Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Аябек Ермаханұлы: Өзімді таныстыру

Мен қалған үш атадан кәрісімін,

Жандардың жаны жайсаң дәрісімін.

Наһанның бойын бұққан сары атындай,

Белгісіз Сарқасқаның сарысымын.

Бәйге алғандай болады әрбір ісім. 

Көрінбей жүрген көпке жәй кісімін.

Бұлақтың бұрқыраған сағасымын,

Ауылдың ақсақалы ағасымын.

Аябек, білгің келсе менің атым,

Сарқасқа Ермақанның баласымын.

Бұл жерде:  Қызылқұмда Наһан Қожа деген кісінің жүйрік сары аты  болыпты, оны ел "Наһан сары" - деп атап кетіпті.  Жайшылықта бойын жасырып, қарапайым жылқылармен бірдей болып жүре береді екен де, бәйгеге шығарғанда басқа аттардан сөгерлігі асып тұрады екен. Өзімді "Наһан сарыға" - теңегенім.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз