, Берден,

Салмақты мінездері Алла берген.

Мақсаты қамқорлықпен, желеп-жебеу

Бақытты інілері ізіне ерген.

Нысантай кәсіп еткен жасап сауда,

Мақсаты шығатындай Асқар тауға.

Тыным жоқ күндіз-түні дамыл таппас,

Өңірді айналдырар бақша-бауға.

Мыңбайда өнегелі шебер сөзге,

Жасынан ерекше боп түскен көзге.

Ойында ел бақыты, ел бірлігі,

Артық ой ойламайды бұдан өзге.

Мыңбайдан елге мәлім туған Тұрақ,

Мақтаншақ, өтіріктен жүрер жырақ.

Бауырмал жүрген жерде ісі әділ,

Ақ пейіл дос жаранға ұшар құрақ.

Әбжанда азамат еді ашық қолды,

Қазақтан шыққан алғаш шофер болды.

Тоқтаусыз, кідіріссіз ұқыппенен,

Мойымай жүрген талай ұзақ жолды.

Алдына басқан қадам талаппенен,

Ойланып іс қылады тағатпенен.

Өмірі одан әрі жалғасуда,

Ұлдары Мұрат, Болат, Сағатпенен.

Ауылы тұтқан қадір Дәулетбайды,

Өткерген қиын-қыстау талай жайды.

Тілегін қабыл етіп берген Алла,

Сылқым сері атанған Қайықбайды.

Мырқыдан Кари туған қызу қанды,

Қазақта тұңғыш ұстаз болған заңды.

Нәбимен Әби, Сәби балалары,

Алалап, ренжітпес тірі жанды.

Ерекше Шегебаев Шайманалы,

Көңілді бұрынғының нағыз салы.

Ізбасар Қанибектей ұрпағы бар,

Артында қалмасада дүние-малы.

Исадан қалған тұяқ Бектай, Бертай,

Алланың ауыр болды берген дерті-ай.

Сұм ажал таңдамайды жас-кәріні,

Бертайжан дүниеден кеттіау ерте-ай.

Сәрсенбайдан Сәдумен Сәдуақас,

Бола білген қажырлы еліне бас.

Алғашқы токар болды    Саду ағай,

Бас иген тәнті болып кәрімен жас.

Сәдуден Ғалымменен Имамзада,

Жігіттер елге сыйлы ары таза.

Ұстамды ешқашанда аспай-таспай,

Нық жүрер жаңылысып баспас жаза.

Сәдуақас белгілі саясаткер,

Қалдырмас құпиялап ішінде шер.

Қазақ халқы өркендеп, өсіп-өнді,

Еңбек қайтып бұл күнде ақталды тер.

Шакиі полиция боп ел қорғады,

Тас қамал мұқалмастай ел қорғаны.

Адалдық алға қойған басты мақсат,

Істерін тындырымды ел қолдады.

Қаржыгер қазір таңда Әділбегі,

Болған соң қасиетті арғы тегі.

Кем емес Ғаниыда қатарынан,

Тілейміз болсын жарқын келешегі.

Денелі, күш иесі Білман атам,

Көрген жан кетпен шапса қалады таң.

Жарманы анау-мынау өзі қазар,

Айнала қара түнек болады шаң.

Тахуа ел сыйлаған Шайым молда,

Жүреді сенімменен адал жолда,

Намазын-оразасын қаза етпейді,

Әмәнда Алла аузында құран қолда.

Ізтілеу жалғыз бала Құттыаяқтан,

Демеңдер асыл туған бұл қаяқтан.

Тоқтаболат бабаның қаны бойда,

Түспейді оза шауып қолдааяқтан.

Аталған ел арасы «қара жорға»,

Ержанда бас имейтін қорқып зорға.

Жүректі, сескенбейді, еті тірі,

Кетпейді серіктесін тастап жолға.

Бір дерек айтылады осы тұста,

Әр сөзі дәлелді де әрі нұсқа.

Пенденің ала жібін аттамаған,

Әмбебап Матайұлы Пазыл ұста.

Пазылға Жаппар Егем үш ұл берген,

Балапандай маң басып ізіне ерген.

Сағынбай, Қуанышбай, Тиышбайы

Айырған напахасын маңдай термен.

Сағынбайдың Мұзданбек Бақытжаны,

Береке ырыспенен жақын маңы.

Тынымсыз тіршіліктің арқасында,

Белгілі еңбекпенен ысылғаны.

Елінее леулі  жан Қуанышбай,

Ол барда халқымыздың көңілі жай.

Жүреді тіршіліктің ортасында,

Тас түйін қай кездеде сақадай сай.

Пазылдың ақкөңіл жан Тиышбайы,

Оңынан әрқашанда туар айы.

Кеудеде жалындаған жігер-намыс,

Маңызды өзекжарды елдің жайы.

Кеш жатар ерте тұрар ел қамымен,

Жүрегі адал соққан Сақтапберген.

Көзіндей Тоқтаболат бабамыздың,

Шыңдарға шыққан адал маңдай термен.

Басқарды ауданды да, қыстақтыда,

Бірлесіп, тіл табысып бүкіл елен.

Сабырмен қабілетті берген Алла,

Болған соң Қармақшыдай киелі елден.

Қадірлеп үлкендерді қадір тұтар,

Мұзданбек, Шаки, Сақи ізіне ерген.

Халқына қызметі адал болып,

Мұзданбек дәрігер боп асқан белден.

«Матаев» емханасын ашты айқара,

Мал шалып,бата алып үлкендерден.

Өсірген Ерсайындай жас шыбықты,

Ашылып қазынасы Алла берген.

Соңында ел үміті Бақытжаны,

Ағалап балапандай ізіне ерген.

Ұрпағы мақтанады, шаттанады,

Жайсаң жан Тоқтаболат қайсар ермен.

Адалдық, қайырымдылықты ардақ тұтқан,

Әбжанның Бақбергенмен Баққтияры.

Бірлікпен берекені біріктірген,

Сыр мінез Мадиярмен Данияры.

Елі үшін, отаны үшін кешіп өтер,

Алдында жатқан кесе дарияны.

Өсірген-мәпелеген, ұлмен –қызды,

Үлгілі басқарады жанұяны.

Алдынан білместік боп кесе өтпейді,

Сыйлайды,ардақ тұтып қарияны.

Денеде Тоқтаболат қаны ойнап,

Төбесі дұшпандардың ойылады.

Алыстан келсе үйге құда-жекжат,

Заңды түрде бір бағлан сойылады.

Жолдары кесіледі қарақшының,

Көздері зұлымдарды жойылады.

Осындай мәрт жігіттер жасай берсе,

Бабаға алтын белгі қойылады.

Мен жаздым шағын дерек қолда барды,

Артында өшпейтұғын ізі қалды.

Сақтасын тілмен -көзден жаратушым,

Бабадан қалған мұра ұрпақтарды.

Сәйгүлік үйір-үйір жиған малы,

Бозы бар, күреңі бар жібек жалы.

Лайық хан тағына өсіп -өнген,

Бабаның шыбықтары, еккен талы.

Ал, бұлар бәйшешегі даламыздың,

Шамдары жарқыраған қаламыздың.

Жаратқан берген қуат-берекесін,

Көзіндей біздер үшін бабамыздың.

Жаратқан пана болған болды жары,

Қазақтың қайыспайтын қара нары.

Ақ жолын абыроймен жалғастырған,

Бабаның бұл мінекей ұрпақтары.

Бастап ем тәуекел деп бір хикая,

Толғадым ертеде өткен елдің жайын.

Көз жұмып жаза бердім, жаза бердім,

Тың дерек табылады жазған сайын.

Тағдырын Тоқтаболат бабамыздың,

Оқырман оқыңыздар  болды дайын.

Мінекей келіп қалдым біраз жерге,

Осымен бұл дастанды аяқтаймын.

Ұлдары әкесіне туған тартып,

Береке күннен күнге келеді артып.

Бірлікпен еңбек етіп күндіз-түні,

Баспайды аяқтарын қарыс артық.

Бірігіп бітіреді қиын істі,

Батырмай еш пендеге қайрап тісті.

Киініп барлығыда мырзаларша,

Сәйгүлік астарында күрең түсті.

Жаратқан берген иба,берген торым,

Мейіріммен, шапғаттың жиған қорын.

Отырмас, ерінбейді қол қусырып,

Қуады Алла қосса әке жолын.

Риза ауыл-аймақ, жора-жолдас,

Қателік іс болмайды көңіл толмас.

Жүреді би атаның жолыменен,

Сөздері әкесінің екі болмас.

Мал бағар ала жаздай пішен шауып,

Қал жақсы маңдай термен табыс тауып.

Тұрғанда он бес бала сау-саламат,

Төнбейді ел басына қатер-қауіп.

Тігілген он бес отау қатар-қатар,

Жалқау жоқ еңбек етпей ерте жатар.

Қай кезде тыным таппай  тыраштанып,

Еңбекпен таңы атып, күні батар.

Уәде жігіт емес бұлар жұтар,

Іс болмас ағайынды абыржытар.

Ел болып қызығады, қайран қалып,

Балдарын Сатыпалды үлгі тұтар.

Кіл мықты ойламайтын қара тасты,

Палуан мыжғылайтын қара тасты.

Бірі ақын, бірі ұста, бірі батыр,

Кейбірі мұсылманша сауыт ашты.

Міскінге қайыр қылып сауап табар,

Той тойлап көкпар тартып, атқа шабар.

Жұптары қайда болса жазылмайды,

Көршіден көмек сұрап жетер хабар.

Икемді, ұсынақты, бәрі шебер,

Қатыгез біреуі жоқ сыртқа тебер.

Жетім-жесір, кембағар пенделерге,

Сатырлап он бес бала көмек берер.

Он бес бала сатырлап шығар аңға,

Белгілі саятшылар жақын маңға.

Құс салып, ит жүгіртіп, қақпан салып,

Айнала қызық көріп қалар таңға.

Сатырлап жұбын жазбай барар тойға,

Ақпейіл бойсұнбайды жаман ойға.

Жаратқан берген бірлік абыройын,

Әкеден бұл қасиет келеген бойға.

Талай күн өтті бастан қауіп төнген,

Жарлығына Алланың пенде көнген.

Тура би Сатыпалды бабамыздың,

Осылар ұрпақтары өсіп-өнген.

Ел тиыш Хан қазғанды отыр жайлап,

Көңілді ел қымыз ішіп, бие байлап,

Сиырмен түйе жатыр өріс толып,

Қойшылар тауға беттеп қойын айдап.

Қарақұрым ел жатыр пішен шауып,

Береке-бірлік кілтін алған тауып.

Өрістен келген табын сиырларлы,

Келіндер қасқақпайды алар сауып.

Қосақтап соқа тартып  өгіз жегіп,

Шаруа ұзақ күнге егін егіп.

Тамақ тоқ, ел көңілді емін-еркін,

Пенде жоқ қиналыста азап шегіп.

Халықтың күйі жақсы, мамыражай,

Дегендей ағамызға жеңгеміз сай.

Шұрқырып үйір-үйір қалың жылқы,

Шалқылап ойнақтайды құлынмен тай.

Шадыман Тоқтаболатхан айналасы,

Бөлінбей кедей яки бай баласы.

Жарқын күн Жаппар Егем нұрын төккен,

Лақ-қозы асыр салған сай-саласы.

Түйелер жайылуда жота бойлап,

Тайраңдап шалқылайды бота ойнап.

Бұлтиған бүйірлері жас бұзаулар,

Шабады ауыл жаққа салып ойнақ.

У да шу қызығымен ауыл маңы,

Бос жүрген көрінбейді ешбір жаны.

Алтыбақан, ақсүйек жастар үшін,

Думанмен атып жатыр әрбір таңы.

Жыр тыңдап үлкендері түніменен,

Тіршілік еткен талмай күніменен.

Көрғұлы, Шаһнаманы тамылжытып,

Дем берер жанға жайлы үніменен.

Жаз жайлау адам үшін жанға жайлы,

Жігіттер мал бағатын әр кез сайлы.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,

Тыныштық орнағандай басы байлы.

Ел-халық қызықты өмір, көңілі жай,

Әрбір үй келсе қонақ сақадай сай.

Береке үзілмейді күнде қонақ,

Секілді Бұхараның базарындай.

Хан сарай айналдыра тіккен шатыр,

Маңайы Хан Иемнің ылғи батыр.

Асынған бес қаруын белдеріне,

Жігіттер әрқайсысы мыңға татыр.

Уәзір жайсаң жанды және билер,

Мәз-мейрам көтеріңкі көңіл күйлер.

Ақшаңқан қатар тіккен жарасымды,

Сыртынан көз тартады сәнді үйлер.

Ал енді қыстау жаққа бет бұрайық,

Әрқашан аман-есен боп тұрайық.

Жан Егем берсін қуат, берекесін,

Саулығын Жаратқаннан біз сұрайық.

Қыстауды он-он бес үй қалған қорып,

Қора салып, жаз бойы пішен орып.

Беймәлім бес-алты атты қарақалпақ,

Көптен бері бұл маңды жүрген торып.

Күнбе-күн әлгілердің саны артты,

Қарулы сайдауыттай жарау атты.

Песінмен намаздыгер арасында,

Әлгілер тіке ауылға келе жатты.

Жүздіңде үстінде еді есеп-саны,

Ілезде майдан болды ауыл маңы.

Жау тиді тұтқиылдан қырғын салып,

Аспанға көтерілді қара шаңы.

Қалпақтар аямады қырды-жайды,

Қас жаудай түршіктіріп тұла бойды.

Малдарын, дүние-мүлкін алды тартып,

Қасқырдай топырлатып қырғын қойды.

Құл қылып жігіттерді кетті алып,

Қазақтың бастарына қайғы салып.

Айдауда қыз-жігіттер кете барды,

Көп жігіт қапылыста аңсыз қалып.

Айдады Нүкіс жаққа барлық малды,

Жотадан кетті асып көштің алды.

Жылатып-еңіретіп аюандар,

Қалдырды бала-шаға, кемпір-шалды.

Қиындық, қайғыменен түсті басқа,

Зар болды ағарғанға, ішер асқа.

Шарасыз сабылуда әрмен-бермен,

Бір пәубет келгендей-ақ кәрі жасқа.

Қарақалпақ елінен келді қауіп,

Қорғансыз елді кетті міне шауып.

Жасады үлкен зорлық әлсіз елге,

Сиырларды айдады отқан сауып.

Пенде жоқ хан ауылына хабар берер,

Қайғыға душар етті Алла шебер.

Жаратқан қиын емес берем десе,

Ғайыптан шапағатын, нұрын себер.

Екі атты песін ауа келді суыт,

Жатқанда абыржулы ел қым-қуыт.

Біріне-бірі қарап таңырқайды,

Шарасыз көрді елді, жақын жуық.

Көрді де төңіректі қайран қалды,

Жаратқан қандай бұндай күйге салды.

Қайғырып ет-жүрегі елжірейді,

Көргенде еңіреген балаларды.

Үш күпшілік жол еді екі ара,

Ісіне Жаратқанның барма шара.

Хал-жайды білмек болып шыққан елден,

Екеуі келіп еді хабар ала.

Көрді де мына жайды қайтты кейін,

Болмаған бұндай жағдай бұған дейін.

Бетке алып хан сарайын келе жатыр,

Әр істі сараптайды қойып зейін.

Түн жүріп жетті сарай ала таңда,

Тыныштық орнағандай жақын маңда.

Ой бауырым! –деп, екі жігіт кірді ауылға,

Естіртті болған жайды келіп ханға.

Жинады хан сарайға батыр-биді,

Батырлар қолда қару, сауыт киді.

Мына жайт Тоқтаболат сырбаз ханға,

Соққыдай қара батпан ауыр тиді.

Азаннан кешке дейін ақылдасты,

Жиналып соғысуға мақұлдасты.

Кешкілік қаспен-көздің арасында,

Қалпақты бетке алып белден асты.

Бастады қалың қолды ханның өзі,

Ашудан жалын шашып екі көзі.

Қарамыз малғұндарды аямаймыз,

Тек қана қаһарланып айтар сөзі.

Сарбаздар жиналып еді бүкіл елден,

Астында кіл сәйгүлік жүйрік желден.

Кетемен шөмекейдің батырлары,

Соғысқа сақадай сай бабы келген.

Дұшпанға мейірімділік жасамастай,

Қатулы жүректері қара тастай.

Қалыңқол түніменен жүрді суыт,

Тағатсыз кек қайтарып мауқын баспай.

Еліне дұшпандардың келді жақын,

Астында мініс атқа қысып тақым.

Қатулы барлығыда түсі сұсты,

Жасамас дұшпанына мейірім-рақым.

Лап қойды тиыш жатқан қалың елге,

Дұшпанның тиыштығы ұшты жерге.

Кірерге тесік таппай небір ерлер,

Бас сауға шұбай қашты белден-белге.

Көрсетті ерліктерін талай батыр,

Төндіріп қалпақтарға заман ақыр.

Жер құшты қолбасшысы, батырлары,

Бас иіп өз жерінде болды пақыр.

Жаратқан құтты қылды қадамдарын,

Тарылтып дұшпандардың замандарын.

Босатты іздеп жүріп ел аралап,

Құлдықта жүрген елдің адамдарын.

Күн болды қазақтарға бір керемет,

Әр пенде адал істі жөн көрер ет.

Болмаса айла-намыс бойда жігер

Бірлікті абыройды кім берер ет.

Шайқаста қазақтардың жанды бағы,

Мерейі үстем болып сынбай сағы.

Аққа Құдай жақ деген міне осы,

Мызғымас, тас қамалдай болашағы.

Түгендеп алды жиып жанын-малын,

Дұшпаның аянышты етті халін.

Паш етті қазақтардың мықтылығын,

Жау жүрек екендігін нағыз жалын.

Жастар жүр қуаныштан алақайлап,

Батырлар көгендеулі қойған байлап.

Саны жоқ жылқы, сиыр, түйелердің,

Келеді қара шаң ғып елге айдап.

Келеді қыз-қырқынды тұтқын қылып,

Өрескел көрсетпейді жаман қылық.

Мінгізіп түйе арба – ат арбаға,

Жасамай қатыгездік – астамшылық.

Риза сұлулардың келбетіне,

Қарамас инабатты ер бетіне.

Құтқарып тұтқындағы бауырларын,

Жақындап келді таяу ел шетіне.

Қауышты жақын жуық есен-аман,

Іш гүпті көптен бері еді алаң.

Ісіне Тасболаттың ел ризы

Бабаның жолын қусын әрбір балаң.

Алдамшы өтер-кетер дүние жалған,

Небір күн мамыражай күтер алдан.

Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,

Мінекей туды күндер болған арман.

Дұшпандар бір ауыз сөз қата алмады,

Келеңсіз жайға қазақ шата алмады.

Айбынып Тоқтаболат айбатынан,

Еш дұшпан жақындауға бата алмады.

Жарқырап түсті өмір бір қалыпқа,

Тоқтаболат айналды бір алыпқа.

Олжаны алып келген қалпақтардан,

Хан ием берді бөліп бар халыққа.

Сақталды мұсылмандық әдет-ғұрып,

Үйленді бойдақтары отау құрып.

Дұшпаннан тұтқын болып келген қыздар,

Келін болт сиыр сауып ерте тұрып.

 

Шапқылап кісілер көп әрі-бері,

Ақталған абыроймен маңдай тері.

Серкесі кете деген қалың елдің

Хандары Тоқтаболат ердің ері.

Хан болды мейірімді де әрі әділ,

Жай кезде айтар сөзі қалжың әзіл.

Бір жанның ала жібін аттамайды

Ілтипат үлкендерге жасап мәзір.

Тете өсті хан Иемнің төрт баласы,

Екі-үштен артық емес жас арасы.

Жетпістен ассадағы елге сыйлы,

Қамқоршы мейірбан боп жүр анасы.

Жыр қылып анамызға мойын бұрсақ,

Анадан ғибрат-тәлім алып тұрсақ.

Тербеткен әлемді де бесікті де,

Анамыз ханды туған алтын құрсақ.

Туады алыптарда аналардан,

Ардақтар махабатты адал жардан.

Қаймықпай көтереді ауыр жүкті,

Кем емес кез келгені қара нардан.

Қазақтың өте берік салтынада,

Өнеге-көрік берген халқынада.

Есілген жібектей боп мінезіне

Атанған ел арасы Алтын Ана.

Алтын-Ана, Алтана дейді халқы,

Ана сыйлау қазақтың дәстүр салты.

Сабырлы, мейірімділік қазаққа тән,

Өзгермей бұрынғыдай болса қалпы.

Бұрынғы ержүректің өзіндейміз,

ИншАлла ұрпақтардың қамын жейміз.

Алтын –Ана аталған Алтананың,

Есімін бұл кітапқа берсек дейміз.

Аялы алақанды еске алсын,

Жүректен шыққан сөзге құлақ салсын.

«Алтана» деп кітапты атамақпыз,

Ананың мәңгілікке аты қалсын.

Орыны аналардың елден ерек,

Ананы өле-өлгенше сыйлау керек.

«Байқоңырда» тарихта Ана есімі,

Аналар жайлы міне шағын дерек.

Өмірдің соқпағы көп бұрулары,

Мойымай қиындыққа тұрулары.

Ананың есімімен аталады,

Қазақтың небір үлкен рулары.

Үнемі жүретұғын ел қамын жеп,

Бірлікке, берекеге тигізер сеп.

Әділжан Тоқтаболат ханды туған,

Кітапқа атты қойдық «Алтана» деп.

Ертеде түрікмендер мазалайтын,

Малды алып кең өрісті тазалайтын.

Қазақтар шарасыз боп қала берер,

Табылмай бір қолбасшы жазалайтын.

Қазанбас келе алмады көптен бері,

Кіре алмай шекараға  қарыс-елі.

Қорқады Тоқтаболат қаһарынан,

Істері оңға баспай кетті кері.

Құтылып дұшпандардың зорлығынан,

Құл қылған ұрып-соғып қорлығынан.

Қазақтың небір жайсаң марқасқасын,

Езгіде теңдік бермей сорлы қылған.

Әр істің ақырымен болар шегі,

Елімнің айқын енді келешегі.

Қайтарды сыртта жүрген жанмен малын,

ИншАлла дұшпандардан қатты кегі.

Жаратқан құдыретімен құйды нұрды,

Алдында небір асқақ мақсат тұрды.

Тең қылып қол астында кедей-байды,

Жиырма жыл Тоқтаболат хандық құрды.

Болмады хан тұсында кеммен-кетік,

Кем-тармен жарлы яки қисық етік.

Байлықтың Алла берген арқасында,

Тапшылық білінбеді тұрды жетіп.

Әр үйде жетерліктей дүние мүлік,

Береке қамба толы азық-түлік.

Уайым жоқ, қайғы жоқ емен-жарқын

Балалар асыр салып ойнап-күліп.

Бес уақыт намаз оқып үлкен жандар,

Ораза ортақ парыз мұсылмандар.

Намазын-оразасын қаза қылмай,

Алдында Жаратқанның қысылғандар.

Атқарған өз парызын тәуір келін,

Қолаң шаш, жазық маңдай, қызыл ерін.

Азаннан кешке дейін дамыл көрмес,

Аямас ата-енеден маңдай терін.

Сәулелі нұрын төгіп ауа райы,

Ерекше, жанға жайлы Наурыз айы.

Көңіл сұрар кісінің есебі жоқ,

Келім-кетім адамнан хан сарайы.

Сырқатқа ұшырады көптен бері,

Алдыртпай, сырқырайды әрбір жері.

Шарасыз бас көтеріп тұра алмайды,

Науқасы үдей түсті кетті кері.

Шаттықпен ататұғын әрбір таңы,

Кенелген ен байлыққа жақын маңы.

Анадан артық туған ер азамат,

Кетенің болды соңғы абзал ханы.

Қызықты өмір өтті бір жүйемен,

Керуен секілденіп жүк тиеген.

Ауырып алты ай жатты төсек тартып,

Нар тұлға өтті сүйтіп дүниеден.

Өмірден өткеннен соң соңғы ханы,

Қайғырып ақ ұруда барлық жаны.

Басына келетұғын тірі жанның,

Жазылған өзгермейтін өмір заңы.

Хан болар жан болмады орынына,

Тоқтаболат бабаның қорығына.

Ақ жуып арулады мұсылманша,

Жерледі ата-баба қорымына.

Жадырап жаз мезгілі таяп қалды,

Қалың ел иесіздей саяқ қалды.

Өткен соң дүниеден Тоқтаболат,

Балдәурен хандық дәурен аяқталды.

Береке-бірлік мүдде сарқылмады,

Танабы ешбір жанның тартылмады.

Таласпай мұрагерлер алтын таққа,

Хан болам деп еш пенде талпынбады.

Төрт бала ел-халқына болды қорған

Жасыды игілікті іс келген қолдан.

Жаратқан Жаппар Егем пана болып,

Береке тарқамады басқа қонған.

Хандықтың дәуірі өтті, болды елес,

Бағынды небір асу, небір белес.

Бірлігі жарасқан ел озар деп,

Айтқаны қазағымның бекер емес.

