Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Аябек Ермаханұлы: Кәрілік туралы.

 

Кәрілік қарап тұрсаң қиын екен,

Жастық шақ өте шығар құйын екен.

Қатарың, үлкендерің кетсе өтіп,

Арт жағы шағаладай шуыл екен.

Алдағы үлкендерің үйің екен,

Қатарың ақыл берер миың екен,

Қатарың, үлкендерің кетсе өтіп,

Қатарсыз қарияға қиын екен.

Жастық шақ арқыраған өтіп кетер,

Кәрілік асықпайды жайлап жетер.

Ойға келген сөзіңді айта алмайсың,

Жалтақтап балаларға күнің өтер.

                      09.01.2016 ж.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз