Республикалық ғылыми, ақпараттық-танымдық, педагогикалық журналы
Бүгін:
+7 (778) 313 55 04 martebe2000@mail.ru

Қазіргі қазақ қоғамының сипаты. (саяси-тарихи ой-талқы)

Ботаев.Н.П.

Қызылорда қаласы

 

Қазіргі әлем аумалы-төкпелі,ертеңіміз бен болашағымызды болжай алмай қалғандаймыз,қандай ағынмен ағып бара жатырмыз және қайда барып тұрақтаймыз,елдігіміздің болашағы қандай болмақ? деген сан-алуан сауалдар бізді мазалауда.

Қазақ мемлекеті үшін ең басты мәселе-жер,өйткені жер-Отан,жер-экономика,жер-қорғаныс,жер-рух,жер-мәдениет,жер-ұлттық намыс. Жерсіз мемлекетөмір сүре алмайды. Әр ұлт,әр сарбаз өзі өмір сүріп жатқан елінде-«Менің жерім,Отаным»деп тәуелсіздігін қорғауы тиіс. Қырым мен Украинадағы,Сириядағы саяси оқиғаны көзбен көрген соң,көңіліміздегі күдік пен үрей бұрынғыдан да ұлғайып отыр.

Қазақ тарихының қойнауына үңілер болсақ: «Мәңгілік ел»мен жер,қазынасын игеру үшін-қағандар мен бектер,оғландар: Біресе ілгері шапты,біресе кері шапты.Қаны судай құйылды,сүйегі таудай үйілді.Ата-бабаларымыз құрған қазақтың аты,даңқы өшпесін деп,түркі халқы үшін түн ұйықтамады,күндіз отырмады,төрт бұрышындағы иесіз көк түрік халқының халқының жаңылғандарын,көшкендерін жиып,ел етті,төрелік етіп-«Мәңгілік ел»орнатты. «Мәңгілік елдің»-ұйытқысын ұйытқан көне түркілер жазуындағы ерік-жігерінен айырылған түрік бектеріне: «Тәтті сөз,асыл қазынасын беріп,жырақтағы халықты өзіне жақындатты. Жақын қонып,олардан әдепсіз қылықтарын үйрендің... Тәтті сөз,асыл дүниесіне көп алданып,түркі халқы қырылдың,түркі халқы жойылдың»(Күлтегін жазуы)деп жазылған .  «Хан бердім,Ханыңды тастап,бағындың.Бағынғаның үшін – Тәңірі сені өлімші етті. Түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың,Түрік халқы жерінде тіршілік қалмады»(Тоныкөк жазулары).

Қаhарланып барып,қайтадан елді,ел етуге ант берісіп: бірліктің,қағанын сыйлағандықтың нәтижесінде ғана: «Еңсіреген,қаңғсыраған халықты ,түрік иелігінен айрылған халықты ата-баба мекеніне қайта оралтты. «Көк түріктің ұрпақтарының халықтары тыңдаңдар! Төбеңнен тәңіріңбаспаса,астыңнан жер айрылмаса,түркі халқы ел-жұртыңды кім қорлайды?.  Түркі халқы өкін! Бағынғаның үшін!» (Күлтегін жазуы)деген аманат-аталы сөзді неге жадымызда ұстамаймыз.

Күлтегіннің кіші құлыптасында-Йолығ тегіннің: «Ақылды ел басқара алатын,батыр адамдарды табғаштар қозғай алған жоқ.(Табғаш-деп қытай шенеуніктерін айтуда).Егер де бір кісі алданса,онда бүкіл руы,халқы,тіпті бүкіл ұрпағына дейін қалмас еді деген жолдар бар.Бір адамның кесірі мен қателігі бүкіл бір халыққа тимесін дегені ғой. Йолығ тегіннің-«Мәңгілік ел»ұстанымы,қазіргі заманда «ақылды,батыл шешімдер»қабылдауына өте зәру.

Күлтегіннің жазуында:»Бәрі бейбіт,бәрі тату,бәрі қағанды»деп тілей отырып,түрік елін де сыйлауды,онымен тең құқты санасуды талап етілді.Елінің басын идіріп,тізесін бүктірмеді... Көп екен деп қашпады,аз екенбіз деп қорықпады.Шаптық-қудық!Кінәлі жауды алдына келтірді,бүкіл түрік жұртына қарулы жауды келтірмеді.

Ал Тоныкөктің мына бір жазуында: Елтеріс қаған жауламаса,оған еріп Күлтегін мен Тоныкөк елін қорғамаса,елі,халқы жойылар еді.Елі-қайта ел болып,Халқы-қайта халық болды. Құл мен күң ұстау-«Мәңгілік елдің»ұстанымы емес,сол замандағы ұлт пен ұлыстың бәріне ортақ соғыс заңдылығы болатын.

Құтлық қаған жазуларында былай көрсетілген: Береке,бірлік,ынтымақты,елдік қасиет үшін дұшпанымызға да соны тіледік.Бектері жау болды,тиіспеймін деп ойладым,тиіскендері үшін жанып-күйдім,соғыс жүргізіп елге оралдым.Жауға тиіп ұрпақтарыма өсиет қалдырдым.Жерден,елден,тілден айрылмайық,бір-бірімізге қару жұмсап азбайық деп өз бақытыңды,күш-жігеріңді түркі жұртына жұмса деп жазып кеткен.           