Бірліктің сапасы артты күннен-күнге,

Малшылар көз ілмейді ұзақ түнге.

Ел аман, халық тыныш-мамыражай,

Жаратқан қуат берсін дінмен тілге.

Өскендей еліміздің қаралары,

Өмірге құштар-ынтық балалары.

Жауласпай көрші елмен тиыштықта,

Силасып тату-тәтті аралары.

Бірлікпен, талпыныспен асқан қырдан,

Құрышпен жаралғандай жаны сырдан.

Айжарық, Шаймерденмен –Сағипаттар,

Міндетін одан әрі жалғастырған.

Жол жатыр алда әлі Асқаралы,

Жайдары ашық-жарқын қас-қабағы.

Аңызжан Сағипаттың Бақытжаны,

Ауданның емханасын басқарады.

Деген сол ер басына бақыт қонды,

Жаратқан құдіретімен ашты жолды.

Фархаты Шаймерденнің талантты боп,

«Алдашбай» ауылына әкім болды.

Жаратқан құдыретімен өзі демеп,

Жүруге Ах жолына болсын себеп.

Бір Алла пана болсын бәрімізге,

Жар болсын жаратушым желеп-жебеп.

Елін сүйген, елі сүйген Әмида

Қамқоршым, қасиетті киелі жер,

От ауыз мың шайырдың отаны дер.

Жаратқан Жайсаң баба ұрпағына,

Жар болып, кетпес дәулет кең пейіл бер.

Жайсаңның үш баласы тете өсті,

Тұлғалы, сом денелі апай төсті.

Аққа құдай жақ  дейді атам қазақ,

Бәріде қабілетті бастар көшті.

Сүлеймен үшеуінің үлкені еді,

Әмбебап әрбір іске келер ебі.

Қанында сақилық бар, инабат бар,

Кедей-кепшік жарлыға тиген есебі.

Көп жылдар туған елде мұрап болды,

Егін егіп, дән сепкен алтын қолды.

Жарманы қолмен қазып шаруалармен,

Егіні бітік шығып қамба толды.

Жасынан еңбекқор еді, елден ерек,

Және де өте ұқыпты, болды зерек.

Елімнің дейді жаным садақасы,

Табылар ел арасы болса керек.

Тұрады елден бұрын ала таңда,

Ауылдың ой-шұқыры алақанда.

Ел жинап арық қазып кешке дейін,

Дем алар сәл уақыт шаршағанда.

Атқарып талай қиын бастаманы,

Ұқыппен бар міндетті басқарады.

Болсада қиын-қыстау, өтпелі шақ,

Намазбен оразаны тастамады.

Мол болды Жаратқаннан қиын сындар,

Біріксең бағынады небір шыңдар.

Айырылып жақындардан-бауырлардан,

Бәрінен ауыр болды соғыс жылдар.

Соғысқа кетті туған екі інісі,

Тарылды жүрек қысып, кең тынысы.

Талқандап қас дұшпанды келе жеңіп,

Шарықтап асқақтайды ел ырысы.

Тағыда кетті қанша жақын-жуық,

Көбінен келіп жатыр хабар суық.

Сұм ажал айырған соң амал қанша,

Барады бауырлармен ара суып.

Майданда қаза болды қанша жандар,

Дұшпаннан қаймықпайтын ылғи заңғар.

Зар жылап жесір қатын, жетім бала,

Қайғымен атып жатыр қанша таңдар.

Майданнан екі бауыр оралмады,

Мүгедек аман-есен оралғаны.

Талқандап, бетқаратпай жауды жеңу,

Ендігі халқымыздың бар арманы.

Демеңдер дұшпан бізді аяп қалды,

Инша Алла жеңіс күні таяп қалды.

Айырған бауырларды қанды-қырғын,

Мінекей сұм соғыста аяқталды.

Еліміз емен-жарқын күн кешуде,

Жұмыла болашаққа бел шешуде.

Бірлікпен, берекенің арқасында,

Боламыз ұлағатты ел десуде.

Еліміз көркеюде, келер жайнап,

Халқыда еңбек етіп, піскен қайнап.

Шыныққан құрыштай боп, күндіз-түні,

Қылыштай ұқыппенен қойған қайрап.

Ойламай отбасымен қарабасты,

Сөздерге мән бермеді алақашты.

Завферма Сүлейменмен молда Омардың,

Отбасы қоян-қолтық араласты.

Сұм соғыс елді азғырған,

Жүрегін жұрттың саздырған.

Баймахан, Мәдір, Сүлеймен,

Жармасын Аю қаздырған.

Су жүрді жармаменен төмен қарай,

Күн болды елімізге алтын арай.

Сулы жер, нулы жер деп халық айтқан,

Дақылға толар енді қамба-сарай.

Жарманың түбі терең, арнасы кең,

Бұл маңда жарма Аюға тең.

Су келіп, астық алып ел-халықтың,

Жағасы жайлау болды               жең.

Халыққа құт-береке болды жарма,

Нан болса пенделерге арман бар ма?

Халықты жұдырықтай жұмылдырған,

Теңейді Сүлейменді қара нарға.

Отбасы әйелімен үш баласы,

Көзінің үш баласы ақ-қарасы.

Қатардың алды болат үшеуіде,

Ешкімнің шүбәсі жоқ, жоқ таласы.

Үлкені Рабиға үшеуінің

Таба алмас ешбір пенде бойда мінін.

Үнемі бісіміллә, Алла аузында,

Ардақтар исламның асыл дінін.

Екінші Жамал жаны талшыбықтай,

Көрген жоқ артық кетіп, ойдан шықпай.

Ақ пейіл, майда мінез, жылы жүрек,

Жүреді жақындардың көңілін жықпай.

Үшінші ізбасары Болатбегі,

Бір сөзді, жаны жомарт асыл тегі.

Мейірімді, сертке берік, әрі көпшіл,

Жарқында, болар көркем келешегі.

Ұқыпты, өте зерек, болды алғыр,

Мұқалмас қинасада, қатал тағдыр.

Тек қанат болат дейді, алға дейді,

Дегендей қарсыласты артта қалдыр.

Қармақшы киелі де құтты мекен,

Қарыштап алға өрлеп келеді екен.

Жұмысқа жастайынан араласты,

Буады тәуекел ғып белді бекем.

Намысын етпейтұғын аяқ асты,

Көпшіл боп ойламайтын қара басты.

Алтыға келді міне күліп-ойнап,

Мектеп барып жігіт боп сауат ашты.

Орнаған бейбітшілік елге-өңірге,

Думан қып Күлшарипа келді өмірге.

Ерекше кескін-келбет, сүп сүйкімді,

Орыны болатындай жарқын бұл өмірде.

Ол күндер мәңгілікке кетпес естен,

Халқымыз қиын-қыстау күйді кешкен.

Кіндігін текті қожа Шамұраттың,

Кемпірі елден бұрын келіп кескен.

Әп сәтте үйге толды жақын-жуық,

Болмаған бір-бірімен салқын-суық.

Әжеміз әлін жинап қалжа жеді,

Сыйынып бір Аллаға белді буып.

Анасы әлдилейді, көз ілмейді,

Әлсіздік нәрестеден білінбейді.

Алты жыл күткен сәби –перзентіне,

Ерекше елжірейді, күлімдейді.

Күн өтті, айлар өтті жастан асты,

Аяғын апыл-тапыл тәй-тәй басты.

Былдырлап сөйлегені балдай тәтті,

Еркелеп, күліп-ойнап қылық ашты.

Ата-ана мәпеледі қолдан қақпай,

Тақпақпен, өлең айтар ауыз жаппай.

Үш жасқа жетті міне сау-саламат,

Жүргенде жүгірумен тыным таппай.

Тағыда қыз бала ашты дүние есігін,

Жақындар даярлауда тал бесігін.

Жиналып ақсақалдар бір ауыздан,

Ұлықтап Әсия деп қойды есімін.

Жаппар Егем тілекті өзі берді,

Дүниеге жалындаған перзент келді.

Көздері тостағандай, ұзын мойын,

Тартымды, таңқалдырар бүкіл елді.

Жайдары дүниеге келген бала,

Қарайды назар салып айналаға.

Гүл жайнап көктем келді мейірін шашып,

Қар суы еріп ағып сай-салаға.

Нәресте күннен-күнге келеді өсіп,

Тұрғандай маңдайынан самал есіп.

Тілейміз зор денсаулы, ұзақ ғұмыр,

Жаратқан берсін бақыт, берсін несіп.

Береке-мерекелі болды заман,

Шаттыққа бөленуде бүкіл ғалам.

Берерін Жаппар Егем тоқтатпасын,

Бауырлар, жақын-жуық болсын аман.

Туғандай оң жағынан күн мен айы,

Халықтың шүкір Алла жақсы жайы.

Адал жар Назым менен Сүлейменнің,

Әсия сүт кенжесі, кішкентайы.

Қазағым гүл жайнауда өрлеп алға,

Болашақ таудай биік  жатыр алда.

Қыз беру, келін алу басты мақсат,

Абыроймен, байлығын берсін Алла.

Бой жетті Рабиға тал шыбықтай,

Жұмыстан бас тартпайды қорқып ықпай.

Колхозда күн-түн қатып еңбек етті,

Келгенше жиырма жасқа ерге шықпай.

Ал биыл сәтін салды Жаппар Егем,

Берері Жаратқанның салда деген.

Руы Қожакелді, Тебегені

Бас қосты еркөкірек Боданменен.

Жаратқан құдіретімен салды сәтті,

Екі жас тұрып жатыр тату-тәтті.

Кеңпейіл, көнтерімді апамызға,

Жар қылды Бодандайын нағыз мәртті.

Дүниеге келіп жатыр балалары,

Екі үш жас шамамен аралары.

Ағамыз бір кіндіктен жалғыз еді,

Көбейді Қожакелді қаралары.

Өткізіп әрбір күнді думан-тоймен,

Шешетін қиындықты ақыл-оймен.

Жүктелген завферманың қызыметін,

Атқарды жаза баспай абыроймен.

Ісіне көрген жандар қайран қалды,

Еңбекте болды үздік, болды алды.

Өсірді сегіз бала тәрбиелеп,

Қырық тоғыз жасында дүние салды.

Бұл жалған білген жанға нағыз қылсын,

Белгі жоқ, құдіретті болған тылсым.

Сыр мінез Бодан Сұлтан ағамыздың,

Жаратқан жатқан жерін жаннат қылсын.

Өсірген тәрбиелеп, бағып-қағып,

Бой жетті Жамал апай алқа тағып.

Ойламас тірі жанға жаманшылық,

Байсалды мінезімен елге жағып.

Риза Жаратқанның берісіне,

Бергісіз еңбектері ер ісіне.

Райы Қожакелді руының,

Бас қосты муса атты серісіне.

Тоқтамас өмір шіркін өтер зырлар,

Бағынды небір асу, биік қырлар.

Балдардың тәрбиесі және жұмыс,

Қызықпен өтіп жатыр не бір жылдар.

Өмірі апамыздың болды келте,

Сұм ажал аямады келді ерте.

Мусекең зар еңіреп қалды артта,

Қайғының күңірентіп күйін шерте.

Орыны жазылмады жаралардың,

Ыңда-шың ұясындай аралардың.

Ұзамай ағамызда дүние салды,

Қолында көп ауырып балалардың.

Балаға ата-ана үлкен қорған,

Міндетін аямайды келген қолдан.

Қимас дос Сүлеймен мен Омар мақсұм,

Сөз байлап мәңгілікке құда болған.

Алтынмен болмаса да асыл тастар,

Жас келіп үйленуге дайын жастар.

Жақында Омар мақсұм дүние салған,

Міндеттер тұрды алда таудай асқар.

Мақсұмның берді, жүзін берді,

Тарқатты азда болса іште шерді.

Екі жас үйленуге қылды талап,

Бата алды үйге жинап үлкендерді.

Қайғыны қуанышпен той басады,

Талпынған шыңға шығып қыр асады.

Сүлеймен келінді боп жаз айында,

Ел жиып, бет аштырып той жасады.

Думанға Сүлейменнің толды үйі,

Тойменен көтеріңкі көңіл күйі.

Келіні Алдашбайдың немересі,

Алланың бұл бір берген болды сыйы.

Мақсаты орындалып алған ойы,

Ұласып қызықты күн тойдан-тойға.

Мейірімі жаратқанның төгілгендей,

Күш-жігер берген Алла қуат бойға.

Лезде өзгергендей бүкіл ғалам,

Біреу еді екеу болды дейді балам.

Мейірімді, қайырымды асыл әке,

Отбасын жақындарын асыраған.

Көркейді үйдің іші келін келіп,

Бірлігін барлығымен қоса беріп.

Сүлеймен Болатбекке дән риза,

Ырзығын адал жолмен жүрген теріп.

Болады әрбір істің шектеу-шегі,

Пенденің құпия алда келешегі.

Шарықтап алға өрлеу мақсатым дер,

Азамат Сүлейменнің Болатбегі.

Тағатыңды тауысады,

Жақсымен жақсы жандар қауышады.

Білікті, жігерлі де жас маманның,

Жұмысы Қармақшыға ауысады.

Абырой берген Алла қыдыр дарып,

Талантты шығатұғын топты жарып.

Қабілет, табандылық арқасында,

Жұмысқа араласты аудан барып.

Атқарды жауабы көп қызметті,

Қалтысыз күн-түн демей еңбек етті.

Қажырлы, байсалды да болғаннан соң,

Жоғарғы дәрежеге қолы жетті.

Әкесі болмасада дүние-малды,

Баласы оқу оқып білім алды.

«Құдай өзі жеткерет» деп әрқашан,

Тура жолға баласын баулып, салды.

Бір баланы екеу қылып Жаппар Егем құрады,

Келінімен ұлы тату тұрады.

Абыройлы жұмыстада, үйде де,

Қармақшыдай қала енді тұрағы.

Келіннің түскеніне жылдан асты,

Демейді ешбір пенде қия басты.

Қонақжай, инабатты, әрі пысық,

Бес аспап қайнататын қара тасты.

Алғашқы бала келді дүниеге,

Риза жақын-жуық жан Иеге.

Сәтті күн отбасы үшін бүгін міне,

Қуаныш бола ма артық бұл дүниеде.

Дүниеге келді бала сау-саламат,

Жайдары қуануда бар жамағат.

Баланың денсаулығы өте жақсы,

Күн келді міне бүгін қоятын ат.

Атамыз кісі еді терең ойлы,

Жайды да жақындарды жасап тойды.

Ұлықтап пайғамбардың сүндетімен,

Балаға Сыдықбек деп атын қойды.

Сыдықжан өсіп келеді күннен-күнге,

Жалпылдап елеңдейді шыққан үнге.

Бесікте күн ұзағына күліп-ойнап,

Ұйықтайды мазаламай ұзақ түнге.

Нәресте болар анық жеке дара,

Жаратқан жолын ақ қып етсін сара.

«Болар бала жасынан» дейді қазақ,

Болады ел қорғаны бара-бара.

Бір жарымға Сыдықтың келді жасы,

Ерекше ата-ананың ықыласы.

Алланың қалауымен болды інілі,

Мереке думан болды айналасы.

Ғажайып перзент болды бөлек елден,

Асатын асулардан асқар белден.

Сүйкімді Алла берген кескін-келбет,

Інісі Сыдықбектің ізіне ерген.

Қуантты жақын-жуық  жанұяны,

Ағайын үлкен-кіші қарияны.

Ойынан ел-халықтың шығатындай,

Қайсар жан кешіп өтер дарияны.

Сағатжан әне-міне жастан асты,

Тынымсыз екі аяғын тәй-тәй басты.

Дүниеге Ләззат келіп осы жылы,

Бір тойға, бір той келіп араласты.

Тәубә етіп, қанағат қып қолда барға,

Жар болсын Жаппар Егем балаларға,

Ашылып Жаратқанның қазынасы,

Үш жылда үш баланы берді Алла.

Екі жыл екі араға мерзім сала,

Ерекше дүниеге келді бала.

Ұқсайды Омар мақсұм атасына,

Бөбектен қашық болсын бәле-жала.

Жасады ел шақырып үлкен тойды,

Ел болып жинақтады бір жерге ойды.

Жолымен мұсылманның азан айтып,

Баланың Ғанибек деп атын қойды.

Келтірген  отбасының бірлік-шарқын,

Баланың маңдайы кең, жүзі жарқын.

Тілейміз зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,

Бай болып, ұстағаны болсын алтын.

Дегенше жылдар жылжып төртке келді,

Таяқты ат қып мініп асты белді.

Ғанижан қарындасты болды бүгін,

Қуанды жарылардай жүрегі енді.

Жарасар бір басына салтанаты,

Алланың ерекше боп шарапаты.

Гүлзат деп нәрестеге ат қойылды,

Артады ата-ананың көңіл шаты.

Артықша іс-әрекет шаралары,

Ерекше тату-тәтті аралары.

Кең пейіл Болатбекпен Әмиданың,

Өсірген тәрбиелеп балалары.

Өсірді балаалрын қолдан қақпай,

Балдары тәрбиелі болды жаппай.

Алсада мамандықты әр салада,

Еліне қызметі кірпік қақпай.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЙСАҢНЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚТАРЫ


 

Бисмилла, я, Алла деп бастаймын жыр,

Қалмасын құпия боп ішімде сыр.

Бауырым Әмиданы толғамақпын,

Демесіне  Жаппар Егем асамын қыр.

Бабамыз ер Байсары Кете тегі,

Мәрт жігіт заманының болған бегі.

Қас батыр қол бастаған нар тұлғалы,

Кетпеген дұшпанында намыс-кегі.

Күн кешті сыртқы жаудан елін қорғап,

Дұшпанға бас имеді Алла қолдап.

Сыйластық, мейірімділік бас мақсаты,

Көрші елді жауламады қинап-зорлап.

Балдары Майлыбаймен Ер Бозаншар,

Бұларда болды батыр жігері бар.

Майлыбай қару алып атқа мінсе,

Болады дұшпандарға замана тар.

Басталды қалмақтармен үлкен шайқас,

Жан алып, жан беріскен қанды айқас.

Қазақтың қаруы әлсіз, сарбазы аз,

Қарулы қалың қолдан болу байқас.

Күш алды әр сәт сайын қалмақ жағы,

Қызыл көз бөрілердей жыртқыш тағы.

Байсары, Майлыбаймен қаза тауып,

Қазақтың пәті қайтып, сынды сағы.

Қол жинап қайта шапты Әлім-Шөмен,

Дұшпанды бас идірді, қылды төмен.

Бауырлар бабамызбен бірге туған,

Кек қайтса жетпейді ме көкке төбең.

Айрылып әкесінен алты жаста,

Маңдайы тигендей боп қара тасқа.

Бозаншар зар еңіреп қалды жетім,

Не айла көндікпеске, шыдамасқа.

Күн кешті ағасының малын бағып,

Ешкіммен тілдеспейді мұңын шағып.

Жиырмаға келді кәміл сау-саламат,

Сөндірмей әкесінің отын жағып.

Шыдамай Әлім аға қылығына,

Істеген былығына-шылығына.

Жөнелді екі жүздей жылқыны алып,

Шөмендей саф алтынның сынығына.

Ренжіп Әлім бауыр-ағасына,

Жол тартты Сыр бойының жағасына.

Мақсаты тәуелсіздік, егемендік,

Келмеді басқа еш ой санасына.

Қарамай тағдырының ауырына,

Қапа боп, ренжулі бауырына.

Бес-алты бақташы бар анасымен,

Таяды Шөмен аға ауылына.

Інісін Шөмен аға қарсы алды,

Жырақта Әлім ауылы артта қалды.

Жеңгесі, інісіне салды үлкен жай,

Жайлауға жайғастырды келген малды.

Інісін үйлендірді отау құрып,

Сақталып мұсылманша әдет-ғұрып.

Бақытты жақын-жуық бауырлармен,

Қарайды болашаққа мойын бұрып.

Жыл сайын балалы боп өсіп-өнді,

Шырайлы келбетті де бидай өңді.

Кешікпей ата жолын қуары анық,

Көркіне ақылы сай білер жөнді.

Малдарды жайып тастап ен далаға,

Жері шүйгін суы көп сай-салада.

Ұзамай бес-алты жыл көлемінде,

Бозаншар әке болды үш балаға.

Ішінде Түменқожа елден ерек,

Ұқыпты, тындырымды өте зерек.

Үнемі елдің жайы, малдың қамы,

Табылар жақын маңнан болса керек.

Түменнен туылады жалғыз Сары,

Жетерлік бір басына намыс-ары.

Айбатты, сом денелі, нар тұлғалы,

Жоламайды ел шетіне ұры-қары.

Денесі тас мүсіндей нағыз құрыш,

Қас батыр пана тұтқан бүкіл ұлыс.

Кем емес қатарынан оза шапқан,

Балдары Жанбақты, Асан және Құлыс.

Асаны қайтпас-қара нағыз будан,

Ержүрек қаймықпайтын топан судан.

Ерлігін жалғастырар бабамыздың,

Киікші, Қарабазар, Қарлық туған.

Жаратқан құдіретімен болған пана,

Сәтін сап жолды ашты ақ тағала.

Тете өскен үйелмелі-сүйелмелі,

Байбөрі бабамыздан екі бала.

Екі ұл Жаубөрі мен Жақсылықты,

Жау жүрек, жуан білек болды мықты.

Атаның берген тәлім-тәрбиесі,

Найзагер садақ тартып аты шықты.

Жақсылықтан Шақабай одан Бекпас,

Жау келсе қол қусырып үйде жатпас.

Қамқор боп ауыл-аймақ жақындарға,

Қай кезде ат үстінде дамыл таппас.

Бекбастың елге мәлім Аманқұлы,

Алланың нағыз сүйген болды құлы.

Өзі ұста, өзі әділ, өзі сахи,

Кеңпейіл болмасада малмен-пұлы.

Береке қонақ үйден арылмайды,

Пейілі ұшан теңіз тарылмайды.

Мақтанып тап осындай бабалармен,

Қалайша жүрек шіркін жарылмайды.

Ерназар туылады Аманқұлдан,

Жасынан палуан боп сейіл құрған.

Жер жарған заманында атақ-даңқы,

Шоқтығы мерейі асып биік тұрған.

Бір тұлға Ерназардың Алдашбайы,

Оңынан Алла қалап туған айы.

Ерекше өзгелерден кескін–келбет,

Сақтасын тілмен-көзден бір Құдайы.

Болмайды еш қателік жаза басып,

Оқиды жастайынан сауат ашып.

Тәртібі, алғырлығы өз алдына,

Жайдары қай кездеде мінезі ашық.

Он алты келді биыл міне жасқа,

Оқудан ой келмейді  өзге басқа.

Ұстаздың берген бағыт-бағдарымен,

Жол тартты білім қуып « Көкалташқа».

Оқыды білім шыңдап Бұхар барып,

Суырылып шықты алға топты жарып.

Дәреже «Ахун» деген атақ алды,

Басына бақыт қонды қыдыр дарып.

Шатырхат қайтты ауылға қолына алып,

Қуанып-шаттануда бүкіл халық.

Ауылдың балаларын оқытуға,

Шораяқ берді үлкен мешіт салып.

Мешітке шәкірт жинап ұстаз болды,

Жастарға айқара ғып ашты жолды.

Халыққа адал жасап қызыметін,

Жеткізді мақсатына Алла қолды.

Оқуға кім келседе есік ашық,

Хабардар бұл мешіттен жақын-қашық.

Көбісі кедей-кепшік балалары,

Талайлар оқып жатыр сауат ашып.

Бабамыз кең пейілді қарапайым,

Өзінен бұрын ойлар елдің жайын.

Бірлікпен, берекенің құдіреті,

Абырой арта түсті әр сәт сайын.

Бабамыз былтыр жазда отау құрды,

Мақсаттар небір биік алда тұрды.

Бастама шүкір Алла жаман емес,

Шыңдауға шәкірттерді мойын бұрды.

Зырылдап өтіп жатыр уақыттар,

Бағынды небір асу, небір шыңдар.

Ең биік дәрежеге жетсе дағы,

Мін тағып айтылуда небір сындар.

Береке беріп Алла отбасына,

Жылма-жыл көбеюде отбасыда.

Жаратқан беріп бірлік-берекесін,

Шарықтап келді шығып топ басына.

Қуантып отбасына келді бала,

Мейірімді ашты айқара Ақ тағала.

Он жылда алтау болды ұлдың саны,

Тіл-көзден аулақ болсын бәле-жала.

Әкеден барлығыда тәлім алды,

Жаратқан жолды ақ қып  сәтін салды.

Тұңғиық білімдері өте терең,

Тарихта «мақсұм» деген аты қалды.

Тұңғышы Әубәкірі болды батыл,

Қапсағай, жауырынды нағыз батыр.

Білімі түпсіз терең өз алдына

Істері игілікті толып жатыр.

Екінші дүниеге келді Омар,

Мәңгіге бақыт құстай басқа қонар.

Болсада өңі қара, көңілі ақ,

ИншаАлла ел-халықтың көңілі толар.

Үшінші дүниеге Асан келді,

Кеуделі, жауырынды, жуан белді.

