Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын және белсенді танымды дамыту

Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы

Қызылорда облысы,  Жалағаш ауданы

 

    

Сын тұрғысынан ойлауды қалай анықтауға болады? Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін қалаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сын тұрғысынан ойлағандық болып есептеледі. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек.

       Сын тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзміздікі етіп қабылдауға толық құқымыз бар. Біз тіптен басқаның пікірімен келісуіміз керек болды да, бұл біздің құқықымызды дәлелдейді. Сын тұрғысынан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.

       Екіншіден, ақпарат сын тұрғысынан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сын ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басыңда түк жоқ болса, ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады. Мұғалімнің жұмысы тек сын тұрғысынан ойлауға үйретумен шектеліп қалмайды. Біз оқушыларымызды ең қиын деген түсініктерді қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыландырамыз. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету-бұл мұғалімнің көп жақын жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сын тұрғысынан ойлауға болады. Бұл үшін тек жоғары класс оқушылары ғана емес бірінші класс оқушыларының да өмірлік тәжірибелері мен білімдері жетіп жатыр. Әрине, оқу барысында балалардың ойлау қабілеттері жетіле түседі, бірақ бөбектер мен мұғалімдердің, жазушылар мен ғалымдардың әрқайсысы өздерінің танымдық қызметтерінде сыни ойлауға жаңалық алып келеді. Тек сын тұрғысынан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, сапалы үздіксіз әрі өнімді бола бастайды.

    Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бірнәрсені байқай қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз. Ал егер қызық бір орынды көрсек, оның ішіне кіргіміз келеді. «Тірі жануарлар әлемінде, -дейді химик, әрі философ Михаил Толяти,- құрт-құмырсқадан, тіпті, амеба секілді қарапайым формаларынан бастап тікелей қажеттілікті қанағаттандырумен еш қатысы жоқ мәңгі алаңдатарлық қобалжу мен таза зерттеу белсенділігін және барлық тірі жандардың өз қоршаған орталарына интеллектуалды бақылау жасауға тырысатындықтарын байқаймыз». Әуестік барлық жәндіктерге тән қасиет болып табылады. Біз осындай қасиетті жоғары класс оқушыларына қарағанда кішкентайлардан байқауды әдетке айналдырғанбыз, міне, мектептегі білімнің бала ақылына әсері. Дегенмен, нағыз таным процесі өзінің кез келген кезеңінде мәселелерді шешу мен өзінің жеке қызығушылығы мен қажет тілектерінен пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады. «Оқушыларды айналамыздағы мәселелердің сан алуандығын түсінулеріне көмектесуден тұрады» деп қорытындылайды Джон Бин.

Төртіншіден, сын тұрғысынан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

Сын тұрғысынан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, сапалы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.

 Сондықтан сын тұрғысынан ойлау саласында қызмет ететін мұғалімдер шыдамдылық пен басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапаларды өңдеуге ерекше назар аударады. Осылайша мұғалімдер сабақ процесін өмірге едәуір жақындата алады.

        Пәнді меңгертуде оқыту әдістерін тиімді, жүйелі қолдану өз нәтижесін беретіні анық. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамыған, ақпараттар заманында, қоғамның әлемдік аренадан орын алуға бағыт алған кезеңінде соған сай тұлға қалыптастыру ұстаздар алдындағы жауапкершілігі мол  міндет. Мұғалімнің әрбір сабағы білім мен тәрбиенің қайнар көзі болуы керек.

                Пайдаланылған әдебиеттер:

 Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.   Қарағанды, 2011.

 Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары.  Алматы, 2000.

 Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Кәсіби даму мектебі.

 «Білім технологиялары» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық  басылым. №2, 2012 Алматы

  • 337