«Мәңгілік ел»-қағидасының ұстанымы,рухани мәйегі-елдік қасиет,яғни елдік идеасы.Жоғарыда аталған жазбалардың барлығы да «бірлік» мәселесінің - «Мәңгілік елдің»түріктік кепілі ретінде бағалануы керек. Қазақ халқында мемлекет және территориясы мүлдем болмаған ,олар тағылық-көшпелі жағдайда өмір сүріп,малдың(қойдың)табаны тиген жерлердің барлығын қазақтың жері деп айтуға болмайды деген сепаратистік пиғылдағы көзқарастарға берер жауап осы.

Қазіргі саяси ахуалға қарап: тәуелсіз елде туып,тәуелсіз елде тәрбие алып отырған бүгінгі жастардың рухан-адамгершілік,отаншылдық ұстанымдары жоғары,жан-жақты толыққанды отаншыл тұлға ретінде қалыптасуы үшін тәрбие жұмысының мазмұны мен түрлерін жандандыру қажеттілігі туып отыр.Елбасымыз «дәстүр мен мәдениет-ұлттың генетикалық коды»деп атап өткендей,ел ертеңін ұстайтын бүгінгі жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи отаншылдық-саяси тәрбие танымдарын арттыру жолында нақты іс-шараларды қолға алуымыз керек.

Кез-келген ұлт өміршең болып,толыққанды ұлт ретінде өзін өзгелерге мойындату үшін оның басын біріктіретін,әрбір азаматты ұлттық мүдде жолында қызмет етуге итермелейтін ұлттық төл идеасы,өзіндік арман мұраттары болуы керек.Өзге ұлттар тәрізді қазақ та,сан ғасырлық тарихты бастан өткеріп,жаңа заманға қадам басты,үш жүз жылдық отарлық езгіден,тәуелсіз мемлекет құрды.Бірақ бұрынғы империалық идеология,әлде де болса-«елес» тәрізді кезіп жүргендей.

Ендігі жерде қазақ ұлтының ұлтқұраушы ретінде,қазақстан халықтарын басын біріктіретін,алға қарай сүйрейтін арман-мұраттар қандай болмақ деген сауалдар әркімді де мазалауы керек шығар?.

Ең басты мәселе,қазақтар әлемдегі саяси ахуалға қарап,еліміздің ұлтқұраушы көшбасының тізгінін қолға алып бірігудің орнына бөлінуге бет алғаны сырт көзге көрініп-ақ тұр.Елбасы көрсетіп кеткендей: «Бір ел. Бір тағдыр. Бір халық»және «Мәңгілік ел»- идеасын жүзеге асыру үшін ,ұлтқұраушы мен көшбасшылықты жергілікті байырғы тұрғындары-қазақтар болуы тиіс. Қазіргі қазақ қоғамының ахуалы қандай?... Қазақтілділер және орыстілді қазақтар арасындағы салқындық,діни саясаттың осалдығы нәтижесінде сырттан келген әртүрлі дін мен діни ағымдардға бас ұрған қазақтар арсындағы түсінбеушіліктер,ауылдық қазақтар мен қала қазақтарының тіл табыса алмауы,түрлі рулық ұрандар мен жүзге бөлінушіліктердің теріс әрекеттері,бай мен кедейшіліктің ара-салмағы,оралмандардың қазақ қоғамына кірігіп кетуіне бюрократиялық кедергілер сияқты көкейкесті проблемаларға айналуда. Тәуелсіз жылдарында дүниеге келген,орыс тілінде білім алған қазақ жастарының өзгеше бір топқа айналып,қазақ тілін үйренуден бас тартуы,қазақтардың ұлт ретінде ұйыса алмағанының бір көрінісі. Сонымен қатар қазақ ұлтының өзге ұлттың жанында өзін-өзі төмендетуі,өзгелерді тез мойындауы,төзімділігі(толеранттылығы),өзгелерді ұлық тұту қасиетінің де өрши түсуі көзге ұрады.Бұл бізге ғасырлар бойы туа біткен:көшпелілердің өмір салты мен ұлы дала сахарасының-дала демократиясы деп білуге болады. Ал біздің көшпелі өмір салтының дала демократиясы мен ғасырлар бойы туа бітті келе жатқан кең-пейілді толеранттылығымызды,момындығымыз бен келісімпаздығымызды өзге ұлт өкілдері теріс жағынан пайдалануда.

Қазіргі уақытта қазақтардың санынының баяу өсуі,қоғамды араққорлық,нашақорлықтың жайлауы,қандастарымыздың бойында адами құндылықтарға енжарлықтың күшеюі бүгінгі күннің өзекті проблемасына айналды.Осы тұрғыдан қарағанда,бүгінгі қазақ қоғамын жайлап алған депрессия,надандық пен масылдық,ертеңгі сенімсіздік,ашушандық пен салғырттықтың өрістеуі,әрбір қандастарымыздың-ұлттық рух пен ұлттық мақтаныш сезімдерінің оянбауына әкеліп соқтыруда. Ол үшін қазақты ұлтқұраушы-ұлт ретінде мемлекеттік мәртебе беріп,ұлттық рухты оятуымыз қажет.Ұлт пен ұлттарды ұйытатын ұлттық идеологияны қалыптастырып,оның жүзеге асуын мемлекет тарапынан қолға алу,ұлттық идеологияны тек идеялармен ғана шектемей нақты іс-шаралармен байыту керек.Ұлт тағдыры,мемлекет тағдыры-ұлтқұраушы қазақ ұлтының жауапкершілігінде болуы шарт.Ұлтқұраушы қазақ ұлты мен өзге де ұлт өкілдері ,қазақ қоғамының бір бөлшегі ретінде сезінулері керек,бұған қол жеткізудің бір жолы бар ол мақсат,мұраттарының бір жерден шығуы қазақ халқының-ұлтқұраушы ретінде мойындау.

Пікір қалдыру

Код көрсетілмесе, бетті қайта жаңартыңыз