Бабамыз ұлан-асыр жасады той,

Шаттықпен-қуанышқа бөлеп елді.

Мұстафа төртінші боп туылады,

Көңілдің кір-кірбіңі жуылады.

Біліммен палуандықты меңгереді

Белдері бекем-берік буылады.

Бесінші ұл жарқын жүзді Қожаахмет,

Ерекше тумысыда кескін -келбет.

Әкеден білім алды, қари болды,

Құранды оқығанда жүрек тербеп.

Кенжесі Әбділхамит жүзі жарқын,

Қадірлеп, қастер тұтар елін-халқын.

Жаратқан терең оймен берген келбет,

Ұлтының қадірлеген дәстүр-салтын.

Ұлының алтауыда «мақсұм» болды

Айқара «исламға» ашты жолды.

Жүреді Мұхаммедтің жолыменен,

Риза көрген жанның көңілі толды.

Жетінші баланыда Алла берді,

Ортаға Спандайын қари келді.

Көздері болмасада, көңілі ояу,

Мешіт барды, ағаның ізіне ерді.

Басуға іште жатқан қатқан шерді,

Спандай екі көзі жоқ кемеңгерді.

«Ахуным» Алла алдында сұраусыз деп,

Сүлеймен жас Спанды әкеп берді.

Балдары Алдашбайдың болды жеті,

Айрықша ел алдында қабілетті.

Танылды барлығыда білімді боп,

Бұхара, Хиуа, Ташкент арғы шеті.

Танымал қашыққада, жақын маңға,

Жаттайды сүрелерді ұзақ таңға.

Оқыған, естігенін ойда сақтау,

Сіңірген о басында Алла қанға.

Табыспен аяқтады әрбір жылды,

Қайсарлық бұзатындай қорған тылды.

Көздері болмасада өте зерек,

Спанды алты жылда «Қари» қылды.

Құтты боп әр қадамы басты оңға,

Не жетсін зердесіне тоқығанға.

Ұшқан құс, жүгірген аң қозғалмастан,

Тыңдайды Спан қари оқығанда.

Мейірімді ата-ананың тілегімен,

Оқыса Спан қари жүрегімен.

Ұмытып бұл дүниеде бар жоғыңды,

Бұйисың, елжірейсің жүрегіңмен.

Жар болды құдіретімен Жаппар Егем,

Ұстазы шәкіртінің қамын жеген.

Жүрегің елжірейді ләззаттан,

Жүректен бұл жүрекке жетті деген.

Жаратқан берсін елге терең ойын,

Құранды тыңдау болар бүкіл ойың.

Нақышына келтіріп оқығанда,

Балқиды-елжірейді тұла-бойың.

Болған соң текті жерден аталары,

Бабаның қабыл болған баталары.

«Лұқмасыз» бастан аяқ оқып шығып,

Жас Спан «Құран Қари» аталады.

Ақ пейіл сүйген құлы бір Құдайдың,

Өзіндей толықсыған толған айдың.

Көркіне  мінезі сай, өте зерек,

Бұл Спан жетінші ұлы Алдашбайдың.

Шағылды адал жанның асқар тауы,

Көбейді күннен-күнге елдің дауы.

Атылды беделдімен, сауаттылар,

Болдыда аяқ-асты « Халық жауы».

Үкімет келді елге тіс батырып,

Талайлар кінәсі жоқ жүр шатылып.

Әубәкір, Қожахмет, Спан Қари,

Жау болып жаламенен кетті атылып.

Асан мақсұм құтылды елден қашып,

«Жан сауға» етті ашқынып Бұхара асып.

Айырылып туғанынан –жақынынан,

Көп жандар шарасыз боп қалды жасып.

Мұстафа елден жырақ кетті ұзап,

Қашқын боп, көзден таса жүрді ұзақ.

Солақай советтердің саясаты,

Арыстай азаматқа құрды тұзақ.

Омар марқұм Сібірге айдалады,

Қарбасқан мекен етіп айналаны.

Қапа боп үкіметтің зорлығына

Іш құса бармақтары шайналады.

Әбділхамит аттанды елін қорғап,

Жаладан қалып еді Алла қолдап.

Басынан өтті небір ауыр күндер,

Тұрғандай көк аспанды бұлт торлап.

Осындай азапты күн өтті бастан,

Еңсені ауырпалық қайғы басқан.

Намаз оқып «бісіміллә» айта алмайсың,

Бола ма қаралы күн бұдан басқа?

Көппенен шығатұғын бірге асуға,

Болмайды шектен шығып, көп тасуға.

Дүниеге келіп жатыр немерелер,

Алдашбайдың ұрпағы жалғасуда.

Ерекше әрбір істің бар иласы,

Омардың келеді өсіп Әмидасы.

Көзіндей Әбділхамит асыл ердің,

Тете өсті қадірменді Әзизасы.

Қос ару тал шыбықтай келеді өсіп,

Тұрғандай маңдайынан самал есіп.

Көркіне сұлулардың көз тоймайды,

Көкейін бозбаланың жүрді тесіп.

Сібірден келген кезі еді осы

Халықтың айтылуда көңіл қосы.

Кетенің Сатыпалды руынан,

Жайсаңның Сүлеймені болды досы.

Бабаның Сатыпалды жолын қуған,

Ұрпақтар нар тұлғалы нағыз будан.

Сүлеймен, Аманжолмен және Нұртай,

Жайсаңның балалары бірге туған.

Аманжол ел қорғауға майдан кетті,

Атаққа батыр деген қолы жетті.

Қан құйлы Гитлерге қарсы тұрып,

Елі үшін шыбын жанын пида етті.

Сұм ажал аралады елдің ішін,

Солдаттар қан төгуде сарқып күшін.

Жан алып, жан беріскен қан майданда,

Нар тұлға құрбан болды Отан үшін.

Дұшпанын бас көтертпей қылған десте,

Ант еткен жау алдында бүгілмеске.

Тұқымсыз бұл пәниден кеткен ерте,

Бабаның даңқты есімі қалады есте.

Соғысты қан майданда Берлин барып,

Пулемет, автоматын қолына алып.

Басқыншы талай жаудың жойды көзін,

Жолына фашистердің «мина» жарып.

Көп ойлап түйіндеді бір жерге ойды,

Алдына жеңіс үшін мақсат қойды.

Ержүрек-ептіліктің арқасында,

Фашистің сан алуан көзін жойды.

Жеңіс күн көптен күткен жақын қалды,

Жан кешті жауынгерлер Берлинді алды.

Қуаныш су сепкендей болды міне,

Аманжол жеңіс күні дүние салды.

Ерлігін естіп халық таңырқасын,

Артында мәңгі өшпес аңыз қалсын.

Елі үшін, Отаны үшін жанын қиған,

Көкемнің Алла алдынан жарылқасын.

Ел тыныш, берекелі болды заман,

Күн кешіп совет елі есен-аман.

Батыстан тұтқиылдан жау тиді деп,

Қаралы хабар жетті кешке таман.

Мамыражай күн кешті елім көптен,

Елжіреп нұрын шашты жерге көктем.

Немістер тұтқиылдан соғыс ашты,

Жарлығы Жаратқанның болды өктем.

Алланың шайқалғандай берген бағы,

Әп сәтте еліміздің сынды сағы.

Военкомат алдында қалың көпір,

Аттанды қан майданға жастар жағы.

Аттанды Нұртай көкем қан майданға,

Жігіттер намысы бар қалай жатат.

Бұл соғыс дерт боп тиді барлық жанға,

Ел шеті бөгіп жатса қызыл қанға.

Халқымыз күйзелісте соққандай сең,

Қарайды болашаққа бәрі үреймен.

Жиналып солдат болды тайлы-таяқ,

Батысқа ағылуда эшалонмен.

Нұртай көкем бірінде вагондардың,

Ортасында уайым, қайғы-зардың.

Әйелі қалды артта бес баламен,

Тағдырына алаңдап балалардың.

Үлкені Сәден еді он екіде,

Шакаркүл толып еді енді екіге.

Ұйыған айрандай боп отыр еді,

Сұм тағдыр бір отбасын бөлді екіге.

Батысты келе жатыр бетке алып,

Қалада бомба үнін құлақ шалып.

Келеді жоғарыдан жаман хабар,

Үрейлі жолаушылар қайран қалып.

Келеді жылжуменен алға жайлап,

Ол анық бұл жүріспен жүрер айлап.

Белгісіз кейбір жерге тәулік тұрат,

Қойғандай осы араға жіпсіз байлап.

Бір үлкен разъездге кешке келді,

Уһ деп жолаушылар шешті белді.

Ішінде мұсылман жоқ ылғи орыс,

Қазақтар көрді көзбен ғажап елді.

Осы жерде даярлады екі ай жатып,

Үйренді пулеметпен атып.

Аттанды Ленинград майданына,

Тоқтамай алға қарай күн-түн қатып.

Уақыт тоқтамайды, жатыр зырлай,

Соғысты немістермен екі жылдай.

Немістер күре жолды кесіп тастап,

Сыра жол олар үшін болды қылдай.

Немістің мықты еді қару-күші,

Қатыгез жан алғыштай түрі-түсі.

Болған соң ойдағыдай қарулары,

Басып тұр дұшпандардың алға ісі.

Шығыны көп совет жағы азалы,

Күннен-күнге көбейтіп тұр қазаны.

Туған жерін, бауырларын сағынып,

Елге көкем сәлем хатын жазады.

Хатты жаз деп қолымда тұр қаламым,

Жақындардың бәрін еске аламын.

Көп ұзамай жеңіс тойын тойлаймыз,

Орындалып мақсатым мен талабым.

Батыс жаққа ел қорғауға  барамын,

Жауды жеңу бар мақсатым талабым.

Елді көріп бассам деймін мауқымды,

Жұтсам деймін туған жердің самалын.

Гитлердің тарылтамыз заманын,

Алла қалап, нәсіп етсе жаратқан

Ешқандайда қалдырмаймыз амалын.

Талқандаймыз зұлымдардың қамалын.

Шүкір Алла жазылғандай жарамыз,

Көбейіп тұр жаралылар қарамыз.

Фашистерді талқандаймыз ақиқат,

Жауды жеңіп елге аман барамыз.

Тілек тілеп бір Аллаға жалындым,

Тәңіріме мұңымды айтып шағындым.

Көріскенше аман болсын жақындар,

Бауырларды, балдарымды сағындым.

Жазғанына жаратқанның көнеміз,

Соғысуға машықтанып келеміз.

Алмас қылыш қайралғандай солдаттар,

Жау фашиске мықтап соққы береміз.

Алыс жердің дәмі-тұзын татасың,

Жау жақында қалай тыныш жатасың.

Алла жазсын қауышуды аман-сау,

Аттанарда берген ағам батасын.

Күннен-күнге күшеюде фашисттер,

Жаппар Егем советтерге қуат бер.

Талқандалып құрған қамал-шептері,

Күйресінде болсын дұшпан арам тер.

Дұшпандардың қаптап кетті ұшағы,

Үмітінің күлі көкке ұшады.

Жүрегіне тура тиіп жау оғы,

Ерлікпенен батыр оққа ұшады.

Болды міне мәңгілікке орыны,

Алпыс мыңдай бауырластар қорымы.

Мраморлап, қоршауланған гүл егіп,

Қазір таңда орыстардың қорығы.

Жатқан жермен қашық елдің арасы,

Сұм ажалға барма пенде шарасы.

Белгі қойды асыл ердің басына,

Інісімен немересі, баласы.

Ұмытпаңдар халқым батыр-еріңді,

Зия етпесін Алла маңдай теріңді.

Нұртай бабам Отан үшін жан қиған,

Пейіш етсін Алла жатқан жеріңді.

Жазылды жүректегі жаралары,

Сау-саламат есейді балалары.

Тете өсті бес баласы есен-аман,

Екі-үштен шамаменен аралары.

Сәдені үлкен ұлы ұстаз болды,

Тәрбиелеп шәкірттер ашты жолды.

Өзбек байы атақты шопан болып,

Кем-кетіктің лезде орны толды.

Тың дерек осы жерден басталады,

Істері ұлан-ғайыр асқаралы.

Қабілет Алла берген арқасында,

Фирманы ыждахатпен басқарады.

Қоныскүл апамызда елге сыйлы,

Жаратқан берген сабыр үлкен сыйды.

Ашу жоқ, жылы жүрек, кең пейілмен,

Қасына еліне адал достар жыйды.

Аруды кім білмейді Шакаркүлдей,

Жайқалып шешек атқан нағыз гүлдей.

Шыдамды, көнтерімді, кешірімді,

Қатеңді кешіреді қалған білмей.

Сәден ағай білімді түпсіз терең,

Халқына қызметі өте ерен.

Шыңдаған тәрбиелеп талай жасты,

Жаратқан қиын емес десе берем.

Қиындық, жоқшылықтан жүрген ықпай,

Кездері болған емес ойдан шықпай.

Жүреді тіршіліктің ортасында,

Дос-жаран, жақындардың көңілін жықпай.

Мейірімін балдарынан аямаған,

Мәпелеп, еркелетіп аялаған.

Қамқоршы отбасына, ел-халқына,

Ағамыз міне осындай саялы адам.

Маңызды мағыналы айтқан сөзі,

Жинақты, талғамды да сымбатты өзі.

Жар таңдап жан-жағына көз салғанда,

Жас ару Ақбалышқа түсті көзі.

Деді де үй болуға мойын бұрсам,

Кеш жатып еңбек етіп ерте тұрсам.

Үй болсам өз бетімше басты қосып,

Арман жоқ Ақбалышпен отау құрсам.

Арманға көп ұзамай қолы жетті,

Болған соң уыттыда қабілетті.

Алладан сұрағанның бүйірі шығар,

Тілегін Жаппар Егем қабыл етті.

Алқамен болмасада асыл тастар,

Бақытты ерлі-зайып болған жастар.

Ендігі ой ізіне ерген екі ұл, екі қыз,

Алдында белестер бар небір асқар.

Шамалас өзіменен Өзбекбайы,

Қоныскүл, Шакаркүлмен күн мен айы.

Күнкөріс өте қиын жетімпейді,

Қысқаша отбасының міне жайы.

Бірде бар, бірде болмай қантпен шай,

Жастардың Шүкір Алла көңілі жай.

Кедейлік отбасына орнасада,

Жалғанда бар ма пенде бұлардан ба?

Келер жыл ұлды болып мерейі асты.

Түзеліп тіршілігі алға басты.

Қарасы ізіне ерген жеткіншегі,

Жұмысқа Өзекеңде араласты.

Кем емес еш пендеден намыстары,

Тіршілік алға қарай қарыштады.

Үшеуі айлық алып үкіметтен,

Сәт сайын арта түсті табыстары.

Қыз келді дүниеге Қадиша атты,

Ел болып мәпелейді перизатты.

Көбейіп отбасында адам саны,

Жаратқан төкті мейір-шапағатты.

 Асыл іс жаратқанға тәуба қылу,

Пенденің жүрегінде болсын жылу.

Берерін Жаппар Егем тоқтатпады,

Дүниеге келді бөбек Бақыт сұлу.

Таныды бауырлары оңмен-солды,

Игілікке жеткізді Аллам қолды.

Мәрт жігіт, көңілі дала Өзбек байы,

Күлсінайдай сырбазбен отау болды.

Келін түсіп шаттықпен жасап тойды,

Көңілді марқаюда жинап бойды.

Қызды боп Ақбалыш пен Сәден ағай,

Той жасап Клара деп атын қойды.

Ер жетті Әулиеқұлда бойды түзеп,

Шаш қойып сыланады мұртты күзеп.

Жастарға әрқашанда қамқор болып,

Сыйлайды үлкендерді қылып ізет.

Ешкімге тілі тиіп даттамайды,

Кісінің ала жібін аттамайды.

Сабырлы, көптерімді, сөзге сараң,

Кім мұндай таза жанды мақтамайды.

Денесі тығыршықтай нағыз емен,

Ісі жоқ артық-ауыз әңгімемен.

Тәртіпті, әрі алғыр, қабілетті,

Бітірді он жылдықты жақсыменен.

Сол жылы түсті оқуға қала барып,

Шығады әрқашанда топты жарып.

Ақпейіл, қайырымды, адал жанның,

Басына бақ қонады Қыдыр дарып.

Бітуіне оқудың таяп қалды,

Мамандығы дәрігер емдеу малды.

Қиналмай тапсырылып экзамен,зачет,

Бақытты студенттің болды алды.

Бітірді оқуында жақсыменен,

Білімі басқалардан болды терең.

Жалғыздық бір Аллаға жарасады,

Дәрігер басын қосты Айтанменен.

Уақыт өтіп жатыр алға жаймен,

Жорытқан жолаушыдай қырмен-саймен.

Бой жетіп Қоныскүлде орнын тапты,

Сарықасқа басын қосты Жантақпаймен.

Атанды барған бойда жақсы келін,

Бақытты ету ойда барған жерін.

Ұл мен қыз келіп жатыр дүниеге,

Бақытқа бөлеп жатыр Есбол елін.

Кеңге сілтеп құлашты,

Табысқа-табыс ұласты.

Аяғынан келіннің,

Бүкіл әулет қыр асты.

Құлпырды Шакаркүлде гүлдей жайнап,

Жұмысқа араласты жатқан қайнап.

Құлыстың сылқысм-сері Қанимен,

Жұп болды, уәделесіп сөзін байлап.

Жиналмай дастарханда қонақ асы,

Домалап абыроймен өрге тасы.

Бірлікпен, берекенің арқасында,

Атанды өнегелі жақсы отбасы.

Дүниеге келіп жатыр балалары,

Бір жарым, екі жастан аралары.

Ерінбей еңбек етіп Отанына,

Аянбай жеткенінше шамалары.

Қызығып дос болмады дүниемен,

Өмірі өтті жайлап бір жүйемен.

Таусылып жарығымен, тұзбен-дәмі,

Дем бітіп кетті өтіп дүниеден.

Жан-тәніңмен сүйдің туған еліңді,

Ардақтадың, қадірледің  жеріңді.

Орын алып мәңгілікке пейіштен,

Жайлы етсін Алла жатқан жеріңді.

Таң алды шырт ұйқыда еді ауыл,

Әп сәтте болып қалды ауыр-дауыр.

Ұлды боп Сәден ағай Ақбалышпен,

Сүйінші сұрасуда тума-тамыр.

Жарқырап құдіреттің атты таңы,

Қуанып абыр-сабыр ауыл маңы.

Дүрлігіп жүгіруде той қамымен,

Ауылдың құмар тойға барлық жаны.

Құтты болсын біріне бірі десті,

Шүкір ғып бір Аллаға белді шешті.

Елге сыйлы кейуана ардақты Ана,

Кіндігін нәрестенің еппен кесті.

Келер күн есті жыйып  тіктеп бойды,

Ел жиып той жасауға қошқар сойды.

Қария, дуалы ауыз, елге мәлім,

Бөбектің Ырзақұл деп атын қойды.

Баланың жүзі жарқын көзі нұрлы,

Белгілі болатыны сегіз қырлы.

Әуенге құлақ түріп елеңдейді,

Қасықтай ұста соққан қанық сырлы.

Дегенше әне-міне келді жасқа,

Талғаммен қарап ішер берген асқа.

Көркіне көз тоймайды қарағанда,

Көзбен-сұқ тисін барып қара тасқа.

Еңбектеді ұзамай тәй-тәй басты,

Уақыт өтіп жатыр жастан асты.

«Бала тілі бал» деген былдырлайды,

Ұл болды жазық маңдай қиғаш қасты.

Сайратты екі жаста қызыл тілді,

Алыс-жақын арасын анық білді.

Үш жаста тыным таппай зырылдауда,

Таяқты жарап тұрған ат қып мініп.

Таяқ атпен жүргенде төртке келді,

Ақ жіппен екі орап байлап белді.

Бес жаста әріп танып таң қалдырды,

Таланты тәнті етті бүкіл елді.

Алтыда болды шәкірт мектеп барып,

Әліппе, қаға-қалам қолға алып.

Бір мін жоқ оқуында, тәртібінде,

Ерекше болды озат топты жарып.

Жеті жас әне-міне он жеті жас,

Шыңға шық, асуларға тек алға бас.

Алда тұр жоғарғы оқу міндеттері,

Жастарға өзің теңдес барда аралас.

Қалаға келді міне білім қуып,

Сенімді өз-өзіне белді буып.

Туған жер, жора-жолдас, көрші-көлем,

Алыста қалды ата-ана жақын жуық.

Арттырды тек оқуға ықыласын,

Жаяды қырандарша кең құлашын.

Кедергі, қиындықтар көп болады,

Талпынсаң биіктерге сен шығасың.

Оқу бітті жұмысқа араласты,

Демейді ешбір пенде жаза басты.

Басқарды ауданды да, облысты,

Мәртебе, бедел болмай аяқ асты.

Болмайды кері мінез артқа тартқан,

Алғыс, бата, ақ тілек алған қарттан.

Мінекей Нұртай баба ұрпақтары,

Ел-халық қадірлеген, сенім артқан.

Азамат болды міне жөнді білген,

Сақтасын Жаппар Егем көз бен тілден.

Талдырмаш, жаны сұлу Найман қызы,

Бас қосты, Алла қалап Аманкүлмен.

Есіліп жүруші еді бұрындары,

Жарасып желкесінде бұрымдары.

Ұл-қыздан қазір сегіз немере бар,

Тіл-көзден аман болсын құлындары.

Шаттыққа  қуанышқа орта толды,

Жаратқан құдіретімен ашты жолды.

Алланың берген бедел-абыройы,

Зейнеткер қазір таңда әже болды.

Жиналып той жасады бүкіл алап,

Тәубе етіп орындалып оңға талап.

Ашылып жаратқанның қазынасы,

Жылма-жыл бөпелі боп, Алла қалап.

Егеміз берді бедел-абыройын,

Ерекше өрістетіп ақыл-ойын.

Ибалы әрқашанда жылы жүзді,

Мейірімге толы болып қоныш-қойын.

Ұстаз боп отыз бес жыл еңбек етті,

Бағын бос талай шыңға қолы жетті.

Қолға алып немерелер тәрбиесін

Ал қазір үлкендікке түзеп бетті.

Жаппар Егем ашсын байлық-көмбесін,

Қауіп -қатер  бастарыңа төнбесін.

Алла беріп денсаулықпен байлығын,

Шырақтарың жарқырасын сөнбесін.

Жаратқан берген артық қабілетті,

Халқына тура қылып ақ ниетті.

Сұраған бір Алладан адал перзент,

Тілегін Жаппар Егем қабыл етті.

Рзақұл қатарының  болды алды,

Бәрінен биік қойған намыс-арды.

Мейірімді, жомарт жанды, қолы ашық,

Аямас дос-жараннан қолда барды.

Қабілет, мырзалықты Алла берген,

Кем емес тұлғасыда нағыз ерден.

Пендені алаламай бірдей көрген,

Жол тауып шыға білген қиын жерден.

Береке, ынтымаққа қадам басып,
Өтірік, өсек сөзден жүрер қашық.

Алланың бұл берген үлкен сыйы,

Қай кезде кедергі жоқ жолы ашық.

Қызметі құрыштай ғып қайнатты,

Ғұламадай ел алдында сайратты.

Алға өрлеп табысымен абырой

Алла берді тұңғыш ұлы Қайратты.

Көптен күткен келді күндер сағына,

Перзент келді отбасына тағыда.

Айдай сұлу, өте нәзік, талдырмаш,

Гүлжаухарын берді Алла бағына.

Жұмыс басты талай күнді өткерді,

Шыңға шықты жағады бөктерді.

Қалауымен бір Алланың сәтті күн,

Жаппар Егем Абақанды жеткерді.

Әрбір пенде адал жолды қалайды,

Кедей жанда патшаға өзін балайды.

Адалдықпен турашылдық қылығы

Тамсандырған, таң қалдырып талайды.

Ерекше Рзақұлдың Абақаны,

Секілді қыран құстың балапаны.

Жауырын, сауырынан сипалайды,

Аялы анасының алақаны.

Абақан бойды түзеп жігіт болды,

Жар болып жаратушы ашты жолды.

Елгезек, заманға сай еті тірі,

Таныды қала барып оңды-солды.

Лайым ортасында іс-шараның

Әкімі болды ірі бір қаланың.

Қайраттың көкірегіне берген Алла,

Әкесі қазір таңда бес баланың.

Шүкірлік Гүлжаухарда жаман емес,

Бағында небір асу, небір белес.

Жарысқан тай-құлындай үш жиен бар,

Адалдың напахасын Алла жемес.

Әрқашан сенім артқан ансына,

Анасы дән риза баласына.

Ұлтының дәстүр-салтын биік қояр,

Іш тартар қазақ өнер саласына.

Алланың берген сыйы қасиеті

Ерекше тәрбиелі бала жастан.

Көп ойлап, аз сөйлейтін көнтерімді,

Болары белгілі еді әуел бастан.

Жасынан спортпенен айналысып,

Денесі жаралғандай қара тастан.

Жүлде алып небір үлкен додаларда,

Қыр мінез көрсетпеді асып-тасқан.

Күресті небір құрыш мықтылармен,

Көрмедік сескенгенін ешбір сасқан.

Тойлайды әрқашанда жеңіс тойын,

Дүниеде бар ма бақыт бұдан асқан.

Димаштай Алла берген бауыр етін,

Иіскеп, еміреніп мауқын басқан.

Сот болды неше жылдай әділетті,

Қылмыскер шарасыз боп құты қашқан.

Ешкімге бүйрек бұрып, заңды бұзып,

Жері жоқ заң орнында жаза басқан.

Жетімдер,кедей-кепшік, кемтарлармен,

Етене қай кезде де араласқан.

Сөйлейтін топ алдында білгішсініп,

Жандарды жақтырмайды жағаласқан.

Алланың берген ырзық-несібесі,

Кенде емес киер киім, ішер астан.

Еліне адал еткен қызметі,

Жазсаңдар болар еді үлкен дастан.

Би ата Жайсаңдайын бабамыздың,

Айналып бір ғасырда ізін басқан.

Қазірде бас прокурор көмекшісі,

Аллаға ризамыз нұрын шашқан.

Тәубе етіп жаратқанға сиынамыз,

Мақал бар «асыл тастан-ақыл жастан».

Бабамның жаны жайсаң ұрпағына,

Қарайды тас төбеден мөлдір аспан.

Құдайым берген бірлік-берекені,

Болмады ұрпақтары ищаласқан.

Кідіріс-кедергіні байқамайсың,

Жаратқан құдіретімен жолын ашқан.

Сағатбек ойласаңдар осындай жан,

Мейірімді жүрегінен жылу шашқан.

Мінезі көркіне  сай Дина келін,

Қастерлеп, ерекшелеп еккен талдай.

Әрқашан майда мінез, кішіпейіл

Аузынан шыққан сөзі шекер-балдай.

Бұрынғы келіндердің ізіменен

Жан жарын қадірлейді сері салдай.

Қадірлеп ата-ананы құрметтейді,

Қайыспас ешқашанда қара нардай.

Қолы ашық Атымтайдың нағыз өзі,

Қылады ебін тауып жоқты бардай.

Той-думан шақырыспа, бас қосулар

Жері жоқ ешқашанда қалған бармай.

Адамда екі жүзді жақтырмайды,

Сақтықпен назар салып қарар барлай.

Кқкөңіл, тәрбиелі адал жанға,

Көңілді көкірегі аппақ қардай.

Сыйлайды азаматын ардақтайды,

Ешқашан қателеспес тілді алмай.

Өтірік өсекпенен мақтаншақтан,

Жүреді бойы аулақ, теріс шалғай

Жаратқан ғұмыр беріп, бақыт беріп,

Елінен Дина келін алғыс алғай.

Бұрынғы қазағымның келінідей,

Аманкүл тәрбиелі, инабатты.

Қай кезде жаны жайсаң, кең пейілді,

Шашажы жан-жағына шапағатты.

Өзіне мәңгілікке жар етуге,

Таңдаған Рзақұлдай азаматты

Байсың ба, кедейсің ба, бауырсың ба?!

Кемсітіп, алаламас азаматты.

Ел-халық шын көңілмен дән риза,

Марқайып, күннен-күнге бағасы артты.

Кеш жатар, ерте тұрып тіршілікпен,

Келіндік орындайды барлық шартты.

Жаңылып кесе өтпейді алдарынан,

Ерекше қадірлейді үлкен қартты.

Қазірде зейнеткерлер қатарында,

Едәуір бұрынғыдай егде тартты.

Ешқашан ысырапқа жол бермейді,

Жұмсайды ретімен қаражатты

Алланың берген бедел-абыройы,

Тіршілік алға өрлеп бара жатты.

Қайтседе орындалар өмір заңы,

Бұл кезде болды әже салауатты.

Әрдайым жақын-жуық айналасы,

Күнделік жүрген жері салтанатты.

Ептілік, қабілеттің арқасында,

Шығармас ешқашанда жаман атты.

Әділ би Жайсаң баба ұрпағына,

Келін ғып берген Алла Асылзатты.

*****

Қармақшым, қасиетті киелі жер,

От ауыз мың шайырдың отаны дер.

Жаратқан Жайсаң баба ұрпағына,

Жар болып, кетпес дәулет кең пейіл бар.

Жайсаңның үш баласы тете өсті,

Тұлғалы, сом денелі апай төсті.

Аққа Құдай жақ дейді атам қазақ,

Бәріде қабілетті бастар көшті.

Сүлеймен үшеуінің үлкені еді,

Әмбебап әрьір іске келер ебі.

Қанында сақилық бар, инабат бар,

Кедей-кепшік жарлыға тиген себі.

 

Көп жылдар туған елде мұрап болды,

Егін егіп, дән сепкен алтын қолды.

Жарманы қолмен қазып шаруалармен,

Егіні бітік шығып қамба толды.

Жасынан еңбекқор еді елден ерек,

Және де өте ұқыпты, болы зерек.

Елімнің дейді жаным садақасы,

Табылар ел арасы болса керек.

Тұрады елден бұрын ала таңда,

Ауылдың ой-щұқыры алақанда.

Ел жинап арық қазып кешке дейін,

Дем алар сәл уақыт шаршағанда.

Атқарып талай қиын бастаманы,

Ұқыппен бар міндетті басқарады.

Болсада қиын-қыстау, өтпелі шақ,

Намазбен оразаны тастамады.

Мол болды Жаратқаннан қиын сындар,

Біріксең бағынады небір шыңдар.

Айрылып жақындардан, бауырлардан

Бәрінен ауыр болды соғыс жылдар.

Соғысқа кетті туған екі інісі,

Тарылды жүрек қысып, кең тынысы.

Талқандап қас дұшпанды келсе жеңіп,

Шарықтап асқақтайды ел ырысы.

Тағыда кетті қанша жақын-жуық,

Көбінен келіп жатыр хабар суық.

Сұм ажал айырған соң амал қанша,

Барады бауырлармен ара ауып.

Майданда қаза болды қанша жандар,

Дұұшпаннан қаймықпайтын ылғи заңғар.

Зар жылап жесір қатын, жетім бала,

Қайғымен атып жатыр қанша таңдар.

Майданнан екі бауыр оралмады,

Мүгедек аман-есен оралғаны.

Талқандап, бет қаратпай жауды жеңу,

Ендігі халқымыздың бар арманы.

Демеңдер дұшпан бізді аяп қалды,

Инша Алла жеңіс күні тачп қалды.

Айырған бауырларды қанды-қырғын,

Мінекей сұм соғыста аяқталды.

Еліміз көркеюде, келер жайнап,

Халқыда еңбек етңп, піскен қацнап.

Шыныққан құрыштай боп, күндіз-түні

Қылыштай ұқыппенен қойған қайрап.

Ойламай от басымен қарабасты,

Сөздерге мән бермеді алақашты.

Завферма Сүлеймен мен молда Омардың,

Отбасы қоян қолтық араласты.

Сұм соғыс елді аздырған,

Жүрегін жұрттың саздырған.

Баймахан, Мәдір, Сүлеймен,

Жармасын аю қоздырған.

Су жүрді жармаменен төмен қарай,

Күн болды елімізге алтын арай.

Сулы жер, нулы жер деп халық айтқан,

Дақылға толар енді қымба-сарай.

Жарманың түбі терең, арнасы кең,

Бұл маңда бар ма жарма Аюға тең?!

Су келіп, астық алып ел-халықтың,

Жағасы жайлау болды     жең.

Халыққа құт-береке болды жарма,

Нана болса пенделерге арман бар ма?

Халықты жұдырықтай жұмылдырған,

Теңейді Сүлейменді қара нарға.

Отбасы әйелімен үш баласы,

Көзінің үш баласы ақ қарасы.

Қатардың алды болады үшеуіде,

Ешкімнің шүбәсі жоқ, жоқ таласы.

Үлкені Рабиға үшеуінің

Таба алмас ешбір пенде бойда мінін.

Үнемі біссіміллә, Алла аузында,

Ардақтар исламның асыл дінін.

Екінші Жамал жаны талшыбықтай,

Көрген жоқ артық кетіп, ойдан шықпай.

Ақ пейіл, майда мінез, жылы жүрек,

Жүреді жақындардың көңілін жықпай.

Үшінші ізбасары Болатбегі,

Бір сөзді, жаны жомарт асыл тегі.

Мейірімді, сертке берік, әрі көпшіл,

Жарқын да болар көркем келешгі.

Ұқыпты, өте зерек, болды алғыр

Мұқалмас қинасада, қатал тағдыр.

Тек қана болат дейді, алға дейді,

Дегендей қарсыласты артта қалдыр.

Қармақшы киелі де құтты мекен,

Қарыштап алға өрлеп, келеді екен.

Жұмысқа жастайынан араласты,

Буады тәуекел ғып белді бекем.

Намысын етпейтұғын аяқ асты,

Көпшіл боп ойламайтын қара басты.

Алтыға келді міне күліп-ойнап,

Мектеп барыпжігіт боп сауат ашты.

Орнаған бейбітшілік елге, өңірге,

Думан қып Күлшарипа келді өмірге.

Ерекше кескін-келбет, сүп сүйкімді,

Орны болар жарқын бұл өмірде.

Ол күндер мәңгілікке кетпес естен,

Халқымыз қиын-қыстау күйді кешкен.

Кіндігін текті қожа Шамұраттың,

Кемпірі елден бұрын келіп кескен.

Әп сәтте үйге толды жақын-жуық,

Болмаған бір-бірімен салқын суық.

Әжеміз әлін жинап қалжа жеді,

Сыйынып бір Аллаға белді буып.

Анасы әлдилейді, көз ілмейді,

Әлсіздік нәрестеден білінбейді.

Алты жыл күткен сәби перзентіне,

Ерекше елжірейді, күлімдейді.

Күн өтті, айлар өтті жастан асты,

Аяғын апыл-тапыл тәй-тәй басты.

Былдырлап сөйлегені балдан тәтті,

Еркелеп, күліп-ойнап қылық ашты.

Ата-ана мәпеледі қолдан қақпай,

Тақпақпен, өлең айтар ауыз жаппай.

Үш жасқа жетті міне сау-саламат,

Жүргенде жүгірумен тыным таппай.

Тағыда қыз бала ашты дүние есігін,

Жақындар даярлауда тал бесігін.

Жиналып ақсақалдар бір ауыздан,

Ұлықтап Әсия деп қойды есімін.

Жаппар Егем тілекті өзі берді,

Дүниеге жалындаған перзент келді.

Көздері тостағандай, ұзын мойын,

Тартымды, таң қалдырар бүкіл елді.

Жайдары дүниеге келген бала,

Қарайды назар салып айналаға.

Гүл жайнап көктем келді мейірін шашып,

Қар суы еріп ағып сай-салаға.

Нәресте күннен-күнге келеді өсіп,

Тұрғандай маңдайынан самал есіп.

Тілейміз зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,

Жаратқан берсін бақыт, берсін несіп.

Береке-мерекелі болды заамн,

Шаттыққа бөленуде бүкіл ғалам.

Берерін Жаппар Егем тоқтатпасын,

Бауырлар, жақын-жуық болсын аман.

Туғандай оң жағынан күн мен айы,

Халықтың шүкір Алла жақсы жайы.

Адал жар Назым менен Сүлейменнің,

Әсия сүт кенжесі, кішкентайы.

Қазағым гүл жайнауда өрлеп алға,

Болашақ таудай биік жатыр алда.

Қыз беру, келін алу басты мақсат,

Абыроймен, байлығын берсін алла.

Бой жетті Рабиға тал шыбықтай,

Жұмыстан бас тартпайды қорқып ықпай.

Колхозда күн-түн қатып еңбек етті,

Келгенше жиырма жасқа ерге шықпай.

Ал биыл сәтін салды Жаппар  Егем,

Берері жаратқанның алда деген.

Руы Қожакелді тебегені,

Бас қосты ер көкірек Боданменен.

Жаратқан құдіретімен салды сәтті,

Екі жас тұрып жатыр тату-тәтті.

Кең пейіл, көнтерімді апамызға,

Жар қылды Бодандайын нағыз мәртті.

Дүниеге келіп жатыр бабалары,

Екі, үш жас шамаменен аралары.

Ағамыз бір кіндіктен жалғыз еді,

Көбейді Қожакелді қаралары.

Өткізіп әрбір күнді думан-тоймен,

Шешетін қиындықты ақыл-оймен.

Жүктелген завфермалық қызметін,

Атқарды жаза баспай абыроймен.

Ісіне көрген жандар қайран қалды,

Еңбекте болды үздік болды алды.

Өсірді сегіз бала тәрбиелеп,

Қырық тоғыз жасында дүние салды.

Бұл жалған білген жанға нағыз қылсым,

Белгі жоқ, құдіретті болар тылсым.

Сыр мінез Бодан сұлтан ағамыздың,

Жаратқан жатқан жерін жаннат қылсын.

Өсірген тәрбиелеп, бағып-қағып,

Бой жетті Жамал апай алқа тағып.

Ойламас тірі жанға жаманшылық,

Байсалды мінезімен елге жағып.

Риза жаратқанның берісіне,

Бергісіз еңбектері ер ісіне.

Райы Қожакелді руының,

Бас қосты Муса атты серісіне.

Тоқтамас өмір шіркін өтер зырлар,

Бағынды небір асу, биік қырлар.

Балдардың тәрбиесі  және жұмыс,

Қызықпен өтіп жатыр небір жылдар.

Өмірі апамыздың  болды келте,

Сұм ажал аямады келді ерте.

Мусекең зар еңіреп қалды артты,

Қайғының күңірентіп күйін шерте.

Орыны жазылмады жаралардың,

Ыңда-шың ұясындай аралардың.

Ұзамай ағамызда дүние салды,

Қолында көп ауырып балалардың.

Балаға ата-ана үлкен қорған,

Міндетін аямайды келген қолдан.

Қимас дос Сүлеймен мен Омар мақсұм,

Сөз байлап мәңгілікке құда болған.

Алтынмен болмаса да асыл тастар,

Жас келіп үйленуге дайын жастар.

Жақында Омар мақсұм дүние салған,

Міндеттер тұрды алда таудай асқар.

Мақсұмның қырқын берді, жүзін берді,

Тарқатты азда болса іште шерді.

Екі жас үйленуге қылды талап,

Бата алды үйге жинап үлкендерді.

Қайғыны қуанышпен той басады,

Талпынған шыңға шығып қыр асады.

Сүлеймен келінді боп жаз айында,

Ел жиып, бет аштырып той жасады.

Думанға Сүлейменнің тоды үйі,

Тойменен көтеріңкі көңіл-күйі.

Келіні Алдашбайдың немересі,

Алланың бұл бір берген болды сыйы.

Мақсаты орындалып алған ойға,

Ұласып қызықты күн тойдан-тойға.

Мейірімі жаратқанның төгілгендей,

Күш жігер берген Алла қуат бойға.

Лезде өзгергендей бүкіл ғалам,

Біреу еді екеу болды деіді балам.

Мейірімді, қайырымды асыл әке,

Отбасын жақындарын асыраған.

Көркейді үйдің іші келін келіп,

Бірлігін барлығымен қоса беріп.

Сүлеймен Болатбекке дән риза,

Ризығын адал жолмен жүрген теріп.

Болады әрір істің шектеу шегі,

Пенденің құпия алда келешегі.

Шарықтап алға өрлеу мақсатым дер,

Азамат Сүлейменнің Болатбегі.

Жалқау жан тағатыңды тауысады,

Жақсымен жақсы жандар қауышады.

Білікті, жігерлі де жас маманның,

Жұмысы Қармақшыға ауысады.

Абырой берген Алла Қыдыр дарып,

Талантты шығатұғын топты жарып.

Қабілет, табандылық арқасында,

Жұмысқа араласты аудан барып.

Атқарды жауабы көп қызметті

Қалтықсыз күн-түн демей еңбек етті.

Қажырлы, байсалды да болғаннан соң,

Жоғарғы дәрежеге қолы жетті.

Әкесі болмасада дүние-малды,

Баласы оқу оқып білім алды.

«Құдай өзі жеткереді» -деп әрқашан,

Тура жолға баласын баулып салды.

Бір баланы екеу қылып Жаппар Егем құрады,

Келінімен ұлы тату тұрады.

Абыройлы жұмыстада, үйде де,

Қармақшыдай қала енді тұрағы.

Келіннің түскеніне жылдан асты,

Демейді ешбір пенде қия басты.

Қонақжай, инабатты әрі пысық,

Бес аспап қайнататын қара тасты.

Алғашқы бала келді дүниеге,

Риза жақын-жуық жан иеге.

Сәтті күн отбасы үшін бүгін міне,

Қуаныш бола ма артық бұл дүниеде.

Дүниеге келді бала сау саламат,

Жайдары қуануда бар жамағат.

Баланың денсаулығы өте жақсы,

Күн келді міне бүгін қоятын ат.

Атамыз кісі еді терең ойлы,

Жыйды да жақындарды жасап тойды.

Ұлықтап пайғамбардың сүндетімен,

Балаға Сыдықбек деп атын қойды.

Сыдықжан өсіп келеді күннен-күнге,

Жалпылдап елеңдейді шыққан үнге.

Бесікте күн ұзағына күліп-ойнап,

Ұйықтайды мазаламай ұзақ түнге.

Нәресте болар анық жеке дара,

Жаратқан жолын ақ қып етсін сара.

«Болар бала жасынан»-дейді қазақ,

Болады ел қорғаны бара-бара.

Бір жарымға Сыдықтың келді жасы,

Ерекше ата-ананың ықыласы.

Алланың қалауымен болды інілі,

Мереке думан болды айналасы.

Ғажайып перзент болды бөлек елден,

Асатын асулардан асқар белден.

Сүйкімді Алла берген кескін-келбет,

Інісі Сыдықбектің ізіне ерген.

Қуантты жақын-жуық жанұяны,

Ағайын үлкен-кіші қарияны.

Ойынан ел-халықтың шығатындай,

Қайсар жан кешіп өтер дарияны.

Сағатжан әне-міне жастан асты,

Тынымсыз екі аяғвн тәй-тәй басты.

Дүниеге Ләззат келіп осы жылы,

Бір тойға, бір тй келіп араласты.

Тәубе етіп, қанағат қып қолда барға,

Жар болсын Жаппар Егем балаларға.

Ашылып Жаратқанның қазынасы,

Үш жылда үш баланы берді Алла.

Екі жыл екі араға мерзім сала,

Ерекше дүниеге келді бала.

Ұқсайды Омар мақсұм атасына,

Бөбектен қашық болсын бәле-жала.

Жасады ел шақырып үлкен тойды,

Ел болып жинақтады бір жерге ойды.

Жолымен мұсылманның азан айтып,

Баланың Ғанибек дкп атын қойды.

Келтірген отбасының бірлік-шарқын,

Баланың маңдайы кең, жүзі жарқын.

Тілейміз зор денсаулық, ұзақ ғұмыр,

Бай болып, ұстағаны болсын алтын.

Дегенше жылдар жылжып төртке келді,

Таяқты ат қып мініп асты белді.

Ғанижан қарындасты болды бүгін,

Қуанды жарылардай жүрегі енді.

Жарасар бір басына салтанаты,

Алланың ерекше боп шарапаты.

Гүлзат деп нәрестеге ат қойылды,

Артады ата-ананың көңіл шаты.

Артықша іс-әрекет шаралары,

Ерекше тату-тәтті аралары.

Кең пейіл Болатбек пен Әмиданың,

Өсірген тәрбиелеп балалары.

Өсірді балаларын қолдан қақпай,

Балдары тәрбиелі болды жаппай.

Алсада мамандықты әр салада,

Еліне қызметі кірпік қақпай.

Сыдықбек құрылыс жағын басқарады,

Мақсаты алда талай асқаралы.

Ұрпағы болғаннан соң жайсаң ердің,

Әрқашан ашық-жарқын қас қабағы.

Жаратқан берген артық несібені,

Мінезі жайма-шуақ есіледі.

Дүниеге төрт баланы алып келген,

Жан жары Әлімқызы Несібелі.

Алдында жатыр талай мақсат мүдде,

Тапшылық кедергілер болмай мүлде.

Қабілет Алла берген арқасында,

Топ жарып алары анық талай жүлде.

Сұлуға үйленедіқолы жеткен,

Армандар орындалар нәсіп еткен.

Білімді сымбатты да Күллшарифа,

Бас қосты Құндақбаев Асылбекпен.

Келгеннен елдің алды болды келін,

Шаттыққа бөлеп жатыр келген жерін.

Жылма жыл бала келіп дүниеге,

Ақтады ата-ананың маңдай терін.

Ұстаз боп қызметке араласты,

Қадамдар құтты болып алға басты.

Болған соң білімді де, ұлағатты,

Оқытты тәрбиелеп талай жасты.

Жан жары Асекеңде ұстаз еді,

Бір жүрді ажырамай қарыс елі.

Руы шөмекейдің сарықасқасы,

Қармақшы қасиетті туған жері.

Өткізді ұстаздықпен қырық жылын,

Меңгерген ұстаздықтың қырын-сырын.

Оқытып, тәрбиелеп мың-мың шәкірт

Өмірдің бағындырып талай шыңын.

Сүйетін мамандығын жаныменен,

Әділдік келген баба қаныменен.

Ардагер, зеунеткер боп қазір таңда,

Үйінде немерелер қамыменен.

Тағдырдың жазуына амал бар ма?

Өмірде ажал анық, тумақ барда.

Қосағы дүниеден кетті өтіп,

Алдынан жарылқасын жалғыз Алла.

Болатбек Сүлейменнен туған дара,

Ер жетіп тәрбиелі болды бала.

Елінің тау тұлғалы азаматын,

Қашанда айтпайды ма халқы дана.

Оқыды, білім алды, ел басқарды,

Жетіммен жесірлерге болды пана.

Кең ойлы, кемеңгердің бірі болды.

Басқарды қиын істі небір сала.

Көркейтіп колхоз, савхоз шаруаларын,

Ешқашан болмаушы еді ісі шала.

Есіл ер әрбір істі қолға алғанда,

Көркейіп шығушы еді ауыл-қала.

Не пайда алпыс жаста ажал келіп,

Жайына алып кетті хақ тағала.

Еске алып отырамыз өткенді айтып,

Шалықтап отырғанмен кеуілің нала.

Атсейіс домбырашы еді кісі,

Күлгенде маржанжай боп отыз тісі.

Қашанда елге сыйлы қалыс қалмас,

Халқына жағып жүрді еткен ісі.

Ауданды басқарып еді бала жастан,

Еңбекпен біте қацнап араласқан.

Жарыста Социалистік туды жеңіп,

Көршілес озып еді Жалағаштан.

Қол созды болашаққа жігер тасып,

Кезі жоқ қиын істен жүрген сасыр.

Қырық шілтен шылауында жүргендей-ақ,

Әрқашан болушы еді жолы ашық.

Қалады небір істің ірге тасын,

Қатерге тігіп жүріп қара басын.

Елі үшін етті қызмет аянбады,

Жүреді дайындаған ішпей асын.

Тілегін қабыл қылып жасаған хақ,

Іс бітсе қуанушы еді мінгендей тақ.

Ел-халқы тілеулес боп жүруші еді,

Я, Алла бере көр деп басына бақ.

Кейіннен басқарып еді Жаңажолды,

Тар шырмау үзіп тастап құрған торды.

Кезінде қиын-қыстау жоқшылықта,

Түзеліп болып жүрді сапары оңды.

Елінің басын қоысп, жұмылдырып,

Айқара ашып берді сара жолды.

Күріштен тау тұрғызып озат болып,

Жеттіде жетістікке қамба толды.

Ісіне көрген жандар болушы еді таң,

Елінде еңбек етпес жоқ еді жан.

Темірдей тәртіппенен шыңға шығып,

Осы жыл болды елге мәңглік заң.

Жыр десе бірге ұсынған жүректерін,

Ақ бата беруші еді тілектерін.

Беріліп ән мен жырға отырғанда,

Байланыс жақтырмаушы еді шыр еткенін.

Жыр құмар кісі еді кеуілі сарай,

Сөйлейтін домбыраны тартса шертіп.

Кәнігі жырау айтып отырғандай,

Сазына отырар жұрт бұйып елтіп.

Бәйгеден қалмаушы еді қоспасада ат,

Білуші еді қайсы тұлпар, қалай шабат.

Қиқулап жүруші еді арқа қозып,

Өз аты озғандай-ақ көңілі шат.

Құлдырау заман еді, жағдай қиын,

Шығасың қиындықтан тапсаң түйін.

Тілекті Жаппар Егем оңғарсын деп,

Салдырды «Жаңа жолға» Алла үйін.

Екінші салдырды елге спорт сарай,

Сарайдан тәлім алып шықты талай.

Ауданның абыройын қорғағандар,

Мәз болып, қуанушы еді алтын арай.

Еңбегі ағамыздың ел есінде,

Жаңартты елдің нашар көнесінде.

Кенеттен асыл жүрек қайырлады,

Мінгенде алпыс жастың кемесінде.


Авторы: Әбсалам Омаров

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз